Дебат ойыны жайлы білесіз бе?


ДЕБАТТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕРМИНДЕР



бет2/9
Дата16.01.2024
өлшемі0.96 Mb.
#489184
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Дебат үйірмесіне қажетті презентация

ДЕБАТТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕРМИНДЕР

Қарар – дебат ойынының тақырыбы. Қарардың 4 түрі бар: міндеттейді немесе енгізеді, заңдастырады, ...деп есептейді, өкінеді, Х ретінде... Дефиниция (кілт сөздер) – қарар бойынша немесе алдағы ойын барысында аргументтерді ашуға көмектесетін түсіндірме Status-kwo – қазіргі қалыптасқан жағдай, сандық немесе сапалық көрсеткіш Философия – топтың қорғаныш шеңберін қорғайтын тұжырымды ой. Қарарға қатысты мақал-мәтел не нақыл сөз.


Құндылық – қарарға қатысты ұстаным. Ол тек бір сөзден тұруы мүмкін, соны қорғап шығу керек.
Үкімет – жақтаушы топ Оппозиция – қарсылас топ Спикер – дебат ойыншысы Лидер – әр топтың басшысы Кейс – дебат ойынының құрылымы. 

ДЕБАТТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕРМИНДЕР

Аргумент – позицияны дәлелдейтін ой. Неге? Не үшін? Неліктен? – деген сұрақтарға жауап береді. Қарсылық (ребаттл) – ойын барысында Үкімет/Оппозиция құрған кейстерінің кем-шіліктері мен қателіктерін көрсетіп беру. Сараптама (аналитика) – ойында айтылған екі тарап сөздерін ұсынған кейстері мен аргумент, идеяларын сараптау, келтірген қарсылықтар мен қайта көтерген тұстарын дәлелдеу. Тавтология – әріптесі айтқан аргументтерді қайталау


Кристализация – ойынның қорытындысын айту, аргументтерді және қарсыласу нүктелерін мысалдарсыз, артық сөзсіз айтып беру, өзінің неге жеңгенін түсіндіру. Төреші – дебат ойынында төрешілік етіп, кемшіліктер мен артықшылықтарды айтып, жеңімпазды анықтаушы. Тайм-кипер – дебат ойынында спикердің сөз сөйлеу уақытын көрсетіп отырады, уақыт регламентін қадағалаушы. Парламентарий – дебат ойынының көрермені, қарар туралы пікір білдіруші. Ойын барысы талқыланбайды.

ДЕБАТ ФОРМАТТАРЫ ЖӘНЕ ТӘРТІБІ

ДЕБАТ ФОРМАТТАРЫ ЖӘНЕ ТӘРТІБІ

Дебаттың 4 түрлі форматы бар: Карл-Поппер, АПФ, БПФ, ЛД.

Әр форматтың ерекшелігі болады. Форматына қарай адам саны өзгеріп отырады. Дебатта ең алдымен Үкімет және Оппозиция топтары анықталады. Өзекті мәселені немесе тарихты, саясатты қарар ретінде береді. Әр форматта белгілі уақыт аралығында спикер позициясын қорғайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет