Білім алушыларға арналған пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуды ұйымдастыру



бет10/50
Дата02.01.2022
өлшемі164.91 Kb.
#452115
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   50
математика 1 к

Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуды ұйымдастыру

4-дәріс

Тақырыбы: Оқу пәнін оқыту үдерісін ұйымдастырудың ғылыми негіздері

Соңғы кезде көптеген мұғалімдер оқу үдерісін жандандыру, оқушылар білім сапасының денгейін, олардың ынтасын, белсенділігін арттыру үшін сабақ барысында түрлі әдістер қолданып ізденістер жасауда. Дегенмен бұл әлі жеткіліксіз. Оқушының білім сапасын көтеріп, білім стандарты денгейіне дейін жеткізуде педагогикалық технологияның ролі ерекше. В.П. Беспалько «педагогикалық технология іске асырылатын жүйенің жобасын айтады» десе, В. М. Монахов мынадай анықтама береді: «педагогикалық технология – оқу үдерісін жоспарлаудың жүйелілік әдісі, оқытудың тиімді түріне жету мақсатында, адам мен технологиялық ресурстарды, олардың ара – қатынасын ескере отырып, бүкіл оқыту мен білімді меңгеру процесін жүргізу, оны бағалау».

Технология - бұл әдістеме емес, одан күрделірек түсінік. Қазіргі педагогика теориясы мен тәжірибесінде педагогикалық технологияның бірнеше түрлері келтіріліп, кейбіреулері тәжірибеде қолданылуда.

Педагогикалық технологияның түрлері өте көп солардың ішіндегі дәстүрлі технологияларды жетілдіру, модернизациялау барысында С.В.Кукушин математика сабағында қолдануға болатын педагогикалық технологияның төмендегідей түрлерін ұсынады:



  • педагогикалық қарым – қатынасты ізгіліктендіру және демократияландыру негізіндегі (ынтымақтастық технологиясы, Ш. А. Амонашвилидің гумандық-тұлғалық технологиясы);

  • оқушының әрекетін белсендіру және интенсифтендіру (ойын технологиясы; проблемалық оқыту; В.Ф.Шаталовтың тірек сигналдары негізінде оқыту технологиясы; Е.И.Пассовтың коммуникативтік (құзіреттілік) оқытуы);

  • оқу үдерісін басқару және ұйымдастырудың тиімділігі негізіндегі (бағдарламалық оқыту; дифференциялап оқыту технологиясы; саралап оқыту технологиясы; талдау барысында басқаруда тірек схемаларды қолдана отырып, оза оқыту (Лысенкова С.Н.); топтық және ұжымдық оқыту; компьютерлік технология);

  • оқу материалын әдістемелік жетілдіру және дидактикалық қайта құру негізіндегі технология (дидактикалық бірлікті ірілендіру П. М. Эрдниев);

  • оқушының білім деңгейін жетілдіру (денгейлеп оқыту Ж. Қараев, Т. Қ. Оспанов, Б.М.Қосанов);

  • дамыта оқыту технологиясы (В. В. Давыдов, Д. В. Эльконин, Л. В. Занков).

Бастауыш сынып оқушысының тұлғасын қалыптастыру мен дамытуда педагогикалық қарым – қатынасты ізгіліктендіру, демократияландыру, гуманитарландыру ұстанымдарының ролі зор.

Ынтымақтастық педагогикасы оқушыны әр түрлі өзара тығыз байланыстағы іс - әрекеттердің, ең алдымен оқу – білім, қоғамдық-пайдалы еңбек, ақыл – ой шығармашылық, т. б. іс-әрекеттердің субьектісі ретінде түсінеді.

Математика сабағында оқушылардың оқу әрекетін белсендіру және интенсивтендіру негіздеріндегі педагогикалық технологияларға ойын, проблемалық оқыту, тірек сигналдары негізінде оқыту технологияларын жатқызуға болады. ШКБМ математика сабақтарында оқушылардың жас ерекшелеріне қарай ойын түрлерін қолдануға болады. Математикалық ойындардың бір түрлері логикалық ойын мен математикалық сызбаларға негізделеді, ал кейбіреулері тез ойлап, шешуді талап ететін ауызша есептен тұрады. Ондай ойындарға фигураларды бірден сызып шығу, логикалық есептер, өлең есептері, сөзжұмбақтар шештіру сияқты түрлерін жатқызуға болады.

Бағдарламалап оқыту оқушылардың танымдық қабілетін дамытудың, оқу процесін үйлесімді басқарудың негізгі құралдарының бірі. Бағдарламалап оқытуда қандайда бір материалды бөліктерге бөліп (порциялап) оқиды. Математика сабағында бағдарламалап оқыту амал алгоритмін меңгеру, яғни көп таңбалы сандарды бір, екі және үш таңбалы сандарға бөлу тәсілдерін меңгеру барысында жүзеге асырылады.

Қазіргі білім беру саласындағы жеке тұлғаға бағытталған, жан-жақты тәрбиелі тұлға қалыптастыруға ұмтылған тенденцияға орай оқыту мәселесіне ерекше мән беріле бастады. Дифференциялап оқыту дегеніміз оқушының дара ерекшелігіне қарай, дифференциялды өзіндік жұмыс, үйге тапсырмалар беру, өзін - өзі бағалауға үйрету деп ойлаймыз.

Дифференциялды өзіндік жұмысты карточкамен және перфокартамен жұмыс, дифференциалды тест тапсырмалары арқылы ұйымдастыруға болады.

Соңғы жылдары әр мектептің өз мүмкіндіктеріне орай математиканы оқытуда компьютерлік оқыту да кеңінен қолданыла бастады. Ал жаппай ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге балаларды дайындау үшін төртінші сыныптың соңына қарай микрокалькуляторларды пайдаланып, есептеулер жүргізуге машықтандыруға арналған арнайы сабақтар өткізіледі. Оның алғашқы сабағында микрокалькулятор, оның құрылысымен таныстырып, түрлері қарастырылады. Оқушылар өмірден оның бірнеше түрлерін көрген, кейбіреулері оны пайдалануы да мүмкін. Мұғалімдердің мақсаты –оқушыларға микрокалькулятормен үлкен сандармен есептеулер жүргізуде әр түрлі амалдарды тез әрі жеңіл орындауға болатынын түсіндіру

Математика сабағында қолданылатын оқу материалдарын әдістемелік жетілдіру және дидактикалық қайта құру негізіндегі технологиялар қатарына: білімнің дидактикалық бірлігін ірілендіру технологиясын жатқызуға болады. Білімнің дидактикалық бірлігін ірілендіру дегеніміз материалдарды өзара байланыста қатар оқыту деген сөз. Теріс емес бүтін сандардың нумерациясын, оларға амалдар қолдану, сандарды салыстыру, санғы көбейту және бөлу мәселелерін оқытып-үйретуде шамалардың өлшем бірліктері, оларға амал орындау қатар қарастырылады

Дамыта оқыту - оқу үдерісін жеке тұлғаның потенциалдық мүмкіндіктеріне және оларды жүзеге асыруға бағыттау.

Дамыта оқыту әдістемелеріндегі ең басты нәрсе - оқушыларды шығармашылық әрекет жағдайына енгізу, мұның өзі оқытудың зерттеу әдістеріне ерекше мен берілетінін көрсетеді. Математика сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға бағытталған арнайы жасыл қоршаумен берілген тапсырмалар бар. Бұған қоса, математика сабақтарында есептермен байланысты, төмендегідей шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыруға болады: берілген есепте кері есеп құрастыру және шығару; белгілі шешуі, берілген қатынас, сызба, сурет бойынша есеп құрастыру; сұраққа сәйкестендірілген және керісінше, шартқа сәйкестендірілген сұрақты түрлендіру; есептің шартын және сұрағын түрлендіру; жай есепті, екі немесе одан да артық амалдармен шығарылатын есептерді түрлендіру; әр түрлі есептер құрастыру және оны тиімді жолдармен шешу және т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет