Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы



бет7/10
Дата24.02.2016
өлшемі0.61 Mb.
#15409
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Нәтижелері
Медициналық көмек сапасының индикаторларын қоса алғанда, медициналық ұйымдар қызметінің көрсеткіштерін жақсарту.
Денсаулық сақтау қызмет көрсетулерінің қолжетімділік деңгейі мен олардың сапасының өсуі, оларды әлемнің дамыған елдерінде қабылданған стандарттарға кезең-кезеңімен жақындатуға қол жеткізу.
Ана мен бала өлімінің көрсеткіштерін (қазіргі есептеу әдістемесіне орай), туберкулезбен сырқаттануды және одан қайтыс болуды азайту, басқа да әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша ахуалды тұрақтандыру.
Медициналық жоғары оқу орындары мен колледждер түлектерінің білім деңгейін және оларды клиникалық даярлау сапасын арттыру.

4.3.5. Халықты әлеуметтік қолдау, еңбек қатынастары және көші-қон
Мақсаты
Өңірлік және салалық аспектілерін ескере отырып атаулы әлеуметтік көмек саясатын жетілдіру және еңбек қатынастарын дамыту.
Міндеттері
1. Халықты әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесін дамыту.
2. Нарықтық қатынастарға негізделген атаулы әлеуметтік көмек көрсету (тұрмысы төмен азаматтарға, оның ішінде әйелдер мен жастарға), ана мен баланы әлеуметтік қорғау жүйесін нығайту жөніндегі қағидаттарды жетілдіру.
3. Өңірлік және салалық аспектілерін ескере отырып халықтың тұрақты жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету және еңбек көші-қонын үйлестіру.
4. Әлеуметтік әріптестік негізінде әлеуметтік диалогты нығайту және ұжымдық келіссөздер жүйесін одан әрі дамыту. Бюджет саласында еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру.
5. Ерлер мен әйелдердің қоғамның тыныс-тіршілігінің барлық
салаларында тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерін іске асыру үшін жағдайлар жасау.
Шешу жолдары
Мемлекеттік бюджеттен берілетін зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік базалық зейнетақы мөлшері арттырылатын болады, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін индекстеу тұтыну бағасы индексінің болжанатын өсімін 2 проценттік пунктке арттыра отырып, жүзеге асырылады.
Зейнетақы активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдарының өрісін кеңейту жөніндегі жұмыс жалғастырылады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерін төлеу жүйесі жетілдіріледі, зейнетақы жинақтауларын сақтау және қартайған шақта олардың жеткіліктілігі жөніндегі мемлекет кепілдіктерінің тетігі әзірленеді.
Халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесімен және міндетті әлеуметтік сақтандырумен қамтуды кеңейту жөніндегі жұмыс жандандырылатын болады.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мақсатында әлеуметтік диалогтың рөлі артады және жұмыс берушілердің зиянды өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлердің пайдасына ерікті, кәсіптік аударымдарды жүзеге асыруы үшін шарттық әлеует пайдаланылады.
Әлеуметтік диалогты одан әрі нығайту, ұжымдық шарттар жүйесін, атқарушы билік органдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен кәсіподақтар және өзге де уәкілетті қызметкерлер, барлық деңгейдегі адамдар мен ұйымдар арасындағы өзара сындарлы қарым-қатынастарды дамыту Қазақстан Республикасы еңбек кодексінің жобасында қамтылған жаңа қағидаттардың негізінде жүзеге асырылатын болады.
Халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарын әлеуметтік қолдау жүйесін одан әрі дамыту мақсатында:
1998 жылғы 1 қаңтарға зиянды және ауыр еңбек жағдайларында еңбек өтілін жинақтаған адамдарға қосымша жәрдемақылар енгізіледі;
балалы отбасыларға төленетін мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері ұлғайтылады;
жүктілігі бойынша демалыста және бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша демалыста болған кезеңде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүзеге асыратын әлеуметтік төлемдерден зейнетақы жарналарын аударуды жалғастыра отырып, жұмыс істейтін әйелдер үшін жүктілікті, бала тууды және ана болуды міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізіледі;
әлеуметтік көмек көрсетудің атаулылығы күшейтіледі;
тұрмысы төмен халықтың жұмыссыз бөлігі арасында жұмыспен қамтудың белсенді нысандары пайдаланылады;
мүгедектерді, оның ішінде сапалы әлеуметтік қызмет көрсетулер жолымен, қолдау қамтамасыз етіледі.
Орнықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдар жаңа жұмыс орындарын құру және жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру жөнінде шаралар қабылдайтын болады.
Еңбек нарығында отандық мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және еңбек көші-қонын реттеу мақсатында:
ұлттық еңбек нарығының мүдделерін ескере отырып, өңірлік аспектіде шетелдік жұмыс күшін пайдалану проблемаларын кешенді шешуге бағытталған көші-қон саясатын жетілдіру;
Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жағдайында ішкі еңбек нарығын қорғауға және Қазақстан мен Орталық Азия өңірі елдерінің арасында білікті жұмыс күшінің басқарылатын қозғалысына бағытталған тетіктерді қалыптастыру;
жергілікті мамандарды кәсіптік даярлауға және қайта даярлауға айрықша ден қоя отырып, шетелдік мамандарды қазақстандық кадрлармен ауыстыру жөніндегі саясатты жүргізу;
еңбек нарығының өңірлік және салалық қажеттіліктерін ескере отырып, жұмыссыздарды кәсіптік даярлаудың және қайта даярлаудың икемді жүйесін құру;
кәсіптік даярлыққа және біліктілігін арттыруға жіберу кезінде әйелдер мен жастарға басым құқық беру жөнінде жұмыс жүргізілетін болады.
Жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын сақтауын бақылауды күшейту жөніндегі жұмыс жалғастырылады.
Мемлекеттік әлеуметтік стандарттарды халықаралыққа кезең-кезеңімен жақындатуға сәйкес жұмыс күшінің қарапайым молықтырылуын қамтамасыз ететін жалақының ең төменгі мөлшері белгіленетін болады.
Бюджет саласы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек демалысына шыққан кезде сауықтыру жәрдемақылары енгізіледі.
Республика ұйымдарында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында еңбекті қорғауды басқару жүйесінің халықаралық стандарттарын енгізу жөніндегі жұмыс жалғастырылады.
Республика ұйымдарында өндірістік жарақаттануды азайту жөніндегі ескерту, алдын алу шаралары, сондай-ақ қауіпсіздік нормаларын сақтауды мемлекеттік және ведомстволық бақылау күшейтіледі.
Отбасының жағдайын жақсарту, ерлер мен әйелдердің некедегі құқықтары мен мүмкіндіктеріне кепілдіктердің сақталуы мақсатында Қазақстанда неке мен отбасының беделін арттыру жөніндегі іс-шаралар кешені әзірленетін болады.
Гендерлік саясатты одан әрі институционалдық дамыту мәселесі пысықталатын болады.
Халықты гендерлік мәселелер бойынша ақпараттық ағарту ісі және білім беру жүйесіне гендерлік білімді енгізу жалғастырылады.
Дағдарыс орталықтарын дамыту, сенім телефондарын, зорлық-зомбылық құрбандарына арналған уақытша баспана мен панажай желісін құру үшін шаралар әзірленетін болады.
Нәтижелері
2008 жылы шамамен жарты миллионға жуық зейнеткерге зейнетақы мөлшері және бір жарым миллионнан астам алушыларға базалық зейнетақы мөлшері 35 процентке арттырылатын болады.
Бала тууына байланысты және бала бір жасқа толғанға дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақылар ұлғайтылатын болады. Халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамту кеңейтілетін болады және демографиялық ахуал жақсартылады.
Отбасындағы зорлық-зомбылық проблемаларын шешу үшін жағдай жасалатын болады.

4.3.6. Жастардың бәсекеге қабілеттілігін қолдау мен дамыту
Мақсаты
Жастардың жан-жақты дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық және ұйымдық жағдай жасау.
Міндеттері
1. Жастардың экономикалық белсенділігін дамытуға жәрдемдесу.
2. Жас ұрпақтың азаматтық өзіндік сана-сезімін дамыту.
3. Жастардың әлеуметтік мәні бар бастамаларын іске асыру.
Шешу жолдары
Жастардың жан-жақты дамуы үшін жағдайлар мен кепілдіктерді қамтамасыз ету мақсатында:
жастар саясатын іске асыру саласындағы стандарттарды кейіннен тұжырымдай отырып, жастар үшін әлеуметтік қызмет көрсетулер ұсынудың өлшемдері мен индикаторлары әзірленеді;
жас отбасыларды тұрғын үймен басым қамтамасыз ету мәселесін шешу жөнінде шаралар көзделеді;
жұмысшы мамандықтарды танымал ету және насихаттау жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмысы тұрақты жүргізіледі;
әрбір салада жастар үшін әлеуметтік қызметтер жұмысын дамыту қамтамасыз етіледі;
жастардың экономикалық бастамалары іске асырылады;
«Жасыл ел» ұлттық жобасын іске асыру жалғастырылады және жастарды елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тартуға бағытталған жаңа жобалар әзірленеді;
азаматтық өзіндік сана-сезімді қалыптастыру, өз елімен ұштастыру мен сәйкестендіру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру бойынша жұмыс жалғастырылады;
жүйелі негізде табысты жас қазақстандықтың имиджін қалыптастыру жөніндегі жұмыс жалғастырылады.
Нәтижелері
2009 жылы жастар үшін әлеуметтік қызмет көрсетулердің бірыңғай стандарты бекітілетін болады.
Қолданыстағы заңнамаға жас отбасыларды тұрғын үймен басым қамтамасыз ету, өзара еңбек қатынастарын және кәсіпкерлікті дамыту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Жұмысшы мамандықтарын танымал ету және оны насихаттау жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізудің нәтижесі жастардың кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін дамыту мен оның мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыру болады.
2009 жылы әрбір облыста облыс деңгейінде кемінде — екі және аудан деңгейінде бір жастарға арналған әлеуметтік қызметтер жұмыс істейтін болады.
Жыл сайын әрбір өңірде жастардың кемінде бір бизнес-жобасы іске асырылады.
Жастар ұйымдарының кемінде 60 % қызметі жастарға патриоттық тәрбие беруге жұмылдырылатын болады.

4.3.7. Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру және мәдениет саласын дамыту
Мақсаты
Ұлттың мәдени және рухани әлеуетінің өсуін қамтамасыз ету, мемлекеттік тілдің рөлін нығайту, ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау.
Міндеттері
1. Қазақстандық мемлекеттілікті нығайтудың факторы ретінде мемлекеттік тілдің, сондай-ақ орыс және ағылшын тілдерінің рөлін арттыру.
2. Қазақстандық мәдениет пен өнерді дамыту, тарихи-мәдени мұраны сақтау.
3. Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары жүйесін кезең-кезеңімен жаңғырту.
4. Мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды жетілдіру.
5. Мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың әріптестігі тетігін жетілдіру.
Шешу жолдары
Мемлекеттік тілдің нақты мәртебесін қамтамасыз ету үшін:
сараланған инновациялық-технологиялық әдістемелерді пайдалана отырып мемлекеттік тілді оқытудың тиімділігін арттыру;
мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;
тіл туралы заңнаманы жетілдіру жөнінде шаралар қабылданатын болады.
Бұдан басқа, орыс және ағылшын тілдерін одан әрі дамыту жөнінде шаралар қабылданады.
Қазақстандық мәдениет пен өнерді дамыту, тарихи-мәдени мұраны сақтау үшін:
Қазақстан халықтарын рухани дамыту қорын құру туралы мәселе зерделенеді;
мәдениет саласын жаңғырту, инновациялық менеджментті енгізу, орталықта және жергілікті жерлерде мемлекеттік органдардың іс-қимылын үйлестіру жөніндегі шаралар жүйесі іске асырылады;
отандық мәдениет пен өнерді елде және шетелде одан әрі танымал ету жөнінде шаралар қабылданады;
елдің тарихи-мәдени мұрасын сақтау мен тиімді пайдалану жөніндегі, оның ішінде тиісті заңнамалық базаны жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғастырылады.
Тұтастай алғанда шаралар маңызды халықаралық мәдениетаралық және конфессияаралық диалог орталықтарының бірі ретінде Қазақстанның рөлін арттыруға бағытталатын болады.
Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының жаңғыртылуы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін олардың технологиялық базасын нығайтуға, ұсынылатын қызмет көрсетулердің сапасы мен жеделдігін жақсартуға бағытталған шаралар кешені кезең-кезеңімен іске асырылатын болады.
Діни сенім бостандығын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты одан әрі іске асыру үшін мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды жетілдіру жөніндегі шаралар жүзеге асырылатын болады.
Мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың әріптестігі тетігін одан әрі нығайту үшін:
мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру практикасы жалғастырылады;
үкіметтік емес ұйымдармен диалог тетіктерін одан әрі нығайту және дамыту үшін жағдай жасалады;
азаматтық қоғам институттарын дамытудың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру жөнінде шаралар қабылданады;
қазақстандық патриотизм идеяларын насихаттау негізінде этникааралық келісімді одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар кешені әзірленеді.
Нәтижелері
16 өңірлік мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының жұмыс істеуі. 2009 жылға қарай оны меңгермеген мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік тілді оқытумен 100 % қамтуға қол жеткізу.
Халықты мәдениет саласындағы қызмет көрсетулермен қамтамасыз етудің дәйекті жұмыс істейтін және тұрақты дамып келе жатқан қазіргі заманғы жүйесін қалыптастыру.
2007 жылы — 25 тарих және мәдениет ескерткішін, 2008 жылы — 39 тарих және мәдениет ескерткішін қалпына келтіру.
Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары ұстанатын қызмет көрсетулердің сапасын арттыру.
Этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз етудің диалог тетіктерінің рөлін нығайту және қоғамдағы төзімділікті сақтау.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту.

4.3.8. Туризм мен спортты дамыту
Мақсаты
Халықтың денсаулығын нығайту және жоғары жетістіктер спортын дамыту үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрия және дене шынықтыру мен спорттың тиімді жүйесін құру.
Міндеттері
1. Туристік кластерлерді одан әрі дамыту, елдің тартымды туристік имиджін және туризм инфрақұрылымын қалыптастыру бойынша жағдайлар жасау.
2. Жоғары жетістіктер спортын және халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін бұқаралық спортты дамыту.
Шешу жолдары
Туризм саласында:
бәсекелі басымдықтарын ескере отырып, Қазақстанның өңірлерінде туристік кластерлерді одан әрі дамыту жөнінде шаралар қабылданады;
Қапшағай су қоймасының жағалауында және Щучинск-Бурабай курорттық аймағында туризм мен ойын-сауық объектілерінің дамыған инфрақұрылымы бар туристік орталықтар құрылады. Жібек жолы бойынша туризмді ұйымдастыру одан әрі дамиды, сондай-ақ Каспийде жағажайлық және круиздік туризмнің дамуы үшін жағдайлар жасау жөнінде шаралар қабылданады;
елдің тартымды туристік имиджін қалыптастыру, визалық және тіркеу рәсімдерін оңайлату, туристік қызмет көрсетулерді халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келтіру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.
Спорт саласында:
спорт инфрақұрылымын, әсіресе ауылдық жерлерде дамыту жөніндегі жұмыс жалғастырылады және халықтың барлық жігін бұқаралық спорт түрлерімен шұғылдануға тарту үшін жағдай жасалады;
2011 жылғы қысқы Азия ойындарын Алматы қаласында өткізу үшін спорт объектілерін қайта жаңғырту және салу жөнінде шаралар қабылданады;
спорт резервін, халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлау жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғастырылады;
жоғары жетістіктер спорты проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу институты құрылады.
Нәтижелері
Туризм саласында туристер ағынының өсуі қамтамасыз етіледі, оның ішінде:
ішкі туризм бойынша 2007 жылғы 3400 мың туристен 2009 жылы 4000 мың туристке дейін;
сырттан келушілер туризмі бойынша 2007 жылғы 4500 мың туристен 2009 жылы 6000 мың туристке дейін.
Сырттан келушілер туризмін дамыту есебінен халықтың туризм саласында жұмыспен қамтылуы 2007 жылғы 447,6 мың адамнан 2009 жылы 499,4 мың адамға дейін қамтамасыз етілетін болады.
Спорт саласында:
жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын халықтың үлесі ұлғаяды;
балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде шұғылданатын балалар мен жасөспірімдердің саны 8,5 %-ке жетеді;
балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің саны 2007 жылғы 400-ден, 2009 жылы 420-ға дейін ұлғаяды;
аудан орталықтарында, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынады;
2011 жылғы қысқы Азия ойындарын Алматы қаласында өткізу үшін спорт объектілерін қайта жаңғырту және салу қамтамасыз етіледі;
жоғары жетістіктер спортының ғылыми-әдістемелік базасы құрылады.

4.4. Құқық тәртібін және өмір сүру қауіпсіздігін нығайту

4.4.1. Қылмысқа қарсы күрестің тиімділігін арттыру, қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Мақсаты
Құқық тәртібін нығайту, құқық қорғау органдары жүйесін одан әрі дамыту және жетілдіру, ұйымдасқан және жасөспірімдер қылмысына, нашақорлық пен есірткі бизнесіне, заңсыз көші-қонға қарсы күресті күшейту, қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті, оның ішінде жол қауіпсіздігін қорғаудың сапалы деңгейін қамтамасыз ету.
Міндеттері
1. Қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып, құқық қорғау органдарын нығайту және дамыту, олардың қызметін үйлестіруді жақсарту.
2. Озық отандық және шетелдік тәжірибені ескере отырып, қылмыстардың және құқық бұзушылықтардың алдын алу мен ескертудің мемлекеттік жүйесін жетілдіру.
3. Құқық қорғау қызметінің, бірінші кезекте, ұйымдасқан қылмыстың неғұрлым қауіпті түрлеріне, терроризм мен діни экстремизм көріністеріне, есірткінің заңсыз айналымына, жеке тұлғаға қарсы ауыр және аса ауыр қылмыстарға қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі қызметтің тиімділігін арттыру.
4. Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының тыныс-тіршілігінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық деңгейін азайту. Экономиканың сыбайлас жемқорлық дәрежесін азайту бойынша елдің көрсеткіштерінің жақсаруы.
5. Меншік иелерінің құқықтары мен заңдық мүдделерін олардың мүлкіне заңға қайшы қол сұғушылықтардан қорғаудың тиімді құқықтық тетіктерін құру.
6. Заңға қайшы жасалған әрекеттер үшін жазаны бұлтартпауды қамтамасыз ету.
7. Құқық қорғау органдарының қызметіндегі заңдылықты күшейту.
Шешу жолдары
Құқық қорғау органдары мен басқа да мемлекеттік органдардың құқық тәртібін қамтамасыз ету саласындағы іс-қимылдарын үйлестіру күшейтілетін болады.
Ведомствоаралық өзара іс-қимыл күшейтіледі, қылмысқа қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу кеңейтіледі.
Үкімет криминологиялық және криминалистикалық ғылымның соңғы жетістіктерін, сондай-ақ шетелдік озық тәжірибені ескере отырып, құқық қорғау қызметі мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайды.
Бейнеқадағалау желісін кеңейту, бағдарламалық қамтамасыз етуді жетілдіру және кіріктірілген деректер банктерін құру бөлігінде аумақтық ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтары техникалық жағынан одан әрі дамытылады.
Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысына жұртшылық пен халықты кеңінен тарта отырып, олардың алдын алудың мемлекеттік жүйесі құрылады.
Азаматтардың құқық қорғау органдарына сенімін нығайтуға бағытталған халықпен өзара іс-қимылдың әлеуметтік бағдарланған әдістеріне негізделген алдын алу қызметіне тұжырымдамалық жаңа қағидаттар әзірленеді және қолданылады.
Құқық қорғау органдары басшыларының қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, полиция мен басқа да құқық тәртібі күштерінің қызметін насихаттау мәселелері бойынша халықпен тұрақты есеп беру кездесулерін өткізуі практикаға енгізіледі.
Қоғамдық тәртіпті қорғау саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетулердің стандарттары әзірленіп, енгізіледі.
Елде құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі 2008—2010 жылдарға арналған шаралар кешені әзірленіп, іске асырылады.
Қауіпсіз тыныс-тіршілік үшін жағдайлар жасау және қылмыс пен құқық бұзушылықтарды жасау үшін мүмкіндіктерді азайту мақсатында елді мекендердің инфрақұрылымына қойылатын талаптар әзірленетін болады.
Девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің құқық бұзушылықтарының алдын алу мен ескертуге, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарды әлеуметтік оңалту мәселелерін шешуге бағытталған тәрбие жұмысының тиімділігі арттырылатын болады.
Жастардың демалыс орындарында есірткіні таратудың жолын кесу, есірткінің таралу фактілері анықталған көңіл көтеру орындарының, жастардың бос уақыттарын өткізу және демалыс орындарының басшылары мен иелерінің жауапкершілігін қатаңдату жөнінде қосымша шаралар қабылданады.
Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрестің нысандары мен әдістері жетілдіріледі. Мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен қоғамдық ұйымдар арасында нашақорлықтың алдын алу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жақсартылатын болады.
Тергеушілердің іс жүргізу тәуелсіздігі күшейтіледі, олардың мәртебесі арттырылатын болады, тергеу қызметкерлерінің кәсіби өзегін нығайту және тергеу органдарындағы кадрлардың тұрақтамауын азайту үшін жағдай жасалады.
Адвокаттардың мәртебесі арттырылады әрі қылмыстық және әкімшілік процестерде азаматтардың құқықтарының сақталуы үшін адвокатураның әлеуметтік жауапкершілігі күшейтіледі, азаматтарды мәжбүрлеп әкелу орындарында адвокаттардың кезекшілік жасау практикасын енгізу жоспарланып отыр.
Үкімет сот сараптамасы жүйесін материалдық-техникалық, ғылыми және кадрлық қамтамасыз етуді жақсарту жөнінде қосымша шаралар қабылдайды.
Құқық қорғау органдарының қатарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыс күшейтіледі.
Шекаралық және паспорттық бақылаудың тиімділігі арттырылады, заңсыз көші-қонға, терроризм мен діни экстремизмнің таралуына қарсы іс-қимыл жасау шаралары күшейтіледі.
Еңбек иммигранттарының қазақстандық заңнаманы сақтауын бақылауды күшейту жөнінде қосымша шаралар қабылдау көзделіп отыр.
Үкімет жол-көлік оқиғалары құрбандарының санын азайтуға бағытталған жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде қосымша шаралар кешенін іске асыратын болады.
Басым бақылау-қадағалау функциясынан қызмет көрсету функциясына көшу жоспарлануда.
Азаматтар мен қоғамның құқықтарын, бостандығы мен заңдық мүдделерін сыбайлас жемқорлықтан қорғау қамтамасыз етіледі, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу, оны анықтау және жолын кесу жөніндегі нормативтік-құқықтық база жетілдіріледі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нысандары мен әдістері, азаматтық қоғам құрылымдарымен өзара іс-қимыл оңтайландырылады, Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастығы жандандырылады;
Елдің бәсекеге қабілеттілік индикаторларын жақсарту мақсатында коммерциялық шығындар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әкімшілік шығыстарды қысқарту жөнінде қосымша шаралар әзірленіп, іске асырылады.
Үкімет «рейдерлікке» қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды тұжырымдайды, меншік иелерінің құқықтарын қорғауға және осы құбылысқа ықпал ететін іс-әрекеттер үшін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін белгілеуге бағытталған заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін болады.
Нәтижелері
Азаматтарда заңға қарсы қол сұғушылықтан қорғалу сезімін қалыптастыру, құқық қорғау органдарының халықпен ынтымақтастығын дамыту.
Жеке тұлғаға қарсы ауыр және аса ауыр қылмыстардың, сондай-ақ қоғамдық орындарда жасалатын және кәмелетке толмағандар жасайтын қылмыстардың санын азайту.
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының санын қысқарту.
Қылмыстық істерді тергеу сапасын арттыру, заңдылықты бұзу оқиғаларын болдырмау, тергеу қызметкерлерінің нақты іс жүргізу тәуелсіздігін қамтамасыз ету.
Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес саласындағы уәкілетті органдардың іс-қимылын үйлестіруді жақсарту, есірткінің заңсыз айналымының ауқымын және нашақор қылмыскерлердің белсенділігін төмендету.
Заңсыз еңбек көші-қон деңгейін төмендету, ішкі еңбек нарығы үшін залал келтірмей шетелдік жұмыс күшін бөлу.
Көлік құралының бір бірлігіне шаққанда жол-көлік оқиғаларының санын қысқарту, ЖКО зардаптарының ауырлығын төмендету.

4.4.2. Қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі дамыту
Мақсаты
Қылмыстық-атқару жүйесі жұмысының тиімділігін арттыру.
Міндеттері
1. Қылмыстық-атқару жүйесі (ҚАЖ) мекемелеріндегі адамдарды ұстау жағдайларын жақсарту, сотталғандардың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету және қылмыстық жазаларды орындаудың тиімділігін арттыру.
2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босаған адамдарды әлеуметтік оңалту үшін жағдайлар жасау.
3. Сотталғандарды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес қылмыстық-құқықтық әсер ету шараларының тиімділігін арттыру.
4. Кадр құрамын нығайту, қызметкерлерді кәсіби даярлау жүйесін жетілдіру, ҚАЖ мекемелері персоналының құқықтық және әлеуметтік қорғалуын арттыру, ҚАЖ қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының санын азайту.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет