Бронхылық демікпе. Жедел медициналық жәрдем станциясы деңгейінде көрсетілерін шұғыл көмек


Наркотиктардан уланудың клиникалық белгілері және дифференциалды диагностикасы. Жедел медициналық жедел жәрдем станциясы деңгейінде жедел көмек көрсету тактикасы



бет19/55
Дата14.04.2023
өлшемі171.45 Kb.
#472262
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   55
Экзамен.шұғыл көмек-2

25. Наркотиктардан уланудың клиникалық белгілері және дифференциалды диагностикасы. Жедел медициналық жедел жәрдем станциясы деңгейінде жедел көмек көрсету тактикасы.
Наркотикалық заттармен улану.
( Морфин, опий, омнопон , кодеин т.б.) Соңғы жылдары наркотикалық дәрі-дәрмектермен улану көбейіп барады. Өкінішке орай ол көбінесе жастардың арасында
кездесіп жүр.
Наркотикалық кома. (Наркокома).
Өлімге әкелетін мөлшері 0,5 -1 г ішке қабылдағанда, көк тамырға енгізгенде -0,2г.
Клиникалық көріністері :
Ес -түсі жоқ. Көз қарашығы тарылған (тары тәрізді), оның жарыққа реакциясы төмендеген. Тері жамылғылары мен кілегей қабықтары көгерген, цианоз, тынысы сирек, беткейлі. Бұлшық еттерінің гипертонусы, кейде клоника - тоникалық тырысулар болады. Соңында тыныс алуы бұзылып, асфиксияға ұшырайды. Қан қысымы төмендейді. Брадикардия байқалады.
Жедел жәрдем шаралары:
- асқазанды жуу, белсендірілген көмір ішкізу;
- 0,8 -2 мг налоксонды көк тамырға енгізу;
- 0,1% 1 мл атропин ерітіндісін к/т енгізу;
- немесе этимизол 3% 5 мл, немесе кордиамин 4 мл, кофеин
4 мл, изотониялық ерітіндімен немесе 5% глюкоза ерітінділері
енгізіледі;
- оттегі ингаляциясы (АМБУ қапшығы арқылы);
- кеңірдек интубациясы, жасанды тыныс беру;
- зеңбілге жатқызылып, аурухананың токсикология бөліміне
тасымалданады.


26. Спиртті ішімдіктерден және оның суррогаттарынан уланудың клиникалық белгілері және дифференциалды диагностикасы. Жедел медициналық жедел жәрдем станциясы деңгейінде жедел көмек көрсету тактикасы.
Алкогольмен улану
Алкогольмен улану этил спиртін немесе 12%- дан жоғары этил спирті бар сусындарды қабылдағанда дамиды. Этанол - өзінің психотропты әсеріне байланысты, орталық
жүйке жүйесінің (ОЖЖ) тежелу үрдістерін төмендетеді. Ал ауыр түрдегі улануларда - ми жасушаларының метаболизмінің өзгеруіне қарай және оттегінің жетіспеуіне
байланысты, қозу үрдістері тежеледі. Алкогольды кома қандағы этанолдың құрамы шамамен 3г/л жеткенде дамиды, ал 5-6г/л дейін көтерілгенде өлімге душар етеді. Ал 96% 300 мл-дей этил спирті ашқарынға қабылданса, өлімге әкелуі мүмкін.
Клиникалық көріністері: Науқас есінен танады. Тері жамылғыларынан суық, жабысқақ тер шығып, беті қызарады, дене қызуы төмендей түседі, құсады. Зәрі мен нәжісі еріксіз бөлінеді.
Ауыртқыш тітіркендіргіштерге реакциясы төмендейді. Патологиялық рефлекстер пайда болады. Көз қарашығы тарылады, ал тынысы бұзылған сайын, қарашығы кеңейе түседі. Тынысы сиреп, пульсі жиіленеді, әлсіз болады. Кейде тырысулар байқалып,құсығын жұтып қояды, ол ларингоспазмға әкеледі. Механикалық асфиксияның әсерінен тыныс тоқтап қалады. Ары қарай, жүрек- қантамыр жүйесінің қызметі әлсірей түседі.
Жедел жәрдем шаралары.
- Асқазанды жуу;
- Ауыз қуысын тазалау, жұтқыншақтағы шырышты сорып,тазалап отыру, тілді бекіту;
-Бронхорреяны азайту үшін - 0,1% 1мл атропин ерітіндісін тері астына енгізу;
- Бұзылған тыныс жүйесін қалпына келтіру үшін - 2мл кордиамин, кофейн ерітіндісін т/а, к/т енгізу;
- 40% 40 мл глюкоза ерітіндісін, 10-16 Б инсулин ерітітіндісімен қоҫып к/т енгізу;
Жұтыну рефлекстері сақталмаса - жасанды аппаратпен тыныс беру және интубация жасау:
Ацидозды төмендету үшін 4% 500-1000мл натрий гидрокарбонатын к/т тамшылатып енгізу:
Дәрумен В6 2.0 мл, В1 5,0 мл б/е енгізу; Зеңбілге жатқызып, аурухананың токсикология бөліміне тасымалданады.
Алкоголь суррогаттарымен уланулар.
(Метил спирті, этиленгликоль, одеколон, лосьон, т.б) психотропты, нейротоксикалы, нефротоксикалық әсері бар, өлімге әкелетін мөлшері - 100 мл.
Клиникалық көріністері: жүректің айнуы, құсу, көз алдында «шіркейлердің» елестеуі, бастың, іштің ауруы. Тері жамылғылары мен кілегей қабаттары құрғап, көз қарашықтары кеңейе бастайды. Сан еттері тартылып, ауырады. Тырысулар басталып, желке тұсының
еттері керіледі. Қан қысымы алғашында көтеріліп, сонан соң төмендейді. Жүректің соғуы жиілеп, тынысы бұзылады. Науқаста алдымен психомоторлы қозу басталып, содан соң есінен танады. 2-3 тәулік өткен соң көру қабілеті нашарлап, соқыр болып қалуы мүмкін.
Айқын метаболикалық ацидозға ұшырайды.
Жедел жәрдем шаралары:
-асқазанды жуу;
-30% 50 мл этил спиртін, әр 3 сағат сайын ішкізу керек;
ал егер коматозды күйде болса, 5% этил спиртін көк тамырға тамшылатып немесе 33% этил спирті көк тамырға енгізіледі;
-25-30 мг преднизолонды к/т;
-5% 2 мл глюкоза ерітіндісін к/т;
-4% 50 мл натрий гидрокарбонаты;
-форсирленген диурез, перитонеальды диализ, гемодиализ;
-көру қабілеті бұзылса - атропин, гидрокортизон ерітінділері суборбитальды енгізіледі;
Зеңбілге жатқызып, аурухананың токсикология бөліміне тасымалданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет