Билет 1 Алаш әскерінің құрылуы, қызметі және Азамат соғысы кезіндегі іс-қимылдары. Қазақстандағы тоталитарлық жүйе: әлеуметтік-экономикалық негіздерінің жасалуы. Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және тап күресі


ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы облыстық қазақ сьездерінде көтерілген мәселелер



бет40/93
Дата29.09.2022
өлшемі445.52 Kb.
#461565
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   93
Тарих билет

1. ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы облыстық қазақ сьездерінде көтерілген мәселелер.
Семей облыстық қазақ съездері. 1917-1918 жылдар аралығында Семей облысындағы қазақ-қырғыздарының съезі өтті. Ең негізгі мәселелерді тек Құрылтай жиналысы ғана шешуге құқықты екендігін, ел арасына тыныштық пен татулықты сол ғана алып келе алатындығын айтып, оның жұмысына барлық халықтардың өкілдері қатынасып, сайлау құқығы жалпыға бірдей, тең, төте және құпия болуын, ешқандай да білім, мүлік, және отырықшылық езгі болмауын жақтады.
Орал облыстық қазақ съезі, 1917 жылы сәуірдің 19 мен 22 аралығында Орал облысы қазақ комитетінің ұйымдастыруымен Орал қаласында өтті. Съезге осы облыстың болыстарынан 800-ден астам делегат қатысты. Съездің төралқасы құрамына Ж.Досмұхамедов (төрағасы), Ғ.Әлібеков, А.Қалменов (төраға орынбасарлары), Ғ.Жетпісбаев, Х.Ахметшин және Н.Арғыншиев (хатшылары) сайланды. Съездің күн тәртібінде мемлекеттік басқару құрылымы, соғысқа, Уақытша үкіметке көзқарас, жер, дін, сот ісі, оқу-ағарту, мәдениет және шаруашылық-қаражат мәселелері секілді 23 мәселе қойылып, тиісті шешімдер қабылданды.
Съезде Ресей көлемінде ұлттық-аумақтық федерация құру мәселесін басы ашық қалдыра отырып, Құрылтай сайлайтын федеративті-демократиялық республика құру, жергілікті өзін-өзі басқару мәселесіне облыстық қазақ управасын сайлау, соғысты жеңіске жеткенше жүргізе беру, ал Уақытша үкіметтің қызметі уәде етілгендей демократиялы болса қолдау көрсету, жер мәселесі бойынша сырттан көшіп келушілерге және қазақтардың пайдалануындағы жерлерді алуға тыйым салу, дінге байланысты облыстық діни басқармасын Орынбор муфтиатына бағындыру, жергілікті жерлерді басқаруға тиісті өкімет пен атқару органдары жүйесін құру, орта мектептер ашу және кәсіби мамандардың қатынасуымен оқу-ағарту ісін реформалау мәселелерін талқылау үшін мұғалімдер құрылтайын шақыру, т.б. мәселелер талқыланды.
Жетісу облыстық қазақ съезі, 1917 ж. 12-14 сәуір аралығында облыстық қазақ комитетінің ұйымдастыруымен Верный қаласында өтті. Съезге Верный, Жаркент, Лепсі, Қапал, Пішпек, Пржевальск уездерінен 81 өкіл қатысты. Съездің төралқасы құрамына Ы.Жайнақов (төраға), Ғ.Ордабаев пен А.Құдайбергенов (төраға орынбасарлары), Қ.Шегіров пен Н.Жақыпбаев (хатшылары) сайланды.[1] Съездің күн тәртібіне соғысқа көзқарас, Уақытша үкіметке көзқарас, азық-түлік, жер-су мәселесі, рухани-діни іс, сот, оқу-ағарту, мал шаруашылығы, орыстар мен қазақтардың ара қатынасын реттеу және 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалыстан соң ауған босқындарды Қытайдан қайтару сияқты 17 мәселе қойылып, нақты шешімдер қабылданды. Соғыс мәселесінде — “оны жеңіске жеткенше жалғастыру”, Уақытша үкіметке бағынып, оған жан-жақты қолдау көрсету, дін ісінде — “далалық Орал, Торғай, Ақмола, Семей және Жетісу облыстарына ортақ” ерекше діни жиналыс құрып, оны “Қазақстан” деп атау, басқару жүйесінің барлық деңгейлерінде міндетті түрде екі комиссардан — бірі орыс, екіншісі мұсылман тағайындау, жер мәселесінде “облыс шеттен қоныс аударушылар үшін мүлде жабық деп саналсын” делініп, Қытайға ауған босқындарды мүмкіндігінше қауіпсіз жерлерге орналастыру, қарулы қақтығыстарды болдырмау үшін бұл мәселені Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің бақылауына беру болды. Съезд делегаттары назарынан жалпықазақ және бүкілресейлік мұсылмандар съезі мен Құрылтай жиналысына дайындық мәселелері сырт қалды.
Жетісу облыстық қазақ съезіне мал шаруашылығы, отырықшылыққа көшу сияқты жекелеген, нақты экономикалық мәселелерге көбірек көңіл бөлінді. Большевиктер билік басына келгеннен кейін саяси ахуалдың күрт өзгеруіне орай Жетісу облысында 1918 жылдың қаңтар, мамыр және тамыз айларында тағы да бірқатар қазақ съездері шақырылып, онда облыста басқару органдарын құру, ұлттық әскер жасақтау, оларды қажетті заттармен қамтамасыз ету және т.б. кезек күттірмес мәселелер талқыланды. 1918 жылдың 10 — 31 тамыз аралығында өткен съезде облыстық қазақ комитетінің құрамы қайта сайланып, оған М.Тынышбаев енгізілді. Мүшелері: Ы.Жайнақов (төраға), С.Сабатаев, Түлембай Дүйсебаев, Н.Жақыпбаев, Б.Мәметов, Б.Сүлеев, И.Тергеусізов болды.
Торғай облыстық қазақ съездері. Облыстық қазақ съездерін бастап берген 1917 жылы болып өткен Торғай облысы қазақтарының съезі еді. Съез жаңа тәртіп жайы, жер мәселесін, земство туралы, зиянды мекемелер мен шенеуніктер ісін, тағы сол сияқты барлығы 13 мәселші қарап, олар бойынша қаулы қабылдады. Ол мемлекеттік құрылыс жөнінде кеңесе келіп, «Ресей мемлекеті демократиялық, парламшттік, қатаң бір орталыққа бағынбаған республика болсын» деген тоқтамға келеді. Ал бүкілресейлік құрылтай жиналысына әр халықтан санына қарай депутат сайлауын, сайлауға әйелдердің де қатынасуын қолдайды. Съез үкімет орындары - ауылдық, болыстық, уездік және облыстық комитеттер ашу туралы қаулысында оларды құру жолдарын көрсетіп, ескі биліктің өз өкілдігін жаңа сайланған атқару комитеттеріне өткізу тәртібін, сондай-ақ жаңа билік орындарының жұмыс ретін белгілеп берді





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет