Лекция жєне семинар сабаќтарыныњ ЌЫСЌаша мазм¦НЫ



бет1/4
Дата08.12.2023
өлшемі91.5 Kb.
#485893
  1   2   3   4
1-ЛЕКЦИЯ - морфология


1-ДӘРІС
Қазақ тілі морфологиясының басты ұғымдары, нысаны мен міндеттері


Қарастырылатын мәселелер:
Морфология ғылымының зертеу нысаны, мақсаты мен міндеті
Морфологияның өзге ғылым салаларымен байланысы
Морфологияның басты ұғымдары туралы
Сөздiң грамматикалық мағынасы
Сөз және оның морфологиялық құрылымы
Тірек сөздер: морфология, түбір, қосымша, сөз, сөз формасы, грамматикалық мағына, грамматикалық амалдар, грамматикалық категориялар, сөз таптары, т.б.
Морфология пәнi. Морфология гректiң morphos – форма, logos – iлiм, сөзбе-сөз аударғанда түр (форма) туралы ғылым немесе түрдi (форманы), сөз таптарын зерттейтiн ғылым деген түсiнiктi бiлдiредi. Ал морфологиялық талдау сөзді түбірге, қосымшаларға бөлу, сонымен бірге әрбір қосымшаның тудырып тұрған грамматикалық мәнін, атын білуді талап етеді. Бұл жерде өсiмдiк морфологиясы, тiрi ағзалардың морфологиясы, жер бедерiнiң (рельефiнiң) морфологиясы сияқты ұғымдар басым түсiп жатады. Ал лингвистикада бұл терминнiң бiлдiрер ұғымы басқа. Лингвистикалық морфологияның зерттейтiн пәнi сөз түрлерiн, дұрысын айтқанда, сөз формаларын, нақты айтқанда, сөздi зерттейтiн ғылым. Сондықтан морфологияның зерттеу нысаны – сөз. Бiрақ морфология сөз формаларының шеңберiнен шығып, кей жағдайларда олардың мағынасын да, тiркесiмдерiн де қарастырады. Айталық, А.Ысқақовтың оқулығында сөздiң морфологиялық аспектiсi лексикалық аспектiмен аралас сипатталады, сөздiң кейбiр синтаксистiк байланыс түрлерi мен мағыналық өзгерiстерi қарастырылады.
Морфология – тiл бiлiмiнiң саласы. Морфология пәнiнiң нысаны ғылыми әдебиетте әр түрлi болып көрсетiлiп жүр. Айталық, тар шеңберде морфология пәнiнiң нысаны парадигматика, яғни сөз формаларының жүйесi (парадигмалар) және олардың классификациясы деп түсiндiрiледi. Ал кең мәнiсiндегi морфология парадигматика және оған қоса сөздердiң ортақ белгiлерiне қарай топтастырылған грамматикалық қатарларын (разрядтары) мен грамматикалық категорияларын зерттейдi. Осы екi нысанның iшiнен морфологияның, әрине, кең ұғымы алынуы тиiс.
Ғылыми еңбектерде морфологияның негiзгi нысаны және ең кiшi бөлшегi морфема делiнедi. Морфема лексикалық және грамматикалық мағынаны бiлдiредi. Яғни өзге бiр сөздерге негiз болатын бөлшек те, оған әр түрлi мән, мағына үстейтiн бөлшек те тiл бiлiмiнде морфема деп аталады. Лингвистикалық морфология осы екеуiн де талдайды.
Яғни морфология сөздiң барлық релеванттық аспектiлерiн зерттейтiн лингвистиканың бiр бөлiмi болып табылады.
Морфологияның басты ұғымдарына сөз, сөз формасы, грамматикалық мағына, грамматикалық амалдар, грамматикалық категориялар, сөз таптары, т.б. жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет