БАҒдарламасы өскемен қ., 2013 жыл 1 Паспорт



бет18/18
Дата23.02.2016
өлшемі8.12 Mb.
#9616
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Іске асыру кезеңдері

Аралық кезеңде (2011 – 2013 жылдар) орта мерзімді міндеттерді шешу мен қойылған стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге жету үшін негіз қалайтын бірінші кезектегі іс – шараларды іске асыру қарастырылған.

Қорытынды кезеңде (2014-2015 жылдар) экономикалық даму, әлеуметтік сала, инфрақұрылымдық кешен, аумақтық құрылым, мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесі саласында жоспарланған нысаналы көрсеткіштер немесе индикаторларға қол жеткізге көзделген және қамтамасыз ететін стратегиялық іс-шараларды іске асыру қарастырылған.

6. Қойылған мақсаттарға жету үшін қажетті ресурстар




6.1. Қаржыландыру көздері бойынша


(млн. тенге)

Қаржыландыру көзінің атауы



Барлығы, млн. теңге

Соның ішінде жылдар бойынша

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

Қорытынды

1 620 189

316 663

275 568

289 732

357 231

380 996

Соның ішінде:



















Республикалық бюджет

595609

71130

83093

112811

166572

162003

Жергілікті бюджетбюджет

117916

17727

18931

23093

29338

28826

Тартылған қаражат

4678

2340

1700

384

253

270

Меншікті қаражат

429829

123234

82936

73514

71440

78705

Берешек қаражат

446067

102202

87938

78960

78969

97999

гранттар

50

30

10

10

0

0

Көздер анықталған жоқ

26041

0

960

960

10659

13462

* Күтіліп отырған шығындар. Бюджетті анықтау кезінде өзгерістер енгізілетін болады.
7. Бағдарламаны басқару
Шығыс Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған аумақтарды дамыту бағдарламасын басқару облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен жүзеге асырылады.

Басқару үрдісі «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі қызмет етуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу ережелеріне және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» ҚР Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына (ҚР Президентінің 2013 жылғы 13 маусымдағы № 582 Жарлығымен енгізілген өзгерістер есебімен ) сәйкес жүзеге асырылады және келесі сатыларды қамтиды:

мониторинг;

бағалау;


бақылау.

Мониторинг әзірлеуге және іске асыруға жауапты облыстық мекемелер ұсынатын шұғыл есептілік негізінде өткізіледі. Мониторинг жылына 1 рет жыл қорытындысы бойынша жүзеге асырылады. Оны өткізу үшін облыстық мекемелер өз құзыреттіліктері шегінде облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейін есептілік ұсынады, ал облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы мониторинг бойынша жалпы есеп дайындайды және есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанға дейін бірінші басшысының қолымен веб порталға орналастырады.

Тексеру комиссиясы жүргізетін бағалаудан басқа бағдарламаны бағалау ҚР Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарды жыл сайын бағалау шеңберінде жүзеге асырылады.

Бақылау Шығыс Қазақстан облысының аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын және атқарушы билік мекемелерінің Стратегиялық жоспарларын іске асыру бойынша Іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша бақылау іс-шаралары, мониторинг және бағалау нәтижелері негізінде жүзеге асырылады. Олардың жүзеге асырылу тәртібі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен айқындалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет