Бағдарламасы және оның маңызы Орындаған: Бакенов Ерганат тэк(дот)-202 с/п



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата23.05.2023
өлшемі5.13 Mb.
#474178
түріБағдарламасы
1   2   3
3 Тапсырма-Бакенов Е.

ТЫЛСЫМ СЫРЫН ІШІНЕ 
БҮГІП ЖАТҚАН, ТАРИХЫ 
ТЕРЕҢГЕ ТАРТҚАН ҚҰМИЯН 
МЕН АҚҚОРҒАН, ӨЗГЕНТ 
ПЕН ОРДАКЕНТ СЕКІЛДІ 
ҚҰМ ЖҰТҚАН ҚАЛАЛАР 
МЕН ҚАМАЛДАР ДА 
ОСЫНДА. 


Кезінде Самарқанды билеген Ақсақ 
Темір Сығанаққа келіп түстеніп кетсе, 
ХIХ ғасырдың ортасында Кенесары 
хан қоқаңдаған қоқандықтарды 
Жаңақорған қамалынан қуып шығып, 
осында түсіп, атының белін суытқан


Қазақстанның көз жетпес көсіліп жатқан ұшы-қиырсыз дала төсінде
тіршілік жаралғалы адамзат баласының қаншама ізі қалды. Сол қасиетті
ата-баба ізін өзгеге таптаттырмай бүгінгі ұрпақтары жалғастырып келеді.
Кең байтақ Қазақстан жерін бағзы заманнан бері басқа ел жайламаған.
Мұнда қазір өмір сүріп отырған өскелең ұрпақтың арғы ата-бабалары
мекен еткен, тіршілік жасаған.
Қазіргі Жаңақорған халқы да жел айдаған қаңбақтай бір жақтан жер
ауып келген емес. Осы Сыр бойында туып, тұрақты өмір сүрген, өсіп-
өнген сонау заманалардағы түбі бір ата-бабаларымыздың заңды да табиғи
жалғасы. Олай болса, бұл халықтың да адам баласының алғашқы
қауымдық – тас дәуірін, қола дәуірін, темір дәуірін де басынан
өткізгендігінде дау жоқ.


Ғылыми жүйеге түскен тарихи
деректерге сүйенсек, б.д.д. VII-
IV
ғасырларда Орта Азия мен
Қазақстан
жерін
сақтар
мекендеген. Сырдария өзені бұл
кезде Яксарт деп аталған. Сақ
тайпалары осы Яксарт бойында,
Қаратау өңірінде қоныстанған.
Б.д.д. III ғасырдан бастап қазіргі
заманның
VII
ғасыры
аралығында өмір сүрген қаңлы
тайпалары сақ тайпаларының
жалғасы болып келеді. Осы Сыр
бойын
мекендеген
қаңлылар
өздерін түркіміз деп санаған.


Академик В.В. Бартольд қаңлы тайпалары Сырдарияның орта тұсында өмір
сүрген деп тұжырымдайды. Ал археолог-тарихшы А.Н. Бернштам бұл пікірді қуаттай
келіп, сол қаңлы тайпаларының бір саласы Сырдарияның орталық ағысындағы
Жаңақорған қаласынан солтүстік-батысқа қарай, Қазалыға дейінгі үлкен аймақты
алып жатқандығын айтады. Бұдан кейінгі ғасырларда түркілердің ата-тегі саналатын
ғұн тайпалары шаңырақ көтерді, бұдан бірнеше тайпалар мен ел-жұрттар өрбіді.
VI ғасырда қазақ жерінде Түрік қағанаты бой көтерді. Түрік қағанаты Батыс және
Шығыс болып екіге бөлінген кезде Жаңақорған өңірі де Батыс Түрік қағанатының
құрамына кіргені сөзсіз.


IX ғасырдан бастап Сырдарияның орта және төменгі 
ағысын, Қаратаудың өңірін оғыздар жайлап, феодалдық 
Оғыз мемлекеті (IX-XI ғ.ғ.) пайда болды. Қаратауды 
баурайлап, Сырдарияны жағалап Ұлы Жібек жолының өтуі 
бұл жердегі халықтардың экономикалық жағдайы мен 
мәдениетінің өсуіне, өзге ру-тайпалармен қарым-
қатынасының күшейіп, алыс-берісінің дамуына ықпал етті


XI-XII ғасырларда Қыпшақ мемлекеті дәуірлей
бастады. Қыпшақтар Орал тауының қыраттарынан
Арал теңізіне дейін, Орталық және Шығыс
Қазақстан,
Жетісу
өңірлеріндегі
ұланғайыр
алқапты алып жатты. Қыпшақ мемлекетінің
астанасы Сығанақ қаласы болды.


XIII ғасырда Орта Азия мен Қазақстан
жеріне
басталған
монғол
шапқыншылығы
халықтың саяси, әлеуметтік-экономикалық және
мәдени дамуын әлсіретіп кетті. Қалалар қирады,
отырықшы халықтардың берекесі кетті. Монғол
шапқыншылығынан кейін қалалар мен елді
мекендер көп жылдарға дейін оңала алмайды.
Тек XIV-XV ғасырларда ғана бұл жерлердің
шаруашылық жағдайлары біртіндеп қалпына
келе бастайды.


Шыңғысхан өзінің жаулап алған 
жерлерін төрт ұлына – төрт ұлыс етіп 
бөліп берді. Қазақ халқының басым 
көпшілігі Жошы ұлысының 
құрамына қосылып, алғашқыда 
Алтын Орда хандығында, кейіннен 
оның сол қанаты болды. XIV 
ғасырдың басынан Ақ Орданың 
құрамына кіреді. Ақ Орданың 
астанасы Жаңақорған аумағындағы 
Сығанақ қаласы болды. XV-XVI 
ғасырларда Қазақ хандығы 
құрылады.


VII-VIII ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанды арабтардың
жаулап алуына байланысты Ислам мәдениеті қалыптасты. Ежелгі
Сыр бойы мұның ішінде Жаңақорған өңірі – бір Алланың нұрына
бөленген әулие-әмбелердің жамбасы тиген тектілер мекеніне
айналды. Ислам мәдениеті араб жазуымен араб тіліндегі «Құран»
арқылы алғашқы бастауын алады. Кейінірек араб тілінің арқасында
бірқатар түркі ғалымдары мен ақын-шайырларының еңбектері
таныла бастады. Бұл жөнінде Әл-Фараби, Хисамеддин әл-
Сығанакилерді айтуга болады.


Ия, Жаңақорған өңірі қилы-қилы небір заманды басынан өткізген ғой.
Сырдарияның оң жағындағы темір жол бойында орналасқан қала типті
Жаңақорған қонысының тарихы да әріде жатыр. Село XIX ғасырдан бері
«Жаңақорған»
деп
аталады.
XVI-XVIII
ғасырларда
«Дінқорған»,
«Шепқорған» аталған. Оның түбінде ертеде
шағын қала болған. Оның
қазіргі сыртқы көрінісі – оңтүстіктен солтүстікке қарай 100 метрге созылып
жатқан төбе. Археологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде құманның,
табақтың, керсеннің, күбінің сынықтары табылған. Ыдыстардың сыртында
ою-өрнектер салынбаған. Археологиялық материалдарға қарағанда, бұл көне
қала б.з.
I-VIII ғасырларында өмір сүрген. Тұрғындары егін егіп, мал
өсірген. Кейінгі зерттеу мәліметтеріне сүйенсек, Жаңақорған орнындағы ең
алғашқы қоныс б.д. I-V ғасырларда пайда болған. Оның орны – қазіргі
Құмсаба. Құмсабаның астында көне қаланың орны бар.
Бұл жөніндегі пікірді қазақтың мәдениеті мен тарихына терең барлау
жасап жүрген белгілі қаламгер Дүкенбай Досжан қуаттайды.


Зерттеуші П. Лерх пен А.Ю. Якубовский: «Қаратаудың
күнгей бетінде, ұлы өзеннің қойнауы бұрылатын тұсында, оң
жағалауда отырықшы оғыздардың қорғаны, мекен-жайы
болды», - деп жазады. Бірақ Құмсаба тұрғындары бұл жерде
тұрақтап қоныс тебе алмады. Өйткені, дария арнасы бір
аунаған кезде қала судың астында қалып қояды. Халық енді
Дінқорған қамалын салады. Мұнда Қоқан билеушілерінен
зәбір көрген халық тағы да босқынға түседі. Олар енді
қашықтағы жазық далаға орналасып, сол жерді тіршілік
ұясына айналдырады. Бұл жерді – Ордакент деп атайды.
Бірақ бұл мидай жазық дала тұрғындарға қолайлы қоныс
бола қоймайды, суы да тапшылау болады.


Халық енді суы мол, қонысқа қолайлы жер іздейді. Сол кезде Сунақтан
шыққан Сасықбай батыр жергілікті сунақ халқын ұйымдастырып, көл
жағасынан жаңа қорған салады. Бұл қорған – Жаңақорған деп аталады. Бұл
1803 жыл еді. Созылған қорғанның орны қазіргі Жаңақорған қонысындағы
Қорған (Крепость) көшесінің айналасы болады. Сол кездері бекініс ретінде
салынған биік те жалпақ қорғанның қалдықтары қазіргі аудандық Мәдениет
Үйінің солтүстік іргесінен орталық базардың орнына дейін (1944-1945жж.)
созылып жатқандығын дербес зейнеткер Тастемір Жүзбаев әңгімелейді.


Бұл бекініс жөнінде Алексей Брагин «Третье рождение»
деген кітабында: «Жаңақорған – жаңа бекініс күтпеген
жерден пайда болды, көпшілікке байқаусызда соғылды.
Бекініс төрт бұрышты қорғанмен қоршалды. Қорғанға
қойып ататын білтелі мылтықтары болды. Жаңақорғанның
ұрма дуалдары Ақмешіттегідей ұрма саз балшықтан
тұрғызылған. Оған шығыс жағындағы жаппалы қақпа
арқылы кіруге болады. Қорған ішіндегі қалашықтың
жартысы саздан салынған, аздап ағаштан тұрғызылған
үйлер де бар. Сонымен бірге кішігірім сұр киіз үйлер мен
ауқатты ақ боз үйлер болған», - деп жазды.


Сыр бойын жайлаған қазақтар, оның ішінде Жаңақорған халқы XVII-XVIII ғасыларда
жоңғарлардың зорлық-зомбылығына шыдап бақса, XIX ғасырдың басында Қоқан
феодалдық езгісіне төтеп берді.
Осы кезеңде отаршылдық саясатты ұстанған Ресей империясы да Сыр бойын
қоқандықтардан тазартып, өз үстемдігін жүргізе бастайды. Жаңақорғандықтар енді Ресей
империясының шырмаулы торына келіп түседі.
Қазан төңкерісіне дейінгі бұл өңірдегі үлкен оқиғалардың бірі – 1904-1905 жылдары
Жаңақорғанның үстінен Орынбор – Ташкент темір жолының өтуі болды. Темір жол өзімен
бірге үлкен жаңалық – отаршылдық саясатқа қарсы ереуілдік қозғалыстардың хабарларын
әкелді.


Аспанды торлай бастаған қара бұлттың көп ұзамай дауылға
айналатындығы, үлкен бір болатын өзгерістің жақындап келе жатқандығы
сезіліп тұрды.
1917
жылдың ақпанында Ресейде буржуазиялық-демократиялық
төңкеріс жеңіп, елде қос өкімет орнады. Ұзамай 1917 жылы 25 қазанда
(7қарашада) большевиктер бастаған қарулы төңкеріс жеңіп шығып,
Уақытша үкімет құлатылды. «Ресейдің отарлық саясатынан құтылдық
па?» деп ойлаған ел енді қызыл империяның саясатшыл шекпеніне
оранғанын да білмей қалды. Ертеден бері сарғая күтіп аңсаған азаттықтың
ауылы тағы да алыстай түсті. Бұл кезде Жаңақорған болысы Сырдария
губерниясы Түркістан уезіне қарайтын.
1926 жылы жүргізілген Бүкілодақтық санақта Жаңақорған болысының
территориясындағы халық саны 31645 адам болған. Оның 0,4 пайызы
басқа ұлттардан құралған.


1928 жылы қаңтарда Сырдария губерниясы тарап, орнына
Қызылорда, Сырдария округтері құрылды. Түркістан уезі
таратылып, Сырдария округінің қарауындағы уездер мен
болыстардан
аудандар
ұйымдастырылды.
Төменарық,
Жаңақорған, Сауран, Өзгент болыстарының ізімен Жаңақорған
ауданы болып қайта құрылды. Орталығы Жаңақорған селосы
болды.
Ауданның құрылуы байлардың мал-мүлкін тәркілеу және
ұжымдастыру науқанымен қатар іске асты. 1928 жылдың
күзінде Г. Бабашев, Ә.Арқабаев, Ә.Толқынбаев, Б.Сердалиев
сияқты байлардың малы тәркіленіп, кедей шаруаларға берілді.
Қуғын-сүргін басталды.


1930 жылдың күзінде Жаңақорған ауданындағы
барлық
шаруашылықтың
80
пайызы
ұжымдастырылды. 1930 жылғы 17 желтоқсанда
Сырдария округі тарап, аудандық бөлініс енгізілді
және ірілендірілген жаңа аудандар құрыла бастады.
Жаңақорған мен Шиелі бір ауданға бірікті. Шиелі
мен Жаңақорғанның ауыл шаруашылығы өнімінің 3
жылдық көрсеткіштері сарапқа салынып, 3 жылда
да Жаңақорғанның табысы мол болғандығына
байланысты іріленген ауданның аты Жаңақорған
деп аталды, орталығы Жаңақорған поселкесі болды.


1925 жылдың қыркүйегінде Ф.И. Голощекиннің Қазақ Өлкелік партия
Комитетінің Бірінші хатшысы болып келуі – елде зобалаңның басталуының
басы болды. Ол «Кіші Қазан өткізу керек», - деп, «Асыра сілтеу болмасын,
аша тұяқ қалмасын» деген сыңаржақ ұранды ту ғып ұстады. 1930 жылғы
«бай-кулактармен күрес жөніндегі шаралар туралы» қаулыдан кейін-ақ
қауіпті деген адамдар «Халық жауы» деген атпен қамауға алынып,
түрмелерге жабылды, жер аударылды. Елдің жағдайы өте нашар еді.
Осындай қайғы-қасіреттер қабырғасына қатты батқан қоғам қайраткерлері –
Ғ. Мүсірепов, М. Ғатаулин, М. Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков, Қ. Қуанышев
1932 жылы Ф.И. Голощекинге хат жазды. Бұл «Бесеудің хаты» деп аталады.
Осы хаттың авторларының бірі – Е.Алтынбеков 1925 жылдан Компартия
мүшесі еді. Ол хат жазған кезде Алматыдағы Коммунистік Жоғары оқу
орнының оқу ісі жөніндегі проректоры болатын. 1933-1937 жылдары
Алтынбеков Жаңақорған аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы
болып қызмет істеді.Асыра сілтеу салдарынан қолдан жасалған ашаршылық
зұлматы халықты күйзелтіп, ел-жұртты аздырып-тоздырып жіберді.


Жаңақорған қонысынан Түркістан қаласына қарай үлкен трасса
бойымен бет алғанда, 3-4 шақырымдай жерде оң жақ қабатта биік төбе бар
(«Секретарь төбе»). Осы жылдары басқа жақтан ауып келген адамдар
Сырдария бойына жете алмай, осы төбе маңында аштан қырылып, қалған
екен.


1934 жылы 19 қаңтарда Жаңақорған ауданының орталығы Шиеліге
көшіріліп, орталығы Шиелі поселкесі болды. 1966 жылдың басында
Жаңақорған ауданы Шиелі ауданынан бөлініп шықты. Ашаршылықтан
аман қалған жұрт енді есін жинай бергенде, 1937-1938 жылдардағы
сталиндік қуғын-сүргін басталды. Қарадай жүрген адал адамдар табан
астынан «халық жауы» болып ұсталып, алды 10 жылға қамалып, соңы
жазықсыз атылып жатты. Аудан бойынша 1 мыңнан аса адам қамауға
алынып, бұлардың көбісі жазықсыз атылып кетті. Оларға: Сұлтанбек
Қожановты, Нәзір Төреқұловты, Садықбек Сапарбековты айтуға болады.
1997 жыл – Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын
еске алу жылы деп жарияланды. 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін
құрбандарын еске алу күні деп белгіленді. Ауданның орталығында саяси
қуғын-сүргін құрбандарына арнап тұрғызылған ескерткіш бар.


1941 жылы 22 маусымда Герман фашист басқыншылары бейбіт
жатқан елімізге қарақшылықпен түн жамылып, таңғы сағат 4-те
тұтқиылдан шабуыл жасады. Ұлы Отан соғысы басталды.
Жаңақорған ауданынан Ұлы Отан соғысына 4949 жауынгер
аттанды. Аудан еңбекшілері майданда да, тылда да ерен ерліктер
жасады.
Жаңақорғандық жауынгерлер майдандас достарымен тізе қоса
отырып, Мәскеуді қорғады, Сталинград пен Курск шайқастарына
қатысты,
Украина
мен
Белорус
майдандарында,
партизан
жорықтарында болды. Еуропа елдерін басқыншыларынан азат
етісті, Берлинге дейін барып, Рейхстагқа шабуылмен кірді.


1945 жылдың 1 мамырында Рейхстаг күмбезіне Жеңіс Туы тігілді. 2 мамыр күні –
Берлин гарнизоны тізе бүкті. 8 мамырда – Германияның сөзсіз тізе бүгуі туралы
Актіге неміс фельдмаршалы Кейтель қол қойды. 9 мамыр – Жеңіс күні боп белгіленіп,
Кеңес Одағы халқының Ұлы мерекесіне айналды. Ауданымыздан аттанған 4949
адамның 2289-ы кіндік қаны тамған еліне оралмай, туған жердің топырағы бұйырмай
қалды. Жерлестеріміз Әнуар Әбутәліпов пен Александр Дмитриевич Романов Кеңес
Одағының Батыры атағына ие болды.


Соғыстан кейінгі бес жылдықта ауданның ауыл шаруашылығы едәуір
дамыды. Аудан еңбеккерлері ынта-жігермен аянбай еңбек етті. Майданнан
оралған жауынгерлер бейбіт еңбекке араласты.
1931 жылы ауданда МТС ашылып колхоз құрылысы басталды. 1939
жылдары ауданда 24 колхоз, 1 өндірістік артель, 1 МТС болған. Негізінен,
мақта өсіріп, егін шаруашылығымен айналысқан. Соғыс жылдары, одан
кейін Сунақата, Тайпақкөл, Келінтөбе каналдары қазылып, егіс көлемі
ұлғайған.
Жылқышылар
К.Тағаев,
Н.Ержанов,
С.Құрымбеков,
С.
Сұлтанмұратов, күрішшілер Ә. Еламанов, Ә.Исаев, И. Цой, шопан Қ.
Омаровтарға Еңбек Ері атағы берілген.


1957-1961 жылдары аудан колхоздары 4 совхозға біріктірілген. Талап,
Бірлік, Красная Звезда, Төменарық, 1965 жылдан Түгіскен массиві игеріле
бастап, жаңадан күріш совхоздары (Задарья, Келінтөбе, XXIII, XXIV партия
съезі атындағы, Түгіскен, Өзгент) ашылып, суармалы егіс шаруашылығы
дамыды.
Аудан көлемінде Жиделі, Бесарық, Ақүйік өзендері негізінде Жиделі су
қоймасы 1985 жылы салынса, Ақүйік су тоспасы 1989 жылы салынған.
Бесарық су қоймасы 1977 жылы салынған.


Жаңақорғанда негізі 1918 жылы қаланған, кезінде Одаққа белгілі Жаңақорған
шипажайы жұмыс істейді.
Қазыналы Қаратау алқабы мен сұлу Сыр бойын жайлап жатқан Жаңақорған
өңірінің қасиетті топырағынан елге танымал қоғам қайраткерлері, білімдар ғұламалар,
ақын-жазушылар мен өнер иелері, еңбегі елеулі азаматтар шыққан. Олар: И.
Әбдікәрімов, М. Әлиев, Б. Сапарбаев, С. Шаухаманов, О. Бәйімбетов, М. Ауанов, С.
Сартаев, А. Илялетдинов, т.б. Жаңақорған өңірі осынау азаматтарымен тұлғаланып,
Жаңақорған аспаны осынау азаматтарымен биіктеп тұрады. Жаңақорған – талай
тарлан таланттарды шығарған, әлі де шығара беретін киелі мекен, қасиетті топырақ.
Кешегі Аблай хан армандап өткен, Кенесарыны мерт еткен, семсер сөзді
Махамбет басын тіккен, Алашордашылар межелеп кеткен – осындай Тәуелсіздікті
қазақ баяғыдан күткен! 1991 жылы осы Ұлы арманға да қол жеткіздік.


1994 жылы 29 наурызда аудандық Мәслихаттың 1 сесиясы шақырылды.
Мәслихат хатшысы болып Срайыл Скендіров, тексеру комиссиясының
төрағасы болып Есен Оңалбаев сайланды. 1999 жылы 16 қарашада екінші
аудандық Мәслихаттың ұйымдастыру сессиясы болған. Онда Мәслихаттың
хатшысына Сәулебек Дүйсебеков, тексеру комиссиясының төрағасы болып
Есен Оңалбаев сайланды. Мәслихаттың депутаты – 15, аппаратта
істейтіндер – 7 адам. Үшінші
аудандық Мәслихаттың ұйымдастыру
сессиясы 14 қазан 2003 жылы болды. Мәслихаттың хатшысына Сәулебек
Дүйсебеков,
тексеру комиссиясының төрағасы болып Тұрғанбай
Мелдебеков сайланды. Төртінші
аудандық Мәслихаттың ұйымдастыру
сессиясы 29 тамыз 2007 жылы болды. Мәслихаттың хатшысына Сәулебек
Дүйсебеков,
тексеру комиссиясының төрағасы болып Тұрғанбай
Мелдебеков сайланды.
Мәслихаттың хатшысына Сәулебек Дүйсебеков,
тексеру комиссиясының төрағасы болып Есдәулет Сейілов сайланды.


Аудан қазір әкімшілік – территориялық жағынан 2 кент, 13
ауылдық округтерге бөлінген. Аудан орталығында Жеңістің 50
жылдығына байланысты «Жеңіс кешені» салынған, Сұлтан
Сартаев 2007 жылы 9 мамырда біздің ауданымыздың бірінші
Батыр анасы – Үміт Ана ескерткішін салдырды . Саябақты
қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, ретке келтірілген
Сунақата мен Б. Байкенжеевтің ескерткіштері С.Сартаевтың өз
қаражаты бойынша салынған. Бүгінгі таңда ауданда халықтық
атағы бар өнерлі ұжымдар мен ойын-сауық отауы, Халық
ақыны
М.Көкеновтың,
композитор
Б.Байкенжеевтің
шығармашылық өнер мектептері, Әлшекей атындағы өнер
мектебі жұмыс істейді.


Жаңақорған кентінде 23800 адам тұрады. Мұның ішінде
орыс – 197, түрік – 168, кәріс – 28, грек – 20, татар – 8, шешен –
12, башқұрт – 4, өзбек – 2, неміс – 1 адам. Кентте 3680 отбасы
бар. Жаңақорған кентінің негізгі шаруашылығына егін мен мал
шаруашылығы, кіші кәсіпкерлік жатады. Кент бойынша 517
кәсіпкер, 70 шаруашылық бар. Кент көлемінде 79 мекеме жұмыс
жасайды.
Кент тұрғындарының жыл өткен сайын әл-ауқаты артып,
тұрмыс күйі жақсарып келеді. Жаңадан салынған үйлер қанат
жайып барады. Көшелерге жөндеу жұмыстары жүргізіліп,
асфальт төселе бастады. Ауыз су мәселесі шешілу үстінде.
Мәдениет
саласы
бойынша
2
мәдениет
үйі
және
орталықтандырылған аудандық кітапхана мен аудандық балалар
кітапханасы, 2 кенттік кітапхана мәдени-көпшілік жұмыстарын
жасап келеді.


20-дан аса адам Жаңақорған қонысының және кентінің «Құрметті
азаматы» атағына ие болған.
Ауданның агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың ұзақ мерзімді
бағдарламасы жасалған. Ауданда 463 шаруашылық егін кәсібімен, 244
шаруашылық мал шаруашылығымен айналысады.
Аудандық кәсіпкерлік бөлімі жүйелі жұмыс жасайды. Ауданда 2128
кәсіпкерлік болса, оның 1149-ы ауылдық округтерде. Бұларға 4750 жұмыс
қолы тартылған.
Ауданда 30 күріш ақтайтын, 6 ұн шығаратын, 1 наубайхана 1 сүт зауыты
халыққа қызмет көрсетуде. «Исатай» және «Асыл» селолық тұтыну
кооперативтері ет және сүт өнімдерін өңдейтін шетелдік озық технологиялық
жабдықтармен жабдықтармен жабдықталған. Ет өңдеу цехы бір мезгілде 500
килограмм қайнатылған, ысталған шұжық дайындаса, сүт зауыты бір
мезгілде 205 тонна сүтті өңдеп айран, қаймақ, май, сүзбені «тетрапакетпен»
шығарады.


Уақыттың ұлы көшіне ілесіп, іргелі ел болу жолында мың өліп, мың
тірілсе де өзінің тұтастығын, түп іргесі мен болашаққа деген берік сенімін
бойтұмардай қастерлеп сақтай білген халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған
асыл арманы жүзеге асқан бақытты сәті туды. Егемендік пен тәуелсіздікке қол
жеткізіп, байрағымыз әлемнің жүздеген мемлекеттерімен қатар биікте
желбіреуде. Тіліміз, дініміз, имандылығымызбен қайта табысып, келешегі
кемел жеке-дара өркениетті даму даңғылына түстік. Дүниежүзілік тәжірибеге
сүйенсек, бүкіл алдыңғы қатарлы елдер жүріп келе жатқан бұл жолдың әсте
оңай еместігі, нардың белін қайыстырар ауыртпалықтары болатындығы
бесенеден белгілі. Ал, егер тағдыр сыйлаған сол тарихи мүмкіндігімізді
толық пайдалана алмасақ – ешқашан кешірілмейтін үлкен өкінішке
ұрынарымыз шүбәсіз. Ендеше, осынау күрделі әрі жауапты сын, тар өткелден
сүрінбей өту – елдігімізге де, ерлімізге де серт.


Күні кеше біреудің боданында жүріп, ада-күде
жоғалтып алуға шақ қалған ұлттық қасиет пен намыс,
отансүйгіштік сезім, азаматтық зердеміздің орнын
қалайша толтырмақпыз? Табиғи мінез-құлқымыздан
безіп, тура ізімізден жаңылып, зерде- жадымызды
жойып, ең масқарасы – өзімізге жарық дүние сыйлап,
алақанына салып аялаған туған жеріміз бен еліміздің
мыңдаған жылдық тамаша қаһармандық тарихын
білмей немесе бұрмалап, бұра тартып, көрсоқыр күйге
түсіп, мәңгүрттіктің шегіне жетіппіз. Біз үшін одан
өткен өзекті өртер ащы өкініш пен қасірет жоқ.


Ендеше болашаққа дұрыс жол тауып, көшелі де
көрікті ел, келешегі кемел халық болуымыз үшін
барымызды
бағалап,
нағыз
ақиқат
тұрғысыдағы
тарихымызды жасауымыз қажет. Бізге ол аттың жалы,
атанның қомында азап пен бейнетке белшеден батып
жүріп, ол шеті мен бұл шетіне жеткенше тұлпардың
тұяғы тозып, сұңқардың қанаты талатын ұлан-байтақ
Отанымызды білектің күші, найзаның ұшымен қорғап,
көзінің қарашығындай сақтап, өзімізге аманат етіп
қалдырған аға ұрпақ алдындағы перзенттік, адамдық,
имандылық парызымыз бен қарызымызды өтеуіміз үшін
керек.


Біз, жаңақорғандықтар – Сырдариядай ұлы өзен
бойын мекен еткен бабаларымыздың, тіршілігімізге жан
да, нәр де берген шапағатты Сыр-Ананың арда емген
ұрпағымыз.
Барша
тарихтың
тілсіз
куәсі
қарт
Қаратауымыз кемеңгерліктің белгісіндей, арқа сүйер
айбар-айбатымыздай. Ал, күллі жер-жаһан мойындап,
қадір тұтқан қос әулие, қос заңғар Қожа Ахмет Йассауи
мен Қорқыт бабалардың аруақтары түстігіміз бен
теріскейімізде елімізді қанатының астына алып, желеп-
жебеп тұрғандай.
Ұлтымыздың ғасырлар бойы Сыр өңірінде, соның
ішінде Жаңақорған өңірінде қаймағы бұзылмаған,
қастерлеп сақталған салауатты салт-дәстүрін, тілін одан
әрі
дамытып,
байытып,
өркен
жайғызу
барша
жаңақорғандықтардың үлкен тарихи және азаматтық
жауапкершілігіне айналуы шарт.


Соншама бай рухани қазынаны, мол мұраны,
тамаша тарихымызды зерттемеуге, зерделемеуге,
жинақтап, елдің кәдесіне жаратпауға біздің хақымыз
бар ма? Олай етпеу өткенімізге, тарихқа және
халыққа қиянат емес пе?
Дәл осы игі мақсатымызды жүзеге асыруда
«Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарында
тәрбиенің 2006-2011 жылдарға арналған кешенді
бағдарламасы мен Қазақстан Республикасы «Мәдени
мұра» бағдарламалары» сара жол салары хақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет