Білім беру бағдарламасы : Кредит саны (ects): 3 Семестр: 5-6 Пререквизиттер: Физика, математика, химия


Дәріс №14. Жұмыс орнын желдету жүйелері



бет16/17
Дата31.01.2024
өлшемі108.52 Kb.
#490394
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
ОТ Лек жинагы 2023

Дәріс №14. Жұмыс орнын желдету жүйелері

Өндірістік бөлмелерді желдету - бұл жұмыс бөлмелеріндегі ауа ортасының белгілі бір сапасын қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар мен құрылғылардың жиынтығы. Желдету жүйесі жұмыс орындарында және өндірістік цехтерде ауа ортасын қалыпқа келтіруде басым рөл атқарады.


Өндірістік ортаны желдетуге қойылатын негізгі санитарлық-гигиеналық талаптар мен нормативтер, сондай-ақ құрылыс нормаларымен және құрылыс ережелерімен анықталады. Желдетудің тиімді жұмыс істеуі үшін оны жобалау кезеңінде бірқатар санитарлық-гигиеналық және техникалық талаптардың орындалуы қамтамасыз етілуі маңызды. Өндірістік бөлмелерді желдету және жұмыс аймағындағы ауа ортасының талап етілетін параметрлерін қамтамасыз ету үшін қажетті ауа мөлшері есептеу тәсілімен белгіленеді. Есептеу артық жылу, ылғал немесе бөлінетін зиянды заттардың (шаң, газдар, булар) мөлшері бойынша жүргізіледі. Ғимаратта жылу, ылғал және зиянды заттар бір мезгілде бөлінген кезде қажетті ауа алмасу басым зияндылығы бойынша орнатылуы тиіс6.
Желдету жүйесі шу мен қоршаған ортаны ластау көзі болмауы керек. Пайдалану процесінде желдету жүйелеріне қызмет көрсетілуі, ластанудан тазартылуы керек және белгіленген кестеге сәйкес жөндеуден өтуі тиіс.
Мысал ретінде «Жамбыл Рем Сервис» ЖШС-де бояу-сырлау цехында ауа алмасуды есептеу жұмыстарын жүргізейік. Желдету жүйесінің мақсаты болып бөлінетін зиянды заттардың мөлшерін шекті рұқсат етілген мөлшерге дейн шоғырландыру болып табылады. Өндірістік корпус биіктігі 9,8м дейін бір аралықты ғимарат. Өрт-жарылыс қауіптілігі бойынша ғимарат санаты-В3 жатады, отқа төзімділік дәрежесі-IV сынып. Жұмыс тәртібі бес күндік жұмыс аптасында бір ауысымды. Бояу учаскесінде технологиялық процесі кезінде бояулардың аэрозольдері және еріткіштердің буларын бөлінеді.
Жұмыс барысында қолданылатын бояу «СК-АКРИЛ» эмалі, еріткіштерден - бутилацетат және толуол. Бөлінетін зиянды заттар - орташа қауіпті, үшінші және төртінші қауіптілік класына жатады. Жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың ШРЕК:
Толуол-50мг/м3 - III қауіптілік сыныбы;
Бутилацетат-200мг/м3 - IV қауіптілік сыныбы;
Бояу аэрозолі-5мг/м3 - III қауіптілік класы.
Бояу пневматикалық пистолеті көмегімен жасалады. Бір уақытта екі моляр жұмыс істейді. Бұйымдарды бояу өлшемдері 14х12м болатын камерасыз алаңда жүргізіледі.
Бояу-сырлау цехінде желдету жүйесінің ауа әкету жүйелері жасалынып жұмыс істейді, ал ауа әкелу жүйелері қарастырылмаған. Сондықтан, жұмыста ауа әкелу жүйесін есептеп, қажетті вентиляторды есмептеп, ұсыныс жасаймыз. Есептеуді жүргізу үшін алдымен өндірістік ғимараттың көлемін анықтайық:


, (1)

мұндағы: a – Бояу-сырлау цехінің ұзындығы, 38м;


b – цехтің ені, 10м;
c – цехтің биіктігі, 9,8м.

Бояу және сырлау цехына ауа әкелу жүйесін есептеу үшін ҚР ҚН 4.02-01-2011 құжатына сәйкес керекті вентилятордың қуатын төмендегі ықшамдалған формула арқылы анықтаймыз:


, (2)
мұндағы: P – цехқа қажетті ауа мөлшерін әкелуге керекті қуат, м3/сағ;
Kе – өндірістік ғимараттың сипатына байланысты ауа ауыстырудың еселігік коэффиценті, ҚР ҚН 4.02-01-2011 сәйкес ғимаратқа ауа әкелуге 20·1/сағ тең, ал ауа әкету жүйесіне 10·1/сағ тең.


Pауа әкелу=3724·20=74480 м3/сағ
Pауа әкету=3724·10=37240 м3/сағ

Жоғарыдағы есептеу бойынша, қуаты 75000 м3/сағ құрайтын KNV-75-P маркалы ауа әкелу жүйесіне вентилятор таңдалады, ал ауа әкету жүйесіне қуаты 40000 м3/сағ құрайтын KNV-40-P маралы вентилятор ұсынылады. Ұсынылған желдету жүйелерін орналастыру сызбасы төмендегі сурет 3.1 көрсетілген.





Сурет – 3.1 ЖШС «Жамбыл Рем Сервис» сырлау цехна ұсынылған ауа ауыстыру жүйесінің сызбасы.


Желдету жүйелерінің дұрыс және ұзақ жұмыс істеуі үшін вентелятордың сору құбырларына арнайы фильтрлар орналастырылады және оны әр период сайын ауыстырып тазалап отырады7.


Вагондарды жөндеу кезінде көптеген детальдарды дәнекерлеу жұмыстарымен тікелей байланысты. Сондықтан да вагондарды жөндеу цехтарындағы дәнекерлеу процессі кезінде бөлінетін зинды заттардың мөлшерін анықтау, оны ауа әкету ге байланысты мөлшерін анықтау өзекті болып табылады.
Дәнекерлеу процессі кезінде металға жоғары температураның әсер етуінен оның тотығуы және булануы жүреді. Металдың еру нәтижесінде ауамен әрекеттесетін әр түрлі адам ағзасына химилық зиянды элементтер бөлінеді. Ол өз кезегінде жұмысшылардың тыныс жолдары арқылы улануына және кәсіби кеселденуіне ікеледі.
Дәнекерлеужұмыстарынан бөлінетін зиянды заттар жұмыс ортасында тұнып, өндірістік бөлме газдалып тұрады. Бөлме біртіндеп шаңданған және газдалған болады. Дәнекерлеуден пайда болатын зиянды тұнба өте баяу тұрғандықтан, дәнекерлеу жұмыстары үнемі жүргізілетін өндірістік бөлмеделерде ауа таза емес және тыныс алу үшін зиян болып есептеледі. Мекемеде жұмысшыларды дәнекерлеуден пайда болатын зиянды тұнбаларға қарсы тыныс жолдарын қорғайтын құралдармен қамтамасыз етеді, бірақ олар жұмысшыны химиялық заттардан толықтай қорғамайды.
Дәнекерлеу шаңында кремний, темір және марганец оксидтері, сондай-ақ дәнекерлеу аэрозолының құрамына кіретін зиянды газдар мен басқа да улы қосындылар бар. Тыныс алу кезінде бұл элементтердің қоспасы тыныс алу жолдарына еркін енеді.
Мөлшері 2-5 мкм болатын шаңның ең кішкентай бөлшектері тереңірек енеді, ал мөлшері 10 мкм болатын бөлшектер бронхқа түседі. Олар денсаулыққа қауіпті және ағзаға үнемі еніп, қабыну процестерінің пайда болуына себеп болады, сонымен қатар кәсіби аурулар тудырады.
Бұл зиянды факторлар адам организімінде жиналып жұмысшыгның жиі бас ауруына, анемияға, ас қорыту жолындағы проблемаларға және өкпе ауруларының барлық түрлеріне әкеледі. Жүрек айну, бас айналу, терінің тітіркенуі, жөтел, температураның жоғарылауы сияқты алғашқы белгілер дәнекерлеу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамауды және жеке қорғаныс құралдарын дұрыс таңдамауды және жұмыс орнында қауіпсіздік жағдайларының орындалмауын көрсетеді.
Өндірістік цехте ауа алмасуды есептеу дәнекерлеу кезінде бөлінетін зиянды заттарды ассимиляциялау мақсатында жүргізіледі. Дәнекерлеу жұмыстары цехта нақты белгіленген жұмыс орнында жүргізілмейді. Есептеуді орындау үшін бастапқы мәліметтер ретінде дәнекерлеу кезінде бөлінетін зиянды заттардың концентрациясы болып табылады. Бастапқы мәліметтер:
- Технологиялық процесс: Болат металдарды жартылай автоматты құрылғымен дәнекерлеу;
- Электрод типі: Э46-МР-3;
- Жүктелу коэффиценті - 0,5;
- Жалпы шығын 1 кг/сағ.
Өндірістік бөлменің сипаттамасы: Өрт-жарылыс қауіптілігі бойынша цех В3 санатына жатады, ішкі бөлме температурасы 180С. Дәнекерлеу жұмыстары жүргізілген кездекелесідей мөлшерде негізгі зиянды заттар бөлінеді:
– марганец және оның қосылыстары – 0,04 г/сағ
ШРЕКр3 = 0,1 мг/м3, қауіптілік класы бойынша II деңгейде

  • темір оксиді – 0,54 г/сағ

ШРЕКр3 =4 мг/м3, қауіптілік класы бойынша IV деңгейде
– бейорганикалық шаң – 0,29 г/сағ
ШРЕКр3 =4 мг/м3, қауіптілік класы бойынша IV деңгейде

Қажетті ауа алмастыру мөлшері келесі формуламен анықталады:


, (3.3)
мұндағы, L –қажетті ауа алмасу мөлшері, м3/сағ;
G -цехтың ауасына бөлінетін зиянды заттардың мөлшері, г/сағ;
хв – ҚР СТ 2018-2010сәйкес жұмыс аймағының ауасына зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясы, 0,1 мг/м3 тең.
хн – ауадағы зиянды заттардың мүмкін болатын ең жоғары концентрациясы, мг/м3.


570 м3/сағ
135 м3/сағ
76 м3/сағ

Яғни, дәнекерлеу жұмыстары кезінде өндірістік бөлменің ауасына бөлінетін негізгі зиянды заттардың мөлшерін анықтадық және өндірістік бөлмеге қажетті ауа алмасу мөлшерін анықтадық. Осыған байланысты ауа әкетуге қажетті қондырғының түрі таңдалады. Желдету жүйесінің қажетті маркасын және қажетті қуаттылығын таңдау бойынша есептеулер жоғарыда көрсетілген 3.1, 3.2 формулалары арқылы жүргізіледі.


Дәріс №15. Жарақаттанушылықты төмендетуге бағытталған іс-әрекеттер

Өмір мен денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің мемлекет пен біздің әрқайсысымыздың бірінші дәрежелі міндеті. Тек адам ғана өзі мен өзінің жақындарын, ағат қылықтардың салдарларынан қорғауға қабілетті. Өндірістік сала – бұл іс жүзінде барлығы да кез болатын сала. Сондықтан адамдар қызметі үшін барынша қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету, өндірісті ұйымдастыруда орын алған жаңсақтықтарды талдау мен оларды жоя білуге үйрену қажет.


Өндірістік жарақаттанушылықтың негізгі аспектілерін, сондай-ақ қауіптілік-деңгейін елеулі төмендететін іс-шараларды қарастырайық. Олардың салдарларымен күресуден гөрі, барлық жағымсыз оқиғалардан сақтандыру анағұрлым тиімдірек екендігін ұмытпау керек. Сондықтан өндірістік қызметтің қауіпті жағдаяттар профилактикасы сияқты қабаты – жарақаттануды төмендету жөніндегі негізгі шара.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет