Бағдарламасы Баспа №2 «Жүк тасымалдау ережелері»



бет4/4
Дата09.06.2016
өлшемі369.5 Kb.
#125389
түріБағдарламасы
1   2   3   4

Дәріс 13,14

ВАГОНДЫ- ЖӘНЕ АВТОМОБИЛДЫ ЖҮК АУДАРҒЫШТАР ЖӘНЕ ИНЕРЦИОНДЫ ТҮСІРГІШТЕР

Дәріс жоспары

  1. Вагонды жүк аударғыштар

  2. Автомобилды жүк аударғыштар – түсіргіштер

  3. Инерционды вагонды жүк түсіргіштер




  1. Вагонды жүк аударғыштар

Жүкті оранласуын бұру арқылы вагоннан жүкті түсіретін машиналарды вагонды төңкергіштер деп атайды. Төңкеретін вагонға берілетін қозғалыс түріне қаарй вагонтөңкергіштертерді роторлы немесе айланбалы, бүйірлік, башенді, артқы және комбинирленген деп бөледі. Роторлы стационарлы вагонтөңкергіштер көмір, кен және басқа да себілгіш жүктерді төрт, алты және сегіз ості колеясы 1520 мм жартылай вагондардан түсіру үшін қолданады.

Роторлы вагонтөңкергіш ВРС-125 ротордан 3, люлка 1, вертикалты тартуда орналасқан көпір-платформалар 2 , тіреуіш роликтердег5 , вагонтөңкергіш роторы айналуын әкелгіштен 9 құралған. Ротор бір бірімен ұзынына бойы құбырлы фермалармен және вибратор 6 жалғасқан жоғарғы балкалармен байланысқан төрт сақиналы дискіден тұрады. Осы төрт дискінің әрбіреуі айналмалы бандаждармен 4 екі қосроликті тепе-теңдікті тіреуішке тіреледі. Бандаждардың жанында дискіге тісті бекітілген.

Роторда екі люлька (аспа бесігі ) орналасқан, оның негізгі бөлігі иілгіш пішінді болып келеді. Әрбіп люлькада көлденең үйілімді қабырғасы бар, оның жуандығы 0,1м және резинкелі тақташамен қапталған. Екі люлька бір – бірімен орташа үйілімді қабырғамен жалғасады.

Мост аспа бесікке тартылыспен ілінген. Ол ротор бұрылғанда аспалы бесіктің қабырғасына жартылай вагонның үйілуіне қамтамасыз етеді. Осындағы тартылысқа түсірілген материалды өлшеуге арналған тензометрлік датчик қарастырылған.

Үйілгіш екі электродвигательден тұрады, оның әрбіреуінің қуаттылығы 48кВт.

Бастапқы уақытта ротор бұрылысы көлденең бағытпен, яғни үйілу қабырғасына бүйір қабырғасы тірелгенге дейін алмастырылады. Тартылыс күшінің әсерінең люлька қисық сызықты кесуге бағытталады.

Ротордың бұрылу бұрышы 170˚. Аударылым жағдайында жартылай вагон үйілу қабырғасы мен дүрілдеткішке сүйенеді. Дүрілдетеіш қосылған уақытта жартылай вагон ішінде жүктің қалдығынан тазарту басталады. Қауіпсіздік үшін, қуаттылығы 90 кН аспау керек. Вагон аударылымда 3 дүрілдеткіш орнпласқан, двигатель қуаттылығы 11 кВт.

Төрт немесе алты осьті - 30 жартылай вагондар және сегіз осьті – 25 вагон аударылым өнделді. Вагон аударылымның жалпы массасы 220 т.

Екі роторлы вагон аударылым өңделді. Олар екі жартылай вагонды ( жүк көтеогіштігі 60т немесе 93т-дан біреу ) және бір 125т жартылай вагон.

Мосттың ішкі жағындағы астынғы балкада рельстер салынған. Осы жерде жартылай вагонды ротор түсіру орнына барады. Ротор осі теміржол осімен қатарлас келеді. Жартылай вагоннаң жүкті түсіру үшін ротор рельс бойымен 160˚ бұрышпен бұрылады, материал жартылай вагоннаң түсірілгеннең кейін, бастапқы орнына қайта оралады.

Төрт, алты және сегіз ості жартылай вагонды мостыда аударылымы қозғалмалы роторлы вагон бар. Оның балкасындағы роторлы арба, балансты дөңгелекті тірекке тірелу арқылы қозғалады. Двигательдің жалпы қуаттылығы 450кВт, массасы 716т.

Бүйірлі көтермелі – бұрылыс вагон ауытқуы – стационарлы (89-сур.а )және қозғалмалы (89-сур.б ). Оларды төрт, алты, сегіз ості вагоннан көмірді түсіру үшін қолданылады. Осы вагон ауытқуында дөңгелетуге арналған жартылай вагоннан жүкті арнайы люлькасы бар консольға түсіреді. Ол бұрыш пішіндес және ротордың айналу осінең төмен жағында орналасқан. Сондықтан ротор 170-175˚ бұрылғанда, вагон жер бетінең 7м биіктікте жүкті түсіреді.

Ротордың айналым жиілігі 0,73мин, яғни ол 1сағ ішінде 20 жартылай вагонды түсіреді. Екі двигатель приводының қуаттылығы 100кВт.

Башенді вагон аударылымы көбіне қозғалмалы болады (89-сур.в,үстінгі). Олар металлургиялық заводта кен ауласында орналасқан және кен мен көмірді төрт және алты ості жартылай вагоннаң түсіруге қызмет етеді.

Мұңара үстінде жүк арба орналасқан, онда көтеру, аудару люлькамен жартылай вагон, төгуге арналған арқан системасымен қамтамасыз етілген. Люльканың бұрылу бұрышы 160˚. Сағатына 20 вагонаударылымын өңдейді. Арнайы арба итергішпен жартылай вагонды люлькаға дөңгелету жылдамдығы 90м/мин. Электродвигательдің жалпы қуаттылығы 530кВт. Вагонаударылым массасы 667т.

Жартылай вагонның бүйір қабырғасын жүк кесектерінең бұзылмауынаң сақтау үшін, кейбір заводта сақтандырғыш қауқан орналастырылады. Ол арнайы жүк арбамен вагон бортынан түсірілген жүктің алдына қойылады.

Қозғалмалы бүйірлі платформааударылымды платформаны түсіру теміржол бойымен немесе бір жағында 1520мм жүзеге асады.

Жүгі бар платформа арнайы тірелгіштерімен аударылым платформасына бекітіледі.

АҚШ-та аралас вагонаударылымды – жабық вагондардан бидай мен көмірді түсіруге қолданылады. Бұндай вагон алдымен платформаға бекітіліп, өзінең тігінең содан кейін көлденең айналдырылады.

Вагонды түсіру 6-8мин құрайды. Аралас вагон аударылымы Онтүстік Уралмашзаводында жабық вагондардан көмір түсіруге арналған Үндістандағы металлургиялық заводта құрылған.

2. Аудару – түсіру көлігі.

Ара – қашықтықта төгілмелі жүкті тасымалдауға самосвалдар, автопоездер, борты бар көліктер қолданылады. Бортты көліктер мен автопоезден жүкті түсіру арнайы көлік түсірілімдегі прицептің немесе көліктің артқы немесе жанындағы бортқа иілу жолымен қабылдау бункеріне төгіледі.

Қазіргі уақытта стационарлы көлік түсірілім гидравликалық иілуімен платформа қамтамасыз етілген. Онымен бортты автокөліктер мен автопоездер қолданылады. Олар өтпелі және тупикті болады.

Біршама жетілдірілген болып – көліктүсіргіш саналады. Олар жеке автокөліктерді және жартылай прицепі бар тартылыс көлігіндегі автопоездерді түсіруге арналған.

90-суретте ПГА – 25М көлік түсіргіші көрсетілген. Ол бүкіл операцияларды орындайды. Жүк түсіргіштің платформасы өтпелі, ол екі жартыдан тұрады. Оның біреуі кіші платформа (90-сур.а ) ол жеке көліктерді түсіруге арналған.

Екі жарты бірігіп, үлкен платформаны құрайды және массасы 20т-ға дейінгі автопоезді жүкті түсіреді.

Кіші платформа қисаюы екі гидравликалық поршеньді цилиндрмен іске асады. Кіші платформа қисаюы 23с, ал үлкені 65с. Екі платформаның түсірілім уақыты 15-25с. Электродвигатель қуаттылығы 22кВт. Дистанционды басқарумен жүзеге асады.

БПШФ – 2М көлік түсіргіші де жеке көліктер мен шыңжырсыз автопоездерді түсіреді. Түсіру конструкциясы геометрикалық ортасының айналасында платформа бір жақ жаңға қисаюы арқылы жүзеге асады. Ол автокөліктің және прицептің шыңжырынан өтетін оске сәйкес келеді. Автокөліктен бидай түсіру 1,5-2мин, көлік пен прицеп құрамындағы автопоезд – 3-4мин түсіруді қамтамасыз етеді.

Көліктің платформаға кіргеннең кейін көтерілімді привод қосылып, платформадағы көліктің бүйір борты ашылып, қисаю жағдайын қабылдайды. Көліктің 35˚ –тан жоғары қисаюынаң ауытқу немесе аударылып кетпеуі үшін көліктің дөңгелегіне арнайы тіректер қойылады. Көліктен жүкті түсіру кем дегенде 2мин, көлік пен прицеп құрамындағы автопоездер – 4мин алады. Көлік пен прицептің жалпы тиеу массасы-10т. Көліктүсіргіш ( 91-сур ) ДТ-75 трактор базасында құрылған. Трактордың алдында бульдозер орналасуы мүмкін. Ол жүк көтергіште арнайы екі конструкциясымен жасалынған.

91 сурет. Қозғалмалы автомобильді түсіргіш.


3. Инерциялы вагонды түсіретін машиналар

Инерциялы вагонды түсіретін машиналарға, жұмыстың үрдісі барысында түсірілетін вагонның шанағындағы жүктің жаңғы қабырғалардан есікке орын ауыстыруы белгілі бір амплитудада және толқын жиілігі кезінде жүктің бөлшектерінде пайда болатын, инерциялық күштің көмегімен жүзеге асатын машиналарды жатқызады. Вагон түсіру жағына қарай біраз қисайып тұрады.

ВНИИЖТ-пен құрастырылған және өндірісте ИРМ-7 индексімен шғарылған көпірлі типтегі инерциялы вагонды түсіретін машинада мыналар бар: астыңғы рамаға 7 бекітілген және негіз болып қызмет атқаратын, шанирлі тірек түйінін құрайтын пружиналардың комплектісіне 5 және еңкейтілген рычагты-балансирлердің 6 екі жағына тірелген көпірлі-платформасы 4 болады; көпірде ұзындығы 1520мм болатын рельстік жол салынған, оның бір рельсінің биіктігі екіншісінен 265мм үлкен болып келеді, ол вагонның жүкті төгу жағына 100-қа қисайып тұруына мүмкіндік береді; көпірдің ортанғы жағында орналасқан толқулардың пайда болуын қамтамасыз ететін дебаланстықұрылғысы болады 8; көпірді ортаңғы жағдайда ұстайтын төрт стабилизатор 3 болады; қозғалысының винттік механизмі бар екі қозғалмалы қысқыш тірегі 2 болад; электро және гидро құрылғылары болады 14,15, приводымен 16; оқшауланған орында 13 орналасқан басқару пульті 12 болады. дәнді жүктерді түсіру үшін қысу плиткасы бар 9 қалқан қарастырылған және оның бағыттауыш бойынша вагон бойымен қозғалу механизмі де 11 қарастырылған.

Қысу-тіректерінің көмегімен вагон машинаның көпірінде авто тіркеу басына жақсы бекітеді. Жұмыс істемеген жағдайда тіректер басқа жаққа алып тасталынады.

Түсірілетін жүкті қабылдау үшін түсіру жағына шиберлі қақпақпен бекітілген 3 шығару тесігі бар қабылдағыш бункермен жабдықталады. Бұл тесіктер арқылы жүк бункер астындағы конвейерге беріледі және одан әрі қарай конвейерлер арқылы көпірлерге және қойма бункерлеріне жіберіледі.

Жүктің вагон ішінде есікке қарай орын ауыстыруы үшін қозғалысты болдыратын инерция күші вагонның еденіне қарағанда қозғалыстың кедергі күштерінен үлкен болу керек.

Жүктің инерция күшінің әсерінен еден бойымен сырғанауы мына шарттарға байланысты болады:

mijxi > mi (g±iyi) focos β

немесе

jxi > (g±iy) fo cos β,



және жүктің вагонның еденімен көлденең сырғанауы жасаушы күштердің ауырлығының әсерінен және еденнің параллельді еңіс бетінің инерция күштерінің әсерінен болады:

P=mi (g±iyi)sin β,

мұндағы,

mi - жүк бөлшектерінің массасы;

jxi және jit - вагон еденінің үдеу нүктесін горизонталь және вертикаль құраушысы;

g - еркін құлау үдеуі;

fa - тыныштық жағдайында жүктің вагон еденіне үйкеліс коэффициенті;

β - вагон еденінің көлденең еңісінің бүрышы;

fomi(g±jyi) cos β - еденнің бетіне жүктің бөлшегінің ұйкеліс күші.

Еден бетінің еңісін есептей отырып, жүктің бос бөлшектерінің қозғалысына әсері тиіп отырады және бағыты бойынша күшпен бірдей әсерде болады:

R=P2+(miixt)2 ≥ mi(g±iyi) fo cos β,

мұннан мынаны аламыз

ixi > (g±ixi) fo2cos2 β-sin2 β.

Теңсіздікте көрініп тұрғандай iyi ауырлық күшінің үдеуімен бағыттас әсер еткен кезде және жүктің вагон еденіне түсіретін күшін ауырлық үдеуінің арттырған кезінде, онда жүктің жылжуы үшін iyi ауырлық үдеуіне қарсы әсер еткен кезіндегіден гөрі көлденең үдеудің мәні үлкен болу керек.

“Вагон-көпір” жүйесіндегі тербелістер кезінде үдеудің әрбір бағыты екі рет өзгеріп отырады. Инерциялық машинаның тербелістерінің кинематикалық схемасы мынандай:

вагон еденінің қандай да бір нүктесі жүйенің көлденең қимасының ортасына жақындағанда, үдеудің түзу құраушысы бұл нүктеде жоғарыға түзу бағытталады және вагонның еденіне жүк бөлшектерінің түсірген қысымы жоғарлайды. Сондықтан жүктің жылжуы қиындатылады және бөлшектер жүкпен бірге вагонның ортасына қарай қозғалады. Жүктің бөлшектері еденнен неғұрлым үлкен болған сайын, жерде жатқан бөлшектерге қарағанда олар қозғалысқа жағымды жағдайда болады. Сондықтан жүктің түсуі үшін ең аз үдеудің мәні вагон еденінің ортаңғы бөлігінде жүк бөлшектерінің сырғанау жағдайынан анықталлады:

jxi > gfo

ИРМ ВНИИЖТ инерциялық машинасының өлшемдерінің толық есептеулері [11]-де көрсетілген.

Вагонды түсіру технологиясы келесідей. Вагондар түсірілу үшін қатар бойынша беріледі. Сыртқы рельстердің біреуінің ақырындап үдеуінің арқасында машиналар көлденең еңіске ие болып, машинадан 15м қашықтықта еңіс 100 жетеді және бірінші вагон мостқа келеді және масстың ортасына орнатылады, ал басқа вагондар 5-10м артқа шегеріледі.

Оператор двигательдің винттік механизмдерін қосады, олар рельс аралық жерден шығады, вагонға келеді және оны орталықтандырады, соңғы өшірулер қосадды және тіреулердің электродвигательдері тоқтайды, бұл уақытта пультта “тіреулер вгонда” деген сигналды лампа жанады. Бір уақытта гидро жүйе қосылады және тіреулер қысылады, вагонның авто қысқыш құралдарының пружиналық аппараттары жұмыстан шығарылады және стабилизаторлар алынады, пультта “вагон қысылды” және “стабилизаторлар алынды” деген жасыл лампалар жанады. Насосты станциялардың приводтары қосылады.

Жеңіл себілетін жүктерді түсіру басында өз бетімен жүзеге асады. 70-80с ішінде вагоннан дәнді-дақылдың 15-19т өз бетімен түсіреді. Осыдан кейін оператор толқуларды тудыратын приводтың негізгі двигателін қосады. Приводтың 85-90 айналым/минутқа дейін жетуі 6-8с болады, және дәнді –дақыл қабылдағыш бункерге есіктік тесіктен аға бастайды. Жүктің массасы азайған сайын жиілік пен амплитуда да үлкейе бастайды. Түсірудің соңында тербеліс жиілігі минутына 118-124-ті, ал амплитуда 65-70мм құрай бастайды. 4,5-5мин кейін дебалансты приводтың жұмысынан кейін вагон жүктен босатылады және ары қарай вагонды тазартуды талап етпейді. Төрт осьті вагонның жүкті түсіру уақыты 10-12мин құрайды.

15 дәріс

АСПАЛЫ МОНОРЕЛЬСТІ ҚҰРАЛДАР ЖӘНЕ АРҚАН АРҚЫЛЫ ЖҮРЕТІН ЖОЛДАР

Дәріс жоспары


  1. Аспалы монорельсті құралдар

  2. Арқан арқылы жүретін жолдар

Жабық қоймаларда немесе орыны аз жерде ашық алаңдарда жүктерді тасымалдау ұшін аспалы монорельсті құралдар қолданылады.

Мұндай құралдарда рельстік жол арнайы кронштейндерде немесе жабу құрылғысына бекітіледі. Рельстік жол бойынша штабельдің үстімен жүгі бар тіркемелер орын ауыстырады. Егер әрбір тіркеме электродвигательмен іске қосылса, онда мұндай құралдар электрлі аспалы жолдар деп аталады. Мұндай жолдар 10-500м қашықтықта жүктің орнын ауыстыру кезінде қолданылады.

Аспалы құралдық тіркемелерімен олардың орын ауыстыруын жолдарының астындағы қоймаларға қызмет көрсетіледі. Сондықтан, егер аспалы жол қойманың үлкен аумағына қызмет көрсету керек болса, онда жолдардың бұтақталған жүйелері қолданылады. Мұндай құралдар қымбат тұрады және үлкен жылдамдықта қозғала алмайды.

Жолдық механизмге даналық жүктерді әкелу және көтеру үшін тіркемелерді көтеріп әкеледі және олардың грейферлермен, электромагниттармен және т. б. алу құралдарымен жабдықталады.

Тіркемелердің қозғалуы үшін тірек беті болып аспалы жолдардың үстіңгі немесе астыңғы белдеулер қоланылады, сондықтан тіркемелердің жүруін астыңғы және үстіңгі белдеулерге бөледі.

Мұндай жолдардың кемшілігі ол, айналыс жолдары кезінде, үлкен жылдамдық кезінде жүгі бар тіркеме қозғала бастайды, бұл рельстен тіркеменің дөңгелегінің шығып кетуіне әкелуі мүмкін.

Астыңғы белдеумен жүретін аспалы құралдарды жұмыста қолдануда ыңғайлы.

Рельстерді көлденең орналастырады.

Астыңғы белдеу бойынша жүру аспалы жолдағы қисықтардың радиусы 1,5м аз болмауы керек және үстіңгі жол бойынша 2,5-3м аз болмауы керек, себебі кіші радиустардың қисықтары бойынша тіркемелердің жүруі кезінде қозғалысқа қарсылығы өседі және дөңгелектердің тежелуі болады, ал жоғарғы белдеу бойынша жүру жолдарында рельстердің тіркемелердің түсіп кетуі мүмкін.

Жүкті көтеру және орнын ауыстыруы аспалы құрылғылар көп пайдаланады. Бір рельсті аспалы құрылғылардың ыңғайлылығы, қозмалылығы және қойма ауданын жақсы қолдану болып табылады.

Бірақ аспалы жолдардың құрылғылары қымбат және құрылуы қиын болып келеді.

93 сурет. Электрлі тартуы бар аспалы рельсті жолдар


Жалпы құрылымы көрсетілген. Двигательге тоқалғыштың көмегімен электр энергиясы беріледі 2, оның қозғалысынан редуктордан 3 тартқыш тіркеменің 4 пневмодөңгелегіне барады. Пневмодөңгелек рельтің астыңғы жағына жабысып тұрады 5, ол тартқыш дөңгелек болып табылады. Аспалы жолдың жүктік вагоны 6 екі тіркемеден тұрады, оларға вагонның шанағын алып жүретін авто бірігуі бар рессорларға шарнирлі хребті білік 8 ілініп тұр. Вагонды түсіру жандағы люктардан жүзеге асырылады. Вагонның түсіру орнына келген кезінде жабылатын қақпақтардың роликтары бағыттаушы шиналар бойынша жүреді және люктардың қақпақтары аздап ашылады, ал тиелгеннен кейін жабылады. Жүктің түріне және түсіру жағдайына байланысты вагонның басқа шанағы қолданылуы мүмкін.

Мұнда


n – тельферлер, арбашалардың жалпы саны,

Gгр – бір айналымда тасымалданатын жүк көлемі




С – арбашалардың бір сағатта жасайтын айналымдары.

Мұнда


Электр құрылғысының тартылыс күші

W – қозғалысқа қарсы күштің жалпы коэффициенті немесе тартылыстың коэффициенті.




Мұнда

 - қозғалыс жылдамдығы, м/с

 - қозғалтқыштың коэффициенті.
Аспалы арқанды жолдар
Аспалы арқанды жолдардың негізгі екі жүйесі бар:

-екі арқанды, яғни аспалы арбашалар жүретін қозғалмайтын рельс қызметін атқаратын тасымалдағыш арқан және шексіз тартушы арқанмен қозғалысқа келтірілетін түрі;

-жалғыз арқанды, мұнда бір арқан екі қызметті, тасымалдау және қозғалысқа келтіруді, атқарады.

Бірқатар артықшылықтарына байланысты екі арқанды жүйелер кең таралған. Екі канатты ілінген жолдар жалғыз арқандыдан құрылысы бойынша күрделірек келеді, бірақ жұмысы өнімді және үлкен жүктерді көтере алады, сонымен қатар тірегіштердің арасын алыстатуға мүмкіндік береді.

Екі арқанды аспалы жолдар келесі бөліктерден құралады: арбашалар 5 қозғалысы іске асырылатын тасымалдағыш қозғалмайтын жолдар 6, ол арқандар бір жағынан қозғалыссыз етіліп анкерлермен бекітілген,екінші жағынан тартпалы арқандар және жүк 2 арқылы тартылады; шексіз қозғалыстағы арқан 7 , оған жалғасушы аппараттар арқылы автоматты түрде арбашалар бекітіледі; бұл арқан қозғалысты аяққы бекетте орналасқан қозғалтқыштан 10 алады, басқа бекетте арқан қарсы жүк әсерінде болатын жүкті тартылу құрылғысының шкифын айналып өтеді, әкелгіш және тартушы арқанды ұстайтын тіреуіш 3, біреуі әкелгіш ,біреуі тартушы болып табылатын 9, жүкті алатын және түсіретін бекеттер.

Жүкті алатын бекетте арба қатты рельс 8 арқылы қозғалады және негізгі арқаннан автоматты түрде өшіріледі. Арбаны жүкпен толтырғаннан кейін ол қатты рельс арқылы тасымалдағыш арқанға қарай итеріледі, онда ол автоматты түрде негізгі арқаны арқылы қысқышқа алынып, жүкті түсіретін бекетке қарай жіберіледі. Арбаларды әдетте кузовты төңкеру арқылы босатады. Тасымалдаушы болат канаттар үш түрлі болады:



  • жабық;

  • жартылай жабық;

  • ашық спиральды.

Жабық канаттар беті вагонетка жүгірмектері қозғалысы үшін тегіс етіліп істелінген және олар ұтымды және тиімді болып келеді.

Екі арқанды айланбалы жолдар үшін арбашалардың жүк көтерудегі техникалық өнімділігі 0,250-ден 1,800 тоннаға дейін және 2,5 м/с қозғалыс жылдамдығына 20 дан 300 т/сағ., жалғыз арқанды жолдар үшін вагонеткалардың жүк көтергіштігі 2,5 -9 т болғанда 20-175 т/ сағ.құрайды. Келешекте техникалық өнімділігі 500-1000 т/сағ.болатын арқанды жолдар қолдану көзделуде.

Жалғыз және екі арқанды жолдардың өнімділігі 1 сағатта тасымалданатын вагонеткалар саны және вагонеткаға салынатын пайдалы жүктің тоннамен алынған массасымен анықтылыды.
3.ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР
а) практикалық (семинарлық) сабақ құрылымы:

Практикалық (семинарлық) сабақ1. Автокөлік жолдарының автомобилизация процесіндегі ролі.

Практикалық (семинарлық) сабақ мазмұны:

1)Кіріспе

2) Автокөлік жолдарының автомобилизация процесіндегі ролі.


Сабақтың мақсаты:автокөлік жолдарының қоғамдағы ролі және мәні туралы студенттер білімін тексеру.
Қорытынды(контрольные) сұрақ:

1.Автокөлік магистральдарының қоғамдағы ролі. Рефераттар.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Варелопупо Г.А. Организация движения и перевозок на городском пассажирском транспорте М.Транспорт, 1981 г. 93 с.

2.Краткий автомобильный справочник (НИИАТ) М.Транспорт, 1984 г. 318 с.

3.Устав автомобильного транспорта РСФСР М.Транспорт, 1983 г. 56 с.



Практикалық (семинарлық) сабақ 2. Жолдың транспортты-тасымалдау көрсеткіштері

Практикалық (семинарлық) сабақ мазмұны:

1.Автожолдардың транспортты-эксплуатациялық көрсеткіштерінің негізі.

2.Негізгі түсініктер және анықтамалар.


Сабақ мақсаты:негізгі түсініктер және анықтамалар жайында студенттердің білімін тексеру. Ауызша сұрау.
Қорытынды сұрақтар:

1.Транспортты-тасымалдау автожолдар көрсеткіштерін қайта есептеу

2.Анықтама беру:


  • Есептеу жылдамдығы

  • Есептеу жүктемесі

  • Көпір көлемі

  • Өткізу қабілеті

  • Жолдың тасымалдау қабілеті

Ұсынылған әдебиет:

1.Варелопупо Г.А. Организация движения и перевозок на городском пассажирском транспорте М. Транспорт, 1981 г. 93с.

2.Краткий автомобильный справочник (НИИАТ) М. Транспорт, 1984 г. 318с.

3.Устав автомобильного транспорта РСФСР М. Транспорт, 1983 г. 56с.


Практикалық (семинарлық) сабақ 3. Қала көшелерінің және автокөлік жолдарының классификациясы. Жолдың ортақ тораптары классификациясы.

Практикалық (семинарлық) сабақ мазмұны:

1. Автокөлік жолдарының және қала көшелерінің классификациясы.

2. Жолдың ортақ тораптары классификациясы.


Сабақтың мақсаты: өткен тақырып бойынша студенттер білімін тексеру.
Қорытынды сұрақтар:

Анықтама беру



  • Өткізу қабілеті

  • Жолдың тасымалдау қабілеті

  • Бірінші типтегі жылдамдық жолдары

  • Екінші типтегі жылдамдық жолдары

Ұсынылған әдебиет:

1.Варелопупо Г.А. Организация движения и перевозок на городском пассажирском транспорте М. Транспорт, 1981 г. 93с.

2.Краткий автомобильный справочник (НИИАТ) М. Транспорт, 1984 г. 318с.

3.Устав автомобильного транспорта РСФСР М. Транспорт, 1983 г. 56с.


Практикалық (семинарлық) сабақ 4. Қала көшелерінің, жолдарының және қала сыртындағы автокөлік жолдарының элементтері.

Практикалық (семинарлық) сабақ мазмұны:

1.Қала жолдарының элементтері

2.Қала сырты жолдарының элементтері


Сабақтың мақсаты: ақпараттың жариялану әдістері бойынша студенттер білімін тексеру.

Қорытынды сұрақтар:

1.Қала жолдарының элементтерін қайта есептеу.

2.Қала сырты автокөлік жолдарының элементтері

Ұсынылған әдебиет:

1.Варелопупо Г.А. Организация движения и перевозок на городском пассажирском транспорте М. Транспорт, 1981 г. 93с.

2.Краткий автомобильный справочник (НИИАТ) М. Транспорт, 1984 г. 318с.

3.Устав автомобильного транспорта РСФСР М. Транспорт, 1983 г. 56с.


Практикалық (семинарлық) сабақ 5. Жол қабаттарының конструкциясы.

Практикалық (семинарлық) сабақ мазмұны:

1.Жол қабаттарының конструкциясы

2.Асфальтобетонды жабын

3.Монолитті бетон жабын

4.Дайын плиталар жабын

Сабақтың мақсаты: Алыс жолдар қабаттары бойынша студенттер білімін тексеру.

Қорытынды сұрақтар:

1.“Асфальтобетонды жабын ” дегеніміз не?

2.Монолитті бетон және дайын плиталар жабыны


Ұсынылған әдебиет:

1.Варелопупо Г.А. Организация движения и перевозок на городском пассажирском транспорте М. Транспорт, 1981 г. 93с.

2.Краткий автомобильный справочник (НИИАТ) М. Транспорт, 1984 г. 318с.

3.Устав автомобильного транспорта РСФСР М. Транспорт, 1983 г. 56с.


Практикалық (семинарлық) сабақ 6. Автокөлік жолдарының инженерлік құрылғылары.

Практикалық (семинарлық) сабақ мазмұны:

1. Автокөлік жолдарының инженерлік құрылғылары.

2.Белгі және көрсеткіштер түрлері және олардың мәндері.

Сабақтың мақсаты: автокөлік жолдарының құрылғылары және олардың белгілері мен көрсеткіштері жайында студенттер білімін тексеру.
Қорытынды сұрақтар:

1. Автокөлік жолдарының құрылғыларын қайта есептеу

2. Белгілер мен көрсеткіштер. Реферат...

Ұсынылған әдебиет:

1.Варелопупо Г.А. Организация движения и перевозок на городском пассажирском транспорте М. Транспорт, 1981 г. 93с.

2.Краткий автомобильный справочник (НИИАТ) М. Транспорт, 1984 г. 318с.

3.Устав автомобильного транспорта РСФСР М. Транспорт, 1983 г. 56с.
Практикалық (семинарлық) сабақ 7. Жабынның транспортты-эксплуатационды мінездемесі

Практикалық (семинарлық) сабақ мазмұны:

1. Жабынның транспортты-эксплуатационды мінездемесі

2.Жол сапасының жинақты мінездемесінің коэффиценті

Сабақтың мақсаты: жабын мінездемесі жайында студенттер білімін тексеру
Қорытынды сұрақтар:

1.Мінездемелерді қайта есептеу

2.Комплексті мінездеме коэффиценті түсінігі
Ұсынылған әдебиет:

1.Варелопупо Г.А. Организация движения и перевозок на городском пассажирском транспорте М. Транспорт, 1981 г. 93с.

2.Краткий автомобильный справочник (НИИАТ) М. Транспорт, 1984 г. 318с.

3.Устав автомобильного транспорта РСФСР М. Транспорт, 1983 г. 56с.


Практикалық (семинарлық) сабақ 8. Жол қабаттарының беріктілігін есептеу

Практикалық (семинарлық) сабақ мазмұны:

1.Жол қабаттарының беріктілігін есептеу

2.Қатты емес жол қабаттарының қабат қалыңдығын есептеу

3.Қатты қабаттарды есептеу

4. Қатты емес жол қабаттарының қабат қалыңдығын есептеу


Сабақтың мақсаты: Жол қабаттарының беріктілігін есептеу

Қорытынды сұрақтар: Берілген формулалар бойынша студенттер білімін тексеру


Ұсынылған әдебиет:

1.Варелопупо Г.А. Организация движения и перевозок на городском пассажирском транспорте М. Транспорт, 1981 г. 93с.

2.Краткий автомобильный справочник (НИИАТ) М. Транспорт, 1984 г. 318с.

3.Устав автомобильного транспорта РСФСР М. Транспорт, 1983 г. 56с.


Практикалық (семинарлық) сабақ 9. Жолдың жоспарының элементтері

Практикалық (семинарлық) сабақ мазмұны:

1. Жолдың жоспарының элементтері

2. Жолдың (элементы продольного профиля дороги) элементтері

3. Профиль және жоспар элементтеріне талаптар.

Сабақтың мақсаты: Жолдың жоспарының құрылуы.

Қорытынды сұрақтар:

1.Жол жоспарының басты белгілерін қайта есептеу

2.Жолдың продольного профиля-ң элементтерін қайта есептеу

Ұсынылған әдебиет:

1.Варелопупо Г.А. Организация движения и перевозок на городском пассажирском транспорте М. Транспорт, 1981 г. 93с.

2.Краткий автомобильный справочник (НИИАТ) М. Транспорт, 1984 г. 318с.

3.Устав автомобильного транспорта РСФСР М. Транспорт, 1983 г. 56с.
Практикалық (семинарлық) сабақ 10. Жол қабаттарының ұзаққа шыдау шарттары мен жұмыс қабілеттілігінің бүліну себептері.

Практикалық (семинарлық) сабақ мазмұны:

1. Жол қабаттарының ұзаққа шыдау шарттары мен жұмысқа дайындығының бүліну

себептері.

2. Жол жабынының қызмет көрсету мерзімі.

3. Жолдың толық жұмысқа дайындығы


Сабақтың мақсаты: Жол жабының қызмет көрсету уақыты түсінігі және оны қайта қалпына келтіру шаралары.

Қорытынды сұрақтар:

1.Жол жабынының қызмет көрсету уақыты дегеніміз не?

2.Жолдың жабынының бүліну себептері

3.Жол жабынын жөндеу және қалпына келтіру бойынша шаралар.
Ұсынылған әдебиет:

1.Варелопупо Г.А. Организация движения и перевозок на городском пассажирском транспорте М. Транспорт, 1981 г. 93с.

2.Краткий автомобильный справочник (НИИАТ) М. Транспорт, 1984 г. 318с.

3.Устав автомобильного транспорта РСФСР М. Транспорт, 1983 г. 56с.


Практикалық (семинарлық) сабақ 11. Жол белгілерінің түрлері және оның анықтамасы

Практикалық (семинарлық) сабақ мазмұны:

1. Жол белгілерінің түрлері және оның анықтамасы

2. Бағдаршамды сигнал беру

3. Жол қаршаулары.
Сабақтың мақсаты: Жол белгілерінің түрлерін меңгеру.

Қортынды сұрақтар:

1.Бағдаршамды сигнал беру түсінігі

2.Жол қоршаулары


Ұсынылған әдебиет:

1.Варелопупо Г.А. Организация движения и перевозок на городском пассажирском транспорте М. Транспорт, 1981 г. 93с.

2.Краткий автомобильный справочник (НИИАТ) М. Транспорт, 1984 г. 318с.

3.Устав автомобильного транспорта РСФСР М. Транспорт, 1983 г. 56с.


Практикалық (семинарлық) сабақ 12. Жолаушылар мен жүргізушіге арналған комплексті қызмет көрсету және демалу орындары. Жолдарды жарықтандыру және қамсыздандыру.

Практикалық (семинарлық) сабақ мазмұны:

1.Жолаушылар мен жүргізушіге арналған комплексті қызмет көрсету және демалу орындары.

2. Хабарламаның жаяу жүргінші жолы

Сабақтың мақсаты: Жол және жолды жарықтандыру ұғымы, олардың магистраль жұмыстарындағы рольі.

Қорытынды сұрақтар:

1. Демалу орындарын санау

2. Жаяу жолаушы жолы, олардың түрлері және құрылымы.


Ұсынылған әдебиет:

1.Варелопупо Г.А. Организация движения и перевозок на городском пассажирском транспорте М. Транспорт, 1981 г. 93с.

2.Краткий автомобильный справочник (НИИАТ) М. Транспорт, 1984 г. 318с.

3.Устав автомобильного транспорта РСФСР М. Транспорт, 1983 г. 56с.


Практикалық (семинарлық) сабақ 13. Байланысу құралдары. Автожолдарды қайта құру және өндеу бөлімдерінің құрылғылары.

Практикалық (семинарлық) сабақ мазмұны:

1.Байланыс құралдары.

2. Автожолдарды қайта құру және өндеу бөлімдерінің құрылғылары.


Сабақтың мақсаты: Автожолдарды қайта құру және өңдеу бөлімдерінің құрылғыларына анықтама беру.
Қорытынды сұрақтар:

1.Санау


  • Байланысу құралдары

  • Автожолдарды қайта құру және өндеу бөлімдерінің құрылғылары.

Ұсынылған әдебиет:

1.Варелопупо Г.А. Организация движения и перевозок на городском пассажирском транспорте М. Транспорт, 1981 г. 93с.

2.Краткий автомобильный справочник (НИИАТ) М. Транспорт, 1984 г. 318с.

3.Устав автомобильного транспорта РСФСР М. Транспорт, 1983 г. 56с.
Практикалық (семинарлық) сабақ 14. --------------------

Практикалық (семинарлық) сабақ мазмұны:

1. --------------------

2. Бірпанельді немесе екіпанельді, көппролетты биіктіктер

3. Қар тоқтату

Сабақтың мақсаты: Қысқы автожолдардың құрамы туралы жариялау.


Қорытынды сұрақтар:

1. Қысқы жолдар (для зимнего содержания дороги) үшін шаралар.


Ұсынылған әдебиет:

1.Варелопупо Г.А. Организация движения и перевозок на городском пассажирском транспорте М. Транспорт, 1981 г. 93с.

2.Краткий автомобильный справочник (НИИАТ) М. Транспорт, 1984 г. 318с.

3.Устав автомобильного транспорта РСФСР М. Транспорт, 1983 г. 56с.


Практикалық (семинарлық) сабақ 15.Автокөлік жолдарын көгалдандыру

Практикалық (семинарлық) сабақ мазмұны:

1.Автокөлік жолдарын көгалдандыру

2.Жолдың көгалдануының жалпы талаптары. Реферат

Сабақтың мақсаты: студенттерге жолды көгалдандыру шараларын өзбетінше таңдауға мүмкіндік беру

Қорытынды сұрақтар:


Ұсынылған әдебиет:

1.Варелопупо Г.А. Организация движения и перевозок на городском пассажирском транспорте М. Транспорт, 1981 г. 93с.

2.Краткий автомобильный справочник (НИИАТ) М. Транспорт, 1984 г. 318с.

3.Устав автомобильного транспорта РСФСР М. Транспорт, 1983 г. 56с.


4.Студенттің өздік жұмысы
4.1. Студенттің өздік жұмысын ұйымдастыру туралы әдістемелік кеңестер

СӨЖ ұй жұмысы түрінде орындалады және жазбаша түрде өздік жұмысқа

арналған жеке дәптерге немесе А4 форматы түріндегі бетке сәйкесінше құрылымға және студенттердің өздік жұмысын толтыруы тұрақты бекітілген талаптар бойынша жүзеге асырылады. Жұмысты келесі тапсырманың уақыты келгенше тапсырып үлгеру керек.

Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) реферат түрінде болады және құрылымға сай бекітілген талаптар стандартына сәйкес толтырылады.

Өздік жұмысын бақылау мына түрде болады:

− орындалған жұмыстың презентациялары;

− өз бетімен оқыған тақырыпқа баяндама;

− СӨЖ өткізу уақытында немесе аудиториялық сабақ кезінде ауызша шұғыл-сұрау;

− жазбаша орындалған үй жұмысын қорғау.

Өздік жұмысының нәтижесін көрсетпеген студент қортынды аттестацияға жіберілмейді.



Өз бетімен меңгерген материал, мұғалімнің көмегімен меңгерілген материал қатарында қорытынды бақылауға шығарылады.
Ескерту: Семестрде жақсы баға алу үшін барлық тапсырмаларды 3күн қалғанда орындағаннан гөрі уақытында орындау қажет, бірақ тапсырманы берілген уақыттан кешіктіріп орындаған студенттер үшін балдары есептелмейді.
4.2. Студенттер білімінің ағымдағы және кіріспе бақылау үшін рефераттар тізімі (тесттер, колоквиумдар сұрағы т.б.) және т.б.

  • Үздіксіз әрекеттегі механикалық тиеушілер мен түсірушілер

  • Классификациясы, міндеті, құрылғысы

  • Циклдық әрекеттегі механикалық тиеушілер мен түсірушілер

  • Циклдық әрекеттегі механикалық тиеушілердің классификациясы, міндеті және құрылғысы

  • Механикалық арбалар, тиеушілер, автомобильтүсірушулер

  • Аспалы монорелстік құрылғылар және канаттық жолдар

  • Себілмелі жүктер үшін бункерлер, силостар және резервуарлар

  • Бункерлерді толтыру мен босатуды автоматтандыруды басқару

  • Механикалық автоматтандырылған қүректер

  • Тез қоюланатын сұйық жүктерді ағызып жіберуге және жылытуға арналған құрылғылар





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет