D016 тарих педагогтарын дайындау білім беру бағадарламасы тобы бойынша


Қазақстан бірінші ресейлік революция және азаттық үшін қозғалыстың қайта



Pdf көрінісі
бет11/75
Дата06.04.2023
өлшемі1.01 Mb.
#471840
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   75
D016 тарих педагогтарын дайындау білім беру ба адарламасы тобы б

Қазақстан бірінші ресейлік революция және азаттық үшін қозғалыстың қайта 
өрлеу жылдарында 
Патшалықтың ғасыр басындағы қоныс аудару саясаты. Қоныс аудару мекемелер 
жүйесінің құрылуы. Қоныстанушылар үшін жер қорын даярлау мақсатында В.П.Кузнецов, 
П.А.Скрыплев және басқалар бастаған экспедициялардың ұйымдастырылуы. Отарлаушы 
әкімшіліктің қазақ жерін алуда қолданған әдістері. Ресейдің ішкі губернияларынан орыс 
шаруаларының, жаппай қоныс аударуы, олардың шаруашылық құруына берілген көмек. 
Қазақтың дәстүрлі шаруашылығының күйзеліске ұшырауы. Қазақ шаруаларының ғасыр 
басында жаппай отырықшы тұрмысқа өте бастауының себебі. 
Қазақстанда өнеркәсіп орындарының қалыптасып дамуының ерекшеліктері және 
оның отарлық сипаты. Ұсақ өнеркәсіп орындарының күйзеліске ұшырауы. Транспорт. 
Сауда. Банкі бөлімшелері жүйесінің және несие беру мекемелерінің қалыптасуы. 
Батысевропалық капиталдың енуі. Өнеркәсіптегі жұмысшы мамандар және олардың 
жағдайы. Қазақ жұмысшыларын кемсінту саясаты. 
Бірінші орыс революциясы және оның Қазақстанға ықпалы. 1905-жылғы 17 
октябрьдегі 
манифест. 
Қазақ 
халқының 
ұлт-азаттық 
қозғалысы. 
Ұлттық 
интеллигенцияның азаттық үшін күрестегі орны. Оның құрамы және қоғамдық-саяси 
қызметі. Қарқаралы петициясы. Ә.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың, 
Ж.Ақпаевтың және басқа қайраткерлердің қызметі. 
Аграрлық қозғалыс. Қазақ ауылдарының, ұйғыр және дүнген қышлақтарының, 
переселен селоларының әкімшілік пен село буржуазиясының зорлығына қарсы бас 
көтерулері. 
Жұмысшылар қозғалысы Успенскі мыс руднигіндегі, Спасскі мыс қорытатын 
заводындағы, Қарағанды көмір кеніндегі, Семей, Жетісу, Орал, Ақтөбе, Қостанай және 
басқа қалалардағы өнеркәсіп орындарындағы жұмысшылардың бас көтерулері. Темір жол 
танспортындағы жұмысшылардың ереуілі. Социал-демократиялық топтар мен 
ұйымдардың пайда болуы. 
Бірінші және Екінші Мемлекеттік Думаға сайлау. Қазақ зиялылары және кадеттер 
партиясы. Қазақ депутаттарының Думадағы мұсылман фракциясының жұмысына 
қатысуы. 1907 жылғы 3 маусым заңы бойынша қазақ халқының сайлау құқығынан 
айырылуы. Мұсылман қозғалысы. Революцияның жеңілуі. 
Реакцияның шабуылға өтуі. Ұлт-азаттык қозғалыс басшыларын сотқа тарту. 
Ұлттық-отарлық қанаудың күшеюі, жандармдық-полицейлік тәртіптің орнауы. 
Азаттық қозғалыстың қайтадан жандануы. "Айқап" журналы (редакторы 
М.Сералин), "Қазак" газеті (редакторы А.Байтұрсынов) және ұлт-азаттық қозғалыс 
идеологиясының қалылтасуы. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы қазақ ауылы мен 
қоныс аударушылар селосы. 
Қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің оянуы Жаңа мазмұндағы қазақ әдебиетінің 
қалыптасуы. А.Байтұрсыновтың "Масасы" және М.Дулатовтың "Оян қазағы". 
Ш.Құдайбердиевтің философиялық және тарихи еңбектері. М. Ж.Көпеевтің "Сарыарқа 
кімнің жері?", "Хал-ахуал", Ғ.Қараштың "Бала тұлпар", Ә.Кердерінің "Әдебиет қазақия" 
және басқа шығармалары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет