Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


ҮРТУ сын. Ұялшақ. Үрту мінезді тастау керек (Қазақ тілі. аймақ. сөздігі.)



Pdf көрінісі
бет342/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   338   339   340   341   342   343   344   345   ...   348
18.08.2023 dis

ҮРТУ сын. Ұялшақ. Үрту мінезді тастау керек (Қазақ тілі. аймақ. сөздігі.).  
979. 
ХАН КӨКІРЕК АДАМ көне. Өте тәкәппар адам туралы айтылады.  
980. 
ХАНҒА СӘЛЕМ БЕРМЕЙТІН 1. жағымсыз. Тәкаппар, өркеуде. Ханға сәлем 
бермейтін көкірек еді, сауап болды (Ауызекі). 2. жағымды. Өрмінез, намысшыл. Сауық та 
сын, ойлар да, сайран да сын, Ауыз екі дәріпке айналмасым. Қажып, талып барасың 
төменшіктеп, Ханға сәлем бермейтін, қайран басым (Ж. Жақыпбаев, Ләйлә). 
981. 
ШАБАЛ сын. Әлжуаз, әлсіз. Бергенін алған – жаманның ісі, ішкенін құсқан – 
шабалдың ісі (Мақал). 
982. 
ШАБАН сын. 1. Жайбасар, енжар, жалқау. Қазақ ала, арамза, шабан болған соң үкімет 
закон арқылы ұзақ жолмен, көп шығынмен қылатын жұмысын еппен қылып отыр 
(Ә.Бөкейханов, Шығ.). «Екі айдалғанды губернаторға көрсетемін» дейді. Біз сенің арық 
қара байталың мен шабан торыңды ұрлап алғанымыз жоқ (М.Дулатов, Шығ.). 2. Баяу, жай, 
сылбыр. Сондықтан заман жүйрік, біздер шабан, Артында ілесе алмай жүрміз әман. Күн 
сайын өзгеріліп, өнер артып, Бәрі де бара жатыр алға таман (А.Байтұрсынов, Шығ.). 
Ызғұтты көктің шабан тебіндеп келе жатқанын әңгіме қып отырды (М.Әуезов, Абай).  
983. 
ШАДЫР сын. Күйгелек, тез ашуланшақ, мінезі шайпау, шәлкес. Мінезі шадыр, тез 
ашуланғыш молданың көңілін Ербол ренжіткісі келген жоқ (М.Әуезов, Абай.). Мінезі 
шадыр да ұшқары жігіт (3.Шашкин, Сенім). Найзағай сияқты шарт-шұрт еткен шадыр 
мінезі болғанмен, зәрі жоқ, қайтымы тез болатын-ды (Ө.Тұрманжанов, Адам.).  
984. 
ШАДЫРЛАУ сын. Мінезі аздап шадыр; шайпаулау, шәлкестеу. Мінезі шадырлау
арық көсе кісі болатын (Т.Әбдіков, Ақиқат).— Шырағьш-ау, мінезің шадырлау еді, 
тұмсығын жарға соғып бүлдіріп аларсың (С.Досымов, Директор.). 
985. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   338   339   340   341   342   343   344   345   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет