Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


КЕКЕТКІШ сын. Кекете бергіш, мұқатқыш, сөзбен шалып қағытқыш



Pdf көрінісі
бет264/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   348
18.08.2023 dis

КЕКЕТКІШ сын. Кекете бергіш, мұқатқыш, сөзбен шалып қағытқыш. 
454. 
КЕКШІЛ сын. Кек тұтқыш, кек сақтағыш, кектенгіш; кінәмшіл. – Мен онша кекшіл 
адам емеспін. Оны мына балалар біледі (Қ. Мұқамеджанов, Өзіме де.). Кек ішінде кеткен 
адам дертке шалдығып, ем табылмай өмірден өтеді, түсі жылымайды, жүрегі жібімейді, 
кекшіл болып, көпшіл болмайды (А.Қайбарұлы, Б.Бопайұлы, Қазақ ырымдары). Із 
қалдырмай кетудің мәнін тапқан, Қыз сөзімен қинады Медғат атқан. Кекшіл мәңгі кек 
алмай неге кетсін, Байдың үйін торыды бақша жақтан (Үш ғасыр.). Болмасын кекшіл, 
Болсайшы көпшіл. Жан аямай кәсіп қыл (Абай).  
455. 
КЕЛСЕҢ КЕЛДІҢ ӨЗІ Еш нәрседен тайынбайтын, ерегіске құмар, шешінген судан 
тайынбас кісі. Ұрыс, төбелеске келгенде, ешкімнен тайына қоймайтын нағыз келсең 
келдің өзі деп естуші едім (С.Мұқанов.) 
456. 
КЕҢ БАЛАҚ, ЖАЛПЫ ЕТЕК Қолынан іс келмейтін, олақ, салдыр-салақ (әйел); 
шаруасы ұқсап жатпайтын кісі. Уай, соның кең балақ, жалпы етек, шүйке бас қатынын 
қойшы, тамағы таза емес (Ауызекі). 
457. 
КЕҢ КӨМЕЙ Қанағатсыз, тойымсыз, обыр. Олжа бала мен кең көмей болысты бір 
тойындырдым (М. Тиесов, Әңгім.).  
458. 
КЕҢ ҚОЛТЫҚ 1. Бейқам, қамсыз, алаңсыз. Мен бала күнімде естуші едім, біздің қазақ 
сартты көрсе, күлуші еді: «енеңді ұрайын, кең қолтық, шүлдіреген тәжік, арқадан, үй 
төбесіне саламын деп, қамыс артқан» деп (Абай, Тол. жин.). Баяғы бір кеңдік, ешнәрсені 
елемеушілік, кең қолтық, бейғамдық сияқты белгілі қалыптан басқа түк із жоқ 
(Ғ.Мүсірепов, Таңд шығ.). Сарыарқа сағынамын сары желін, Кең қолтық, келте шапан, 
өңкей ерің (Айтыс). 2. Мақтаншақ, тыраш. Мен бала күнімде естуші едім, біздің қазақ 
сартты көрсе, күлуші еді: «енеңді ұрайын, кең қолтық, шүлдіреген тәжік, арқадан, үй 
төбесінесаламын деп, қамыс артқан» деп (Абай, Тол. жин.). 
459. 
КЕППЕ КЕУДЕ Ісіп-кеппе мақтаншақ. Иесі батыраш бір кеппекеуде, Ұр-көппе, 
томырық мінез, намыс берме, Осы аста сағы сынып, бағы тайса, Ол өзін дап-дайын тұр 
“өлдім” деуге (І.Жансүгіров). 
460. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет