Бекiтемiн: Жаңақорған аудандық жұмыспен қамту



бет2/4
Дата01.07.2016
өлшемі0.63 Mb.
#169851
1   2   3   4

5. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға
өтінімдерді олардың конкурстық құжаттама талаптарына
сәйкестігі мәніне конкурстық комиссияның қарауы және
әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға жіберу

      29. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілердің арасынан біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.


      30. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия:
      1) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілерден конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда сұратуға;
      2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратуға құқылы.
      Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұратулары мен өзге де әрекеттеріне жол берілмейді. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге бағытталған әрекеттері түсініледі.
      Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді, егер онда ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретін деп қарайды.
      31. Конкурстық комиссия мынадай жағдайларда әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына сәйкес емес деп таниды:
      1) әлеуетті өнім берушінің және ол тартқан қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) жұмыстары не көрсетілетін қызметтері біліктілік талаптарына сәйкес екенін растауға арналған құжатты (құжаттарды) әлеуетті өнім беруші ұсынбаған;
      2) оның сәйкестігін растауға арналған құжаттарда қамтылған ақпарат негізінде біліктілік талаптарына сәйкессіздік, сондай-ақ ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) біліктілік талаптарына сәйкессіздік фактісі анықталған;
      3) біліктілік талаптары жөнінде жалған ақпарат ұсынған.
      Әлеуеттi өнiм берушiнi Заңның 9-бабының 1-тармағында және осы Қағиданың 82 және 83-тармақтарында көзделмеген негiздемелер бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берiлмейдi.
      Конкурстық комиссия соманың бір процентінен астам мөлшерде өтінімді қамтамасыз ету енгізілген жағдайда, енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келеді деп таниды.
      32. Конкурстық комиссия мынадай жағдайларда енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды:
      1) банктік кепілдік түрінде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi жеткiлiксiз болса;
      2) конкурстық комиссияның:
      конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны;
      қатысу үшiн банктік кепілдік түрінде ұсынылған өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлiп отырған конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың атауын;
      банктік кепілдік түрінде ұсынылған өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмiн және (немесе) сомасын, сондай-ақ оны ұсыну шарттарын;
      конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету белгілеген тұлғаны;
      конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету пайдасына енгізіліп отырған тұлғаны анықтауына мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмауынан көрініс табатын конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген.
      Конкурсқа қатысуға арналған өтінімге енгізілген, конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін қамтамасыз етуді өзге негіздер бойынша тануға жол берілмейді.
      33. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші, егер:
      1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушы біліктілік талаптарына сәйкес емес деп айқындалса;
      2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса не ол тартқан қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) Заңның 6-бабының 1-тармағының 5), 5-1), 6) және 7) тармақшаларының талаптарын бұзса;
      3) конкурсқа қатысуға арналған оның өтінімі конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес емес деп айқындалса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурсқа қатысушы болып танылмайды).
      Егер әлеуетті өнім беруші осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген негіздемелер бойынша конкурсқа қатысуға жіберілмесе, онда:
      конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада осындай әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін кейінге қалдыру негіздемесі көрсетіледі;
      Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізілуге жатады.
      34. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия:
      1) біліктілік талаптарына және конкурсқа қатысуға жіберілетін (конкурсқа қатысушылар) конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды;
      2) осы Қағидаға сәйкес конкурстық құжаттамада көзделген критерийлердің пайыздық мәнін қолданады;
      3) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді және конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің (конкурсқа қатысушылардың) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық баға ұсыныстарын беру күнін, уақытын, орнын белгілейді.
      35. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.
      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде көрсетілген хаттаманың көшірмесін конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерге береді немесе жібереді, сондай-ақ қол қойылған хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсына орналастырады. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешімі Заңның 45-бабында белгіленген тәртіппен шағымдалуы мүмкін.

6. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім
берушілердің конкурстық баға ұсыныстарын ресімдеуі

      36. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер (конкурсқа қатысушылар) ұсынатын конкурстық баға ұсыныстары мынадай түрде ресімделеді:


      1) конкурстық баға ұсынысының нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы және оның мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) бекітілуі тиіс;
      2) конкурстық баға ұсынысында әлеуетті өнім берушінің грамматикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауға тиіс;
      3) отандық әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстары теңгемен берілуге тиіс.
      37. Әлеуетті өнім беруші конкурстық баға ұсынысын конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: «Сатып алу жөніндегі конкурс (Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген қызметтерді сатып алу) – (конкурстық баға ұсыныстарын ашатын күні мен уақытын көрсету қажет) дейін ашуға болмайды».
      Конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын қайтарып алу не өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуі сияқты, бірден артық конкурстық баға ұсынысын беруіне жол берілмейді.

7. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын
конкурстық комиссияның бағалауы мен салыстыруы және конкурс
жеңімпазын анықтау

      38. Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген күні, уақытта және орында конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру бойынша отырыс өткізеді.


      Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген мерзім аяқталғанға дейін конкурстық баға ұсыныстары бар конверттер ұсынған конкурсқа қатысушылар туралы мәліметтерді конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына хронологиялық тәртіппен енгізеді.
      Конкурстық комиссия отырысында конкурстық комиссия төрағасы не төраға конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан белгілеген тұлға:
      конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді оларды тіркеудің хронология тәртібімен ашады;
      конкурстық баға ұсыныстарын ұсынған конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын хронологиялық тәртібімен жария етеді;
      конкурстық комиссияның хатшысына ашылған конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді береді.
      39. Конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық баға ұсыныстары бар конверттердің мазмұнымен танысуға құқылы.
      40. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысына конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері аудио және бейне түсірілімдер жүргізу құқығымен қатысуға құқылы. Бұл ретте конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияны көрсетілген техникалық құралдарды қолдану туралы хабардар етуге тиіс.
      41. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсімін жеңілдету үшін конкурстық комиссия әр түрлі валютада берілген конкурстық баға ұсыныстарының барлық бағаларын Қазақстан Республикасының валютасына - конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы болатын күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша теңгеге аударады.
      42. Конкурстық комиссия:
      1) конкурсқа қатысушылардың конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді осы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асатын конкурстық баға ұсыныстарын кері қайтарады;
      2) егер оның бағасы демпингтік болып табылса, конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын кері қайтарады;
      3) егер осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздемелер бойынша конкурстық баға ұсыныстары кері қайтарылғаннан кейін конкурсқа қатысушылардың екі және одан көп конкурстық баға ұсыныстары конкурсқа қатысатын болса, конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген өлшемдердің проценттік мәнінің олардың конкурстық баға ұсыныстарына қатысты қолдану арқылы осы конкурсқа қатысушылардың шартты бағасын айқындайды;
      4) ең төмен шартты төмен шартты баға негізінде конкурстың жеңімпазын анықтайды.
      43. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру және конкурс жеңiмпазын анықтау нәтижелерi бойынша конкурстық комиссия конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы ресiмдейдi. Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алу нәтижелерi туралы хаттаманың әрбiр бетiне конкурстық комиссияның отырысына қатысқан барлық мүшелерi, сондай-ақ конкурстық комиссяның хатшысы қол қояды.
      44. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ол туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген әлеуетті өнім берушінің жазбаша сұрау салуын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей оған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін қайтарусыз негізде ұсынуға міндетті.

8. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару

      45. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарып береді:


      1) осы әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алған;
      2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған. Аталған жағдай конкурсқа қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;
      3) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған. Аталған жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
      4) мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген және конкурс жеңімпазы конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген;
      5) әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі өткен.
      46. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайларда:
      1) әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдерді табыс етудің түпкілікті мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтарып алса не өзгертсе және (немесе) толықтырса;
      2) конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуетті өнім беруші өзінің конкурстық баға ұсынысын белгіленген мерзімде табыс етпесе не кері қайтарып алса;
      3) конкурстың жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса;
      4) конкурстың жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаса не уақтылы орындамаса қайтармайды.

9. Конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып
алу туралы шарт

      47. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде Заңның талаптарына сәйкес Жұмыстарды (тауарларды/көрсетiлетiн қызметтердi) мемлекеттiк сатып алу туралы үлгi шарт негiзiнде тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа тапсырыс беруші қол қояды және өнім берушіге жібереді.


      48. Тапсырыс беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтарады.
      Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді тиісінше орындамаған жағдайда, тапсырыс беруші тұрақсыздық айыбын тиісті бюджет, мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлға немесе олармен үлестес тұлғалар кірісіне төлеу фактісі анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтарады.
      49. Заңның 37-бабының 67 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларда шарт бiр қаржы жылынан артық мерзiмге оны жасасу туралы ережелердi қамтуы тиiс.
      50. Шарт мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы жағдайларды қамтуы тиіс.
      51. Отандық тауар өндірушілермен және отандық жұмыстарды орындаушылармен, қызметтерді көрсетушілермен шарт алдын ала ақы төлеу және тауарларды жеткізгені, жұмыстарды орындағаны, қызметтерді көрсеткені үшін толық ақы төлеу шартын қамтуы тиіс. Бұл ретте толық ақы төлеу мерзімі осы шарт бойынша міндеттемелерді орындаған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен аспауы тиіс.
      52. Егер әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы шартты тапсырыс берушіге ұсынбаса немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізбеген жағдайда мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарған болып саналады.
      53. Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда тапсырыс беруші:
      1) ол конкурсқа қатысуға енгiзген өтiнiмдi қамтамасыз етудi ұстап қалады және мұндай әлеуеттi өнiм берушiнi мемлекеттiк сатып алудың теріс пиғылды қатысушысы деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгiнедi;
      2) мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруымен келтірілген шығындарды өтеу туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.

  Үлгi конкурстық


                                                       құжаттамаға
                                                        1-қосымша

Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн
                       қызметтердiң тiзбесi

Лот
N

Тапсы-
рыс
беру-
шiнiң
атауы

Тауарлардың
(жұмыстың,
қызметтiң)
атауы

Өлшем
бiрлi-
гi

Саны,
көлемi

Беру шарттары
(ИНК ОТЕРМС
2000 сәйкес)

Тауарлар
беру, жұмыс
тарды орын-
дау, қыз-
меттер
көрсету
мерзiмi

Тауар-
лар беру,
жұмыстарды
орындау,
қызметтер
көрсету
орны

Аванс-
тық
төлем
мөлше-
рi,
%

Конкурс
тәсiлiмен
мемлекеттiк
сатып алу
үшiн бөлiнген
сома (N
лот бойын-
ша),теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

«Жаңақорған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» КММ

Лот №1 - Мерекелік даталы, атаулы күндер қарсаңында әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне,өнер адамдарына т.б. адамдарға қайырымдылық көмектер көрсету. (30 тамыз Конституция күні, Қарттар күні, 1 желтоқсан-Тұңғыш Президент күні, 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні т.б мерекелерге);

Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын (мүгедектер, тұрмысы төмен отбасылар,ҰОС –на қатысушыларына, жалғызбасты қарттар т.б.) қолдау мақсатында, төтенше жағдайлар орын алған кезде («тұрғын үй» өртенгенде, судың астында қалуы және басқа да төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен), денсаулығына байланысты шұғыл медициналық көмек қажет ететін азаматтарға, әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан, қатыгездікпен қарау салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыға) көмек көрсетуге өтініш жасағандарға көмек алуды ұйымдастыру. Аудан есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметіне жәрдемдесуге;

қызмет

1




қараша-желтоқсан 2015 ж.

Жанакорған ауданы

0

3 000 000-00

3

Лот №2 - Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне, тыл ардагерлеріне, Батыр аналарға, ҰОС-на теңестірілгендерге қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыруға;

-ҰОС –дағы Жеңістің атаулы 70 жылдық мерекесіне орай ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне, марапатталған және марапатталмаған тыл ардагерлеріне, зейнеткерлерге, Батыр аналарға санаторлық-курорттық емдеу орындарына жолдамаға;

қызмет

1




қараша-қыркүйек- 2015 ж.

Жанакорған ауданы




3 000 000 -00


4

Лот №3 - Аудан көлемінде орналасқан тарихи-мәдени мұраларды қорғау мен көрнекті мемлекет және қоғамдық қайраткерлерін, спортшылар мен өнер адамдарын дәріптеуге, қарттар мен мүгедектерге және мүмкіндігі шектеулі адамдарға компьютер сауаттылығын дамыту шараларын ұйымдастыру;

Мәдениет пен өнерді дамыту; Қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты кент орталығындағы ипподромда ұлттық ат спорты түрінен іс-шараларды ұйымдастыра отырып, мүмкіндігі шектеулі балаларды қатыстырып, атқа мінгізу арқылы бұлшықеттерін дамытатын иппотерапиялық емдеу сипатында іс-шаралар ұйымдастыру. Осыған байланысты ипподромды безендіру, дайындау жұмыстары;

қызмет

1




қараша-қыркүйек- 2015 ж.

Жанакорған ауданы




3 095 000 -00


5

Лот №4 - Әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көп балалы отбасыларды ҚР Ұлттық «Отау ТВ» телеарнасына қосылуын ұйымдастырып қамтамасыз етуге;

қызмет

1




қараша-қыркүйек- 2015 ж.

Жанакорған ауданы




1 405 000-00




Барлығы






















10 500 000-00

Бөлім басшысының міндетін атқарушы А.Ахметов

_______________/___________/           _____________/______________/


Күні______________                     Күні______________
М.О.                                   М.О.

         Үлгi конкурстық


                                                       құжаттамаға
                                                        2-қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет