Бердалы Рысбеков «Бердалы атадан базарлық»



Pdf көрінісі
бет8/8
Дата28.03.2024
өлшемі1.98 Mb.
#496860
1   2   3   4   5   6   7   8
Ақ көбелек балаларға арналған ертегілер мен әңгімелер

Құдайдың жәндігі
 
 
Аула ішіндегі асхана дуалының дәл жанында құмырсқаның илеуі бар 
болатын. Бірін-бірі қуысып ойнап жүрген Азамат пен Дидар оның қасына 
келіп тұра қалды. Ал құмырсқалар болса ештеңемен ісі жоқ, бір-бір бидайық 
дәнін тістеп алып илеуіне тасып әлек. Кенет не ой келгенін қайдам Дидар 
жерден бір қураған шыбық тауып алды да құмырсқа илеуінің үстінен ары-
бері бір сыдыртып ӛтті. Опыр-топыр болған құмырсқалар жан-жаққа 
бытырай қашты.
– Әй, не істеп жатсыңдар? – деген атасының даусынан Дидар селк етті. 
Қолыңда қол орақ пен бір уыс шӛбі бар атасы анадайдан дауыстап келеді 
екен.
– Тимеңдер оларға! Олар да құдайдың тіршілігі. Нағыз еңбекқор, ақылды 
жәндіктер.
– Ата, олар менің аяғыма жабысты, – деді тӛрт жасар Дидар.
–Ал, сен кейін тұр. Олар ӛздігінен ешкімге тиіспейді, – деді атасы.
– Міне, осылай кейін тұр да олардың не істеп жатқанын қызықтай бер. 
Ал Дидарға қарағанда сәл ересек Азамат ойлана қалды. – Құдайдың 
жәндігі дейді? Кеше де осылай болған. Азамат малқора дуалы мен оған 
жақын тұрған ӛрік бұтағының арасына ӛрілген үлкен ӛрмекші торын кӛріп 
тоқтай қалған. Кішкене сары ӛрмекші зыр жүгіріп тор тоқып жатыр екен.
19


Азамат жақын тұрған қара талдан бір ұзынша шыбық сындырып алып, енді 
ӛрмекші торын түрткілей бастап еді. – Ей, тоқта балам! – деді мұны байқап 
қалған атасы, – тиме оған. Ол да құдайдың жаратқан бір жәндігі. Ол бұл 
торды еріккенен тоқып жатқан жоқ. Білесің бе, бұл торды оның не үшін 
тоқып жатқанын?
– Жоқ, білмеймін! – деген Азамат.
–Білмесең біліп ал, ол бұл торды шыбын-шіркейді ұстау үшін тоқып 
жатыр. Ӛрмекші соларды қорек етеді. Ал сен одан да бұл торды қалай 
тоқып жатқанын қызықта. Олар ӛздері титімдей болса да бұл торды ерінбей, 
жалықпай сағаттап тоқиды. Және қандай шеберлікпен тоқиды десеңші. 
Сондағысы бір азық үшін. Ал сен болсаң оны бір сәтте бұзып тастамақсың. 
Мұның жарамайды балам, қайта осы жәндіктерге қарап сендер еңбек 
етуді, ӛмірді үйренулерің керек! – деген болатын. Бүгін міне құмырсқаға да
тиме дейді.
Азамат атасына таңырқана қарады.
– Алғ сендер бұларды қанша сағат жұмыс істейді деп ойлайсыңдар? – 
деді атасы тағы да.
– Бес сағат, – деді Азамат ойланбастан.
– Бес сағат емес, – деді атасы күліп. – Таңның атысы мен күннің батысы 
бұл байғұстар бір тынбайды. Сонда неге дейсіңдер ғой. Бұларда да қартайған 
әке-шеше бар, мына сендерге ұқсаған топ-томпақ ботақан балалары бар. 
Солар үшін бұлар тынбай азық тасиды. Сондықтан да жұрт бұларды ең 
ақылды жәндік дейді.
– Сонда бұлар бізден де ақылды ма, ата? – деді ойына әлдене түскен 
Азамат.
– Ӛзің ойла, – деді атасы, – қалжасына қарасаң бұлар сенің тырнағыңа 
да татымайтын тіршілік иесі. Сӛйте тұра бір кісідей бірігіп тірлік жасайды. 
Ұрыспайды, таласпайды. Қыстық азығын жазда жинайды. Адам екеш адам 
да кейде дәл осылардай бола алмайды. Енді ӛзің айтшы, бұлар ақылды ма, 
жоқ ақылды емес пе?
–Ақылды, – деді Азамат.
– Міне енді мұның дұрыс! – деді атасы. Сондықтан да бұл жәндіктерге 
беталды тиіспеңдер. Бұларды да құдай жаратқан. Мына бізді қалай қиналып 
жаратса, бұларды да солай қиналып жаратқан. Бұлардың да мына біз 
сияқты ӛмір сүргісі келеді. Мына жарық дүниенің қызығын кӛргісі келеді... 
Түсіңдіңдер ме?
–Түсіндік, – деді Азамат.
Ал Дидар: – Атағ мен құмырсқаға тимеймін, – деді. – Мен де құмырсқаға 
ұқсаған ақылды боламын.
– О, менің ботақаным қандай ақылды, құмырсқадан да ақылды, – деген 
атасы қарқ-қарқ күліп, немересін құшағына ап сүйе берді. 
20


Мазмұны 
Емші Тасбақа ....................................................................... 4 
Кӛпір........................................................................................7
Борсық пен үйрек....................................................................8 
Екі бала немесе қайырымдылық ........................................10
Құтыршақ .............................................................................13
Ақ кӛбелек ............................................................................15 
Бозторғай...............................................................................17 
Құдайдың жәндігі.................................................................19 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет