Біліктілікті арттыру курсы «Қазақ тілінен ғылыми жұмысқа дайындық» арнайы курс бағдарламасы
4.Арнайы курсты оқыту бағдарламасының мақсаты: Заманауи кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктерді және мета-пәндік, коммуникативтік, цифрлық дағдыларды меңгерген, оның ішінде инклюзивті білім беруді іске асыратын, педагогикалық бейіндегі жоғары білімі бар адамдар үшін мектептерде білім беру практикасын қайта құру мен жетілдіруде кәсіби қызметпен нәтижелі айналысуға қабілетті педагогтерді қайта даярлау. Гуманитарлық таным техникасы мен оның жекелеген тәсілдеріне негізделген жалпы ережелер мен әдістерді, оқылымды, жазылым мен ауызша таныстыру дағдыларын меңгерту. арнайы курсты оқыту бағдарламасының міндеттері: пайымдауларын қалыптастыру үшін ақпарат іздеу, жинау және түсіндіру және ғылыми зерттеулердің библиографиялық аппаратын ресімдеу жөніндегі талаптарға сәйкес пайдаланылатын әдебиеттер тізімін құру; әртүрлі жанрдағы ғылыми мәтіндерді, соның ішінде эссе,баяндама, шығарма,ғылыми жұмыстар мен ғылыми жобалар жазудың әдіснамасын меңгеру; жалпы ғылыми әдістер мен қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдана отырып, ғылыми зерттеудің базалық білімін, жұмыс істеу дағдылары мен ауызша таныстыруды пайдалана білу; арнайы курс бойынша оқыту нәтижелері - Ғылыми жұмыстың негізгі қағидаттарын біледі; - Ғылыми жұмыстың атап айтқанда, аңдатпаның, құрылымы мен форматын жазуға дағдыланады; - Сыни ойлау технологиясы аспектісінде ғылыми, оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттерді оқуда оқылым дағдыларын қолдана біледі; Ғылыми және оқу ақпараттарын алу мақсатында берілген тақырып бойынша арнайы әдебиеттерді оқуға және ғылыми зерттеулердің библиографиялық аппаратын ресімдеу жөніндегі талаптарға сәйкес пайдаланылатын әдебиеттер тізімін құрастыра алады; Өзінің жүргізген ғылыми-зерттеу нәтижелерін ауызша және жазбаша (эссе) таныстыра алады; Ғылыми жұмысының нәтижесін ғылыми ортада қорғай алады. Негізгі терминдердің мәнін түсінеді және меңгереді, қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда және оқыту құрылымында Қазақстанның көрнекті тарихи-әдеби тұлғаларының өмірі мен шығармашылығын, мектептегі жобалық, зерттеу жұмыстарының инновациялық әдістерін біледі; - Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың тиімді стратегиясын және талдау, эссе жазуда болашақ мамандықтың тілдік дағдыларын шығармашылықпен қолдана алады; - Жаңартылған орта білім беру мазмұны жағдайында қазақ тілі мұғалімінің жұмыс істеу дағдыларын, инклюзивті білім берудің әдістері мен нысандарын қолданады; - Білім беру ұйымдарында қазақ тілін оқытуда академиялық жазу дағдыларын меңгертіп, кәсіби құзыреттерді пайдаланады; - Түрлі оқу мақсатындағы әртүрлі аудиториямен тиімді және шығармашылық қарым-қатынас жасау үшін ауызша, жазбаша және визуалды сөйлеу дағдыларын дамытады; - Критериалды бағалау жүйесі негізінде оқыту нәтижелерін талдайды және оқу жетістіктерін бағалайды, мәтінді филологиялық талдау, эссе, мәтін; - Рефлексивті дағдыларды, стартап-жобалардың жетістіктерін, өз өлкесінің құндылықтарын қолдану негізінде өзінің педагогикалық қызметінің нәтижелерін бағалайды - Қазақ тілін оқыту мен оқытуда инновациялық тәсілдерді (оның ішінде АКТ-технологиялар) қолдану арқылы өздігінен кәсіби білім ала отырып көшбасшылық және педагогикалық шеберлік дағдыларын дамытады. жүктеу/скачать 36.87 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |