Жоспар І кіріспе ІІ негізгі бөлім



бет1/4
Дата23.04.2023
өлшемі157.27 Kb.
#472626
  1   2   3   4
Ағаштағы вилт ауруы


Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
ІІ.1 Ағаштағы вилт ауруы
ІІ.2 Күресу шаралары
ІІІ Қорытынды
ІҮ Пайдаланған әдебиеттер тізімі

І Кіріспе
Орман фитопатологиясы ағаш және бұта өсімдіктерінің ауруларын оқыту және олармен күрес жолдарын жүргізу болып саналады. Көбіне өте кең таралған өсімдіктердің ауруларына саңырауқұлақтармен, бактериямен, вируспен және тағы басқа микроағзалармен берілетін ауру қоздырғыштарын айтуға болады. Қоздырғыштардың биологиялық қасиеті, даму ерекшелігі және таралуы өсімдіктің ауруына байланысты болады.
Өсімдік өмір сүру барысында қоршаған ортамен тікелей байланыста болады. Оның өсуі, дамуы міндетті түрде температураға, ылғалдылыққа, топырақтың химиялық құрамына, ауаға, әртүрлі фактілерге байланысты болады. Қоршаған ортаның жағдайлары өсімдіктің керекті талаптарына сай болса, оның морфологиялық және функционалдық өзгерістері болмас еді. Кез-келген өзінің мөлшерінен асып немесе кем болса, өсімдікке басқа бөгде организмдер әсер етіп, зат алмасуы және физиологиялық қызметтері, анатомиялық құрылысы және өсімдіктің сыртқы бейнесі өзгеріп патологиялық процесс немесе ауруға ұшырауы мүмкін.
Өсімдіктің ауруы – бұл өте күрделі патологиялық процесс, сыртқы факторлардың әсер етуі. Қоршаған ортаның зиянды факторлары өсімдіктің ауруының дамуына әсер етуін биотикалық және абиотикалық деп бөлуге болады. Биотикалық дегеніміз өсімдікке тірі организмдердің әсері. Абиотикалық дегеніміз тірі емес фактордың әсер етуі.
Егер ауру тірі организммен берілсе, онда ол міндетті түрде ауру өсімдіктен сау өсімдікке беріледі. Бұндай ауруларды жұқпалы деп атайды. Ауру организмді ауруды шақырушы аурудың қоздырғышы немесе патоген деп атайды. Өсімдіктің ауруын шақыратын организмдерді фитопатоген деп атайды. Өсімдікке кіріп, оның тамағымен қоректенетін патогенді – өсімдіктің иесі деп атайды. Өсімдіктің жұқпалы ауруларын көбінесе фитопатогенді микроорганизмдер шақырады: саңырауқұлақтармен (саңырауқұлақпен берілсе, микоз деп аталады), бактериямен (бактериоз), гельминттермен (гельминтоз), актиномицеттермен және вирустармен, микоплазмамен.
Көбінесе ағаш тектес өсімдіктерде кездесетін аурудың типтерін төмендегідей түрлерге бөлуге болады Шіру. Аурудың бұл типі саңырауқұлақпен немесе бактериямен шақырылады. Оларға тән мінездеме өсімдік құрылысының өзгеруі және мүшелердің тканьдерінің зақымдалуы. Өсімдіктің әртүрлі бөліктері шіруі мүмкін: жемісі, тұқымы, түйіні, тамыры, діңі және т.б. Вилт. Өсімдіктердің өткізгіш жүйелерін зақымдайтын және өсімдіктің түгелімен немесе кейбір мүшелерінің қурауына әкеп соғатын ауру. Осы аурудың қоздырғыштары саңырауқұлақ арқылы берілсе, онда оны трохеоликоз, ал бактериялар арқылы берілсе – трохеобактериоз деп атайды. Саңырауқұлақтар өсімдіктердің тамырларында дамиды және сұйықтықтың ағуы олардың барлық мүшелеріне таралып, қашу шыңдарына жетеді. Паразиттер болғандықтан, олар өсімдік шырындарымен қоректенеді, өсімдік денесін улы метаболизм өнімдерімен уландырады. Өсімдіктердің өткізгіш тамырларының бітелуіне байланысты сұйықтықты тамырдан басқа органдарға тасымалдау бұзылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет