«Қазақстан Республикасының қоғам қайраткерлерінің бейнесі» пәні бойынша



бет10/16
Дата13.06.2016
өлшемі1.96 Mb.
#133478
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

Лекция мәтіні

ТӘШЕНОВ Жұмабек Ахметұлы (1915 – 1986) Ақмола облысының Аршалы ауданындағы Александровка селосында туған. Мемлекет, қоғам қайраткері. Экономика ғылымының кандитаты. Ақмола құрылыс техникумын, КОКП ОК жанындағы жоғары партия мектебін бітірген. Еңбек жолын 1933 жылы бастаған. 1934 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысында әр түрлі қызмет, оның ішінде мынадай басшы жұмыстар атқарады: облыстық партия комитеті хатшысының орынбасары (1944-1947), облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары (1947-1948), облыстық атқару комитетінің төрағасы (1948-1952). Кейін – Ақтөбе облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы (1952-1955), Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президумының төрағасы (1955-1960), Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің төрағасы (1960), Шымкент облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары (1961-1975).

1956 – 1961 жылдары КОКП ОК мүшелегіне кандидат және төртінші сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, төртінші, бесінші сайланған Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, 1949 – 1961 жылдары Қазақстан КП ОК мүшесі 1955 – 1961 жылдары оның президиум мүшесі болды. 1975 жылдан одақтық дәрежедегі дербес зейнеткер. Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордерімен наградталған.

Кеңестік замандағы тоталитарлық жүйенің биік лауазымына ие болған Жұмекеңнің билік сатысын жергілікті буынында қалай құлдырап түскені жөнінде аңыз - әңгіме көп. Алайда, соның қыр – сырына үңіліп, шындыққа жақыны осы-ау деген пікірлерге құлақ түргеніміз жөн. Сондықтан да кезінде Тәшеновпен үзеңгілес қызмет атқарған, көзін көрген, онымен аралас – құралас жүрген ел азаматтырының ой – толғамын тыңдап көрейік.

1960 жылы желтоқсан айында КСРО Жоғарғы Кеңесінің кезекті сессиясы кезінде республика басшысы Дінмүхамед Қонаевты компартия көсемі Никита Хрущев шақырып алып: "Тәшеновтің үстінен түскен арыз-шағым бастан асады. Шөптің басы жел тұрмаса қимылдай ма, тексеру олардың дұрыстығына көз жеткізеді. Егжей-тегжейін партиялық-ұйымдастыру бөлімінен білуіңізге болады. Оған республика Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметі қиындау тиіп жүр. Жеңіл-желпілеу жұмыс беріңіз", — дейді (Өтті дэурен осылай. А., 1992, 200-6.).

Жұмабек Тәшенов міндетін дұрыс атқара алмай жүр, жұмысында кемшілік көп, демек оны қызметінен шұғыл қуу керек деп Кремль иесінің өзі Димекеңе осылай бұйрық берген. Сонда мансап сатысын біртіндеп аттап, басқару жүйесінде мол тәжірибе жинақтаған Жүмекең айналасы бір жыл ішінде үкімет жұмысын шын мәнінде құлдыратьш жіберген бе, қалай? Әлде мұның астарында біз білмейтін басқа сыр бар ма? Әрине, кемшілік бар дегенге ешкім таласа қоймас. Кең байтақ республика түгіл, аудан басқарған адамға оның құзырындағы мәселенің бәрі ылғи тап тұйнақтай шешіліп жатыр деп кім кесіп айта алады? Мақсатты түрде қазбаласаң кез келген бастықтан каншама олқылықты табуға болады десеңізші!

Біздіңше, себеп-салдар теренде жатқан секілді. Енді соған назар аударғанымыз жөн. Қалай болған күнде де шындықтан ауытқымағанымыз абзал. Мысалы, Жүмекеңмен сонау 30-жылдардан бері араласып, жуырда өмірден өткен Астана қаласының байырғы тұрғыны Төре Болатов деген елге қадірлі ақсакал тың игеруге Тәшенов қарсы болды деп ел арасыңда көп тараған осынау пікірге қатысты ойын былай білдірген болатын: "Жүмекең өз әңгімесінде "Мен еш уакытта тын көтеруге, Қазакстанның байлығын игеруге карсы болып кергенім жок, тек қазақ елінің дербестігі жөнінде орталықпен қатты айқасқа түстім (астын сызған — А. К.), — деген еді" ("Арқа ажары", 18.11.1997).

Кеңестік заманда компартия қабылдаған стратегиялық саясатпен келіспеу, оны орындаудан жалтару мүмкін еместігін қазақ басшылары жақсы түсінді. Сондықтан болар, тың игеру науқанына Қонаев та, Тәшенов те ашық түрде қарсылық көрсеткен жоқ. Ол мүмкін емес те еді. Өйткені Москваға жергілікті пікірдің қажеті жоқ, бағыт-бағдарды өздері анықтайды, өздері шешеді. Дей тұрсақ та, мәселе басқа қырынан койылған кезде, яғни қазақ жерін бөлшектеуге ниет білдіріліп, ел тұтастығына қауіп төнгенде Жүмекең өзінің қайсарлығын, бірбеткейлігін байқатты, ұлттық мүддені қорғап, империя саясатына ресми түрде қарсылық білдірді. Ақиқаты осы.

Мұндай пікірді тарих ғылымының докторы, профессор Бейімбет Ермұқанов қостап отыр. Оның " ... в начале 60-х годов возникла серьезная угроза территориальному единству республики, когда Хрущев попытался через так называемый Целинный край, куда вошли по инициативе Москвы пять северных областей Казахстана, фактически отторгнуть казахские земли, подчинив край непосредственно центру. К счастью, нашелся мужественный руководитель — Председатель Совета Министров Каз. ССР Ж. Ташенов, который решительно выступил против предложения Хрущева. Демагогический замысел не увенчался успехом. На примере Крыма, подаренного Украине, можно оценить беспримерный поступок Ж. Ташенова, имя которого, к сожалению, не получило достойного его заслуги отражения", — деп жазуы біраз жайды аңғартпай ма? ("Казахстанская правда". 15.02.1995).

Тарихшы ғалымның сөзін тиянақтау үшін сол кезде үкімет басшылығының құрамында болған Әди Шәріпұлының естелігіне көңіл бөлгеніміз артық болмас. Тың игеру жылдарында Никита Хрущевтің ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болып тұрған кез. Москвадан келген Тың өлкесінің басшылары — Соколов, Коломиец, Мацкевич — Қазақстанның басшы органдарына бағынғысы келмей өлкеге қарайтын солтүстіктегі бес облысымызды тікелей орталыққа немесе РСФСР-ға бағындыруды армандап, КОКП Орталық Комитетінің алдына қайта-қайта мәселе қойып, тыным таппайды. Бұдан әрі Әдекең былай деп жазады: "Никита Хрущев те Тың өлкесін бүтіндей РСФСР-ға бағындырудың неше түрлі амалын іздеп, Саяси бюроға қайта-қайта ұсыныс жасап бақты. Ол кездегі Қазақстан Орталық Партия Комитетінің бірінші хатшысы Димаш Ахметұүлы Қонаев пен Министрлер Кеңесінің Төрағасы Жұмабек Тәшенов екеуі Тың өлкесін РСФСР-ға беруге де орталыққа тура бағындыруға да қарсы болды. Керек десеңіз. Ж. Тәженов Косыгин сияқты сол кездегі жөн білетін, беделді деген Орталық партия комитетінің Саяси бюро мүшелеріне кіріп, тың өлкесін Ресейге беру мәселесі шешімін таппай қалды.

Баяғы заманда Бөгенбай, Қабанбай, Кенесары, Наурызбай сияқты батыр бабаларымыз қан төгіп, сыртқа жаулармен соғысып, аман сақтап қалған қазақ халқының атамекенін Ресейге беріп жіберуге қарсы болған Жұмабек Тәшенов.Сөйтіп, қазақ халқының ерте заманнан бері қоныстанған тамаша шұрайлы жерін бір қатерден сақтап қалғанының куәсі болғанбыз.

Ұлы Абай айтқандай, «Өз еркіміз өз қолымыздан кетіп», жат жұрттың қас - қабағына жалтақтаған заманда жердің тұтастығына, алаш жұртының бірлігіне шабуыл бір сәт тоқтаған емес. Никита Хрущев кезінде қазақ елінің оңтүстік өңіріне де шүйілді, оны бөлшектеуге білек сыбана кірісті: Бостандық ауданын түгелмен Өзбекстанға беріңдер деп әмір етті. Бұған Жүмекең қарсы шығады. Еліміздің орталық архивінде мұндай құжаттар бар. Ал 1955 жылдың маусымында Қазақстан Орталық Партия Комитетінің бюросы бұл мәселе туралы «Аудан жерінің мәнін жоғары бағалай келіп, Ж. Тәшенов басқарған арнайы комиссияның Бостандық ауданын Өзбекстанға бермеу жөніндегі қорытындысымен келісті», - деп қаулы қабылдауы бұған дәлел.

Солай болса да «кеудесіне нан піскен » Никита Хрущев қазақ басшыларының пікіріне пысқырып та қарамады. Сөйтіп, 1955 жылдың 12- қарашасындағы Кремль жарлығы бойынша Бостандық ауданы Өзбекстанға берілді. Алайда, Орталықтың шешіміне кім қарсы екенін Москва анықтап алды да олардың «қара тізіміне» Жұмабек Тәшенов, сөз жоқ, бірінші боп кірді.

Ал Кремльдің отаршылдық пиғылмен әдейі жасаған қысатығы күні бүгінге дейін ызғар шашып тұр. «Қайтпай қалған Бостандықтағы қазақтар қазір «бізді қайтарып алыңдар» дейді. Бұл енді ең қиын мәселе. Ақылға келіп, әділетке жүгінсе, кәнеки. Ағайынды туысқан мемлекеттер бауырмалдықпен тіл табысса, кәнеки. Мүмкін, Алла бұларға сондай биік парасат берер», - дейді Мәжіліс депутаты Шерхан Мұртаза.

Қазақтың классик жазушысы Ғабит Мүсіреповтің: "Біз ЦК емеспіз, біреуді бір орыннан альш, бір орынға қоя алмаймыз. Жазушы деген халық кісіге мықтағанда өз жүрегінен орын береді. Менің жүрегімнің төрінен орын алатын, менің ер інім, еркек інім Жұмабектің қадамы құтты болсын",— деген бір кездегі жүрекжарды тілегі бүгіндері де өр казақтың көңіліне қонымды сөз болып түрғанын уақыт көрсетіп отыр. Өйткені елінің бірлігін, жерінің түтастығын қорғап, өділдікті ту еткен Жұмабек Тәщенов сынды азаматымыз халықтың жүрегінен мәңгі орын алды деп ашық айтатын заманға да жеттік. Оған да шүкіршілік. Иә, - табиғатынан зерек, сергек, алғыр Жүмекең кеңестік саяси жүйенің билеп төстеушілерінен жасқанбады, көңіліне түйген ойларын тура айта білді.

Тарих Жүмабек Төшеновтың туған жерге ғана емес, сонымен бірге ана тілімізге, қазақ баспасөзіне де үлкен жанашыр болғанын біледі. 1958 жылғы 28 шілдеде республикалық Орталық Партия Комитетінің бюросында "Қазақ өдебиеті" газетіндегі ұлтшылдық көзқарас ағымының өрістеуі туралы мөселе каралып, баяндама жасау газет редакторына жүктеледі. Ол мінберге көтерілерде жүрексініп, - сылбыр басьш бара жатқанын байқаған Жұмекең "Тайсақтаман батыл сөйле" деп жігер бере дауыстап қалады. Бұл газет басшысы.Сырбай Мәуленовке күш-жігер қосқандай болады.

Осы мәжілісте "Социалистік Қазақстан'' (қазіргі "Егемен Қазақстан") газетінің сол кездегі редакторы Қасым Шәріпов: "Қазақ әдебиеті" газетін жабу керек. Ал басқа қазақ газеттерін түгел аудармаға айналдырмаса болмайды. Егер "Социалистік Қазақстан" газетін "Каз. правдадан" аударып, мен редактордың орынбасары болып қол қойсам, өзіме ұлкен бақыт санар едім", — дейді. Жұрт тына қалып,отырғандар айтарынбілмей абыржыған кезде Жұмекен Газетті ашқанда сен емес, жабатын да сен емессің",— деп Қасымныңбетін қайтарып тастайды. Отырғандардың арасынан Жүсіп Алтайбаев суырылып шығып: "Шәріпов, бүдан да сенін өлгенін жақсы еді".- дейді.

Сол жолы Жүмабек Тәшеновтың батылдығы мен табандылығының арқасында Орталык Комитеттің бірінші хатшысы И. Д. Яковлев дұрыс шешім қабылдауға мәжбүр болып, әдебиет газеті бір қатерден аман қалады.

Ойын бүкпейтін, қандай мәселе болмасын оның принципті түрде дұрыс шешілуіне мұрындық болып жүрген Жүмекеннің өмір жолы тақтайдай тұзу бола қоюы қиын еді. Бодан елдің басшыларының дәрменсіздігіне, көнбістігіне, не айтса соған бас шұлғып "құп болады", "мақұл" деп жүре беретіндігіне әбден еттері үйренген отаршыларға Жүмекең жақпады. Жағуы мүмкін де емес еді. Сондықтан да Саяси бюро номенклатурасындағы бірінші министрдің әрбір басқан ізін, іс-әрекетін орталықтың көңіліне жақпайтын қиғаш пікірлерін қалыптасқан тәртіп бойынша Кремль жіпке тізіп отырды.

Орталықтың өзі бас болып, Москвадан осында мансап іздеп, материалдық жағдайын түзетемін деп уақытша келген жергілікті славян текті басшылар "ұлтшыл" Жүмекеңді қаралайтын деректер жинап, ол туралы Хрущев, партияның Орталық Комитеті алдында теріс пікір тудыруға біраз тер төкті. Елжанды азаматтың жұмысынан кемшілік іздеді, мінезіне тиісті, әйтеуір қоймай жүріп жоғары қызметтен кетіріп тынды.

Біздің мұндай тұжырым жасауымызға дәлел көп. Осыған орай Жүмекеңді жақсы білетін, онымен жұмыс барысында аралас-құралас болған, сол кезде облыстық, республикалық деңгейде басшы қызмет атқарған Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген экономист, профессор Ғарай Сағымбаев жазған кейбір деректерге назар аударған орынды деіі есетейміз.

1960 жылы Семей облысында қыс қатты болып, жемшөп таусылып, мал шығыны бола бастыды. Осы кезде Ж. Тәшенов өзінің шешімімен мемлекеттік сақтандыру қорындағы астықты малға бергізді. "Мәскеудің құзырындағы қордан рұқсатсыз астық алдың» деп айыптаған А.Н Косыгин Қонаевқа телефон соғып, республиканың үкімет басшысын КСРО Министрлер Кеңесі мәжілісінде жауапқа тартатынын айтады. Димекеңнің «Бұл мәселені өзімізде қарайық, астық мал басын аман алып қалу үшін жұмсалды ғой» деген тілегіне құлақ аспай, Тәшеновқа сөгіс береді.

КСРО Қаржы министрі Б.Ф. Горбузов мінезі жеңіл, аумалы төкпелі, айтқан сөзінің бәтуасы аз кісі болатын. Бірде Жұмабек Ахметұлы келесі жылдың бюджеті туралы сөйлесуге барса, анау орындығында шалқая жатып: «үнемі сұрайсыңдар, ақша жоқ» деп жөнімен сөйлеспепті. Сонда Жұмекең: «Албанияның Премьер - министрі Мехмет Шеху келсе, далаға жүгіріп шығып, есік алдында қарсы алар едің, ал Албаниядан он есе үлкен Қазақстанның Премьер – министрімен неге дұрыс сөйлеспейсің» депті. Сөзден ұтылған, әуелден су жүрек Горбузов тез өзгеріп, кешірім сұрап, қойған мәселелерін нақтылап шешім беріпті.

Үкімет мәжілісінде келесі жылдың халық шаруашылық жоспары қаралып жатқанда, мінбеге көтерілген Тың өлкелік атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары Козлов: «Жұмабек Ахметұлы! Біз сіздеден ештеңе сұрамаймыз, тек Мәскеудің бергеніне тимесеңдер болғаны» деп көкіді. Мұндай жүгенсіздікті жаны сүймейтін Жүмекең Козловты тоқтатып қойып: "Тың өлкесі Қазақстанның құрамыңда, ал Қазақстанды оның Орталық Партия Комитеті мен Үкіметі басқарады. Сіз сол партияның мүшесісіз. Мынандай қыңыр мінез бен істі қоймайтын болсаңыз партиядан шығарып, орныңнан аламыз. Содан кейін баратын жеріңе барып, айтатын арызынды айта бер" деді. Бұрын КОКП Орталық Комитетінде бөлім меңгерушісі қызметін атқарған ол мына сөзді естігенде зәресі ұшып: "Сіз мені кешіріңіз, мені қате түсіндіңіз" деп мәймеңкелесін келіп. Залда отырғандар "батырдың" әуелі дөрекі сөзін естіп, артынан жалынып, кешірім сұрағанын көріп, "көп тасқанға бір тосқын бар" екеніне көзі жеткендей болған.

Әрине, Жұмабек Тәшенов басшылармен немесе қол астындағы бағынышты адамдармен орынды-орынсыз жағаласып, не болса соған киліге беретін ұрдажық кісі болмаған. Ұзақ жылдар басшы қызметте істеп, көп тәжірибе жинақтап әбден ысылған Жүмекең шаруашылык, жағдайын жақсы білетін, сондықтан мәселенің қисық, дұрыс қойылғандығына көзі жетсе ғана күреске шығатын. Мысалы, жергілікті жағдайды білмейтін Қазақстан Компартиясы Орталык Комитетінің бірінші хатшысы Н. Беляев Атбасарда республикалық жиналыс өткізіп, онда егін жинауда тікелей комбайнмен орудан бас тартып, бөліп жинау әдісіне көшуді талап еткен. Сол кезде жауын-шашын ұзақ болып тұрғандықтан мұндай жол таңдай тиімсіз еді. Алайда, хатшы нұсқауы дұрыс емес деп ішкім айтпаған соң ОК-тің екінші хатшысы Кәрібжанов пеп үкімет басшысы Тәшенов бұл жиьнға шақырылмаса да Беляевтің талабына үзілді-кесілді қарсы шығып, ол әдісті ауа райын, техникамен жабдықталу жағдайын және жұмысшы қолын есепке алмай енгізу егіннен айырылуға әкеліп соғатынын дәлелдейді. Дегенмен, бұл орынды пікірді ескерусіз қалдырған Беляев өзінің айтқанын орындады. Соның салдарынан сол жылы, бір ғана Қостанай облысынвда егіннің 50 пайызы ысырапқа ұшыраған.

Атадан қалған асыл мұра — кең байтақ жерімізді коммунистік империяның бөлшектеуіне наразылық білдірген, отаршыл саясаттың құйтырқы, жымысқы іс-әрекетін мойындамаған Жұмекең Саяси бюро номенклатурасында қалуы мүмкін емес болатын. Кремль үшін ол қауіпті жау — ұлтшыл болып есептелді. Әрине, 37-жыл болғанда, сөз жоқ, атылып кетер еді, бірақ 50-60-жылдары қоғам тынысы өзгерген уақыт кой. Оның есесіне Кремль Жүмекенді ғайбаттайтын өсек-аяң жинап, түймедейді түйедей ғып оны қаралауға көшті де ол жұмысын дұрыс атқара алмайды" деп қызметінен төмендетті. Біздіңше, Тәшеновтың Шымкентке қуылуының негізгі себебі осы.

Ел арасында Хрущев орнынан түскен соң Жүмекеңнің қызмет бабымен қайта көтерілуіне Д. Қонаев неге қол үшін бермеді деген әңгіме бар. Л. Брежневтің кезінде Димекең ондай әрекет жасады ма, жоқ па білмейміз, бірак, ол қолдан келмейтін шаруа екенін жүрегіміз сезеді.

Өйткені Жүмекеңнің қылмысы" оның қызметін қалай атқарғандығында емес, орталықтың саяси сенімсіздік көрсеткендігінде болып отыр. Мұндай қара тізімге іліккен адамдарды КОКП ОК-нің партиялық ұйымдастыру бөлімі ешқашан да маңайына жолатпайды, мұны Жұмекеңнің өзі де білген.

Мысалы, Тәшеновпен Шымкентте аралас-құралас болып, бірге аңға шығып жүрген жергілікті жазушы Еркінбек Тұрысов осы сұрақты көзі тірісінде Жұмекеңе койғанда ол: "Е-е, қарағым, Димекеңе өкпе жок. Ол кісі ойдың адамы. "Человек габкой политики". Мені қорғаса, өзі де менің жолымды кұшатын еді" деуі біздің ойымызды қостай түспеді емес пе?

Жұмекеңнін ұйымдастырушылық қабілеті, іскерлік қасиеті, өз ұлтының шын жанашыры, жоғын жоқтаушы болғаны, тайсалмай тура сөйлейтіндігі, айтқан сөзін орындайтындығы туралы ел ішінде әңгіме көп. Енді осыған орай көпшілікке белгілі кейбір зиялы қауым өкілдерінің көрген-білгендеріне бір сәт көңіл бөлейік.

Бірде Хамит Ерғалиев пен Сырбай Мәуленов Қап тауындағы минералды су курортының біріне демалысқа барғанда "Узбекистон" деген санаторийдің төңірегінде ала тақиялы диқанның қанша бірі жалаңаш кұнге тотығып отырғанын көріп: "Мәскеуде де осылардың дүкендері мен ресторандары "мен мұндалайды" да тұрады, бізде соның бірі жоқ", — деп бір-біріне налиды. Сөйтіп, екі ақын осы мәселені үкімет санаторийінде жатқан Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Жұмабек Тәшеновке барып айтады. Жүмекең: "бізде де: болар", — деп оларды шығарьш салады. Кейін шынында да Ессентукиде біздің республиканың "Қазақстан" деген өз санаторийі ашылғаны белгілі. Бұл шипажай қазір де жұмыс істейді.

КезіндеТәшенов Рақымжан Қошқарбаевтың мәселесімен де шұғыл айналысқан көрінеді. Ол кезде Жұмекең Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының төра-ғасы болып істейтін. Бауыржан Момышұлының журналист Көкімжан Қазыбаевқа айтуына қарағанда, тиісті материалдармен қаруланған Жұмекең Москвада КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы төрағасының орынбасары ретінде бір айлық кезекшілік қызметінде Бас штаб архивіндегі құжаттарды көтеріп, одан Рақымжанның кезінде Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылғанын біліп, оның неліктен өтпегені жайлы маршал И.Қоневті шақыртып сұрайды. Өйткені И. Конев соғыстан кейін Бас штабтың бастығы болған. Тәшеновтың қалқылдау сұрағына атақты маршал шамданып қалады, екеуі қатты сөзге келеді. Жүгінісуге сол кездегі КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы К.Е. Ворошиловқа барады. Климент Ефремович екеуін татуластырады, бірақ негізгі мәселе назардан тыс қалады. Осыған орай Жұмекең балкеңе: «Бәрі Климент Ефремовичтің азусыздығынан болды», деген екен.




Лекция №26 Тақырып: ТӨЛЕГЕН ТӘЖІБАЕВ

Жоспар:


  1. Өмірі мен қызметі

2 Шығармашылығы мен еңбегі.

3 Қоғадық қызметі.


Пайдаланатын әдебиеттер.

а)негізгі

1. Абенов Е.М, Арынов Е.М., Тасмағанбетов И.Н. Қазақстан: Эволюция, государства и обшества. – Алматы: ИРК, 1996. С. 117.

2. История внешней политики СССР. 1917-1985. (1945-1985гг). М. :Наука, 1986. С. 72-74.

3. Советский Союз в организаций объединенных нации. Т.1.М,. 1965.С.202.

4. Тажибаев Т. Нерушимая дружба народов Советского Союза и Китая// Комунист. 1955.№2. С.

б)қосымша

1. Мендикулова Г.М. Исторические судьбы казахской диаспоры. Происхождение и развитие. Алматы: Ғылым. 1997.С. 132-151.

2. Алдабек Н. Тарихы талқыға толы Шыңжаң. – Алматы.: Қазақ университеті, 2003. 392 б.

3. Исиналиев М.И. Записки дипломата. Алматы.: Атамұра. 1998. С. 6.

4. Ыдырысов Е. Өмірі өнегелі дипломат. (Қазақстанның тұңғыш Сыртқы істер халық комиссары, академик Т.Тәжібаевтың туғанына 90 жыл) // Егемен Қазақстан. 2000. 23 ақпан.
Лекция мәтіні
Тарихты халық жасағанымен, тарихи даму заңдылықтарына сәйкес ауқымды мақсаттарды заманның біртуар азаматтары, нақтылы тұлғалар асыратыны белгілі. Кез-келген дәуірдің ерекшелігі, мәні де жеке тұлғалар арқылы анықталады. Еліміздің тарихында өзіндік терең із қалдырған Төлеген Тәжібаевтың (1910 - 1964) өмір жолын, атқарған мемлекеттік, қоғамдықсаяси және ғылыми қызметін зерттеу де оның өмір сүрген дәуірінің қырсырын терең түсінуге өз септігін тигізері сөзсіз. Бұл ретте оның кезінде Сыртқы істер министрі және дипломат ретінде атқарған қызметі зерттеушілер назарын өзіне аудартпай қоймайды.

Төлеген Тәжібаевтың есімі еліміздегі Сыртқы істер министрлігімен тығыз байланысты. Бұдан 60 жылдан астам бұрын бұл ведомствоны құрушылардың алдыңғы қатарында Т.Тәжібаев тұрған еді.

Кеңестер Одағындағы республикаларда шет елдермен қарым қатынас мәселесімен ай-налысатын арнайы мекеменің ашылуы Ұлы Отан соғысы жылдарында, дәлірек айтқанда, 1944 жылы ақпанда КСРО Жоғарғы Кеңесінің «Одақтас республикаларды сыртқы байланыс өкілеттілігімен қамтамасыз ету, осыған орай республикаларда Сыртқы істер халық комиссариаттарын ұйымдастыру туралы» деп аталатын заң қабылдауымен жүзеге асты'. Одақтас республикаларда сыртқы істер мәселесімен айналысатын мекеменің ашылу себебін орталық билік республикалардың «экономикалық, мәдени және саяси жағынан өсіп жетілуінің нәтижесі)) деп түсіндірдр. Мұндай ведомствоның ашылуы одақтас республикалардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы сураныстардың ерекшеліктеріне де байланысты еді. Оған Кеңестер Одағындағы республикалардың шет мемлекеттермен орнатылган байланыс-та өзіндік мүдделерінің жүзеге асуларын қалайтын. Мәселен, Орта Азия республикалары өзбектер, тәжіктер және түркімендер диаспорэсы бар Иран, Ауғанстан мемлекеттерімен өздерінің байланыста болғанын қалады. Басқа республикаларға қатысты мұндай мысалдар тізбегін келтіре беруге болады.

Ұлы Отан соғысы жылдарында одақтас республикаларда Сыртқы істер Халық комиссариатының ашылуын республикалардың экономикалық және саяси жетістіктерімен байланыстыруы шындыққа жанаса қоймайтын. Соғыстың соңғы жылдарында республикаларда «карточкалық жүйе салтанат құрып түрған шакта жетістік жайлы айтудың өзі тым артықшылық еді. Кеңес екіметі республикаларда Сыртқы істер Халық комиссариатын ашу арқылы әлем жүртшылығы алдында бедел жинауды да көздемей қалмаганды. 1944 жылы Қызыл Армияның соғыс майданындағы жеңістері әлемнің назарыч Кеңестер Одағына аударды. Осындай жағдайда орталық билік әрбір одақтас республикасының сыртқы саясаттағы дербестігін жақтап, кеңестік жүйенің «әділеттілігін^ танытуға тырысты. Осы айтылғандарга орай одақтас республикалардағы сыртқы істер ведомствосының ашылуы белгілі дәрежеде Кеңестер Одағының әлем жұртшылығы алдындагы беделін арттырып қалу жолындағы орталық биліктің айла-әрекеттерінің бірі ретінде де қабылдауға болады.

Одақтас республикаларда Сыртқы істер Халық комиссариатының ашылуына КСРО Сыртқы сауда халық комиссариатының республикалардың сұраныстарын қанагаттандыра алмауымен де байланысты еді. КСРО-дағы әрбір республика шет мемлекеттерден әркелкі тауарлар алуды және шетелдерге әркелкі тауарлар шығаруды кездеді. Соған орай Сыртқы сауда халық комиссариатының міндеті енді одақтық республикалардағы Сыртқы істер халық комиссариатына жүктелетін болды. Ендігі жерде шет мемлекеттермен экономикалық, сауда келісім шарттарын жүргізу, оның іске асуын қадағалау, сыртқы сауда мәселесіне байланысты үкіметке ұсыныстар түсіру республикалардағы Сыртқы істер халық комиссариатыныңқұзырына өтті, сондай-ақ бұл ведомствоның басшылығы жанында сыртқы сауда мәселесімен айналысатын жеке бөлім ашылатын болды.

1944 жылы 13 сәуірде Қазақ КСР Жогарғы Кеңесі Президумының төрагасы А.Қазақбаев пен оның хатшысы С.Нұрмағанбетова қол қойған «Қазақ КСР-нда Сыртқы істер халық ко-миссариәтын құру туралый заң жарық көрді. Заңға сәйкес республикамызда 1936 жылы қабылданган Конституцияга толықтырулар енгізілді. Онда ендігі жерде республикамыздың шет мемлекеттермен байланыс жасап, келісімдер жүргізе алатындығы және дипломатиялық, консульдық өкілдермен алмасып тұратындыгы аталып көрсетілдр. Бірақта шет мемлекет-термен Қазақ КСР-ның қарым-қатынасы, дипломатиялық байланысы КСРО-ның шет мем-лекеттерге қатысты ұстанған саясатының иірімінен ауытқымауы тиіс еді. Мұның өзі одақтас республикаларда ашылған Сыртқы істер халық комиссариатының қызметіне толық еркіндік беріле қоймағандығын, әлі де болса шетелдермен байланыс орнату орталықтың уысында болғандыгын айғақтайтын.

Республикада Сыртқы істер халық комиссариаты құрылған сәтте оган жетекшілік ететін лайықты кандидатура мәселесі күн тәртібіне қойылды. Жаңадан ашылған мекемеге лайықты кандидатура ретінде бірден Т.Тәжібаев ұсынылды. Оның бұл лауазымды иеленуіне бұрындары республикалық Халық ағарту комиссариатында табысты еңбек еткендігі және Мәскеудегі ең беделді деген жоғары оқу орнында білім алғандығы әсер етпей қоймаса ке-рек.

Қазақ КСР Сыртқы істер Халық комиссариаты ашылған сәтте оның қызметкерлерінің саны 28 адамды ғана құрады. Бастапқы кезде комиссариаттың өзіндік жеке ғимараты да болмады. Соған байланысты Қазақ КСР Жеңіл өнеркәсіп халық комиссариаты ғимаратының бір бөлігіне Сыртқы істер халық комиссариаты орналасуға мәжбүр болды. Осындай қиыншылықтарға қарамастан республикалық Сыртқы істер халық комиссариаты КСРО Сыртқы істер халық комиссариатының нұсқауына сәйкес Қазақстанның Моңғол Халық Рес-публикасымен және Синьцзянмен әлеуметтік-экономикалық байланыстарының өткен тари-хына қатысты мәліметтер жинастыру ісін қолға алып, тез арада ол байланыстарды жаңа са-яси жағдайда жүргізу ерекшеліктері туралы ^сыныстар түсіру жолында қарқынды жұмыстар атқарып жатты".

Мұндай жұмыстар нәтижесінде 1945 жылы 11 мамырда КСРО Сыртқы істер халық ко-миссариатына Моңгол Халық Республикасы мен Қазақстан арасындағы экономикалық және мәдени байланыстарды өркендету жайында нақтылы ұсыныс түсірілді. Ол ұсыныста Қазақстанның Моңғол Халық Республикасымен қарым-қатынасычың маңызды екендігі-не Моңголияда қазақ диаспорасының болуы жатқызылды. Сонымен қатар бұл ұсыныста Моңголия жерінде қазақтардың үлкен бір тобы шоғырланғандықтан онда консулдық ашу қажеттігі де аталынып көрсетілген-др.

Т.Тәжібаев Қазақ КСР Сыртқы істер Халық комиссариатының қызметін жандандыра түсуде мамандардың ерекше рөл атқаратындыгын ескере отырып, Мәскеудегі дипломатиялық оқу орындарға қазақстандық жастардың қабылдануына ерекше мән берді. Республикамыздағы жоғары оқу орындарында оқып жатқан жастар арасынан шет тілдерін меңгергендерді іріктеп, оларды Мәскеудегі Халықаралық қатынастар институтына жіберу мәселесін көтерді. Оның бүл усынысы республикалық басшылық тарапынан қолдау тауып, жастарды Мәскеуге жол-дама беру арқылы дипломат мамандар даярланатын болып шешілді. Комиссариаттың 15 қызметкері Мәскеудегі қысқа мерзімдік дипломатиялық курсқа жіберілетін болып шешілдіө

1946 жылы наурызда Қазақ КСР Сыртқы істер халық комиссариаты Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігі болып өзгертілді. Бұл кезде республикалық министрлікке өз алдына жеке ғимарат белініп, жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалынған-ды. Дегенмен де министрлік-тегі мамандардың тәжірибесіздігі қарқынды жұмыстар атқаруга белгілі дәрежеде қол байлау болды. Сол себепті Одақтың министрліктің көмегіне сүйену қажеттігі әлі де болса сақталып қала берді.

Т.Тәжібаев республикалық Сыртқы істер министрлігі Ісін алға бастыруда КСРО Сыртқы іс-тер ведомствосына арқа сүйеуді бірден күн тәртібінен алып тастаған жоқ. 1946 жылы сәуірде Т.Тәжібаев КСРО Сыртқы істер министрі В.М.Молотовтың атына: «Республикалық министр-ліктер ұйымдастырылған бастапқы кезде оларға Одақтық Сыртқы істер министрлігі тарапы-нан көптеген қамқорлықтар көрсетілді. Сіздің орынбасарларыңыз республикалық министрлік қызметкерлерін халықаралық қатынас ісіне байланысты түрлі нусқаулармен қамтамасыз етті. Соның арқасында біздің жұмыстарымыз алға басты. Бірақ та одақтық министрлік тарапынан жасалған ондай көмектер бүгіндері бәсеңдеп, тоқтауға тақап қалды. Тіпті, республикалық министрлік пен Одақтық министрлік арасындағы байланыс үзіліп бара жатқан сияқты. Сол себепті біздің жауапты қызметкерлеріміз тәжірибе алмасудан шет қалды», - деп жазып, мынандай ұсыныс білдірген еді: «Республикалық министрлік қызметкерлерін Мәскеуге жиі шақырып, оларға тәжірибе алмасуға мумкіндік берілсе; одақтық және республикалық министрліктердің өзара ұқсас бөлімдері тығыз қарым-қатынаста болуы талап етілсе»7.

1946 жылы көктемде Қазақ КСР-ның шет мемлекеттермен тауар алмасу мүмкіншілігін арттыру мақсатында Министрлер Кеңесі жанында экспорт-импорт мәселесімен айналыса-тын арнайы кеңес құрылды. Бұл кеңеске үкімет төрағасының орынбасары төрағалық ететін болды. Оның мәжілістеріне бірінші кезекте Сыртқы істер министрлігінің өкілдері тартыла-тын. Экспорт және импорт мәселесімен шұғылданатын кеңеске республиканың экспорттық мүмкіншіліктерін айқындау; Қытайдың Синьцзян өңірімен және Моңғол Халық Республика-сымен сауда байланыстарын арттыру мақсатында шекаралық аймақтарда жәрмеңкелер ұйымдастыру; шет елдермен мәдени байланыстар орнатып, республикалық мәдениет пен өнерді кеңінен насихаттаудың жол/;арын қарастыру тапсырылған-ды8.

Осы жерде Қазақстан мен Моңғолия арасындағы байланыстың қажеттігі Қазацстан тара-пынан ғана емес, Моңғолия жағынан да көтерілгенін айта кеткен жөн. Мәселен, 1945 жылы Қазақ КСР Ғылым Академиясының ашылуына орай Алматыға келген Моңғолия делегаци-ясы Қазақстан мен Моңғолия арасында байланыс орнағанын қалайтындықтарын, өйткені моңғол халқының кеңестік Қазақстаннан халық ағарту мен медицина саласындағы көмегіне зәру болып отырғандықтарын білдірген болатын. Моңғол делегациясының Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне түсірген ұсынысында Моңғолиядағы қазақ диаспорасын ана тіліндегі оқу құралдарымен қамтамасыз етуге Қазақстанның да атсалысуы қажеттігін атап көрсеткен-ді9.

Қазақстан мен Моңғолия арасында бұрыннан қалыптасқан экономикалық және мәдени байланыстар нышаны әлі де сақталып келе жатқандығын негіздеген аныідамалар және оны дамытудың қажеттігі жайлы ұсыныстар республикалық министрлік тарапынан одақтық Сыртқы істер министрлігіне түсірілді. Мұндай ұсынысты ескерген орталық билік Қазақстанның Моңғол Халық Республикасымен дипломатиялық, консульдық байланыстар орнатуға рұқсат берді. Осылайша Т.Тәжібаев жетекшілік еткен ведомство Моңғолиямеи байланыс орнатуға қол жеткізіп, алғаш рет Қазақстанның халықаралық аренаға көтерілуінің алғашқы қадамына негіз қалады. Сол түста Қазақстан одақтық республикалар арасында шет елде өзінің консулдығын ашуға алғаш қол жеткізген республика болды10.

Т.Тәжібаев республикалық Сыртқы істер министрлігінің аяғынан нық тұрып, қарқынды жұмыс істеуі жолында өзінің күш-жігерін алған білімімен ұштастыра білді. Оның мұндай қабі-леті министрлікті білікті мамандармен қамтамасыз ету кезінде және шетелдік әріптестерімен байланыс орнатқан шақтарында айқын сезілді. Ол жоғары деңгейдегі халықаралық кездесулердің қазақ жерінде еткізудің үйытқысы болды. Оның атсалысуымен 1944 жылы 17 маусымда алғаш рет қазақ жеріне АҚШ вице-президенті Генри Уоллес бастаған делегация қабылданды. Бұл делегация құрамында АҚШ-тың КСРО-дағы елшісі Гарриман және АҚШ генералы Споллингд бар еді.

Шетелдік делегацияны өз бетінше қабылдауда тәжірибесі жоқ Қазақстан үшін бұл өзіндік сабақболды. РеспубликалықүкіметмүшелеріН.Оңцасыновтыңбасшылығыменамерикандық делегацияны еліміздің әлеуметтік-экономикалық жетістіктерімен, мәдени өмірімен та-ныстыруда түрлі іс-шараларды уйымдастырды. Олардың қатарында Қазақ КСР Ғылым Академиясының атқарып жатқан жұмыстарымен американдық делегацияны таныстыруды ерекше атауға болады. АҚШ вице-президенті өзінің бұл танысу жұмысында республиканың ғылым саласындағы ізденістеріне жоғары баға берді11.

Халықаралықдеңгейдегі кездесулерді қазақжерінде ұйымдастыру және шетелдікделега-цияларды еліміздің тыныс-тіршілігімен таныстыру сол кезеңде республикалық Сыртқы істер министрлігі қызметінің бір қыры ғана болатын. Сонымен қатар республикалық министрлік КСРО Сыртқы істер министрлігінің халықаралық мәселелерге қатысты устанған позицияла-рына қатысты ұсыныстар да енгізуге атсалысты. Бул әсіресе соғыстан кейінгі Германияға қатысты КСРО-ның ұстанған саясаты мәселесі төңірегінде айқын аңғарылды. Т.Тәжібаев жетекшілік еткен республикалық министрлік КСРО-ның соғыстан кейінгі Германияның тұтастығын сақтап қалу жолындағы әрекетінің дұрыстығын негіздеуде белсенділік танытабілді. Соған орай Т.Тәжібаев 1947 жылы АҚШ, ¥лыбритания, Франция және КСРО Сыртқы істер министрлері кеңесінің Германияға қатысты өткізетін мәжілісіне қатыстырылды. Бул мәжілісте оған КСРО Сыртқы Істер министрінің кеңесшісі қызметі жүктелді.

1947 жылы 10 наурыздан 24 сәуірге дейінгі аралықта Мәскеуде өткен төрт держава Сыртқы істер Министрлері Кеңесінің мәжілісінде КСРО батыс елдерін Германияны екі-ге бөлуге деген ниеттерінен бас тартуға, сөйтіп біртұтас жалпыгермандық үкімет құруға шақырды. Сондай-ақ тез арада жалпыгермандық әкімшілік департаменттерін құру, уақытша мерзімге демократиялық конституция әзірлеу, соған сәйкес еркін сайлаулар өткізу қажеттігін ұсынды. Мұнан соңжалпыгермандық үкімет құру керектігін кеңестік Сыртқы істер министрлігі жақтап, өзінің позициясын батыс державаларының қолдауын қалайтындықтарын танытты.

Т.Тәжібаевтың қатысуымен өткен бұл мәжілісте кеңестік сыртқы істер ведомство-сы ұсынысында Германияның болашақ мемлекеттік құрылысы мәселесі жан-жақты қарастырылған еді. Онда Германияның бейбітшілікті жақтайтын, екі палатадан тұратын жал-пы германдық парламенті және халықтың конституциялық құқығын қорғауға қабілетті үкіметі бар республика болып қалыптасуына қатысты нақты ұсыныстар да бар болатын.

АҚШ, ¥лыбритания және Франция өкілдері мәжілісте жалпыға бірдей сайлау негізінде германдық парламенттің және орталықтандырылған демократиялық неміс мемлекетінің құрылуына ашық қарсы екендіктерін білдірді. 1947 ж. 4 сәуірде АҚШ-тың мемлекеттік хат-шысы Дж.Маршалл: «АҚШ делегациясы уақытша неміс үкіметін құрудың қажеті жоқ деп са-найды», - деген мәлімдеме таратқан еді. Германияның мемлекеттік құрылысы мәселесін шешуді немістердің өз қолына беру жөніндегі КСРО ұсынысына батыс державалары теріс қабақ танытты. Дж.Маршалл мұндай маңызды мәселені шешуге немістер қабілетсіз деген пікірде болды.

Мәжілісте француз делегациясы КСРО ұсынысын қолдамай, жалпыгермандық үкімет құрудың уақыты әлі жеткен жоқ деп санады. Батыс державаларының келіссөзде ұстанған бағыты салдарынан Германиямен бейбіт келісім шарт жасасу, бүкіл Германияға ортақ сай-лау заңын әзірлеу, репарация секілді мәселелерді шешу жүзеге аспай қалды. Келіссөз бары-сында германия мәселесі бойынша КСРО-ның ұсынысына қарсы АҚШ, ¥лыбритания және Франция блогы қалыптасып, Германияның бөлшектелуіне негіз қалады. Сондықтан ендігі жерде Потсдам келісіміне сәйкес қалыптасқан Германия шекарасы қайта қаралатын болды. Франция Саар өңіріне иелік етуге, ағылшындар мен американдықтар Рур өңіріне бақылау жүргізуге ұмтылды12. Т.Тәжібаев осылайша төрт державаның Сыртқы істер министрлері Кеңесінің мәжілісіне қатысу арқылы ¥лы Отан соғысынан кейінгі уақытта социалистік және капиталистік жүйенің өзара ымыраға келе қоймайтындығына көз жеткізе түскен-ді.

Дегенмен де Т.Тәжібаев екі жүйе арасындағы жағдайында бейбітшілікті жақтаушылардың алдыңғы сапында тұрды. Мұны оның одақтас республикалардағы Сыртқы істер министрліктерініңөкіліретіндебейбітшілікмәселесінеқатыстыБіріккенұлттарұйымыныңсес-сияларына қатысып, бұл мәселеге қатысты салмақты ұсыныстар білдіруінен де аңғарылады. Мәселен, ол 1950 жылы 27 сәуірде өткен Біріккен ¥лттар ¥йымының Стокгольмдағы сес-сиясында «әлем жұртшылығын атом қаруының қауіпінен қорғау қазіргі заманның өзекті мәселесіне айналғанын» КСРО атынан мәлімдемеген-ді13. Осы сессияда бейбітшілік-ті жақтаушы күштердің атом қаруы қаупінің барлығын теріске шығармайтындығы айқын аңғарылды. Оған сессияға қатысушылар атынан ядролық дөржавалар атына мынандай мазмұндағы үндеу таратылғандығы дәлел бола алады: «Біз атом қаруына агрессия құралы және адамдарды жаппай қырып-жоятын қару ретінде қарап, оған тиым салуды талап етеміз. Сондай-ақ мұндай ұйғарымның орындалуы халықаралық бақылауда болуы тиіс. Біз қай үкімет атом қаруын кез келген елге бірінші болып қолданса, сол үкіметті әскери қылмыскер деп санаймыз. Біз барлық адамдарды өз еріктерімен осы үндеуге қол қоюға шақырамыз. ... Бейбітшілікке атом қаруынсыз ғана қол жеткіземіз»14.

Т.Тәжібаев Қазақ КСР Сыртқы істер министрі болып тұрған кезде республикамыздың шығыстағы көршісі Қытай Халық республикасының КСРО-мен достық қарым-қатынаста бо-луына ерекше мән берді. Сондықтан да Қытай Халық Республикасының Апматыдағы кон-сулы Ин-Кен Хумен даулы мәселелерді байсалды түрде, ауызбіршілік таба отырып шешу-ге тырысып бақты. Сол кезде сондай даулы мәселелердің қатарына республикамыздағы және көршілес республика Қырғызстандағы дүнгендер мен үйғырларға қатысты болатын. XIX ғасырдың екінші жартысында Жетісу өңіріне қоныс тепкен дүнгендер мен ұйғырларды¥лы Отан соғысынан кейінгі кезеңце Қытай Халық Республикасы өз азаматтары есебінде санауға тырысып, тіпті оларды өз «қамқорлығына» алуға деген пиғылын таныта бастады. Алматыдағы Қытай консулдығы тіпті дүнгендер мен ұйғырлардың кейбір өкілдеріне Қытай төлқұжаттарын таратуды қолға ала бастады. КСРО азаматтығын қабылдаған ұйғырлар мен дүнгендердің Қытай төлқұжатын алуы заңға қайшы келетін. Алайда, бұған Қытай тарапы еш мән бермеді15.

Қалыптасқан осындай жағдайда Т.Тәжібаев Қытай консулы Ин-Кен Хумен кездесіп, консулдықтың заңға кереғар әрекет етіп жатқандығын жан-жақты түсіндіре келіп, дүнгендер мен ұйғырлардың Синьцзяннан 1862-1872 жылдары онда орын алған көтеріліс нәтижесінде Жетісуға қоныс аударғанын және олардың Ресей бодандығын қабылдауы Ресей империя-сы мен Цин империясы үкіметтерінің 1881 жылғы келісімі негізінде жүзеге асқандығын атап көрсетті. Сондай-ақ Т.Тәжібаев осы кездесу барысында ұйғырлар мен дүнгендерге кеңестік төлкұжат күштеп берілген деген қауесеттің ешқандай шындыққа жанаспайтындығын да дәлелді түрде негіздеп берді16.

Т.Тәжібаевтың осындай жұмыстар жүргізуі өз нәтижесін бермей қоймады. Көп ұзамай Қытай Халық Республикасының Алматыдағы консулдығы Жетісудағы ұйғырлар мен дүнгендерге өз беттерінше төлқұжат беру ісін доғарды. Мұның өзін Т.Тәжібаевтың сыртқы саясат саласындағы салиқалы қызметінің нәтижесі ретінде қабылдауға болады.

Қытай Халық Республикасының Алматы, Семей және Зайсан қалаларындағы консулдықтарының қызметі республикалық Сыртқы істер министрлігінің жіті қадағалауында болды. Сондай-ақ Қазақстандағы Қытай азаматтарыныңтіркеуге алынуы да осы министрлікке жүктелді. КСРО-ның басқа республикаларында түрлі қызметте жүрген Қытай азаматтарының көпшілігі қазақ жері арқылы өтетін. Сондықтан оларды есепке алып отырудың өзі ауқымды жұмыстардың бірінен саналатын.

Қытай жерінде тұрып жатқан қазақтармен республиканың мәдени өмірімен, әлеуметтік-экономикалық саладағы жетістіктерімен таныстыру ісі Т.Тәжібаевтың жігерлі еңбегінің нәтижесінде жолға қойыла бастады. Ол бұл істе алдымен одақтықСыртқы істер министрлігінің келісімін алуда бірқатар кедергілерді бастан кешірді. КСРО Сыртқы істер министрлігі мұндай шараны Қытай Халық Республикасымен өзара достық келісім шартқа қол қойылмағандығын алға тарта отырып, кейінге қалдыра тұруды ұсынды. КСРО Сыртқы істер министрлігінің мұндай ұсынысы қолға алған істің нәтижелі жүруіне басты кедергі болды. Бірақ Т.Тәжібаев бұл үсынысты ескере отырып, Қытай қазақтары мен республикадағы қазақтар арасын-да пошталық байланыстың болуын жолға қоя білді. Осындай пошта байланысы арқылы екі жақ қазақтары бір-бірімен хат жазысуға мүмкіндік алды және де пошта арқылы Қытай қазақтарына республиканың тыныс-тіршілігінен хабар беретін әдебиеттер жібертіле баста-ды. Қытай қазақтарының араб әрпін қолданатындығын ескере отырып, Т.Тәжібаев респуб-лика басшылығы алдына араб әрпінде газет-журналдар мен кітаптар шығару қажеттігі жай-лы ұсыныс түсірді. Оның бұл ұсынысы үкімет тарапынан қолдау тауып, мұндай істі жүзеге асырудың ұтымды жолдарын қарастыруға нұсқау берілді17.

Т.Тәжібаевтың Қытай қазақтарының Қазақстанмен тығыз байланыста болуын қалаған ойының шамалы болса да жүзеге аса бастауына белгілі дәрежеде КСРО мен Қытай Халық Республикасының арасында 1950 жылы 14 ақпанда жасалған достық және өзара көмек көрсету туралы келісім-шарт ықпал етті. Осы келісім шарттың негізінде КСРО Қытайға 300 миллион доллар көлемінде жеңілдетілген несие берді. Бүл қаржыны Қытай негізінен КСРО-дан электростанциялар салуға, металлургиялық және машина жасау зауыттарына қажетті бөлшектер мен құрал-саймандар алуға жұмсайтын болды. Сонымен қатар КСРО Мань-журияда қалған бұрынғы Жапонияның өндіріс орындары мен басқа да мүліктерін Қытайға біржола беруге келісті. Мұның бәрі сол тұста қиын-қыстау кезеңді бастан кешіп жатқан Қытай Халық Республикасына елеулі көмек болатын. КСРО-ның Қытайға көмек көрсетуінің астарында Қытайдың социалистік құрылыс жолына түсуі жатыр еді. КСРО-ның көмегін Қытай басшылығы жоғары бағалап; «Кеңес Одағы біздің елдегі социалистік құрылысқа зор көмек көрсетті. Қытай халқы мұндай жолдастық көмекті ешқашан да ұмытпайды», - деп мәлімдеді.

Міне, осындай жағдайдан кейін Т.Тәжібаев Қазақстан мен Қытай қазақтары арасындағы байланыстың өрістеуіне шама-шарқы келгенше қызмет етуге тырысып бақты. 1950-1951 жылдар аралығында Қытайға барушы қазақстандықтардың саны 22 адам болса, 1952 жылымұндай адамдардың саны 60-қа жетті. Өз кезегінде Қытайдан Қазақстанға келушілердің де саны арта түсті. 1952 жылы Қазақстанға келгендер 43 болды. Бұлардың көпшілігі өз туыста-рын іздеушілерді құраған. Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігінің берген мәліметтеріне қарағанда Қытай тарапындағы туысқандарын іздестірушілердің саны күрт артып, Қытайға баруға ниет білдірушілер саны өсе түскен. Сондықтан Сыртқы істер министрлігі Қытайға барушылардың құжаттарын рәсімдеу мәселесінде өзіндік қиыншылықтарғэ тап болған Мұндай қиыншылықтар Қытай немесе Қазақстан тарапынан арнайы шақырту қағазының та-лап етілетіндіктен туындаған18.

Әрине, мұндай кедергілерді жоюға республикалық Сыртқы істер министрлігі қауқарсыз еді. Өйткені, мұндай мәселені шешу одақтық Сыртқы істер министрлігінің құзырында болатын. Сол тұста Қазақ КСРО Сыртқы істер министрлігінде шет елдермен тікелей байланыс жүргізу өкілеттігі болмады. Одақтық Сыртқы істер министрлігінің және республикалық үкіметтің тап-сырмалары негізінде сыртқы саясатқа байланысты қызмет жүргізу және шетелдік мемлекет басшылары мен дипломатиялық өкілдерін қабылдау, сондай-ақ шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына республиканың қоғамдық-саяси өміріне, әлеуметтік-экономикалық саладағы жетістігіне қатысты Іиәліметтер беру ісімен шұғылдану Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігінің басты функциясы саналды. Сондықтан 1950-жылдары республикалық Сыртқы істер минис-трлігіне ұлттық мүдде тұрғысынан толыққанды қызмет етті деп кесіп айтуға болмайды. Не-гізінен, бул мекеме жоғарыда айтып өткеніміздей Одақтық Сыртқы істер министрлігіне бай-лаулы, тәуелді болды.

Дегенмен, Т.Тәжібаев республикалық Сыртқы істер министрлігінің ауқымында сыртқы байланыста қазақтар үшін өзекті мәселелердің бар екендігін, әсіресе шетелдердеп қандастарымыздың өз тарихи отанымен байланыс орнатуының маңызды екендігін көтере білді. Қытайдағы қазақтардың өз тарихи отаны - Қазақстанмен байланыста болуына КСРО мен Қытай Халық Республикасы арасында орнай бастаған жылы қарым-қатынас ықпал етеді деген үмітте болды. Сондықтан да Т.Тәжібаев екі ел арасындағы достық қарым-қатынастың нығая түсуіне барынша ынталық танытты. Мұны оның сол тұстарда мерзімді баспасөз бет-теріне жазған мақалаларының мазмұнынан да аңғаруға болады. Сондай мақалаларының біріндеол былайдепжазды: «КСРОмен Қытайарасында 1950жылы 14ақпанда қол қойылған достық, одақтастық және өзара көмек туралы келісім-шарты орасан зор тарихи маңызға ие. Бұл келісім-шарт қиыр Шығыстағы және бүкіл әлемдегі күрделі өзгерістің, яғни империа-листік Жапония мен гитлерлік Германияның талқандалуының нәтижесі. 1949 жылы қазанда Қытай Халық Республикасы құрылғанын жарияласымен КСРО-мен достық қарым-қатынас орнатып, жан-жақты байланыс жасауға тырысты. ... Мұндай байланыстың нығая түскендігін Кеңестер Одағы мен Қытай арасында Ланьчжоу-Алматы және Изинин-Улан-Батор теміржо-лын салу жөніндегі келісім шарт айғақтай түседі Қытайда Кеңестер Одағындағыдай тың және тыңайған жерлерді игеру басталды! Соған орай Кеңес үкіметі қытай халқына қажетті техника мен қу.рал-саймандар беруді өз мойнына алды. Қытайда астық өндіретін кеңшарлар ұйымдастыруға біздің республиканың еңбекшілері де атсалысуда. Таяуда ғана Қазақстандық Кеңшарлар министрлігіне қарасты механикалық зауыттың ұжымы Қытайға егіс алқаптарына арнап асханамен, электростанциялармен және демалатын бөлмемен жабдықталған жиырма вагон жөнелтті. Қытай халқының сенімді және адал досы кеңес халқы. Кеңес Одағы Қытай Халық Республикасының социалистік құрылыста табысқа жетуіне шын тілектес және қытай халқының ондай табысқа жететіндігіне барынша сенеді».

Т.Тәжібаевтың КСРО мен Қытай Халық Республикасының арасындағы достық қарым-

қатынас туралы жазған мақаласынан коммунистік идөологияның әсері айқын сезіліп

тұрғандығымен оның өзіндік астары бар екендігіне де назар аудармауға болмайды. Екі ел арасындағы қарым-қатынас Қытай қазақтарының Қазақстанмен байланыста болуына тікелөй ықпал етедідеген Т. Тәжібаевтың пікірі бұл арада ескерілуі тиіс.

Синьцзян өңірі қазақтарының 1940 жылдан бастап қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешіріп жатқандығынан Т.Тәжібаев Сыртқы істер министрі ретінде жақсы хабардар еді. Қытай жазалаушы отрядтарының 1944-1949 жылдары Іле көтерілісіне қатысып, Шығыс Түркістан Республикасын құруға атсалысып, коммунистік режимді мойындауды бас тартқандарды қуғын-сүргінге түсіріп жатуы Т.Тәжібаевты бейжай қалдырмады.

Қытайдағы коммунистік режимді мойындаудан бас тартып, күреске шыққан қазақтардың біраз бөлігі Пәкістан, Үндістан арқылы өтіп, Түркияға дейін жетті. Бүл коммунистік режимге көшкен Қытай үкіметінің жазалау саясатының нәтижесі болатын20. Шығыс Түркістан Республикасының құлауына Кеңестер Одағы да әсерін тигізді. Бүл істе КСРО Сыртқы істер министрлігі де аз рөл атқармаған еді. Синьцзянь Қытай Халық Республикасының құрамдас ұлттық ауданы болғандықтан Кеңес Одағы бұдан былай бұл аймақпен дербес байланыс жасау саясатынан айырылып, өзінің экономикалық мүддесін сақтау үшін Қытаймен арадағы сауда-экономикалық қатынастарының бір объектісі ретінде онымен дәстүрлі сауда байланыстарын жаңаша сипатта дамыту мүмкіндігін алды. Сонымен бірге Синьцзяндағы ұлттардың ісіне араласудан бойын аулақ ұстады21. Муның бәрі Т.Тәжібаевтың Қытай қазақтарымен Қазақстан арасында мәдени, сауда-экономикалық байланыс орнатылса деген үмітінің жүзеге асуына өз салқынын тигізген болатын.

Әміршіл-әкімшіл жүйе жағдайында орталық билік одақтас республикалардағы Сыртқы іс-тер министрліктеріне кең ауқымда жұмыс істеуге мүмкіндік бермеді. Республикалық Сыртқы істер министрлігіндегі қызметкерлердің қалыптасқан, білікті дипломат болып қалыптасуларына да қулық таныта қоймады. Оған республикалық Сыртқы істер министрлерінің барлығы де-рлік бул лауазымды иеленгенмен негізгі қызмет орындары басқа мекемелер де болды. Т.Тәжібаевта Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігімен қатар С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінде ректор қызметін қоса атқарды. Республикалық Сыртқы істер министрлігіндегі мұндай ахуал белгілі қоғам қайраткері, әрі дипломат М.И.Исиналиевтің ай-туынша 1973 жылға дейін сақталған. Т.Тәжібаевтан кейін де республика Сыртқы істер ми-нистрі болғандар, атап айтқанда, Асқар Закарин, Әди Шәріпов, Балжан Бөлтірікова тек осы мекемеде ғана емес, онымен қоса Мәдениет министрі қызметін қоса атқарған22. Міне, мұның өзі орталық биліктің республика Сыртқы істер министрлігіне қандай дәрежеде қарағандығын айғақтайды.

Т.Тәжібаевқа екі қызметті қоса атқару жеңіл соқпады. Республика Сыртқы істер министрі мен Қазақ Мемлекеттік универсиГетінің ректоры қызметін атқару аса көп күш-жігерді талап ететін. Бұл екі қызметті Т.Тәжібаев аса табандылықпен ойдағыдай атқарды да. Алдағы ке-дергілерге, яғни кеңестік науқаншылықтан туындаған тосқауылдарға мойынсұнбай халыққа адал қызмет етуді ол өзіне парыз санады. 1953 жылы ол ҚазМУ-дағы ректорлық қызметінен кеткеннен кейін, көп узамай осы жылы 8 желтоқсанда Қазақ КСР Сыртқы істер министрі қызметінен де босатылды. Оның Сыртқы істер министрі қызметінен босатылғаны жайын-да шығарылған бұйрықта Т.Тәжібаевтың жеке басына қатысты ешнәрсе айтылмады. Де-генмен республикалық үкіметтің және партия басшылығының Т.Тәжібаөвты қызметінен кетіруіне оның ҚазМУ-дағы қызметіне де қатысты болатын. Сонымен қоса Т.Тәжібаевтың Қазақстанның дербес сыртқы саясат жүргізуі үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалануға тырысуы КСРО Сыртқы істер министрлігіне ұнамады. Мұның өзі Қазақ КСР Сыртқы істер министрі қызметінен кетуіне белгілі дәрежеде әсер етті.

Т.Тәжібаев Қазақстанның тұңғыш Сыртқы істер министрі қызметінде өзіндік өшпес із қалдырды. Оның сыртқы саясат саласындағы сіңірген еңбегіне тәуелсіз Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болған Е.Ыдырысов былай деп баға береді: «Оның күш-жігері арқасында Қазақстанда шет елдермен мәдени байланыс қоғамының Бүкілодақтық бөлімшесі ашылды. Қазақстан мен Қытай, Моңғолия, Үндістан және басқа елдер арасында тығыз мәдени және ғылыми байланыстар орнатылды. Т.Тәжібаев уақыттан озып, сол кездің өзінде республикамызды толық көлемді тәуелсіз сыртқы саяси қызмет жүргізуге дайындағанды.

Қазақстанда құрылған Сыртқы істер министрлігінің алғашқы министрі қызметін атқару Т.Тәжібаевтың республикалық үкімет қурамындағы беделінің зор болғандығын айғақтайды. Оның беделіне Сыртқы істер министрлігінен кету өз нұқсанын тигізе алмады. Оған 1954 жылы 6 қаңтарда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысына сәйкес Т.Тәжібаевтың Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалуы дәлел бола алады.

Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары қызметінде де Т.Тәжібаев өзінің іскерлігімен таныла білді. Мұны сол уақытта Д.А.Қонаевтың Т.Тәжібаевты Министрлер Кеңесінде нәтижелі еңбек еткендер қатарына жатқызуынан да аңғаруға болады. Осылайша ісіне ұқыптылықпен, жауапкершілікпен қараған Т.Тәжібаевтың Министрлер Кеңесінде онан әрі нәтижелі еңбек етуіне 1958 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігіне қызметке шақырылуы бөгет болды. Ол Мәскеуге келісімен КСРО-ның Үндістандағы елшілігіне жіберілетіні жөнінде, онда елшінің кеңесшісі болатындығы жайлы хабардар болды. Т.Тәжібаевтың елшілікке қызмет атқарған жылдары КСРО мен Үндістан арасында тығыз қарым-қатынас орнап, екі елдің өзара байланысы қарқын ала түскен еді. 1955 жылы 2 ақпанда қол қойылған КСРО мен Үндістан келісімі негізінде үнді жерінде Бхилай металлургия зауытын салуға кеңестік мамандар кеңінен тартылған-ды. Оның үстіне 1957-1960 жылдары КСРО Үндістанға өндіріс орындарын салу үшін 500 млн. сом көлемінде несие берді. Үндістан премьер-министрі Дж.Неру 1959 жылы КСРО-ға сапары кезінде екі ел арасындағы байла-ныс жайлы былай деген болатын: «Кеңес Одағы мен Үндістан арасындағы өзара қарым-қатынастың жарқын үлгісі Бхилай металлургия зауытының салынуы екендігі белгілі. Өзара байланыстың өріс алуы арқасында Үндістан Кеңестер Одағындә өзінің білікті мамандарын даярлауға мүмкіндік алды».

Үндістан мен КСРО қарым-қатынасында өзара мәдени байланысқа да ерекше мән беріл-ді. Екі жақтың халқын өзара жақынырақ таныстыра түсу мақсатында делегациялармен алма-су, көрмелер ұйымдастыру секілді шаралар өткізіле бастады. Елшілікте бұл іске Т.Тәжібаев жетекшілік етті. Ол «Үнді-кеңес мәдени қоғамын» құрушылардың алдыңғы сапында тұрды. 1958 жылы құрылған бұл қоғамның 1958 жылы 60 мүшесі болса, 1960 жылы мүшелер саны 10 мыңға жетті.

«Үнді-кеңес мәдени қоғамы» мүшелері қатарында КСРО-дағы және Үндістандағы бел-гілі өнер, мәдениет қайраткерлері, жазушылар мен ғалымдар болды. Қоғамның КСРО-дағы мүшелері Үндістанға келіп, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдөниет саласындағы жетістіктерін насихаттауға баса көңіл бөлді. Олар Үндістанның түрлі қалаларында болып кеңестік кинофильмдер көрсетуді, түрлі көрмелер ұйымдастыруды жүзеге асырып жат-ты. Қоғамның Үндістандық мүшелері де өз тараптарынан КСРО-да да мұндай іс-шаралар өткізуді қолға алды.

Осы қоғамның қызметі аясында Қазақстанның ұлттық мәдениеті жетістіктері де кеңінен насихатталды. 1959 жылы Т.Тәжібаевтың атсалысуымен бір топ қазақстандық делегация Үндістанда болып қайтты. Ол делөгация құрамында белгілі қазақ жазушысы М.Әуезов те болды.

Т.Тәжібаев КСРО-ның Үндістандағы елшісінде жұмыс жасаған жылдарында Қазақстан мен Үндістан, Вьетнам арасында табысты мәдени-гуманитарлық байланыстар орнатылғаны кездейсоқ емес. Бұған тығыз достыққа айналған оның сол кездегі кернекті саяси қайраткерлермөн - Үндістанның ұлт-азаттық қозғалысының басшылары Джавахарлар Неру, Индира Ганди және вьетнам халқының жетекшісі Хо Ши Минмен жеке кездесулері ықпал етті.

Қазақстандық делегацияны Үндістанда Т.Тәжібаевтың өзі қарсы алып, үнді халқының өнерімен, мәдениетімен оларды таныстыруды да өзі атқарды. М.Әуезовты Үндістан жазушы-ларымен жолықтырып, оның олармен әдабиет төңірегінде пікір алмасуына жағдай жасады. Бүл сапардың негізінде М.Әуезовтың «Менің Үндістаным» атты очеркі туғаны белгілі.

Сол жылы кеңестік делегация құрамында Т.Тәжібаөвтың қамқорлығын, қолдауын көрген ҚазМУ профөссоры М.Бутин да болатын. Ол Т.Тәжібаевтың елшілікте атқарған қызметіне қатысты өз естелігінде мынандай пікір білдіреді: «Төлеген Үндістанда Совет екіметініңкеңесші өкілі болып жүріп, еліміздің мүддесі, халық игілігі үшін қызмет атқарды. ӘлІ есімде, Төкең сол Үндістанда жүрген кездерінде, туған жерге, туған халқына, Отанға деген ыстық сағынышын, айнымас махаббатын айтып хатжазатын. Төкеңнің әр хатынан білімдарлығы, ақыл-парасаты айқын көрініп отыратын-да. ... Мен Совет делегациясының құрамында 1959 жылы Индияға бардым. Төкең езінің демалысын пайдаланбай, бізді асыға күтіп жүр екен. Біздер барысы-мен Төкең барлық делегация мүшелерін үйіне шақырды. Біз сонда Төкеңнің білімдарлығына, әмір, халық жайлы мағлұматының кеңдігіне тағы да қайран қалған едік. Үндістанның тарихы, мәдениеті жайында толғана әңгіме етті. Үнді халқының қоғам қайраткерлері Махатма Ганди, Джавахарлал Неру туралы әңгімелеріне сүйсіне құлақ түрген едік».

Үндістандағы елшілікте қызметте жүріп те Т.Тәжібаев Біріккен ¥лттар Ұйымының мәжілістеріне қатысып, бейбітшілік мәселелері жайлы, Азия, Африка, Латын Америкасы елдерінің қүқықтары мен тәуелсіздігі туралы қүрылған комиссияны басқарды. Ол Бірік-кен Үлттар ¥йымына делегат болғанда бірнеше рөт пленарлық мәжілістерде сөз сөйлеп, еліміздің бейбітшілік мүддесін жүзеге асыруға ат салысты. КСРО Сыртқы істер министрі Э.Вышинскийге көмек, жәрдем бере отырып, Т.Тәжібаев осы мәжілістерде Африка елдерінің және басқа шығыс мемлекеттерінің ұлттық мүддесін, тәуелсіздігін және егемендігін қорғау мақсатын көздеп, әділетті пікірлерін ортаға салды.

Біріккен Ұлттар ¥йымының 1959 жылы 18 қыркүйекте Нью-Йоркте өткен XIV сессиясының мәжілісіне Т.Тәжібаев қатысты. Онда Б¥¥ қарауына КСРО тарапынан толық және жалпыға бірдей қарусыздану туралы Декларация ұсынылған болатын. КСРО ұсынысында барлық елдерде құрлықтағы, теңіздегі және әуедегі қарулы күштер жойылып, оның орнына әрбір ел өзінің ішкі әскерлерін ұстаумен шектелуі керектігі айтылған-ды. Бейбітшілікті сақтау мақсатындағы мұндай ұсыныс Үндістан, Индонезия, Ауғанстан, Гвинея, Гана секілді мемлекеттердің өкілдері тарапынан қызу қолдау тапты. Сессияның мәжілісі барысында Т.Тәжібаев КСРО ұсынысы заман талабына толық сай келетіндігін дәлелдеу мақсатында сөз алды. Ол өз сөзінде қару-жарақты шектөп, қарусыздануға қадам жасау енді ғана тәуелсіздік алған Азия, Африка және Латын Америкасы елдері үшін аса маңызға ие екендігін атап көрсетті. Ол мұндай қарусыздану жас мемлекеттердің демократиялық жолмен дамуына мүмкіндік береді деген пікірде екендігін білдірді.

Қарусыздану туралы КСРО Декларациясында атом, сутегі бомбаларын, бактерологиялық және химиялық қаруларды толығымен жойылуы қажеттігі де қамтылған еді Барлық елдердщ қарусыздануы Декларацияға сәйкес-төрт жыл көлемінде кезең-кезеңмен жүзеге асырылуы тиіс болатын. Т.Тәжібаев КСРО-ның мұндай қадамын адамзатты соғыс қасіретінен сақтау жолындағы қозғалыстың бастамасы деп санады. Ол осылайша Біріккен Үлттар Ұйымында қарусыздану туралы Декларацияның қабылдануы жолында өзінің бар білімін пайдалануға, күш-жігерін аямауға тырысып бақты. 1959 жылы 20 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы КСРО-ның ұсынысы қабылданатындығы жайлы арнайы қарар қабылдады. Оның қабылдануына Біріккен ¥лттар Ұйымының барлық мүшелері дерлік дауыс берді.

Адамзат тарихында аса маңызға ие мәселе барлық елдердің қарусыздану туралы Б¥¥ қарарының жүзеге асуы доғарылып қалғаны белгілі. Оның жүзеге асуына сол тұста екі жүйе - капиталистік және социалистік жүйе арасындағы текетірес кедергі келтірді. Дегенмен де Т.Тәжібаев адамзат өз дамуында қаруланудың қасіретке апарып соқтыратындығын сезініп, одан бас тартады деген үмітте болды. Сондай-ақ оның араға көп уақыт сәлмай жүзеге асатындығына сенім білдірді.

Т.Тәжібаев КСРО-ның Үндістандағы елшілігінде де өз әріптестерімен бірге үнді үкіметін кеңестік жүйеге оң көзқараста болуға күш салды. Өйткені, Үндістан КСРО-мен тығыз экономикалық және мәдени байланыстар орнатқанмен кеңестік жүйеге оң көзқараста бол-мады. Үндістан премьер-министрі Дж.Нерудің өзі КСРО экономикалық салада жетістікке жеткенімен онда саяси демократия ақсап жатыр деген пікірде болды.

Үндістандағы КСРО елшілігі кеңестік жүйенің артықшылықтарын дәлелдеуге тырысып баққанымен үнді үкіметі КСРО-да ұлттар мәдениетінің қағажуға ұшырап отырғанын алға тартумен болды. КСРО-дағы мүндай ахуалдың бар екендігін Т.Тәжібаев Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігінде және Министрлер Кеңесінде қызмет еткен кездерінде өз көзімен көрген болатын. Бірақ та ол бұл мәселені ашық көтере алмады. Ондай мәселені көтеруге кеңестік идеология қатаң тиым салған еді.

Т.Тәжібаевтың Үндістандағы елшіліктегі қызметі 1961 жылы аяқталды. Оның бұл қызметті қоюына денсаулығының нашарлауы әсер етті. Т.Тәжібаевпен қызметтес болган тарихшы-ғалым К.П.Коржеева өз естелігінде: «Төлеген Тәжібайұлы Үндістаннан ауыр науқастанып қайтты. Ол Мәскеудегі Кремль ауруханасына жатып емделді. Оның ескі достары - біздер қатты алаңдаушылық таныттық. Т.Тәжібаевтің тез арада айығып кетуіне тілеулес болып, оның отбасымен байланысты үзбедік» - дейді.

Аурудың асқынуы Т.Тәжібаевтың 1964 жылы 14 шілдеде 54 жасында өмірден ерте кетуіне әкеліп соқтырды.

Оның қысқа ғүмыры заманының драматизміне толы. Бірақ ол өз өмір жолын лайықты да адал жүріп өтті. Ол педагогика және психология кафедрасында профессор болып қызмет етіп, өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне араласты. 1962 жылы желтоқсанда «XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы ағартушылықпен педагогикалықой-пікірдіңдамуы» деген тақырыпта Мәскеуде докторлық диссертация қорғап, педагогика ғылымдарының докто-ры ғылыми дәрежесіне ие болды. 1954 жылы Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі болып сайланған Т.Тәжібаевтың бұл диссертациясы тек педагогика саласына ғана емес, отандық тарих ғылымы саласына да қосылған ғылыми жетістік болып саналды. Сондықтан да Т.Тәжібаевтың өмір жолы халыққа риясыз қызмет етудің үлгісі деп тұжырым жасауға болады. Оның сыртқы саясат саласында атқарған қызметі бүгінгі таңцағы Тәуелсіз Қазақстан дипломаттарының жаңа буынына өнеге. Оның халық ағарту, жоғары білім, сыртқы істер саласында, үкімөт құрамында атқарған қызметін отан сүйгіштіктің жарқын үлгісі ретінде насихаттай түсу бүгінгі таңдағы зиялы қауымының борыштарының бірі екендігін ескергеніміз жөн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет