Бронхылық демікпе. Жедел медициналық жәрдем станциясы деңгейінде көрсетілерін шұғыл көмек



бет8/55
Дата14.04.2023
өлшемі171.45 Kb.
#472262
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   55
Экзамен.шұғыл көмек-2

9. Аритмиялар. Жедел медициналық жәрдем станциясы деңгейінде көрсетілерін шұғыл көмек..
10. Жедел жүрек жетіспеушілігі. Жедел медициналық жедел жәрдем станциясы деңгейінде жедел көмек көрсету тактикасы.
Жүрек демікпесі
Клиникалық көрінісі. Ұстама көбінесе түнде болады. Науқас ауа
жетіспеу сезімінен, үрейден оянады. Жүрек соғысы жиіленіп,
жөтел пайда болады. Ентігудің әсерінен науқас отырады немесе
ашық терезеге жақындайды. Науқас мазасыз, ауаны аузымен аулап
отырады. Қарағанда: терісі бозғылт, суық тер басқан, акроцианоз,
қатты ентігеді, мойнындағы көктамырлары ісінген. Тынысы
минутына 30-40 дейін барады. Өкпенің артқы төменгі бөліктерінен
құрғақ және ылғалды сырылдар естіледі. Пульсі жиі, көбінесе
ырғақсыз. Жүректің шекарасы жиі солға ығысқан, тондары тұйық.
АҚҚ басында қалыпты болып, сонан соң төмендеуі мүмкін.
ЭКГ- Т тісшесі амплитудасының төмендеуі, негізгі ауруларына
тән әр-түрлі аритмиялар.
Өкпе ісінуі
Өкпе ісінуі- бұл көп аурулардың асқынуы. Мұнда сұйықтықтар
алдымен өкпенің интерстициялық тіндеріне ығысса, сонан соң
альвеолаларға енеді.
Кардиогенді өкпенің ісінуі- бұл жүректің сорғыштық қызметінің
бұзылу салдарынан, ағзадағы қанайналымды дұрыс қамтамасыз
ете алмауы.
Өкпе ісінуінің ағымдық түрлері:
1. Артериялық қан қысымының өзгеруінсіз дамитын өкпе ісінуі
2. Айқын артериялық гипертензиямен дамыған өкпенің ісінуі.
3. Артериялық гипотензиямен дамитын өкпенің ісінуі.
Өкпе ісінуінің белгілері:
- мәжбүр қалып- ортопноэ
- тұншығу, кеудені басу сезімі
- цианоз, өкпе артериясы үстінде II тонның акценті
- протодиастолық шоқырақ ырғағы
- компенсаторлы артериялық гипертензияның дамуы
- инспираторлы ентікпе, ылғалды сырылдар
- қызғылт көбікті қақырық
Науқаста ентікпе үдей түседі, минутына 40-60, өкпеде әр-
түрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. Шулы, алыстан
естілетін бұрқылдаған тыныс пайда болады. Цианоз бүкіл денеге
жайылады.
Әрекеттік шаралар: өкпе ісінуін анықтау; өкпе ісінуінің ағымдық
түрін анықтау; себебін табу (анамнезінде миокардинфаркті, жүрек
ақауы, гипертензия ауруы, созылмалы жүрек жетіспеушілігі және
т.б); кардиогенді емес өкпе ісінуінен ажырату: пневмонияда,
панкреатитте, ми қанайналымының бұзылыстарында, өкпенің
химиялық зақымдануларында, ӨКҚҚ; бронх демікпесі
Жедел жәрдем:
1.Жалпы шаралар: оттегі терапиясы, 10 000Б гепаринді к/т енгізу,
ЖЖЖ минутына 150 реттен артық болса- ЭИТ, ал 1 мин 50-ден
кем болса-ЭКС жүргізу. Көп көбік түзілсе- көбікті сөндіру ( 33%
этил спирті немесе 96% 5 мл этил спиртін 15 мл 40% глюкоза
ерітіндісімен ерітіп көк тамырға), 2-3 мл 10% антифомсилан
спирттік ерітіндісі (қажетті талаптар: ауыз қуысын тазалау,
жоғарғы тыныс жолдарынан көбікті сорып алу және науқасты
антифомсилан ингаляциясына дайындау).
2. АҚҚ қалыпты болса
- 1.п. орындау
- науқастың аяғын төмен түсіріп отырғызу; 0,4-0,5 мг
нитроглицерин аэрозолін немесе таблеткасын тіл астына
қою, 3 минуттан соң қайта беру немесе 10 мг нитроглицерин
ерітіндісін 100 мл натрий хлоридінің изотониялық
ерітіндісінде к/т тамшылатып енгізу (АҚҚ бақылап отыру
керек);
- 40-80 мг фуросемид (лазикс) көк тамырға;
- диазепам 10 мг дейін
- морфинді 3 мг бөліп көк тамырға енгізу, жалпы мөлшері 10
мг дейін.
3. Артериялық гипертензияда:
- 1.п. орындау,
- науқастың аяғын төмен түсіріп отырғызу;
- нитроглицерин (жоғарыда көрсетілгендей), 40-80 мг
фуросемид (лазикс) көк тамырға;
- 0,1 мг клофеллин көктамырға, немесе нитроглицерин к/
т, немесе 30мг натрий нитропруссиді 300 мл 0,9% натрий
хлориді ерітіндісінде к/т тамшымен немесе 50 мг пентаминді
көктамырға бөліп не тамшылатып енгізу керек;
- диазепам 10 мг дейін
- морфин (жоғарыда көрсетілгендей).
4.Шамалы систолалық гипотензиямен дамыса (систолық АҚҚ
75-90 мм.с.б.):
-1.п. орындау,
- науқастың бас жағын көтеріңкі етіп жатқызу;
-250 мг добутаминді 0,9% 250 мл натрий хлориді
ерітіндісінде, жылдамдығын 5 мкг/кг.мин бастап, АҚҚ
қалыпты деңгейге жеткенше енгізу;
- АҚҚ қалпына келген соң - 40-80 мг фуросемид (лазикс) көк
тамырға енгізу;
5.Айқын артериялық гипотензияда:
- 1.п. орындау;
-
наукастың бас жағын көтеріңкі етіп жатқызу;
- 200 мг дофаминді 5% 400 мл глюкоза ерітіндісімен
көк тамырға тамшымен енгізу, АҚҚ қалыпты деңгейге
жеткенше;
- АҚҚ қалпына келтіре алмаған жағдайда - қосымша 4 мг
норадреналинді 5% 400 мл глюкоза ерітіндісімен енгізу, құю
жылдамдығын 4 мкг/мин өсіріп отыру керек;
- Науқастың жағдайын қалпына келтірген соң ауруханаға
жатқызу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет