Қазақстан Республикасының радиоқызметтері арасында барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарға арналған 3 кГц-тен 400 ггц-ке дейінгі жиіліктер ауқымында жиіліктер белдеуін бөлу кестесі кГц



бет20/21
Дата17.06.2016
өлшемі3.28 Mb.
#142932
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
(SUP-ДРК-12).

5.530А Егер қызығушылық танытқан әкімшіліктермен басқасы келісілген болмаса, онда 1 және 3-аудандардағы әкімшіліктер аумағының кез келген нүктесінде жер бетінен 3 м биіктікте тіркелген және жылжымалы қызметтердің кез келген станциясы 20% -тен артық уақыт ішінде -120,4 дБ(Вт/(м2 *МГц))-тен артық ағын тығыздығының қуатын тудырмауы керек. Әкімшіліктерге есептеме жүргізген кезде ХЭО-R Ұсынысының ең соңғы нұсқасы P.452 пайдалану ұсынылады (ХЭО-R ВО.1898 Ұсынысын қара). (ДРК-12).

5.530В Жерсеріктік радиотарату қызметін дамыту мақсатында 21,4-22 ГГц жолағында әкімшіліктерге 1 және 3-ауданда жылжымалы қызмет станцияларын құрмау ұсынылады және тіркелген қызметтің пункттен пунктке бағытталған байланысын орнатуды шектеу ұсынылады. (ДРК-12).

5.530С 21,4-22 ГГц жолағын пайдалану 755 Ұсынысына (ДРК-12) сай атқарылуы керек. (ДРК-12).



5.530D 555 Ұсынысын (ДРК-12) қара. (ДРК-12).

5.531 Қосымша таратылу: Жапонияда 21,4-22 ГГц жолағы сондай-ақ радиохабар қызметіне бірінші реттік негізде бөлінген.

5.532 22,21-22,5 ГГц жолағын пайдалануда, жерсеріктік Жерді зерттеу (белсенді емес) және ғарыш зерттеу (белсенді емес) қызметтері тіркелген және жылжымалы қызметтерге, әуедегі жылжымалы қызметті қоспағанда, шектеу қоймауы тиіс.

5.533 Жерсерік аралық қызмет радионавигациялық қызметтің әуеайлақ станциясындағы жер бетін торуылдау қондырғыларының зиянды кедергілерінен қорғанысты талап етпеуі керек.

5.534 (Алынып тасталынған ДРК-03).

5.535 24,75-25,25 ГГц жолақта артықшылық, бұл жолақтың тіркелген жерсеріктік қызметтерінің (Жер-ғарыш) басқа пайдалануларына қарағанда, жерсеріктік радиохабар станцияларының фидер жолдарына беріледі. Мұндай басқа пайдаланымдарды бұрынғы жұмыстағы және келешек радиохабар қызметтер станцияларының фидер жолдары қорғаныспен қамтамасыз етілуі керек және мұндай станциялардың зиянды кедергілерінен қорғаныс талап етілмеуі керек.

5.535А 29,1-29,5 ГГц жолағын тіркелген жерсеріктік қызметтерінде (Жер-ғарыш) пайдалану, геостационарлық жерсеріктік жүйелермен және геостационарлық емес жылжымалы жерсеріктік қызметтің фидер жолдарымен шектеледі. Мұндай қолданыста 9.11 А т. сәйкес ережелері қолдануы тиіс, бірақ 22.2 т. қолданбауы тиіс, 5.523С және 5.523Е тт. көрсетілген, 9.11А т. ережелері қолданбайтын жағдайларды қоспағанда, 9-баптағы рәсімдер және 22.2 т. ережелер қолдануы тиіс. (ДРК-97).

5.536 25,25-27,5 ГГц жолақтарын жерсерік аралық қызметте пайдалану, ғарыш зерттеу және жерсеріктік Жерді зерттеу қызметтерімен, сондай-ақ өнеркәсіптік және медициналық қызметтердің ғарыштағы деректер таратуымен шектеледі.

5.536А Жерсеріктік Жерді зерттеу станцияларын орнатушы әкімшіліктер, көрші әкімшіліктер пайдаланатын тіркелген және жылжымалы станциялардан қорғанысты талап ете алмайды. Жерсеріктік Жерді зерттеу қызметінің жердегі станциялары, қосымша SA.1862 ХЭО-R Ұсыныстарын ескерулері қажет. (ДРК-12).

5.536B Сауд Арабиясы, Австрия, Бельгия, Бразилия, Болгария, Қытай, Корей Республикасы, Дания, Египет, Біріккен Араб Әмірліктері, Эстония, Финляндия, Венгрия, Үндістан, Иран Ислам Республикасы, Ирландия, Израил, Италия, Иордания, Кения, Кувейт, Ливан, Ливия, Лихтенштейн, Литва, Молдава, Норвегия, Оман, Уганда, Пәкістан, Филиппин, Польша, Португалия, Сирий Араб Республикасы, Корей Халық-Демократиялық Республикасы, Словакия, Чех Республикасы, Румыния, Біріккен Корольдіктер, Сингапур, Швеция, Швейцария, Танзания, Түркия, Вьетнам және Зимбабведегі жерсерітік Жерді зерттеу қызметінде 25,5-27,0 ГГц жолағында жұмыс істейтін жердегі станциялар тіркелген және жылжымалы қызмет станциялары жағынан қорғанысты талап етпеуі керек және олардың пайдалануына және кеңейтілуіне кедергі келтірмеуі тиіс. (ДРК 12).

5.536С Алжир, Сауд Арабиясы, Бахрейн, Ботсвана, Бразилия, Камерун, Комор аралдары, Куба, Джибути, Египет, Біріккен Араб Әмірліктері, Эстония, Финляндия, Иран Ислам Республикасы, Израил, Иордания, Кения, Кувейт, Литва, Малайзия, Марокко, Нигерия, Оман, Катар, Сирия Араб Республикасы, Сомали, Судан, Оңтүстік Судан, Танзания, Тунисе, Уругвай, Замбия және Зимбабведе 25,5-27 ГГц жолағында, ғарыш зерттеу қызметінде жұмыс атқаратын жер станциялары, тіркелген және жылжымалы қызметтерден қорғаныс талап етпеуі қажет және олардың қолданылуына және пайдалануына және кеңейтілуіне кедергі келтірмеуі тиіс. (ДРК 12).

5.537 Геостационарлық емес жерсеріктерін пайдаланатын, 27-27,5 ГГц жолағында жерсерік аралық қызметте жұмыс істейтін ғарыш қызметтеріне 22.2 т. ережелерінің талаптары қолданылмайды.

5.537A Бутан, Камерун, Корея Республикасы, Ресей Федерациясы, Үндістан, Индонезия, Иран Ислам Республикасы, Ирак, Жапония, Қазақстан, Малайзия, Мальдив аралдары, Моңғолия, Мьянм, Өзбекстан, Пәкістан, Филиппин, Қырғызстан, Корея Халық Демократиялық Республикасы, Судан, Шри-Ланка, Таиланд және Вьетнамда 27,9–28,2 ГГц жолағындағы тіркелген қызметке бөлінген. Бұл жолақ сонымен қатар, биік платформадағы (HAPS) станциялармен, осы елдер аумағында қолдана алады. HAPS станцияларының 300 МГц мұндай қолданысы тіркелген қызметке бөлінген жолақта жоғарыда аталған елдерде ары қарай HAPS-Жер бағытында жұмыс атқарумен шектелген, бұл жерде олар тіркелген қызметтің басқа жүйелеріне немесе осы жолақ бірінші реттік негізде бөлінген басқа қызметтерге зиянды кедергілер тудырмауы тиіс, немесе олардан қорғаныс талап етпеуі тиіс. Бұдан басқа, HAPS станциялары басқа қызмет станцияларының дамуына кедергі жасамауы тиіс. 145-қарар (ДРК 12 қайт қаралған). (ДРК-12).

5.538 Қосымша таратылу: 27.500-27.501 ГГц және 29.999-30.000 ГГц жолақтары тіркелген жерсеріктік қызметке (ғарыш-Жер), Жер-ғарыш жолдарындағы қуаттарды басқаруға арналған радиомаяктар хабарына таратылған. Ғарыш-Жер бағытынды мұндай таратулар баламалық изотропты сәулелену қуатын (э.и.с.қ.) көрші геостационарлық орбитадағы жерсеріктер бағытында +10 дБВт-дан асырмауы тиіс. (ДРК-07).

5.539 27.5-30 ГГц жолағын тіркелген жерсеріктік (Жер-ғарыш) радиохабар қызметінің фидер жолдарын қамтамасыз етуге пайдалануға болады.

5.540 Қосымша таратылу: 27.501-29.999 ГГц жолағы сондай-ақ тіркелген жерсеріктік қызметте (ғарыш-Жер) екінші реттік негізде Жер-ғарыш жолдарындағы қуаттарды басқаруға арналған радиомаяктар хабарына бөлінген.

5.541 28.5-30 ГГц жолағында жерсеріктік Жерді зерттеу қызметі станциялар арасында мәліметтер таратумен шектелген, ол белсенді және белсенді емес сезбектермен бірінші реттік ақпарат жинауға арналмаған.

5.541А 29.1-29.5 ГГц жолағында (Жер-ғарыш) жұмыс істейтін геостационарлық емес ЖЖҚ желілерінің фидер жолдары мен геостационарлық БЖҚ желілері, екі желінің арасындағы өзара кедергілер деңгейін төмендете түсіп, қажетті сапалы сипаттамаларға жету үшін жердегі станциялардың таратуларының қажетті қуат деңгейлерінде болдыра отырып, Жер-ғарыш жолындағы қуатты икемді басқаруды немесе басқа тынуларды теңгеруді пайдалануы керек. Бұл әдістер, 4-қосымшасына сәйкес үйлестік туралы талап етілетін мәліметтер, Бюрода 1996 жылдың 17 мамырынан кейін алынған деп есептелінеді, және де болашақ салиқалы дүниежүзілік радиобайланыс конференциясымен өзгертілгенге дейін, желілерге пайдалануы тиіс. 4 Қосымшасының талаптарына сәйкес үйлестіру мәліметтерін аталған күннен ерте берген әкімшіліктер, бұл әдістерді тәжірибелік түрдегі нақты мүмкіншіліктеріне қарай пайдаланады. Бұл әдістер ХЭҰ-Р [121-қарарын (ВКР-97) қара] бойынша қайта қаралуы мүмкін. (ВКР-2000).

5.542 Қосымша таратылу: Алжир, Сауд Арабиясы, Бахрейн, Бруней-Даруссалам, Камерун, Қытай, Конго Республикасы, Египет, Біріккен Араб Әмірліктері, Эритрея, Эфиопия, Гвинея, Үндістан, Иран Ислам Республикасы, Ирак, Жапония, Иордания, Кувейт, Ливан, Малайзия, Мали, Марокко, Мавритания, Непал, Пәкістан, Филиппин, Катар, Сирий Араб Республикасы, Корей Халық Демократиялық Республикасы, Сомали, Судан, Оңтүстік Судан, Шри-Ланка және Чадта 29,5-31 ГГц жолағы сондай-ақ тіркелген және жылжымалы қызметке екінші реттік негізде бөлінген. 21.3 және 21.5 тт. көрсетілген қуат шектеулері қолданылуы керек. (ВКР 12).

5.543 29.95-30 ГГц жолағы жерсеріктік Жерді зерттеу қызметінің ғарыш-ғарыш жолдарында телеметрия, ізге түсу мен басқару мақсатында екінші реттік негізде пайдаланылады.

5.543A Бутан, Камерун, Корея Республикасы, Ресей Федерациясы, Үндістан, Индонезия, Иран Ислам Республикасы, Жапония, Қазақстан, Лесото, Малайзия, Мальдив аралдары, Моңғолия, Мьянм, Өзбекстан, Пәкістан, Филиппиндар, Қырғызстан, Корея Халық-Демократиялық Республикасы, Шри-Ланка, Таиланд және Вьетнамда 31–31,3 ГГц жолағындағы тіркелген қызметке бөлінген. Бұл жолақ сондай-ақ биік платформадағы (HAPS) станциялармен, осы елдер аумағында қолдана алады. HAPS станцияларының 300 МГц мұндай қолданысы тіркелген қызметке бөлінген жолақта жоғарыда аталған елдерде ары қарай Жер-HAPS бағытында жұмыс атқарумен шектелген, бұл жерде олар тіркелген қызметтің басқа жүйелеріне немесе осы жолақ бірінші реттік негізде бөлінген басқа жылжымалы және 5.545 т. сәйкес пайдаланылатын жүйелерге зиянды кедергілер тудырмауы тиіс, немесе олардан қорғаныс талап етпеуі тиіс. Бұдан басқа, HAPS станциялары басқа қызмет станцияларының дамуына кедергі жасамауы тиіс. HAPS жүйелері 31–31,3 ГГц жолағындағы бірінші реттік негізде бөлінген радиоастрономиялық қызметке, ХЭО-R RA 769 Ұсыныстарына сәйкес қорғаныс өлшемдерін ескере отырып, зиянды кедергілер тудырмауы тиіс. Белсенді емес жерсеріктік қызметтердің қорғанысын қамтамасыз ету үшін, 31,3–31,8 ГГц жолағындағы HAPS жер станциялары антеннасының кедергі сәулеленулері қуатының тығыздығы, ауа рай ашық болса –106 дБ(Вт/МГц) шамасымен шектелуі қажет, жаңбырлы күндері, өшу шамасын азайту үшін, бұл шаманы 100 дБ (Вт/МГц) дейін көтеруге болады, егер белсенді емес жерсеріктің нақты әсері бұл жағдайларда ашық күндер дегі шамадан аспаса. 145 Қарар (қайт қарал. ДРК 07). (ДРК-07).

5.544 31-31.3 ГГц жолағы ғарыш зерттеу қызметтерінде 21-бабында, 21-4-кестесінде көрсетілген қуат ағынының тығыздығын шектеуде пайдаланылады.

5.545 Қызметтің басқа санаты: Армения, Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстанда 31-31,3 ГГц жолағы ғарыш зерттеу қызметіне бірінші реттік негізде бөлінген (5.33 т. қара). (ДРК-12).

5.546 Қызметтің басқа санаты: Сауд Арабиясы, Армения, Әзірбайжан, Беларусьь, Египет, Біріккен Араб Әмірліктері, Испания, Эстония, Ресей Федерациясы, Грузия, Венгрия, Иран Ислам Республикасы, Израил, Иордания, Ливан, Молдова, Моңғолия, Оман, Өзбекстан, Польша, Сирия Араб Республикасы, Қырғызстан, Румыния, Біріккен Корольдік, Оңтүстік-Африка Республикасы, Тәжікстан, Түркіменстан және Түркияда 31,5–31,8 ГГц тіркелген және жылжымалы,әуедегі жылжымалыны қоспағанда, бірінші реттік негізде бөлінген (5.33 т. қара). (ДРК-12).

5.547 31.8-33.4 ГГц,51.4-52.6 ГГц,55.78-59 ГГц және 64-66 ГГц жолақтары тіркелген қызметке жоғары тығыздық жағдайында пайдаланылады (726-қарарын (ДКР-97) қара).Бұл жолақ жайында қарастығанда әкімшіліктерге регламенттік ережелерді есепке алғандары жөн. 39,5–40 ГГц және 40,542 ГГц жолақтарында тіркелген жерсеріктік қызмет станцияларына жоғары тығыздықты қолданудың мүмкіндіктеріне байланысты, (5.516В т. қара) әкімшіліктерге, тіркелген қызметтің жоғарғы тығыздығын ары қарай қолдануды қарастырғанда шектеулерді есепке алулары қажет. (ДРК-03).

5.547А Әкімшіліктерге 31,8-33,4 ГГц жолағының тіркелген қызмет және әуедегі кемелердегі станциялардың, радионавигациялық қызметтердің пайдаланылуы кезіндегі зиянды бөгеттер әсерін азайтудың барлық мүмкіндіктерін жасауға шаралар қолданулары тиіс, бұл жерде әуедегі кемелердегі радарлық жүйелердің пайдалану қажеттігін ескерілулері тиіс. (ДРК-2000).

5.547В Ауыстырылымды таратылу:Америка Құрама Штаттарында 31.8-32 жолағы радионавигациялық және ғарыш зерттеулер (алыс ғарыш) (ғарыш-Жер) қызметтеріне бірінші реттік негізде бөлінген. (ВКР-97).

5.547С Ауыстырылымды таратылу: Америка Құрама Штаттарында 32-32.3 жолағы жерсерік аралық радионавигациялық және ғарыш зерттеулер (алыс ғарыш) (ғарыш-Жер)қызметтеріне бірінші реттік негізде бөлінген (ДРК-97).

5.547D Ауыстырылымды таратылу: Америка Құрама Штаттарында 32.3-33 жолағы жерсерік аралық және радионавигациялық қызметтерге бірінші реттік негізде бөлінген.

5.547Е Ауыстырылымды таратылу: Америка Құрама Штаттарында 33-33.4 жолағы радионавигациялық қызметке бірінші реттік негізде бөлінген (ДРК-97).

5.548 32-33 ГГц жолағында жерсерік аралық және радионавигациялық қызметтерді,31.8-32.3 ГГц жолағында ғарыш зерттеу қызметтін (алыс ғарыш) жобалағанда, әкімшіліктер барлық мүмкіншілікті шараларды, радионавигациялық қызметтің жан жақты қауыпсіздігін ескере отырып, (707 ұсыныстарын қара).бұл қызметтер арасында зиянды кедергілер тудырмау үшін пайдалануы тиіс. (ВКР-03).

5.549 Қосымша таратылу: Сауд Арабиясы, Бахрейн, Бангладеш, Египет, Біріккен Араб Әмірліктері, Габон, Индонезия, Иран Ислам Республикасы, Ирак, Израил, Ливия, Малайзия, Мали, Марокко, Мавритания, Непал, Нигерия, Оман, Пәкістан, Филиппин, Катар, Сирия Араб Республикасы, Конго Демократиялық Республикасы, Сингапур, Сомали, Судан, Оңтүстік Судан, Шри-Ланка, Того, Тунис және Йеменде 33,4-36 ГГц жолағы тіркелген және жылжымалы қызметтерге бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-12).

5.549А Қосымша таратылу: Сауд Арабиясы, Бахрейн, Бангладеш, Египет, Біріккен Араб Әмірліктері, Габон, Индонезия, Иран Ислам Республикасы, Ирак, Израил, Ливия Араб Джамахириясы, Иордания, Кувейт, Ливан, Малайзия, Мали, Мальта, Марокко, Мавритания, Непаль, Нигерия, Оман, Пәкістан, Филиппин, Катар, Сирия Араб Республикасы, Конго Демократиялық Республикасы, Сингапур, Сомали, Судан, Шри-Ланка, Того, Тунисе және Йеменде 33,4-36 ГГц жолағы тіркелген және жылжымалы қызметтерге бірінші реттік негізде бөлінген.

5.550 Қызметтің басқа санаты: Армения, Әзірбайжан, Беларусьь Ресей Федерациясы, Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстанда 34,735,2 ГГц жолағы ғарыш зерттеу қызметіне бірінші реттік негізде бөлінген. ( 5.33 т. қара). (ДРК-12).

5.550A 36–37 ГГц жолағын жерсеріктік Жерді зерттеу (әректті емес) қызмет және тіркелген және жылжымалы қызметтерге біріге қолдану үшін 752 (ДРК -07) Қарары пайдаланылады. (ДРК -07).

5.551 (Алынып тасталынған ДРК-97).

5.551А (Алынып тасталынған ДРК-03).

5.551АА (Алынып тасталынған ДРК-03).

5.551В (Алынып тасталынған ДРК-2000).

5.551С (Алынып тасталынған ДРК-2000).

5.551D (Алынып тасталынған ДРК-2000).

5.551Е (Алынып тасталынған ДРК-2000).

5.551F Қызметтің басқа санаты: Жапонияда 41,5-42,5 ГГц жолағы жылжымалы қызметке бірінші реттік негізде бөлінген. (5.33 т. қара). (ДРК -97).

5.551G (Алынып тасталынған ДРК-03).

5.551H 42,543,5 ГГц жолағында барлық тіркелген жерсеріктік қызметтің (ғарыш-Жер) геостационарлық емес жерсеріктік жүйелері немесе радиохабар тарату жерсеріктік қызметтінің (ғарыш-Жер) ғарыш станциялары тудыратын экививаленттік қуат ағынының тығыздығы (э.қ.а.т.), 42–42,5 ГГц жолағында жұмыс атқаратын, кез келген радиоастрномиялық станцияың орналасқан орынындағы 2% уақыт аралығында келесі шамалардан аспауы қажет:

–230 дБ(Вт/м2) ені1 ГГц және –246 дБ(Вт/м2) ені 500 кГц кез келген жолақта, 42,5–43,5 ГГц жолағында, бірайналы телескоп ретінде тіркелген, радиоастрономиялық станцияның орналасқан орынында; және

–209 дБ(Вт/м2) ені 500 кГц кез келген жолақта 42,5–43,5 ГГц жолағында, өте ұзын базасымен интерферометр ретінде тіркелген, радиоастрономиялық станцияның орналасқан орынында.

э.қ.а.т бұл шамалары ХЭО-R S.1586-1 Ұсыныстарында келтірілген методикаларды қолдана отырып, сондай-ақ ХЭО-R S.1586-1 Ұсыныстарында келтірілген радиоастрономиялық қызметтің антеннаның ең үлкен күшейту шамасы мен антеннаның бағытының эталондық диаграммасы бойынша есептелуі тиіс, және радиотелекоптың ең кіші жұмыстық бұрышы үшін барлық аспанға қолданылады.(бұл үшін өтініш білдірген ақпаратта бұл шама анықталмаған жағдайда 5° шамасы қабылданады. ).

Бұл шама кез келген радиоастрономиялық станцияларда қолданылады, егер:

немесе 2003 жылғы 5 шілдеге дейін пайдалануда болса, Бюроға 2004 жылғы 4 қаңтарға дейін өтініш берілсе;

Немесе 4-қосымшаға сәйкес берілген үйлестіру және өтініш туралы ақпарат берілгенге дейін өтініш берілген болса, осы шамалар қолданылатын ғарыш станцияларына байланысты жағдайда.

Көрсетілген уақыттан кейін өтініш берілген басқа радиоастрономиялық станциялар жайында, әкімшіліктердің ғарыш станцияларының жұмысына келісім беруі үшін жұмыс жүргізіледі. 2 -ауданда 473-қарар (ДРК-03) қолданылады. Бұл ескетудегі шектік шамалар, радиоастрономиялық станцияның орналасқан, осыған әкімшіліктер келісім берген орынында өсе алады. (ДРК-07).



5.551I Тіркелген жерсеріктік қызметтің (ғарыш-Жер) немесе радиохабар тарату жерсеріктік қызметтінің (ғарыш-Жер) 42,5-43,5 ГГц жолағында жұмыс атқаратын геостационарлық ғарыш станциялары тудыратын қуат ағынының тығыздығы, радиоастрономиялық станцияның орналасқан орынында келесі көрсетілген шамадан аспауы керек:

-137 дБ(Вт/м2) ені1 ГГц және –246 дБ(Вт/м2) ені 500 кГц кез келген жолақта, 42,5–43,5 ГГц жолағында, бірайналы телескоп ретінде тіркелген, радиоастрономиялық станцияның орналасқан орынында; және

-116 дБ(Вт/м2) ені 500 кГц кез келген жолақта 42,5–43,5 ГГц жолағында, өте ұзын базасымен интерферометр ретінде тіркелген, радиоастрономиялық станцияның орналасқан орынында қолданылады.

Бұл шама кез келген радиоастрономиялық станциялардың орналасқан орындарында қолданылады:

- немесе 2003 жылғы 5 шілдеге дейін пайдалануда болған және 2003 жылдың 4 қаңтарына Бюроға өтініш берілген;

- немесе осы шектік шамалар қолданылатын ғарыш станциялары жайлы 4-қосымшаға сәйкес, үйлестіру немесе өтініш туралы толық ақпарат алынғанға дейін өтінішбілдірген.

Көрсетілген уақыттан кейін өтініш білдірген, басқа радиоастрономиялық станциялар жайында, ғарыш станциясының жұмысына рұқсат алу үшін әкімшіліктермен келісім жұмыстары жүргізіледі. 2-ауданда 743-қарар қолданылады. (ДРК-03). Ескерпеде көрсетілген шектік шамаларды, радиоастрономиялық станциялардың орналасқан орынындаға әкімшіліктер бұған келісім берген жағдайда өсіруге болады. (ДРК-03).

Жер - ғарыш бағытында тіркелген жерсеріктік қызметке бөлінген 42.5-43.5 ГГц және 47.2-50.2 ГГц жолақтарыдың жалпы ені, жерсеріктік радиохабар қызметінің фидер жолдарын қамтамасыз ету үшін ғарыш-Жер таратуларының 37.5-39.5 ГГц жолағынан үлкен. Әкімшіліктер, жерсеріктік радиохабар қызметтің фидер жолдарына 47.2-49.2 ГГц жолағын қор ретінде қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіншілікті шараларды қолдануы қажет.



5.552 (Алынып тасталынған ДРК-2000).

5.552A 47.2-47.5 ГГц және 47.9-48.2 ГГц жолақтарын тіркелген қызметке бөлу үлкен биіктікте орналасқан платформаларда жұмыс істейтін станцияларға арналған.47.2-47.5 ГГц және 47.9-48.2 ГГц жолақтары 122 қарарының ережелеріне сәйкес пайдаланылады. (қайта қарал. ДРК 07). (ДРК 07).

5.552 43.5-47 ГГц, 66-71 ГГц, 95-100 ГГц, 134-142 ГГц, 190-200 ГГц және 252-265 ГГц жолақтарында құрылықтағы жылжымалы қызмет станциялары жұмыс істей алады, егер олар осы жолақтар бөлінген (5.43 т. қара) ғарыш радиобайланыс қызметтеріне зиянды кедергілер тудырмайтын болса. (ДРК-2000).

5.554 43.5-47 ГГц, 66-71 ГГц, 95-100 ГГц, 134-142 ГГц, 190-200 ГГц және 252-265 ГГц жолақтарында тіркелген пункттерде орналасқан құрылықтағы станцияларды байланыстарын жерсеріктік жолдар жұмысы рұқсат етілген, егер бұл жолдар ыжлжымалы жерсеріктік қызмет немесе радионавигациалық жерсеріктік қызметке біріге пайдаланатын болса. (ДРК-2000).

5.554А 47,5-47,9 ГГц, 48,2-48,54 ГГц және 49,44-50,2 ГГц жолақтарын тіркелген жерсеріктік (ғарыш-Жер) қызметпен қолдану геостационарлық жерсеріктермен шектелген. (ДРК-ОЗ).

5.555 Қосымша таратылу: 48,94-49,04 ГГц жолақтары сондай-ақ радиоастрономиялық қызметке бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-2000).

5.555А (Алынып тасталынған, ДРК-ОЗ).

5.555В 48,94-49,04 ГГц жолағында, 48,2-48,54 ГГц және 49,44-50,2 ГГц тіркелген жерсеріктік қызметтің (ғарыш-Жер) жолағында геостационарлық ғарыш станциялары тудыратын қуат ағынының тығыздығы -151,8 дБ(Вт/м ) шамасынан аспауы қажет, ені 500 кГц кез келген жолақта радиоастрономиялық станцияның орналасқан орынында. (ДРК -03).

5.556 51,4-54,25 ГГц, 58,2-59 ГГц және 64-65 ГГц жолақтарда ұлттық жоспарларға сәйкес радиоастрономиялық байқаулар жүргізуге болады. (ДРК-2000).

5.556А 54.25-56.9 ГГц, 57.0-58.2 ГГц және 59.0-59.3 ГГц жолақтарын жерсеріктік аралық қызметке пайдалану геостационалық орбитағы жерсеріктерімен шіктеледі. Жер бетінен 0 км-ден 1000 км-ге дейінгі биіктікке жерсерік аралық станцияның бар жағдайларда және барлық түрлі модуляцияда жеке сәулелену қуат ағынының тығыздығы барлық түсу бұрыштарында-147 дБ(Вт/м/100МГц)-тен аспауы тиіс. (ВКР-97).

5.556В Қосымша таратылу: Жапонияда 54,25-55,78 ГГц жолағы сондай-ақ аз тығыздықта қолдану үшін жылжымалы қызметке бірінші реттік негізде бөліген. (ДРК-97).

5.557 Қосымша таратылу: Жапонияда 55.78-58.2 ГГц жолағы сондай-ақ радиолокациялық қызметке бірінші реттік негізде бөліген. (ДРК-97).

5.557А 55,78-56,26 ГГц жолағында Жерсеріктік Жерді зерттеу (белсенді емес) қызмет станцияларын қорғау мақсатында, тіркелген қызмет станциясы таратқышының антеннаға кірер жолындағы ең үлкен қуат тығыздығы - 26 дБ(Вт/МГц) шектеледі. (ДРК-2000).

5.558 Жерсерік аралық қызметке зиянды кедергілер тудырмаған жағдайда (5.43 т. қара) 55,78-58,2 ГГц, 59-64 ГГц, 66-71 ГГц, 122,25-123 ГГц, 130-134 ГГц, 167-174,8 ГГц және 191,8-200 ГГц жолақтарында әуедегі жылжымалы қызмет станциялары жұмыс істеуіне болады. (ДРК-2000).

5.558А 56,9-57 ГГц жолағын жерсеріктік аралық қызмет жүйелерімен қолдану геостационарлық жерсеріктік орбитадағы жерсерік арасындағы жолдармен және биік жерқасы орбитасындағы геостационарлық емес жерсеріктерден төмендегі жерқасы орбитадағы жерсеріктерге берілетін жолдармен шектеледі. Жерсерік аралық жолдар үшін геостационарлық орбитадағы дара кедергілер қуат ағынынң тығыздығы, барлық Жер үсті биіктіктерде 0 ден 1000 км-ге дейін барлық шарттарда және барлық модуляция методтарында және барлық түсу бұрыштарында -147 дБ(Вт/(м2 • 100 МГц)) шамасынан аспауы қажет. (ДРК-97).

5.559 Жерсерік аралық қызметке зиянды кедергілер тудырмаған жағдайда (5.43 т. қара) 59-64 ГГЦ және 126-134 ГГц жолақтарында радиолокациалық қызметтің әуе кемелеріндегі орналасқан радалары жұмыс істеуіне болады. (ДРК-2000).

5.559А Алынып тасталынған.

5.560 Ғарыш кемелерінде орналасқан Жерде зерттеу қызметтерінің жерсеріктік радарлары 78-79 ГГц жолағында бірінші реттік негізде жұмыс істей алады.

5.561 74-76 ГГц жолағында тіркелген, жылжымалы және радиохабар қызметтері, жерсеріктік радиохабар қызметтерінде жиіліктер тағайындауды жоспарлаудың сәйкес конференциясының шешімі бойынша жұмыс істейтін жерсеріктік радиохабар қызметіне зиянды кедергілер тудырмауы тиіс. (ДРК-2000).

5.561А 81-81,5 ГГц жолағы сондай-ақ әуесқойлық және әуесқойлық жерсеріктік қызметке екінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-2000).

5.561В Жапонияда 84-86 ГГц жолағын тіркелген жерсеріктік қызметпен (Жер-ғарыш) қолдану, геостационарлық жерсеріктік орбитада қолданылатын, жерсеріктік радиохабар тарату қызметінің фидер жолдарымен шектелген (ДРК-2000).

5.562 94-94.1 ГГц жолағын пайдалану жерсеріктік жерді зерттеу (белсенді) және ғарыш зерттеу (белсенді) қызметтерінде ғарыш кораблінің бортында орналасқан бұлт жамылғысын зерттеу радарларымен шектеледі. (ДРК-97).

5.562А 94-94,1 ГГц және 130-134 ГГц жолақтарында, радиоастрономиялық станцияның антеннасының негізгі сәулесіне бағытталған жерсеріктік Жерді зерттеу (белсенді) қызметінің ғарыш станциялары жіберген хабары, кейбір радиоастрономиялық қабылдағыштарды зақымдауы мүмкін. Мұндай таратқыштарды пайдаланатын Ғарыш агенттіктер және лайық радиоастрономиялық станциялар, мұндай жағдайларды болдырмай жұмыс атқару үшін, бір-бірімен келісе жоспарлаулары тиіс. (ДРК-2000).

5.562В 105-109,5 ГГц, 111,8-114,25 ГГц, 155,5-158,5 ГГц және 217-226 ГГц жолақтарын тек қана ғарыш орналасу радиоастрономиясымен шектелген. (ДРК-2000).

5.562С 116-122,25 ГГц жолағын жерсерікаралық қызметпен қолдану геостационарлық орбитадағы жерсеріктермен шектелген. Жерсерікаралық қызмет станциялары, барлық шарттарда және барлық 0 ден 1000 км-ге дейінгі Жер үсті биіктіктердегі барлық модуляция методтарында және орбиталық геостацинарлық қалыптасуға жақындағы орын алған белсенді емес датчиктердің тудыратын дара кедергілердің қуат ағынының тығыздығы, барлық түсу бұрышанда -148 дБ(Вт/(м2 • МГц)) шамасынан аспауы қажет. (ДРК-2000).

5.562D Қосымша таратылу: 128-130 ГГц, 171-171,6 ГГц, 172,2-172,8 ГГц және 173,3-174 ГГц жолақтары сондай-ақ Корея Республикасында радиоастрономиялық қызметке бірінші реттік негізде бөлінген. (ДРК-2000) .

5.562Е Жерсеріктік Жерді зерттеу қызметіне бөліну 133,5-134 ГГц жолағымен шектеледі. (ДРК-2000).

5.562F 155,5-158,5 ГГц жолағында жерсеріктік Жерді зерттеу қызметіне (белсенді емес) және ғарыш зерттеу қызметіне (белсенді емес) бөлу 2018 жылғы 1 қаңтарда тоқтатылады. (ДРК-2000).

5.562G 155,5-158,5 ГГц жолағын тіркелген және жылжымалы қызметке бөлінудің мерзімі 2018 жылғы 1 қаңтар болып табылады.(ДРК-2000).

5.562Н 174,8-182 ГГц және 185-190 ГГц жолағын жерсерік аралық қызметтің қолдануы, гестационарлық орбитадағы жерсеріктермен шектелген. Жерсерікаралық қызмет станциялары, барлық шарттарда және барлық 0 ден 1000 км-ге дейінгі Жер үсті биіктіктердегі барлық модуляция методтарында және орбиталық геостацинарлық қалыптасуға жақындағы орын алған белсенді емес датчиктердің тудыратын дара кедергілердің қуат ағынының тығыздығы, барлық түсу бұрышанда -144 дБ(Вт/(м2 • МГц)) шамасынан аспауы қажет. (ДРК-2000).

5.563 (Алынып тасталынған ДРК -03).

5.363А 200-209 ГГц, 235-238 ГГц, 250-252 ГГц және 265-275 ГГц жолақтарында жер үсті орналасу аппаратурасының, атмосфера құрамын бақылау мақсатында белсенді емес байқауы жүзеге асырылады. (ДРК -2000).

5.563В 237,9-238 ГГц жолағы сондай-ақ ғарыш кораблінің бортына орналасқан бұлттар қабығын зерттейтін радарлар үшін жерсеріктік Жерді зерттеу (белсенді) және ғарыш зерттеу қызметтеріне (белсенді) бөлінген. (ДРК-2000).

5.564 (Алынып тасталынған ДРК-2000).

5.565 Әкімшіліктерге 275-1000 ГГц жолағын белсенді емес әртүрлі қызметтерді жобалауға және тәжрибелік жүргізуге пайдалануына болады:

- радиоастрономиялық қызметте: 275-323 ГГц, 327-371 ГГц, 388-424 ГГц, 426-442 ГГц, 453-510 ГГц, 623-711 ГГц, 795-909 ГГц және 926-945 ГГц;

- ғарыштық зерттеу (белсенді емес) және жерсеріктік Жерді зерттеу (белсенді емес) қызметтері: 275-286 ГГц, 296-306 ГГц, 313-356 ГГц, 361-365 ГГц, 369-392 ГГц, 397-399 ГГц, 409-411 ГГц, 416-434 ГГц, 439-467 ГГц, 477-502 ГГц, 523-527 ГГц, 538-581 ГГц, 611-630 ГГц, 634-654 ГГц, 657-692 ГГц, 713-718 ГГц, 729-733 ГГц, 750-754 ГГц, 771-776 ГГц, 823-846 ГГц, 850-854 ГГц, 857-862 ГГц, 866-882 ГГц, 905-928 ГГц, 951-956 ГГц, 968-973 ГГц және 985-990 ГГц.

275-1000 ГГц диапазонын белсенді емес қызметтермен пайдалануы бұл диапазонның белсенді қызметтерме пайдалану мүмкіндігін жоққа шығармайды.

275-1000 ГГц диапазонын белсенді қызметтерге қолдануға ниет танытқан әкімшіліктерге белсенді емес қызметтерді зиянды бөгеттерден қорғау шараларын аталған 275-1000 ГГц диапазонында жиілікті бөлу Кестесін қабылдамас бұрын қолдану ұсынылады.

1000-3000 ГГц диапазонындағы кез келген жиіліктер белсенді және белсенді емес қызметтермен қолданыла алады. (ДРК-12).

Қазақстан Республикасы

радио қызметтері арасында

барлық мақсаттағы радиоэлектрондық

құралдарға арналған 3 кГц-тен 400 ГГц-ке

дейінгі жиіліктер ауқымында жиіліктер

белдеуін бөлу кестесіне 3-қосымша




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет