Демокрит бойынша "ең жақсылар" байлар немесе текті жерден шыққандар емес, ақылды және мәдениетті адамдар. Мемлекетті басқару өнерін өнердің ең жақсысы, ал ақымақ азаматтар құрметті қызметтерді істеуге тиіс емес деп есептеген Платон


Отбасылық тəрбие айрықша, сондықтан өзінің келесідей ерекшеліктері бар



бет3/6
Дата26.03.2024
өлшемі55.03 Kb.
#496581
1   2   3   4   5   6
уй жумысы 07.03.2024 (3)

Отбасылық тəрбие айрықша, сондықтан өзінің келесідей ерекшеліктері бар:

Ата-ананың міндеті – ескі өмірлік таптаурындардан бас тартып, адамдар өзара соғыспай, ынтымақтасатын жаңа таптаурындар жасау.
«Жекеше» қаралатын əлеуметтендіру факторларының ішіндегі ең бастысы ата-ананың отбасы болып табылады, себебі бала өзінің неғұрлым қабылдағыш кезеңінде отбасының əсерін бəрінен бұрын сезінеді. Отбасындағы жағдай, оның ішінде ата-ананың əлеуметтік жағдайы, қызметі, материалдық деңгейі, білім деңгейі баланың өмірлік жолын едəуір анықтауға мүмкіндік береді. Ата-ана баласына саналы түрде беретін тəрбиеден басқа балаға отбасындағы атмосфера да əсер етеді. Бұл əсердің ізі жеке тұлғаның құрылымында көрініс тауып, оның жасы есейген сайын көбейе түседі.
Отбасылық тəрбиеде біз келесі əдістерді қолданамыз:

  • сендіру;

  • тіршілікті ұйымдастыру;

  • түзету;

  • марапаттау жəне жазалау;

Сендіру əдісінің басты мақсаты тəрбиеленушілердің саналығын дамытуда, көзқарастар мен пікірлер жүйесінің қалыптасу үрдісін ұйымдастыруда, өзіндік ойлауды дамытуда (ақпараттық, іздестіру, өзара ағарту, дискуссиялық əдістерінің көмегімен).
Тіршілікті ұйымдастыру дегеніміз баланың дене бітімінің, əлеуметтік жəне рухани қалыпты дамуы үшін ересектердің тиімді жағдай жасауы. Бұл əлеуметтік, шаруашылықтұрмыстық, санитарлық-гигиеналық жағдай, отбасындағы еңбек жəне рухани атмосфера, ата-ананың білімділік деңгейі.
Түзету дегеніміз – педагогикалық тəсілдердің көмегімен баланың жағымсыз мінезқұлық көріністерін түзету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет