«білім берудегі 4к моделі: теория мен әдістеме» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік



Pdf көрінісі
бет1/138
Дата08.10.2023
өлшемі2.86 Mb.
#480116
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   138
Bilim-berudegi-4K-zhina-y



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
АБАЙ АТЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН 
ТЕРЕҢДЕТЕ ОҚЫТАТЫН ОРТА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ 
«
БІЛІМ БЕРУДЕГІ 4К МОДЕЛІ: ТЕОРИЯ МЕН ӘДІСТЕМЕ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік 
 
конференция 
МАТЕРИАЛДАРЫ 
Алматы 
2020 


ӘОЖ 37.0(063) 
КБЖ 74.00 
Б 94 
Ғылыми басылым 
Баспаға конференцияның редакция алқасы ұсынған 
Жалпы редакциясын басқарған 
Сексенова Роза Ербозымқызы 
Жауапты редакторлар: 
И.К. Мусабекова, Ж.С. Абитова, Д.Г. Орынбаева 
«
Білім берудгі 4К моделі: теория мен әдістеме» атты республикалық ғылыми-
тәжірибелік конференция материалдары. – Алматы: Абай атындағы РММИ, 2020. – 
187 
бет 
ISBN 978-601-298-918-2 
Жинақта ұстаздар жаңартылған білім беру мазмұнының артықшылықтары, оқыту мен оқуда кездесетін 
кедергілер және оны жеңу жолдарын көрсетіп, жаңартылған білім беру жағдайында оқушыларды 
психологиялық-педагогикалық қолдау әдіс-тәсілдерін ұсынды. Жинақтың бірінші бөлімінде ЖОО 
ғалымдары мен мектеп-интернат ұстаздарының ғылыми мақалалары ұсынылса, екінші бөлімінде мектеп-
интернат ұстаздарының ең үздік ҚМЖ үлгілері берілген. 
Әдістемелік кешен желілік «Абай мектептерінің» ұстаздарына, педогог қызметкерлерге, білім саласына 
қызығушылық танытқан көпшілік оқырманға арналады. 
ӘОЖ 37.0(063) 
КБЖ 74.00 
ISBN 978-601-298-918-2 
© Абай атындағы РММИ, 2020 



АЛҒЫ СӨЗ 
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев "Қазақстандық жол – 
2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" Жолдауында "ХХІ ғасырдағы дамыған ел 
дегеніміз – белсенді, білімді, денсаулығы мықты азаматтар", – деп атап көрсетеді. Елбасының 
сарабдал саясатын жалғастырушы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Семей 
тезистерінде» қазақ топырағында Абай дананың ақыл, жүрек, қайрат қайнауынан шыққан 
«Толық адам» тұжырымын әлемге таныта отырып, елдік даму траекториямызды осыған сай 
құру керектігі туралы сөз қозғады. Сонымен қатар, туған тіліміз бен әдебиетіміздің қадірін 
балаларға мектеп жасынан сіңірту, Абай атындағы Республикалық мамандандырылған 
дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектепке 
айрықша көңіл бөліп, келешекте «Абай мектебі» желісін қалыптастыру туралы тапсырма 
берді. Осы мақсатта Абай атындағы Республикалық мектеп-интернаттың мүмкіндігін толық 
пайдаланған жөн екенін атап айтты.
Осы орайда, білім беру саласында үздік нәтижелер көрсетіп, елдің даму жолында қызмет 
етіп жүрген ұлт азаматтарын тәрбиелеуші, 60 жылдан аса тарихы бар оқу ордасы 
болғандықтан, жаңартылған оқу бағдарламасын жүзеге асыру аясында мұғалімдерге қолдау 
көрсету мақсатында ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырып, мектеп-интернат 
тәжірибесімен бөліскенді жөн көрдік.
Белсенді әрі білімді ұрпақ тәрбиелеудің басты көзі – мектеп қабырғасы. Білім жүйесінің 
сапасын арттыру үшін ұстаздардың өзін-өзі үнемі дамытып, жетілдіріп отыруы абзал. Білім 
сапасы тәжірибе тарату мен тәжірибе жинақтаудың әсерімен артып отыратындықтан, БАҚ 
беттеріне оқу үдерісі жайында мақала жариялау және оның педагог-ұстаздардың ортасында 
талқыланып отыруы шарт.
Сондықтан да мектеп-интернат тығыз қарым-қатынаста, шығармашылық байланыста 
жұмыс атқарып келе жатқан ЖОО ғалымдарымен бірлесе «Білім берудегі 4К моделі: теория 
мен әдістеме» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырып, ғалымдар мен 
мектеп-интернат ұстаздары оқу үдерісінде қалыптасқан тәжірибелері туралы ой-толғамдарын 
мақала етіп жазып, сіздерге ұсынды. Мақалаларда ғалым-ұстаздар жаңартылған білім беру 
мазмұнының артықшылықтары, оқыту мен оқуда кездесетін кедергілер және оны жеңу 
жолдарын көрсетіп, жаңартылған білім беру жағдайында оқушыларды психологиялық-
педагогикалық қолдау әдіс-тәсілдерін ұсынды.
Жинақта теориялық жаңалықтарды қамтитын 1-2-секция жұмыстары «Ғалымның хаты 
өлмейді» бөлімінде берілсе, Абай шығармашылығын оқытудағы жаңа көзқарас туралы 3-
секция жұмысы «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» бөлімінде, қазақ тілі мен әдебиетін 
оқытудың практикалық жұмыстарына арналған 4-секция жұмысы «Оқу ой қазығы» бөлімінде 
топтастырылды. 
Жаңа серпінмен тың бастау алған желілік «Абай мектептері» үшін құрастырылған бұл 
конференция жинағы өз тәжірибелеріңізде қажеттеріңізге жарайды деген ниетпен сіздерге жол 
тартты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет