Бағдарламасы бойынша мектепалды даярлық тобы (сыныбы) (5 жастан бастап) педагогтеріне арналған



бет53/66
Дата24.08.2023
өлшемі138.58 Kb.
#476211
түріБағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   66
Musindeu Metodika 5 Kaz

Сөздік жұмыс: торсық, шұбат құятын ыдыс, қошқармүйіз. Көптілділік: торсық – торсык – tursyk;, бұйым – изделие – representative.
Сергіту сәті:

    • күйсандықта ойнау;

    • домбыра шерту;

    • баян тарту;

    • қобыз тарту; • скрипкада ойнау.

Торсықтың қақпағын жасау. Ермексазды алақанға салып домалақтап, фломастердің қақпағы арқылы дайын болған домалақ пішіннің ортасына ойық жасаймыз.Ойыққа саусақтың көмегімен қақпақтың пішінін орналастырамыз.
Педагогтің көмегімен балалар торсықты қалауы бойынша безендіреді. Ермексазды ұзыншалап созып және есіп, «Қошқармүйіз» оюымен әшекейлеуге болады.
Балалар жұмысқа кіріседі. Педагог әр баламен жеке жұмыс жүргізеді. 3.Рефлексия.
Педагог оқу қызметін қорытындылап, балалар жұмысын мадақтайды. Дайын жұмыс үлгілерін талдайды. Өздерінің мүсіндеген торсықтарын ұлттық бұрышқа орналастыруды тапсыру.
28 ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру саласы: шығармашылық.
Бөлімі: мүсіндеу.
Тақырыбы:Әжемнің сандығы.
Мақсаты: балаларды мүсіндеудің тегіс нәрсеге бедерлі сурет түсіре білу әдісімен таныстыру және үйрету.
Міндеттері:
білімдік:әртүрлі әдіс-тәсілдерді, геометриялық пішіндерді пайдалана
отырып сандықты мүсіндеу тәсілдерін үйрету; дамытушылық: ұсақ қол қимылдарын, есілген ермексазбен
әшекейлеуге бейімділіктерін дамыту; тәрбиелік: еңбекқорлыққа, үлкенді құрметтеуге, халықтық өнерді
құрметтеуге тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер:
жасайды:сандықты ермексаздан мүсіндейді; түсінеді:сандықтың ұлттық, сәндік бұйым екенін; қолданады:сандықты әдемі әшекейлеу әдістерін.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен керекті құрал-жабдықтар: №2 жұмыс дәптері,безендірілген жартылай киіз үйдің іші,үлгі суреттер, ермексаз, тақтайша, таяқша, су, сүлгі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет