Бағдарламасы бойынша мектепалды даярлық тобы (сыныбы) (5 жастан бастап) педагогтеріне арналған



бет54/66
Дата24.08.2023
өлшемі138.58 Kb.
#476211
түріБағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   66
Musindeu Metodika 5 Kaz

Сөздік жұмыс: сандық.
Көптілділік:сандық – сундук–chest, әже – бабушка– grandmother, немере – внук –grandson.
ҰОҚ-нің барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Педагог жұмбақ жасырады: «Өте мейірімді, ақ шашты, бізге жылы қолғап, шұлық тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді.
Дәмді тағам, тәтті бауырсақ пісіреді. Ол кім?»

  • Балалар, бүгін біз әженің үйіне қонаққа барамыз.

2.Негізгі кезең.

  • Бізді ұзақ жол күтіп тұр, тез жету үшін жұмбақ шешейік. Таңмен көзін ашады, Әлемге нұрын шашады.

( Күн)
Аспаннан домалап,
Көк моншақ төгілді.
Бусанды бар алап, Терледі, керілді.
(Жаңбыр)
Қанаты жоқ – ұшады.
Аяғы жоқ – қашады.
(Доп)

  • Міне, жұмбақты шешіп болғанша жеттік. Әжемізбен (қуыршақ әже) амандасайық.

  • Сәлеметсіз бе!

  • Халіңіз қалай? Денсаулығыңыз қалай?

  • Балалар, әженің үйінде қандай бағалы бұйымдар бар екен? Әже, осы бағалы бұйымдарыңызды балаларға таныстырасыз ба?

  • Мынау, міне, тұскиіз, текемет, көрпе, сандық, т.б.

  • Әже, осының ішінде әдемі болып көзімізге түсіп тұрғаны – сандық. Осы сандық қайдан алынғаны және қалай жасалғаны жайлы айтып беріңізші?

Әженің шағын әңгімесі:
Сендерге менің сандығым ұнаған болса, өздеріңе дәл осындай сандық жасап алуға немерем көмектеседі (тақтада сандықтың жасалу жолы көрсетіледі.)
Сөздік жұмыс: сандық.
Көптілділік:сандық – сундук–chest, әже – бабушка– grandmother, немере – внук –grandson.

1. Ермексазды жұмсақтап, төртбұрыш пішінге келтіреміз, бұрыштарын қырлаймыз. Өзімізге таныс шымшу әдісі арқылы сандықтың аяғын шығарамыз.(Тақтада үлгі ауыстырылады, әдемі әшекейленген бірнеше сандықтың үлгісі көрсетіледі. Соның біреуі таңдалынады.)
– Осы үлгі бойынша сандықтың сыртын әртүрлі геометриялық пішіндермен өрнектейміз.
2.Жасыл түсті ермексазды алып жалпақтаймыз.
Сергіту сәті.
Біз кішкентай баламыз, Өсіп-өніп толамыз. Күнге қарай талпынып, Көкке қолды созамыз. Қанат қағып ұшамыз, Қарлығаштай самғаймыз.
(«Өзін-өзі тану» пәні бойынша.)
Педагог пен әжейдің немересі сандық шетіне кескішпен сызықтар сызып шығады.

  1. Кескіш құрал көмегімен кішкене үшбұрыштарды кесеміз де, қалақша көмегімен алып, сандықтың беткі бөлігіне сызық бойымен орналастырамыз. Басу әдісін қолданамыз.

  2. Ермексазды жалпақтап, алдыңғы тәсілмен кішкене шаршыларды кесеміз, жапсырамыз.

  3. Ермексазды ұзыншақ етіп есіп, сандықтың төбесін, жанын өрнектуге қолданамыз.

3.Рефлексия.
Педагог оқу қызметін қорытындылап,балалардың жұмысын тексереді. Балалармен жұмысты талдайды.Әженің немересімен бірге балалар бірбірінің жұмыстарына баға береді.

  • Кәне, балалар, жасаған жұмыстарымызды ұлттық көрме бұрышына апарып қояйық.

Жұмыс дәптеріндегі сюжетті суретпен жұмыс жүргізеді, сұрақ-жауап негізінде әңгіме құрайды.

  • Сандықты неден жасайды?

  • Ол сандықты не үшін қолданамыз?

  • Үйлеріңде сандық бар ма?

29 ұйымдастырылған оқу қызметі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет