Қазақстандағы баптизмнің тарихи-мәдени ерекшелігі



бет10/12
Дата02.10.2022
өлшемі122.15 Kb.
#461765
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Қазақстандағы баптизмнің таралуы мен мәдени ерекшелігі

ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстандағы қазіргі діни жағдай әртүрлі діни ағымдардың қызметімен сипатталады. Тәуелсіздік алған жылдары қарқынды ықпалмен келе бастаған жат діни ағымдардың қазіргі қызметі еліміздің діни жағдайына өз әсерін тигізіп отыр. Сонымен қатар, осындай діни үрдістердің негізгі қозғаушы күшіне айналып отырған халық сенімінің әртүрлі секталардың шырмауында қалуы еліміздегі бірқатар ішкі мәдениет пен әлеуметтік үрдістердің әлі де болса толық аяқталмағанын көрсетеді. Мұндай секталық ағымдардың қатарын ірі дәстүрлі діндердің атауларымен бөліп қарастырамыз. Ислам, христиан, будда сында дәстүрлі діндердің аясында құрылған секталық сенімдердің бірнеше бағыттары қалыптасып жетілген.
XIX ғасырдың екінші жартысында осындай бағыттардың бірі евангелдік баптистердің елімізге кел бастауы қазақ жеріндегі діни ахуалды өзгерте бастады. Бұл қазақ жеріндегі алғашқы баптистік шіркеулердің пайда болуымен сипатталады. Сонымен қатар, осы аталмыш діни ағым өкілдерінің әлеуметтік жіктелісіне қарай арнайы зерттеулер жүргізілгенімен, діни көзқарасына қарай зерттеулер жүргізілмеген. Мысалы, сол уақытта келген шаруалардың «шаруа» ретінде олардың қоныстануы, өмір тіршілігі, қоғамдағы орны зерттелгенімен. Ол шаруалардың діни көзқарасы, наным-сенімі зерттелмеген.
Сол сияқты еліміздегі көптеген діни ағымдардың келу тарихы мен қызметі ғылыми қоғамның назарынан тыс қалуда. Осы ретте Евангелдік баптистердің Қазақстанға келуі мен орналасуы, олардың қауымдастықтарының құрылуы, даму эволюциясын көрші Ресей елінің діни үрдістері негізінде зерттелуі біршама орын алған. Себебі, алғаш баптистер Ресей шекаралық аймағындағы елді мекендерден бастау алып отыр.
Ал кейінгі тәуелсіз Қазақстан тұсындағы евангелшіл баптистердің діни қызметі жөніндегі зерттеу жұмыстары назардан тыс қалып, жекелеген әдебиеттерде көрініс тауып отыр. Алайда, қазіргі еліміздегі қоғамдық ғылымдардың бұл саланы толық зерттеу шығуға толық әлеуеті жеткілікті.
Қорытындылай келе, дипломдық жұмысты жазу барысында баптистердік Қазақстанға келу тарихы әр түрлі деректер мен арнайы әдебиеттерді қолдана отырып сипатталды. Сонымен қатар, олардың еліміздің түкпір-түкпірінде ашылған алғашқы қауымдастықтарының хронологиясы берілді.
Зерттеу жұмысымыздың екінші тарауында Қазақстандағы баптистердің қазіргі мәдени әлеуметтік жағдайы, олардың қауымдастықтарының таралу аймағы, діни әлеуеті қарастырылды. Сонымен қатар, жалпы еліміздегі діни жағдайдың аясындағы баптистердің орны немесе мемлекеттің ішкі мәдениетіне тигізер ықпалына талдау жасалды.
Сөз соңында христиандық діни ағымдардың қазіргі сипаты жалпылама миссионерлікті қолдайды. Бұл арада жергілікті халықтың дәстүрлі діни сенімі мен құндылықтары ескерілмейтіні ақиқат. Соған байланысты ел ішіндегі сектанттық сипаттағы көптеген діни ағымдарға арнай зерттеулер жүргізілуі керек.
Диплом жұмысын жазу барысында арнайы баптисттік ұйымдарға мүше болып тіркелген азаматтардан сауалнама алынды. Олардан алдын ала дайындалған сұрақнамалық-сауалнама бағдарламасы арқылы сұхбат алынды. Сауалнамада негізінен қазақ ұлтынан шыққан баптисттерге фокус жасалынды. Алынған мәліметтерге қарайтын болсақ, еліміздегі баптистік қауымдастық өкілдері баптизмге келместен бұрын өзін психологиялық тұрғыда жоғалтып алған. Соның ішінде жұмыссыздық, отбасылық мәселелерінің қиындауы, ішімдікке салыну және тағы басқа себептер болған. Сонымен қатар, баптизмге келместен бұрын олардың бірнеше діни сектада болғандығы да анықталды. Бұл біздің респонденттеріміздің рухани тұрақсыз екенін көрсетсе, екінші жағынан діни секталар арқылы әлеуметтік мәселелерді шешуге тырысқанын байқауға болады. Сондай-ақ, сауалнамадағы «Сіздің келешекте дініңізді өзгерту ойыңызда бар ма?» деген сұраққа сырғытпа жауаптар алынды. Егер құдай соны қаласа өзгертіледі деген сияқты. Мұның өзі бұл діни бірлестік мүшелерінің әлі де тұрақсыз сенімде екенін көрсетеді. Сонымен қатар, туыстар арасындағы қарым-қатынас мәселесінде де діни үйлесімнің болмауы олардың қоғамнан оқшаулануын көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет