Бұйырамын: Қазақстан Республикасының


Сынып жетекшісінің мақсаты мен міндеттері



бет2/6
Дата25.09.2023
өлшемі25.58 Kb.
#478530
1   2   3   4   5   6
Сынып жетекшінің міндеттері

2.Сынып жетекшісінің мақсаты мен міндеттері
Сынып жетекшісі қызметінің мақсаты – балалардың жан-жақты дамуын ынталандыру, оқушылардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына жағдай жасау, ата-аналармен (басқа да заңды өкілдермен) өзара байланыс орнату және оларды оқу мен тәрбие процесіне тарту.
Сынып жетекшісінің міндеттері:
1) салауатты өмір салтына ынталандыру;
2) азаматтық пен патриотизмге, өз Отанын сүюге, табиғатты қастерлеуге тәрбиелеу;
3) отбасы ара-қатынасын нығайту, үлкендерге құрметпен қарауға тәрбиелеу;
4) сыныпта достық ортаны, өзара түсіністікті құру;
5) білім алушылардың басқаларға деген жауапкершілігін, ұжымда жұмыс істей білуге ​​баулу;
6) білім алушылардың өмір сүру жағдайларын білу;
7) ата-аналар жиналысын өткізу (педагогикалық консилиумдар, тренингтер, әңгімелер, ата-аналарға (басқа да заңды өкілдерге) арналған консультациялар);
8) білім алушылардың оқу жетістіктері және ішкі тәртіп ережелерін сақтау мәселелері бойынша ата-аналармен өзара әрекеттесу;
9) аптасына бір рет сынып сағаттарын өткізу;
10) білім беру ұйымының басшысын (директорын) сыныбымен тәрбие жұмысының жай-күйі туралы хабардар ету.


Сынып жетекшісінің функциялары:
1) Ұйымдастырушылық және үйлестіру функциялары:
сынып жетекшісінің жұмыс жоспарын әзірлеу;
"мектеп-оқушы-ата-ана" өзара әрекетін жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері орындауға міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы" 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығымен айқындалған құжаттаманы жүргізу (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 сәуірде № 20317 болып тіркелді.).
2) Аналитикалық функциялар:
- оқушының жеке ерекшеліктерін зерттеу;
- сыныптағы оқушылардың жалпы даму динамикасын және үлгерім жағдайын талдау.
3) Коммуникациялық функциялар:
- білім алушылар арасындағы тұлғааралық қатынастарды реттеу;
- сыныпта жалпы қолайлы психологиялық климатты қалыптастыруға ықпал ету;
- білім алушылардың коммуникативті қасиеттерін қалыптастыруға көмектесу;
- мұғалімдер, білім алушылар және ата-аналар (басқа да заңды өкілдер) арасындағы ынтымақтастықты дамыту.
4) Бақылау функциялары:
сыныптағы білім алушылардың үлгерімін, сабаққа қатысуын, сыртқы келбетін (талапқа сай болуы), эмоционалдық-психологиялық жағдайын бақылау, күнделікті сабаққа келген кезінде күтіп алу, сабақтан қайтқан кезінде шығарып салу, оқушы үлгерімін есепке алып отыру, оқу кабиентінің санитарлық жағдайын, тазалығын қадағалап отыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет