«Бекітемін» жшс «Ласточка» бөбекжай балабақшасы меңгерушісі Мергенбаева М. А. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары


Айы Ұйымдастырылған іс-әрекет



бет25/36
Дата02.10.2023
өлшемі112.32 Kb.
#479538
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36
Перспективка қыркүйектен бастап

Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Наурыз

Дене шынықтыру

- дене жаттығуларын орындауға қызығушылықтарын ояту;
- негізгі қимыл түрлері: жүру, жүгіру, секіру, лақтыру мен қағып алу, еңбектеу мен өрмелеуді орындаудың қарапайым дағдыларын жетілдіру;
- мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру;
- қимылдарды белсенді орындауды дамыту және қимылдарды үйлестіру, дене жаттығуларына қызығушылыққа баулу;
- денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене сапаларын: ептілік пен шапшаңдықты дамыту;
- құрдастарымен қимылды ойындарды бірге ойнауға, өзара оң қарымқатынас жасауға баулу;
- спорттық жабдықтарды қолдануда қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Секіру. Тұрған орнында қос аяқпен, 2-3 метр қашықтыққа алға қарай жылжып, құрсаудан құрсауға, заттарды айналып және заттардың арасымен секіру, 15-20 сантиметр биіктіктен секіру, ілініп тұрған затқа қолды тигізіп, тұрған орнынан жоғары секіру, сызықтан секіру, тұрған орнынан ұзындыққа 40 сантиметр қашықтыққа секіру.
Жалпы дамытушы жаттығулар.
Аяққа арналған жаттығулар:
- аяқтың ұшына көтерілу, аяқты алға қарай қою, аяқты жан-жаққа, артқа қою;
- қолдарды алға созып, жартылай отыру, тізені қолмен ұстап, басты төмен иіп, кезекпен тізені бүгіп, аяқты көтеру;
- отырып құм салынған қапшықтарды аяқтың бақайларымен қысып ұстау, таяқтың, білікшенің (диаметрі 6-8 сантиметр) бойымен қосалқы қадаммен жүру.
Қимылды ойындар
Қимылды ойындарға баулу, балаларды қарапайым ережелерді сақтауға, қимылдарды үйлестіруге, кеңістікті бағдарлауға, «жүгір», «ұста», «тұр» белгілеріне сәйкес әрекет етуге үйрету, қимыл түрлерін өзгерте отырып, ойындарға күрделі ережелерді енгізу. Қимылды ойындарды ойнату.
Спорттық жаттығулар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет