D016 тарих педагогтарын дайындау білім беру бағадарламасы тобы бойынша


Кеңестер билігі тұсындағы Қазақстан



Pdf көрінісі
бет13/75
Дата06.04.2023
өлшемі1.01 Mb.
#471840
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   75
D016 тарих педагогтарын дайындау білім беру ба адарламасы тобы б

Кеңестер билігі тұсындағы Қазақстан 
Қазақстан октябрь революциясы және азамат соғысы жылдарында (1917-
1920жж.) 
Ресейдегі Октябрь революциясы. Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы. Совет 
үкіметі және Алашорда мен Қоқан автономиясы үкіметтерінің тағдыры. Бүкілресейлік 
Құрылтай жиналысының таратылуы.Кеңес үкіметінің алғашқы шаралары. 
Қазақстанның азамат соғысына тартылуы. Алашорда үкіметінің қазақ әскери 
жасақтарын құру шаралары. Большевиктердің қызыл әскердің ұлттық бөлімдерін құруы. 
Қазақстан халқының екіге жарылуы. Ақ гвардияшылар мен Қызыл Әскер арасындағы 
әскери қимылдың бүкіл Қазақстан жерін қамтуы. 
Азамат соғысы жылдарындағы экономикалық жағдай. "Соғыс коммунизм" саясаты, 
оның Қазақстандағы ерекшеліктері. 
Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару үшін революциялық Комитеттің құрылуы, оның 
құрамы. Қазревкомның мақсаты мен міндеттері. Алашорда үкіметінің жойылуы. Орталық 


биліктің "Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Автономиялық республикасын" құру 
туралы шешімі (1920 ж. 26 тамыз). Кеңестердің Бүкілқазақстандық бірінші Құрылтайы 
(1920 ж., 4-12 қазан). Қырғыз (Қазақ) АССР-нің құрылуы. 
Қазақстан кеңестік тоталитарлық жүйенің қалыптасу кезеңінде (1918-1939 
жж.) 
Қазақ АССР-і және Түркістан республикасы. Мұсылман бюросы және 
Түріккомиссия: саяси билік үшін күрес. Тұтас Түркістан идеясы. Т.Рысқұлов және 
М.Сұлтанғалиев. Түркістандағы басмашылар қозғалысы. Әнуар Паша мен Ахмет Зеки 
Валидов. 
1921 ж. Қазақстандағы аштық. Алаш зиялыларының аштықпен күресі. 1921-1922 
ж.ж. жер-су реформасы. Қазақстандағы жер мәселесі. Жаңа билік және қазақ зиялылары. 
Қазақ Өлкелік партия комитетінің III-конференциясы (1923 ж., 17-22 наурыз). "База" және 
"азаб" туралы айтыс. "Қазақ ұлтшылдығы" туралы мәселе. Түркістан республикаларын 
ұлттық-мемлекеттік межелеу (1924-1925 ж.ж.) 
Ф.И.Голощекиннің (Қужақ) Қазақстандағы партия ұйымының басшылығына 
тағайындалуы 
(1925-1933ж.ж.). 
"Кіші 
Октябрь" 
идеясы, 
комитетінің 
V-
конференциясының шешімі (1925, желтоқсан), оның отарлық мазмүны. 
Қазақ зиялыларының (Т.Рысқұлов, С.Асфендияров, С.Сәдуақасов, С.Қожанов, 
Ж.Мыңбаев т.б.) Кеңестік билікті ұлттық мүддеге жұмылдыру әрекеті, оның іске аспай 
қалуы. Ұлт мәселесіндегі таптық-партиялық принцип, оның ұлыдержавалық астары. 
Орталықтың биліктегі түрлі топтар арасында "тепе-теңдік" сақтау саясаты. Ұлттық 
нигилистерді қолдау саясаты. Т.Рысқұлов өткізген Бүкілресейлік Атқару Комитеті 
мүшелерінің кеңесі (Рыскуловское совещание националов. 1926,12-14 қараша). Қазақ 
Өлкелік Партия Комитетінің ІІІ-Пленумы (1926, 25-30 қараша). С.Сәдуақасов, С.Қожанов 
және Ж.Мыңбаев мәселесі. 
Ф.Голощекиннің Алаштық интеллигенцияға шабуылы. 1927-жылдың соңында
басталған сот.процестері. Алаш қозғалысы басшыларын репрессиялау саясаты (1927-
1932). 
Жайылымдық-шабындық жерлерді бөлу. Кеңестендіру саясаты. Бай қожалықтарын 
тәркілеу, оның саяси және экономикалық нәтижелері. Ауқатты шаруалар қожалығын жою. 
Қазақ шаруаларын күштеп жаппай отырықшылыққа көшіру шаралары. 
Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруға көшу. Жаппай ұжымдастырудың 
әдістері, түрлері, қарқыны. Ел көлемінде заңсыздықтың кең орын алуы. Қазақтардың 
дәстүрлі шаруашылық жүйесінің күйреуі. 
Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы. 1929-
1931 ж.ж. Қазақстандағы көтерілістер. Олардың себебі, қозғаушы күштері, барысы және 
күшпен басылуы. Босқыншылық. Шет елге ауа көшулер. Босқындардың қайғылы 
тағдыры. 
1931-1933 ж.ж. аштық. "Бесеудің хаты". Т.Рысқұловтың И.Сталинге жолдаған 
хаты. Демографиялық апат және оның салдары. 
Қазақстанды "индустрияландыру" саясаты. Индустрияландырудың отарлық 
мазмұны. Индустрияландыру жолдары мен әдістеріне байланысты теориялық айтыстар. 
М.Шоқай, 
С.Асфендияров, 
С.Сәдуақасов 
және 
басқа 
қайраткерлердің 
индустриялаңдыруға 
байланысты 
пікірлері. 
Кеңестік 
тарихнаманың 
"индустрияландырудың" нәтижелерін асыра бағалауы. 
Кеңес өкіметінің мәдениет пен ғылым саласындағы жетістіктері және бұл саладағы 
қайшылықтар. Сауатсыздықпен күрес. Халыққа білім беру жүйесінің қалыптасуы. Маман 
кадрлар даярлайтын арнайы орта және жоғары білім ошақтарының құрылуы. Қазақ 
жазуын араб алфавитінен латын, сонан соң кириллицаға көшіру. А.Байтұрсынов бастаған 
топтың алфавит ауыстыруға қарсы күресі. 
Мәдениетте большевиктік концепцияның үстем алуы. Мәдениеттің ұлттық 
негіздеріне жасалған шабуыл. Әдебиет пен өнердегі социалистік реализм. Ғылым 


ошақтарының пайда болуы. Ғалым кадрлардың қалыптаса бастауы. М.Әуезовтың, 
С.Мұқановтың, 
Ғ.Мұстафиннің, 
С.Ерубаевтың, 
Б.Майлиннің, 
А.Затаевичтің, 
М.Төлебаевтың және баска жазушы-композиторлардың шығармашылық қызметі. Рухани 
мәдениеттен алаш зиялылары мен олардың шығармаларының ығыстырылуы. 
Тоталитарлық жүйенің нығая түсуі. 1937-1938 ж.ж. жаппай репрессиялау 
шаралары. Ауқымы. Қазақ зиялыларының алдыңғы белсенді бөлігі - репрессия құрбаны. 
Бұл процестің ауыр салдары. Қиыр Шығыстағы корейлердің Қазақстанға еріксіз қоныс 
аударуы. 
Мұстафа Шоқайұлы - эмиграциялық саяси қызметтің негізін қалаушы. Оның "Яш 
Түркістан" журналы, "Кеңестер билігіндегі Түркістан" және басқа еңбектері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет