«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы»


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет5/11
Дата09.06.2016
өлшемі0.88 Mb.
#125478
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі грамматикалық категориялар

  • . Қазақ және орыс тілдеріндегі сөздердің топтастыру принциптері.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі сөз таптары.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі флексияға

  • Аффиксоидтер және интерфикстер.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі синтетикалық тәсіл.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі аналитикалық тәсіл.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі лексика-семантикалық тәсіл.


Әдебиеттер: 1,2,4,6,7,9,10,12.


6 тақырып: Қазақ және орыс тілдеріндегі сөз таптары

Дәріс жоспары:
1.Зат есім. Жалқы және жалпы зат есімдер.

2. Тек категориясы.

3. Зат есімнің сөзжасам жүйесі.

Мақсаты: Зат есім. Жалқы және жалпы зат есімдер.

Орыс тіліндегі тек категориясы.. Зат есімнің жасалуы.



Мазмұны: Екі тілде де зат есім тек күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдык өмірдегі үшырасатын әр алуаи қүбылыстар мен уақиғаларды, үғымдар мен түсініктерді қамтиды.

Зат есім деп аталатын сөздердің өздеріне тән морфоло-гиялық ерекшеліктері бар. Қазақ тілінде зат есім сөздер өздерінің лексика-семантикалық сипаттарына қарай сөйлемдегі өзге сөздермен еркін қарым-қатынаска түсетіндіктен, сол қатынастарға қажетті көптік, тәуелдік, септік және жіктік жалғауларын қабылдап, түрленіп отырады. Мысалы: балалары-мыз.

Орыс тілінде де лексика-семантикалық сипаттарына байланысты сөйлемдегі өзге сөздермен еркін қарым-қатынасқа түсуіне орай көптік, септік жалғауларын, тек категориясы жалғауларын (көптік формада ғана қолданылатын зат есімдерден баскалары: сани, сливки) қабылдайды.

Екі тілде де атау түлғалы зат есім сөйлемде бастауыш қызметін атқарады. Мысалы: Оқушы кітап оциды. — Ученик чи-тает книгу.

Зат есім сондай-ақ толыктауыштың да қызметін атқарады. Мысалы: Мен қызылшен келдім. ~ Я пришла с дочкой.

Орыс тілінде зат есім сөйлемде анықтауыштың да қызметін атқарады (киыспайтын анықтауыш - несогласованное определение). Мысалы: М.Әуезовтіц романы - роман М.Ауэзова. Орыс тіліндегі қиыспайтын анықтауышқа (несогла-сованное определение) қазақ тілінде изафеттік тіркес (Ілік еептік пен тәуелдеулі зат есімнің тіркесі ) сәйкес келеді: стихи поэта - ақынның өлецдері.

Зат есім сойлемде пысықтауыштың да қызметін атқарады. Мысалы: Қызым уйде отырды. - Моя дочь сидела дома.

Жалқы, жалпы зат есім (Собственные и нарицательные имена существительные)

Екі тілде де зат есімдер жалқы және жалпы деп бөлінеді. Әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдарды білдіретін зат есімдер жалпы есімдер деп аталады (гүл, бала, махаббат, қуаныш, счастъе, ученики т.б.), ал жеке я дара заттарға берілген атаулар жалқы есімдер деп аталады.

Оларға адам аттары, мекеме, ұйым атаулары, үй хайуандарына берілген арнаулы атаулар, газет, журнал, кітап аттары, геогра-фиялык атаулар т.б. жатады. Мысалы: Ахмет Байтұрсынов, Көкшетау, «Қайнар», Көксерек, «Арка ажары» т.б.

Жанды және жансыз зат есімдер (Одушевленные и неодушевленные имена существительные)

Қазақ тілінде семантикалық және грамматикалық сипа-ты жағынан зат есімдер адамзат есімдері және ғаламзат есімдер, жан-жануарлар мен заттардың атаулары деп екі топқа белінеді. Адамзат есімдері деп аталатын сөздер тобына кім? деген сұрақ қойылса, ғаламзат есімдері тек не? деген сұраққа жауап береді.



Кім? деген сұраққа жауап беретін зат есімдерге жалпы адам атаулары, туыс атаулары, іс-әрекет пен кәсіп-мамандық иелерінің атаулары, лауазым атаулары, адам аттары т.б. адамға тән атаулар жатады.

Не? деген сұрақ адамнан басқа барлық жан-жануарлардың атауларына, деректі, дерексіз заттар мен заттық үғымдардың атауларына қойылады (қуаныш, агаш, ой, ақыл, аққу т.б.)

Орыс тілінде жанды зат есімдерге адамға байланысты барлық атаулар, хайуандар, құс атаулары, яғни барлық жанды-лар жатады да, кто? деген сұрақ қойылады, Жансыз зат есімдерге барлык заттық ұғымдардың атаулары, дерексіз зат есімдер, өсімдік атаулары жатады да, что? деген сұрақ Қойылады. Мысалы: стол, счастье, шиповник т. б.


Тек категориясы (Род имен существительных)

Орыс тіліндегі зат есімдердің бір морфологиялық ерекшелігі: атау түлғада түрғанда-ақ олардың қүрамында тектік жалғаулары болады. Мысалы: книга, ребенок, поле деген сияқты. Осыған орай олар (зат есімдер) үш топқа бөлінеді. Оны орысша род деп атайды.

Осыған үқсас жай казақ тілінде де бар. Мүнда зат есім сөздер атау түлгада түрып-ақ, тәуелдік жалғауларын қабылдайды: бала - балам, дос - досы. Осыған орай қазақ тіліндегі зат есімдер тәуелдеулі зат есімдер және жай зат есімдер деп екі топқа бөлінеді. Қазақ тіліндегі септіктің екі түрі міне осыған байланысты (жай септеу, тәуелдеулі септеу).

Орыс тілінде ер тегіне (мужской род) мынадай зат есімдер жатады:

а) негізгі түбірі жуан дауыссызға аяқталатын және жекеше фор-мада Атау септігінде түратын зат есімдер: орман (лес), пышац (нож) т.б.;

ә) негізгі түбірі жіңішке дауыссыз бен «йот»-қа аяқталатын зат есімдер. Мысалы: конъ (ат), ключ (кілт), герой ( батыр) және путъ (жол),

Әйел тегіне (женский род) мына зат есімдер кіреді: а) жекеше формада Атау септігінде -а (-я) жалғауларына аяқталатын зат есімдердін көбі: земля (жер), весна (көктем) т.б.;

ә) негізгі түбірі жіңііпке дауыссызға аяқталатын зат есімдердің кейбіреулері: тенъ, степъ, ночь т.б.

Ортақ текке (средний род) темендегідей зат есімдер жа-тады:

а) -о (-е) -ге аяқталатын зат есімдер: окно (терезе), поле (дала) \


т.б.;

ә) -мя -ға аяқталатын 10 зат есім сөз: племя (тайпа), пгемя (төбе), имя (ат), семя (дән), стремя (узеңгі), врелія (уацыт), бремя (ауыртпалъщ), вымя (желін), пламя (жалын), знамя (ту);

б) кейбір септелмейтін зат есімдер: жюри, рагу, какаду, такси,
налъніо, ліанто
т.о.

Ер адамдарға байланысты кейбір зат есімдер мағьшасына қарай ер тегіне (мужской род) жатады: мужчипа, малъчшика т.б. Бірақ биологиялык тектің грамматикалық текке (родка) еш қатысы жоқ.

Ер тек (мужской род) категориясына септелмейтін мына сиякты зат есімдер жатады: маэстро т.б.

Кірме сөздер орыс тілінін жоғарыда айтылған зандылықтарына бағынады.

Ер және әйел тегін төмендегідей белгілер арқылы да ажыратуға болады:

а) лексикалық тұрғыдан: отец - матъ, муж - жена, сын — дочь, мальчик - девочка, конь - кобыла, петух - курица т. б. Бұл сикқты коррелятив сөздер қазақ тілінде де бар: қуда -қудаги, ер - әйел, қунан - қунажын, ул - қыз т. б. Бірақ бүлар тектік көрсеткіщ емес;

ә) морфологиялык тұрғыдан, яғни сөз жасаушы қосымшалар арқылы: учитель - учителъница, старик - старуха, ученик -ученица т.б.

Орыс тілінде әйел, ер, ортақ тек категорияларынан басқа жалпы тек категориясы ( существительные общего рода ) деген бар. Жалпы тек категориясына мынадай зат есімдер жатады:

а) ер адамдар мен ойелдерге бірдей қатысы бар, -а (-я) -га
аяқталатын зат есімдер. Мысалы: гуляка, бродяга, зубрша, рази-
ня т. б. Бұлар септелгенде әйел текті зат есімдер сияқты септе-
леді;

з) ма?уіандық атаулары: судья, коллега т. б.;

б) еркелетіп айтылатын зат есімдер: врунишка, шалуншика т. б.

Тек категориясы жекеше формада түрган зат есімдерге ғана тәп.

Қазақ тілінде тек категориясы жоқ.

Зат есімдердің жекеше, көпше түрлері (Единственное, множественное число имен существительных)

Екі тілде де зат есімдерге жекеше, көпше форма тән. Жекеше форма заттын біреуін немесе бірнеше заттың жиын-

Қазақ тілінде заттың біреу емес, көп екенін білдіру үшін, яғни көпше форманы көрсету үшін көптік жалғаулары (-лар-лер, -дар-дер, -тар-тер) қолданылады. Мысалы: мектептер, адам-дар т.б.

Орыс тіліне де көпше форманы білдіретін көитік жалғаулары тән (-а, -я, -ья, -и, -ы, -е). Мысалы: окна, поля, зве-нья, матери, отцы, граждане т.б.

Орыс тілінде тек кана жекеше формада қолданылатын зат есімдер болады. Оларға мыналар жатады:


  1. Сүйық заттардын, өлшенетін заттардың, өздігінен табиғи бөлшектенбейтін кесек заттардың, үнтақ заттардың, майда заттар мен бытыранды, таранды, үгітінді заттардың атаула-ры (грязъ, мясо, золото, горох). Алайда заттың түрін білдіру барысында кейбір аталған зат есімдер көпше түрде қолданылады. Мысалы: марочные вина, лечебные грязи т, б.

  2. Дерексіз үғымдарды білдіретін заттардың атаулары (здоро-вье, грамотностъ т. 6.). Бірақ дерексіз зат есімдер заттын магынасын нақтылау барысында көпше түрде де қолданылады: красоты природы.

  3. Заттың жиынын тоитап атайтын зат есімдер: зелень, детво-ра, листва т.б.

  4. Жалқы есімдердің көбі жекеше түлғада қолданылады. Қазақ тілінде де тек жекеше түлғада қолданылатын зат

есімдер бар. Олар көптік мәнді есімдер деп аталатын өз алдына дербес категория болып танылады дейді - А.Ысқақов.

Көптік мәнді зат есімдерді топтауда қазақ тілінде кейбір айырмашылықтар кездеседі.

Қазақ тілінде тек қана жекеще формада қолданылатын зат есшдср төмсндепдей топтастырылады:


  1. Сүйык заттардың атаулары: шай, су т. б.

  2. Газ тектес заттардың аттары: туман, азон т. б.

  3. Уақ, үнтақ заттардың, үйысқан майда заттар мен бытыран-ды, таранды, үгітінді заттардың атаулары: жун, сақал, шаш,

  4. Дерексіз үғымдарды білдіретін заттардың атаулары: қуаиъпи, ой т. б. Өздігінен табиғи белшектенбейтін кесек заттардың атаула-ры: күміс, қола т.б. Бұлар жекеше тұлғада қолданылып көптік мағынаны білдіреді. Мысалы: Таза күміс денсаулыща пайдалы.

  1. Жаратылыс қүбылыстарының атаулары: жауын, жел т.б.

  2. Табиғи жүп болып келетін зат есімдер: көз, кулак, етік т.б.

  3. Кісі, жер-су аттары: Әлия, Көкшетау т. б.

Қазақ тілінде тек кана көнше түрде қолданылатын зат есімдер кездеспейді.

Ал орыс тілінде ондай зат есімдер төмендегідей топтасты-рылады:



  1. Жұп болып келетін зат есімдер: брюки, ножницы т.б.

  2. Загтың жиынын топтап атайтын зат есімдер: боеприпасы, девчата т.б.

  3. Заттың салмағын, жасалған затты білдіретін зат есімдер: дрожжи, чернила т.б.

  4. Топтау мағынада б§рілген дерексіз зат есімдер: сумерки, бе-га т.б.

  5. Кейбір жалқы зат есімдер: Сарыозеки, Весы, Сокольники.

Тәуелдік категориясы (Категория принадлежн ости)

Қазақ тілінде тәуелдік мағына морфологиялық жолмен, яғни жақтық жалғаулар арқылы беріледі:

/. Тәуелдік жалғаулар арқылы: меніц досым. сенің досыц т.б. 2. Меншіктілік мағынаны білдіретін -нікі, -дікі, -тікі

жүрнақтары арқылы: кітап менікі, үй сенікі т.б. Бүл жүрнақтардың ерекшеліктері мынадай:

а) сингармонизм заңына бағынбайды;

б) меншіктелетін затқа емес иесіне жалғанады.

Орыс тілінде тәуелдік мағына синтаксистік жолмен беріледі:


  1. Тәуелдік есімдіктер арқылы: мой друг, твой друг т.б.

  2. Тәуелділік сын есімдер арқылы: отчий дом, бабушкин пла-ток т.б.

Септік категориясы (Категория падежа) Септік агглютинативті тілдер тобында да, флективті тілдер тобында да маңызы зор грамматикалық категория больш табылады. Түркі тілдсрінде септік категориясы форма тудырушы категория болып есептеледі, тек қана сөздер арасында грамматикалық байланыс қызметін атқарады.

Қазақ тілінде 7 септік, орыс тілінде 6 септік бар. Қазак тілінде Жатыс септігінен басқа септіктердің бәрі септеулік шылаулармен қатар қолданылады. Ал орыс тілінде Атау септігінен басқа септіктердің бәрі септеулік шылаумен бірге пайдаланылады.

Орыс тілінде Предложный падеж айқындауыш және мекендік мағыналарды білдіреді (изъяснительный, местный). Предложный падсжде негізгі қызметті септеулік шылаулар атқарады, ал басқа септіктерде шылаулар негізгі мағынаны нақтылаушы, толыктырушы ретінде қолданылады.

Қазақ тілінде септіктерді мағынасы мен синтаксистік қызметіне қарай екі топқа топтастырып қарастыруға болады: мекендік мағыналы және грамматикалық мағыналы септіктер. Мекендік магынадағы септіктерге Барыс септік, Жатыс септік, Шығыс септік жатады. Ал грамматикалық мағынадағы септіктерге Атау септік, Ілік септік, Табыс септік, Көмектес септік жатады. Бірақ мекендік мағынадағы септіктер грамматикалық мағына да білдіреді. Мысалы: Б.с. - шешеме, ойга т.б.

Ал орыс тілінде септіктер тек қана грамматикалык мағынада қолданылады.

Екі тілде де сөздердің жалғауларды қабылдап, өзгерту жүйесі сөздердің септелуі деп аталады.

Қазақ тілінде зат есімдер және олардың қызметін атқаратын басқа есім сөздер тәуелденбей де, тәуелденіп те септеле береді. Осыған байланысты септіктің екі түрі қолданылады: жай еептеу, тәуелдеулі септеу. Жай септеуде де, тәуелдеулі септеуде де 7 түрлі түлға бар, 6 түрлі жалғау бар.

Атау септік. Жай септеуде де, тәуелді септеуде де атау септіктің өзіне тән арнаулы косымшасы жоқ. Атау түлғадағы сөз кім?, кімдер?, не?, нелер? деген сүрауларға жауап береді де. жекеше, көпше жәпе тәуелді түрдс де қолданыла береді. Ата> септіктегі сөз сөйлемде негізінен бастауыш қызметін атқарады: Қыз қуанды. Қызым кеиіе келді. Тұрған орнына қарай баяндауыш та болады: Біз оқушымыз.

Ал баска бір есіммен қосымшасыз тіркессе, анықтауыш та болады: Қабырга сагаты жоц.

Атау септік тұлғасындағы сөздер септеулік шылаулар-мен де жұмсала береді: адам үшін, қала арқылы т.б.

Орыс тілінде де Атау септік (Именительный падеж) негізгі тұлға ретінде қаралады да, кто?, что? деген сұрақтарға жауап береді. Тек (род) категориясына байланысты Атау септікке (И.п.) нөлдік жалғау, -а-я, -о-е жалғаулары тән: дом, поле, книга, окно, тетрадь т.б.

Атау септігіндегі (И.и.) сөз сөйлемде негізінен бастауыштьщ қызметін атқарады: Дети должны заботиться о родителях.

Осы аталған ерекшеліктерге байланысты қазақ тілінде Атау септікте түрған сөздер орыс тіліне басқа септіктермен берілуі мүмкін, яғни Атау септік пен Именительный падеждің түлғалары сөйлемде сәйкес келе бермейді. Мысалы: Конферен-ция болмады. —Конференции не было (А.с. —Р.п.). Демек, сөздің бастапқы тұлғасы мен септеулік піылаулардың тіркесі Атау сеитіктің қолданылу өрісін кеңейте түседі.

Ілік септік (Родительный падеж). Қазақ тілінде Ілік септік тәуелдеулі есім сөзбен не субстантивтенген сөзбен бай-ланысты болады: оқушымның қаламы, кщкендердің орны т.б. Сондықтан атау тұлғадағы әрбір сөзге жалғанатын Ілік септіктің қосымшасы не меншікті, не басқа бір қатынасты білдіреді: сту-денттің багасы, қала көлігі т.б. Ілік септік жалғауы жалғанып та, жасырык да тұрады: ата-ана парызы, қыздың міндеті т. б.

Ілік септіктегі сөз әрқашан анықтауыш болады: Елдің атын ер шыгарады. Мемлекет мүддесі т. б.

Кейде ілік септіктегі сөз озінен соңғы тәуелдеулі сезбен тіркесіп, бір күрделі мүше болып та кызмет атқарады. Мысалы: Абай көшесі - ең әдемі көше.

Ал орыс тіліндегі Ілік септік есім сөзбен де, етістіктермен де байланысты болады. Осыған байланысты анықтауыштық Ілік септік (х одительньш определительныи^, етістіктік Ілік септік (Родительный приглагольный) деп екі топқа бәлінеді. Анықтауыштык Ілік септік (Родительный определительный) бағалаутылық, өлшемдік, жасқа байланысты мағына білдіреді. Мысалы: Она была оченъ красивой. Это был мужчина средних лет. Он выпил стакан водки.

Ал етістік мағыналы Ілік септік (Родительный приглаголь-ный) болымсыздық мағына білдіретін етістіктермен, заттың бір бөлшегінің іс-қимылын білдіретін етістіктермен, добиваться, ждатъ, желатъ, искать, просить, требоватъ т.б. етістіктермен байланысады. Мысалы: Мы еще не видели этого парня. Он вы-пил немножко молока. Будет добиваться любви, искать встре-чи.

Орыс тілінде үстеумен байланысқан создер де Ілік септігінде (Родительный падеж) қолданылады. Мысалы: Любовъ выше смерти.

Орыс тілінде Ілік септік тұлғасындағы сөздер септеулік шылау-лармен жұмсала береді. Мысалы: Для меня это болыиая ра-достъ. Ради учебы бросил работу. У мастера -руки золотые, у певца - язык золотой.

Барыс септік (Дательный падеж). Қазақ тілінде Барыс септіктегі сөз етістік мүшемен тікелей немесе жанай байланы-сып, іс-қимылдың бағытын, мақсатын білдіреді. Мысалы: Біз ертең Алматыга кетеміз. Ол оқуга келді. Мағынасына қарай Барыс септіктегі сөз сөйлемде толықтауыш та, пысықтауыш та болады. Мысалы: Маган кітап керек. Ол су ішу ушін колдің жагасына келді.

Барыс септіктегі сөздер сөйлемнің бірыңғай мүшелері болса, септіктің қосымшалары (жай септеуде де, тәуелді септе-уде де) бәріне бірдей, не тек соңғысына ғана жалғанып қолданылады. Мысалы: Ол әке-шешесіне, туган-іпуысқандарына комектеседі.

Орыс тілінде Барыс септіктегі (Дательный падеж) сөздер негізінен етістіктермен. ал кейде зат есімдермен де байланыса-ды. Мысалы: Они в этом году оказали болыиую помощь роди-теляч. Пламенный привет всем соотечественникам!

Барыс септік (Дательный падеж^ формасындағы сөздер шылаулармен де жұмсалады. Мысалы: Подойти к другу, подъе-хать к другу, ехатъ по дороге. Аталған ерекшеліктерге байланысты қазақ тілінде Барыс септік формасында тұрған сездер орыс тіліне басқа септік фор-малары арқылы берілуі мүмкін. Мысалы: Ол екеуіне екі кітап берді. - Он дал им обоим две книги. (Б.с. - Д.п.) Су ішкен қудыгыңа түкірме. — Не плюй в колодец, из которого пил воду (Б.с. - В.п.). Күлме досыңа, келер басыңа. - Не смейся над дру-гом, беда придет и к тебе. (Б.с. - Тв.п.) Жаспшрга бәрі кызық. — Для молодежи все интересно. (Б.с. - Р.п.)



Табыс септік (Винительный падеж). Қазақ тілінде Та-быс септіктегі сөз етістікпен байланысып, сөйлемде тура то-лықтауыш болып қызмет аткарады. Мысалы: Адамды қорлауга болмайды.

Қазак тілінде Табыс септіктің жалғауы бірде ашық, бірде жасырын түрде қолданылады. Мысалы: Кітапханадан кітап алдық. Біз кітапты тастап кеттік.

Табыс септіктегі сөздер сөйлемде бірыңғай мүше ретінде келгенде, септіктің қосымшалары (жай септеуде, тәуелді сеп -теуде де) не бәріне бірдей қосылады, не соңғысына ғана жалғанады. Мысалы: Мен ата-анамды, нагашы жүртымды, туган-туысқандарымды қатты сагындым. Ол кітап, қалам, дәптерлерін дайындады.

Орыс тілінде де Табыс септіктегі (Винительный падеж) сөз тікелей етістікпен байланысып, сөйлемде толықтауыштың қызметін атқарады. Мысалы: Он написал сочинение.

Орыс тілінде Табыс септіктегі (Винительный падеж) сөздер шылаулармен де қолданылады. Мысалы: Он обратил внішанне на ее скромность..

Осыған байланысты орыс тіліндегі Табыс септік (В.п.) ны-сықтауыштық қатынасты білдіре алады. Мысалы: Они пришли



иОи уГгірО.

Қолданылу өрісі жағынан, қазақ тіліндегі Табыс сентік формасындағы создерге орыс тілінде Винительный падеж, Предложный падеж формаларындағы сөздер және толықтауыш бағыныңқы сөйлем (придаточное дополнительное предложение) сэйкес келуі мүмкін. Мысалы: Шын жомарт жщтыгын білдірмейді. - Истинно щедрый не покажет своей бедности. (Т.с. — В.п.) Қарга баласын аппагым дер, кірпі баласынжүмсагым дер. ~ Ворона говорит о своем дитя: мой беленький; ежиха говорит о своем дитя: мой мягонький. (Т.с. - П.п.)



Жатыс септік (Местный падеж). Қазақ тілінде бүл септіктегі сөздер мезгілдік, мекендік, көлемдік мағына береді. Осыған байланысты сөйлемде толықтауыш та, мезгіл пы-сықтауыш та, кейде баяндауыш та бола береді. Мысалы: Уни-верситетше қазір ешкім жоқ. Байлық денсаулықта. Бақытты балальщ шагым есімде қалды. Жатыс септіктегі создер сөйлемнің бірьвдгай мүшесі болғанда, олардың қосымшалары түсірілмей де, түсіріліп те қолданыла береді. Мысалы: Ол мектепте де, университетте де жақсы оқыды. Ол мектеп пен университетте жақсы оқыды.

Қазақ тіліндегі Жатыс септік формасына орыс тілінде шылаулармен қолданылатын Табыс (Винительный), Ілік (Роди-тельный), Предложный падеждер және когда жалғаулығы арқылы жасалатын мезгіл багыныңқылы сөйлемдер сойкес ке-леді. Мысалы: Ол сагат бестерде келіп қалар. - Он может ' быть часов в пять придет. (Ж.с. - В.п.). Кішкентай кезінде ол ән айтқанды үнататын. ~ В детстве ему I нравилось петь. (Ж.с. ~ П.п.). Олар оқып журген кезде, біздің үйде тагы бір қыздар түрды. -Когда они учились, в нашем доме \ жили и другие девушки. (Ж.с. - временное придаточное пред-ложение). Естіген қүлақта жазық жоқ. - У слышавшего уха | нет вины. (Ж.с. -Р.п.).



Шығыс септік (Исходный падеж). Қазақ тілінде| Шығыс септік қимыл-әрекеттің шыққан орнын, себебін, мезгілін, мөлшерін таш басқа әр түрлі мағыналарды білдіреді. Осыған байланысты бүл септіктегі сөздер толықтауыш та, пы-сықтауыш та, кейде баяндауыш та бола алады. Мысалы: Алгашқы устазымнан уйрендім. Әр жерден кісі келді. Біз қаладанбыз.

Орыс тілінің из, с, от, после шылауларымен (предлогта-рымен) тіркесіп берілетін Ілік септік (Р.п.); в, на, за, с шылаула-рымен (предлогтарымен) тіркесіп берілетін Табыс септік (В.п.); по шылауымен (предлогымен) тіркесетін Барыс септік (Д.п.); түлғалары және с тех пор как тіркесі қазақ тіліндегі Шыгыс'' сеитік түлғасына сәйкес келеді. Мысалы: Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шыгады. — Если будешь говорить приветливо, змея из норы выползет. (Ш.с. Р.п.). Пәуескеге торт аттан! - По четыре лошади в повозку! (Ш.с. - В.п.). Ол оны жақтан тартып жіберді. - Он ударил его по щеке. (Ш.с. - Д.п.). Сол кеткеннен әлі келген жоқ. - Еще не возвращался с тех пор, как уехал тогда. (Ш.с. - с тех пор как сөз тіркесі).



Көмектес септік (Творительный падсж). Қазақ тілінде Көмектес септік іс-амалдың құралы мен тәсілін, мекені мен мезгілін, бірлесу, үштасу, ортақтасу сияқты қатынастарды және баска да түрлі мағыналарды білдіреді. Осыған байланысты Көмектес септіктегі сөз сөйлемде толықтауыш та, пысықтауыш та бола алады, Мысалы: Мен қызъшмен қонаща бардъш. Колдің жагасымен эюүр.

Бұл формадағы сөздер сөйлемнін бірыңғай мүшелері ретінде жұмсалғанда, қосымшалары олардың әрқайсысына не тек соңғысына жалғанады. Мысалы: Көкшетауга автобуспен, ушақпен, поездбен келуге болады.

Орыс тілінде де Көмектес септік (Творительный падеж) қазақ тіліндегі сияқты мағыналарды білдіріп, сөйлемде то-лықтауыш, пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Он нас удивил своим умом. Нужно идти берегом.

Орыс тілінің Көмектес септік (Творительный падеж) формасы казақ тілінің Көмектес септік формасымен сәйкес кел-генімен, кейбір жағдайларда Комектес септік формасы орыс тілінің Барыс (Дательный), Ілік (Родительный), Предложный падеж формаларына сәйкес келеді. Мысалы: Біз қайықпен жүздік. - Мы плыли на лодке. (К.с. - П.п.). Ол Лйгулмен жақсы араласады. - Она с Айгуль общается хорошо. (К.с. - Т.п.). Сен тура жолмен жүр. - Ты едъ по прямой дороге. (К.с- - Д.п). Бугін мен бас ауруымен ештеңе істей алмадым. - Сегодня я из-за головной боли ничего не смогла сделатъ. (К.с. - Р.п.).

Предложный иадеж формасындағы сөздер қазақ тіліне Жатыс септік формасы және туралы, жөнінде, жайында сеп-теулік шылаулары арқылы беріледі.

Сонымен, қазақ тілінде септелмейтін зат есім сөздер жоқ. Мысалы: палъто, палътоның, пальтога т. б. Орыс тілінде бірталай кірме сөздер септік жалгауларын қабылдамайды, яғни септелмейді. Мысалы: кофе, алоэ, резюме, джип, шоу, метро, фоііе т.б.

Кейбір украин және басқа да ұлттардың фамилиялары да септелмейді: Гюго, Верди, Короленко, Шевченко т. 6.

Қазақ тілінде септік жалғаулары сөздің соңғы дыбысы-ның әуенімсн үндесіп жұмсалады. Яғни септік форманттарыньщ үндестік заңы және ілгерінді ықпал заңдарына сәйкес қалыптасқан фонетикалық варианттары бар. Мысалы: септік -ныц, -ніц, -дың, -діц, -ңа, -ке, -дан, -ден, -тан, -тен. Тек Көмектес форманттары ғана үндестік заңына бағынбайды: пы-шаңпен, тіспен.

Орыс тілінде мұндай фонетикалық варианттар жоқ. Оның есесіне мүнда жалғаулардың морфологиялық варианттары бар: -ом, -ой, -елі, - а, -я, -ы т.б.

Зат есім қазақ тілінде көптік, тәуелдік жалғаулы түлғада түрып септеле береді. Мүның озі септіктердің өрісін кеңейтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет