Бастауыш сынып оқушыларының мәдени-бос уақытын ұйымдастырудың теориялық негіздері



бет13/16
Дата20.06.2022
өлшемі225.95 Kb.
#459360
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Бастауыш сынып оқушыларының мәдени-бос уақытын ұйымдастырудың теориялық негіздері

В) Проблеманы шешу: Әр түрлі материалдарды пайдалану арқылы байқағыштығын, шығармашылық қабілетін, қиялын, қол ептілігін дамыту.
Әдісі: Сұрақ- жауап, әңгімелеу, нұсқау беру, талдау.
Қолданылатын жабдықтар: қатты қағаз, түрлі- түсті қағаз, қайшы, сызғыш, қарындаш, ермексаз, дәнді дақылдар, табиғи материалдар, сүлгі т.б
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, балалар шығармашылығынан көрме, нақыл сөздер.
Өту барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі:

Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қолдамақ
Топ намысын қорғауға
Қыздар шықты ортаға- деп, сайысымызға қатысушы топтарды ортаға шақырамыз.
Сайысқа қатысушы оқушыларымызды таныстырып өтейін.

  1. Топ: Алпанова Нұрай

Алдабергенова Жансая
Азиз Перизат

  1. Топ: Құрманғалиева Нұрбина

Жақанша Зере
Сейілханқызы Айсамал
III -Топ: Асылбекова Әмина
Беспаева Әсел
Қазиханова Дариға
Осы өнерлі шебер балалардың еңбегін бағалайтын қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
1_______________
2_______________
3_______________

Сайыс кезеңдері:



  1. Таныстыру

  2. «Кім жылдам» сұрақ- жауап.

  3. «Жалғасын тап» мақал- мәтелдерді жалғастыру.

  4. Шығармашылық жұмыс.

  1. Негізгі бөлім:

«Шебер қолдар» тақырыбында ұйымдастырушылық- танымдық әңгіме.

  1. Кіріспе сөз

  • Біз, қай заманда өмір сүрсек те, адам өміріндегі ең негізгі іс- ол еңбек болмақ. Еңбексіз өмір жоқ. Оны күнделікті өздерінің ата- аналарыңның тынымсыз еңбектерінен байқауға болады.

Тәлім-тәрбие алуда ,теңіздей терең білімді игеру де еңбекпен байланысты. Еңбек үстінде адам шындалады, икемделеді, шеберлік қасиетке ие болады.
-Шебер адам қандай болу керек деп ойлайсыңдар?
Осы жақсы қасиеттерді біз еңбекке баулу пәні арқылы үйреніп, бойымызға сіңіреміз. Ендеше, сол пәннен ерекше шеберлігімен көзге түскен, 2 сынып оқушыларының қатысымен өтетін «Шебер қолдар» атты сайысымызға қош келдіңіздер.
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізер сіздердей өренді.
Жетістік мынау шыңына,- дей келе сайыскерлерімізге сәт- сапар тілейік.


1-Кезең: Таныстыру.
« Сәлем- сөздің анасы», әр топ атымен, ұранымен, эмблемасымен таныстырады.
Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,
Бір басына өнер- білім жетер деймін.
Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе деймін.

  1. Кезең: «Кім жылдам?» сұрақ- жауап.

«Кім жылдам?» бөлімінде кезекпен экрандағы ұяшықтарды таңдап, сұрақтарға жауап береді.
1.Аппликация дегеніміз не?
2.Аппликацияның қандай түрлерін білесің?
3.Тігістің қандай түрлерін білесің?
4.Матаның қандай түрлерін білесің?
5.Заттық аппликация дегеніміз не?
6.Сюжетті аппликация дегеніміз не?
3-кезең: «Жалғасын тап!» мақал- мәтелдер жлғастыру.
Ата- дәстүр абырой көтергенге
О, бұл сөздер сүйектен өтер демде!
Тоқталамыз енді біз, ал халайық,
Қанатты сөз мақал мен мәтелдерге,-дей келе мақал- мәтелдерді жалғастыру кезеңіне келіп жеттік.

  1. Өнерлі өрге жүзер

  2. Жігітке жеті өнер де аз

  3. Өнерді үйрен де жирен

  4. Ата көрген оқ жонар

  5. Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті

  6. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей

  7. Көз қорқақ, қол батыр

  8. Еңбек түбі береке

  9. Істі ине тікпейді, икемді қол тігеді.

  10. Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

Сергіту сәті.


Асыл тастан, өнер жастан
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, қалп айтпас,
Әрқашанда нанымды
Сол шындықты күнделікті
Көріп жүрміз өмірден.
Өнерімен танысайық
Тілекші боп көңілден.
Сайыскерлеріміздің өнерімен танысайық.
4-Кезең. Шығармашылық жұмыс.

  1. Ермексазбен жұмыс.

  2. Қағазбен жұмыс

  3. Түйме қадау.

Қажетті құрал- жабдықтарын түгендеу. Қауіпсздік ережесімен жеке бас гигиенасы, қайшымен жұмыс істеу ережелерін еске түсіру. Құрал- жабдығымызды парта бетіне реттеп қойып аламыз. Олар жұмысқа кедергі жасамауы керек. Әрқайсысы өзнің алдындағы дайындаған материалдарымен жұмыс істейді.


Оқулықта көрсетілген үлгілердің элементтерін пайдалану арқылы немесе өз қиялдарыңа ерік беріп, шеберліктеріңді көрсетіңдер. Жұмысты бастамас бұрын нені қалай жасауға болатынын жақсылап ойланып алыңыз.
Қорытынды:
Кімдер шешен, кім іскер білейікші
Өнерлісі деп мектептің жүрейікші
Қазыларға тек қана әділдікті
Ал сайскерге тек сәттілік тілейікші- деп, сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
Қазылар алқасына сөз беру.
Марапаттау.
Қымбатты көрермендер! Жеңімпаздарға биік шыңдарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді осымен аяқтаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет