Бағдарламасы бойынша мектепалды даярлық тобы (сыныбы) (5 жастан бастап) педагогтеріне арналған



бет42/66
Дата24.08.2023
өлшемі138.58 Kb.
#476211
түріБағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   66
Musindeu Metodika 5 Kaz

Сөздік жұмыс: жіп орамы, мысық.
Көптілділік: мысық – кот(кошка) –cat, үй жануары – домашнее животное –domestic animal, сүт – молоко–milk.
Сергіту сәті. Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі,
Кіп-кішкене ағаштар, Үлкен болып өседі.
Балалар жұмысқа кіріседі. Педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
3.Рефлексия.
Педагог оқу қызметін қорытындылап,балаларды мадақтайды. Балалармен аяқталған жұмысты талдайды. Педагог балалардың жасаған жұмыстарын көрмеге қояды.
«Мысық пен тышқан» ойынын ойнаумен қорытындылайды.

20 ұйымдастырылған оқу қызметі


Білім беру саласы: шығармашылық.
Бөлімі: мүсіндеу.
Тақырыбы:Торғайлар.
Мақсаты:құстардың дене бөліктерінің көлемдерін үйлестіре білуге үйрету. Міндеттері:
білімдік:балаларға ермексазды пайдаланып, құстарды бірнеше
бөліктен мүсіндей білуге үйрету; дамытушылық: мүсіндеу арқылы қол қимыл-қозғалыстарын дамыту; тәрбиелік: құстарды сүюге, қамқорлық жасауға баулу, адамгершілікке
тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды:торғайдың ерекшеліктерін келтіре отырып мүсіндеуді; түсінеді:мүсіндеу жолдарын; қолданады:табиғи заттарды үйлестіруді, әдіс-тәсілдерді.
Қолданылатын көрнекі құралдармен керекті құрал-жабдықтар:
№2 жұмыс дәптері, торғайлардың суреті, тақтайша, ермексаз, кескіш.
Сөздік жұмыс:құстар, торғай.
Көптілділік: торғай – воробей –sparrow, құстар – птицы –birds, ұя – гнездо –nest.
ҰОҚ-нің барысы 1.Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері.
Торғай-торғай тоңдың ба, Тұра алмайсың орныңда?!
Бір қонасың, бір ұшып,
Отырасың бүрісіп, Қарап қойып жай ғана, Жем іздейсің айнала.
Үйге кірші, торғайым, Мен аяздан қорғаймын. Үйшік жасап берейін, Алдыңа жем төгейін.
(С. Қалиев)
2.Негізгі кезең.

  • Балалар мына суреттен не көріп тұрсыңдар?

  • Торғайлар не жеп жатыр?

  • Торғайлар қандай екен?

  • Торғайдың дене бөліктерін атап көрелік.

  • Торғайдың қандай түрлерін білесіңдер? Атап көрейікші.

Ал, балалар, бүгін торғайдың мүсінін жасаймыз. Алдымен сазбалшықты дайындап аламыз. Дайын сазбалшықтың бір кесегін алып, алақан арасына салып жүргізу арқылы домалақтап, сопақша пішінге келтіреміз.Сол пішіннің бір жағын созу арқылы мойнын,басын шығарамыз.Артқы жағынан шымшу арқылы құйрығын шығарамыз. Екі аяғын таяқшамен бекітеміз.Тұмсығына шемішке қадаймыз. Міне, енді торғайымыз дайын болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет