БАҒдарламасы ақтау, 2016 жыл мазмұны 1 Бағыт. Экономика 11



бет9/16
Дата03.07.2016
өлшемі8.42 Mb.
#175593
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16

1 кесте. 2011-2015 жылдардағы жалпы орта білім беру мектептеріндегі оқушылар саны (мың адам)

Оқыту тілі

2010/2011 оқу жылы

2011/2012 оқу жылы

2012/2013 оқу жылы

2013/2014 оқу жылы

2014/2015 оқу жылы

қазақ

21,2

18,9

21,9

19,5

19,3

орыс

10,2

10,7

25,1

10,9

11,6

Бірақ, аталған көрсеткіштер бойынша оңтайлы өсімге қарамастан, ұлттық компанияларда, акционерлік қоғамдар мен жеке құрылымдарда мемлекеттік тілді қолдану деңгейінің жеткіліксізідігі және тілдерді меңгеру инфрақұрылымының дамымағаны байқалады. Бұдан басқа, өңірлік тілдерді оқыту орталығы жекешелендіруге жататын мекемелер қатарына енді.

Аймақта этникалық тортардың тілдерін үйрену мен дамытуға жағдайлар жасалған. Қаланың 20 ұлттық-мәдени орталықтарында 3 жексенбілік мектеп (дағыстан, армян, татар) қызмет етеді. Жексенбілік мектептерге 60 мыңнан астам тыңдаушылар барады.

Қазақстан халқы тілдерін дамыту мен үгіттеу мақсатында, жыл сайын Қазақстан

халқы тілдерінің облыстық фестивалі, «Славян жазба күндері», «Қазақстан - көпұлтты мемлекет» мен қазақ ұлты өкілдері арасында мемлекеттік тілді және ұлты қазақ жастары арасында орыс тілін меңгеру деңгейін анықтау бойынша республикалық конкурстардың іріктеу турлары өткізіліді.

Тілдерді дамыту бойынша негізгі бағыттардың бірі - тілдер туралы заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз етуді бақылау. ҚР-ң «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңының нормаларын сақтауды тексеру мақсатында, сыртқы жарнаманың, визуалды ақпарат пен қаланың кәсіпкерлік нысандарының жазбаларының рәсімделуіне мониторинг жүргізілді. 2014 жылы заң талаптарының бұзылуының 146 жағдайы анықталды (2012 жылы - 187).



1 сурет. Визуалды жарнаманы мониторингілеу кезінде ҚР-ң «Тілдер туралы» Заң бұзушылықтарының саны.

Алайда, осы мониторинг бойынша оңтайлы өсімге қарамастан, ҰК-да, АҚ-да, жеке құрылымдарда мемлекеттік тілдің қолданылу деңгейі жеткіліксіз болып отыр. Бұл мәселе мемлекеттік тілді оқыту әдістемесі мен стандарттарының, мемлекеттік тілді меңгеру процесін ынталандыру мен мониторингілеу жүйесінің жоқтығына байланысты туындап отыр.


Үш тілді дамыту бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

- қаланың мемлекеттік органдарындағы мемлекеттік тілдегі құжат айналымының үлесі - 99%;

- мемлекеттік тілді оқытудың әдістемелік қамсыздандыру жүйесі құрылды;

- мемлекеттік тілді оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу қамтамасыз етілді;

- қалада тұрып жатқан эникалық топтардың тілдерін үйренуге жағдайлар жасалуы;

- мемлекеттік тілді меңгерген халық санының өсуі;

- қолданыстағы тіл саясатын облыс тұрғындарының қолдауының жоғары деңгейі.



- мемлекеттік тілді үйретудің біртұтас стандартының жоқтығы;

- қоғамдық өмірдің барлық аясында мемлекеттік тілді қолданудың жеткіліксіз деңгейі;

- тіл аясының жеткіліксіз нормативті-құқықтық қамсыздануы;

- өңірлік тілдерді оқыту орталығының жекешелендіруге жататындығы;

- жеке кәсіпкерлер нысандарының визуалды ақпараттарын тексеру мүмкінсіздігі.



МҮМКІНДІКТЕРІ:

ҚАТЕРЛЕРІ:

- қоғамдық өмірдің барлық аясында мемлекеттік тілдің рөлін жоғарылату;

- тіл көпжақтылығын сақтау арқылы әлеуметтік-коммуникативтік салаға мемлекеттік тілді енгізу;

- қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын сақтау және нығайту.


- жоғары миграциялық қозғалыс, қалаға және еліміздің басқа өңірлерінен оралмандардың аса көп келуі, бұл бейімделудің көпжақты экономикалық және әлеуметтік саясатының жоқтығы кезінде тіл саясатының нәтижесін төмендетеді.


Үш тілді дамытудың негізгі проблемалары:

- мемлекеттік тілді үйретудің біртұтас стандартының жоқтығы;

- қоғамдық өмірдің барлық аясында мемлекеттік тілді қолданудың жеткіліксіз деңгейі;

- тіл аясының жеткіліксіз нормативті-құқықтық қамсыздануы;

- өңірлік тілдерді оқыту орталығының жекешелендіруге жататындығы;

- жеке кәсіпкерлер нысандарының визуалды ақпараттарын тексеру мүмкінсіздігі.



2.1.2.8. Ішкі саясат

Қалада, соның ішінде азаматтық қоғам институттарында, қала тұрғындарының әлеуметтік үміттенуінде, ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігінде жағымды қоғамдық-саяси жағдай құрылды. Бұны соңғы әлеуметтік зерттеу қорытындылары көрсетіп отыр.

2012-2014 ждылдары өз мамандығына едәуір үлес қосқан қызметкерлерді ынталандыру мақсатында, «Меценат», «Бизнес форумдар» атты конкурстар өткізілді. Отбасы бейнесінің ғұрыптық құндылықтарын жоғарылату мақсаттында, жыл сайын «Мерейлі отбасы» конкурсы өткізіліп отыр. Сонымен қатар, жыл сайын мақсаты - әр түрлі қызмет аясында еңбек ететін үздік жас мамандарын анықтау болып табылатын «Жастар сыйлығы» атты конкурсы өтіп отырады.

Қаланың қоғамдық-саяси имиджін көтеру және көрсету мақсатында, жыл сайын мемлекеттік ақпараттық және әлеуметтік тапсырыстар, әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп отырады.


Саяси партиялармен өзара қарым-қатынас

Қазіргі таңда қалада саяси партиялардың 3 филиалдары қызмет етеді: оның ішінде «Нұр Отан» партиясыныкі - 1, КНПК - 1 және «Ауыл» партиясыныкі - 1.

2015 жылдың 17 мамырында «Нұр Отан» партиясының өңірлік семинары өтті. Аталған семинарда партияның Орталық аппаратының, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облысы филиалдарының өкілдері ағымдағы жылдың төрт айында өткізілген жобалар мен шаралардың іске асырылуын талқылады.

Семинарда мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасына әсерін тигізетін «Кедергісіз болашақ» жобасының нәтижелері жария етілді. Бұл жоба келесі бағыттар бойынша іске асырылды: мүгедектерді жұмысқа орналастыру, кедергісіз білім алуға жағдайлар жасау, әлеуметтік және көлік инфрақұрылым нысандарына қол жетімділігі.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын тиімді қолдану мақсатымен, әлеумет пен бизнес-қоғамдастықтардың назарын мүгедектер мәселелеріне аудару қажет.
ҮЕҰ-мен өзара қатынас

Қалада бүгінгі күні 28 үкіметтік емес ұйымдар тіркелген. Үкіметтік емес сектор қызметінде әр түрлі бағытта белсенді азаматтық ұстанымы бар 1 мыңнан астам адам қызмет етеді.

Өңіраралық байланыс аясында және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасын орындау мақсатында, азаматтық қоғам институттары өкілдерінің қатысуымен аса қаржы шығынын талап етпейтін, 70-тен астам шара өткізілді.

Бұдан басқа, жылына екі рет жыл сайын үкіметтік емес ұйымдардың тартылуымен «Негізгі әлеуметтік-экономикалық параметрлер және қаладағы қоғамдық-саяси жағдайды талдау» тақырыбына әлеуметтік зерттеулер жүргізіледі. Жүргізілген зерттеулер нәтижелері аймақтағы тұрақты жағдайды көрсетеді.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесі арқылы қаланың үкіметтік емес ұйымдары әлеуметтік маңызды мәселелерге тартылады. Әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру бойынша үкіметтік емес секторды қаржыландырудың оңтайлы деңгейі анықталады.


1 сурет. 2012-2014 жылдардағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруға қажетті бөлінген қаражат көлемі (мың теңге).
2014 жылдан бастап алғаш рет жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асырудың салалық принципі қолданылды. 2014 және 2015 жылдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруға 5 мемлекеттік емес ұйымдар қатысты.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқасында өмір сүрудің әр түрлі аспектілері бойынша азаматтарды қолдау Орталықтары өз жұмысын бастады. 2012-2014 жылдары мемлекеттік емес ұйымдары әр түрлі бағыт бойынша 13-тен астам жобаларды іске асырды.

Ерекше мұқтажды балаларға көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік әлеуметтік қызметтер мен қоғамдық ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынасты жаұсарту мақсатында, жыл сайын «Рада Актау» Қоғамдық ұйымы мүмкіндігі шектеулі балалардың бейімделуі үшін түрлі шаралар өткізеді.

2014 жыл ішінде келесі тақырыптар бойынша дөңгелек үстелдер өткізілді: «Сенемін, демек өмір сүремін», тренингтер, «Достық бөлмесі», «Сиқырлы бояу жаққыш», «Алтын қоржын» үйірмесін құру.

Жас суретшілерді қолдау және олардың жұмысын жақсарту мақсатында, «Ақтау қалалық суретшілер одағы» жас суретшілердің дүниетанымын жоғарылату үшін суретшілер фестивалі мен семинарларын өткізді.

2014 жылы Өмірзақ ауылы тұрғындары арасында салауатты өмір салты бойынша акция өткізілді. Аталған акцияны «Мейірімді Ақтау» қоры өткізді.

Аталған шарада Ақтау қаласының медицина қызметкерлері бастапқы ауруларды анықтау және оларды емдеу бойынша скринингтер өткізді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы аясында «Жас ұлан» біртұтас балалар-жас өспірімдер ұйымы» 2015 жылы жастар арасында ұлтаралық келісім мен біртұтастығын нығайтуға бағытталған шаралар өткізді.

Сонымен бірге, 2015 жылы «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық қорының Ақтау қалалық филиалы Ұлы жеңістің 70-жылдығына арналған әскери-патриоттық клубтардың, аула клубтарының слеттарын ұйымдастырды. «Елтану KZ» қоғамдық қоры Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған шаралар өткізді.
Этникааралық және конфессияаралық қарым-қатынастар.

Қала әкімдігінде Қоғамдық одақ қызмет етеді. Оның басты мәселесі - қоғамдағы қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту, Қазақстан халқы ассамблеясының (бұдан әрі - Ассамблея) мақсаттары мен міндеттеріне жету үшін біртұтас жолын жасақтау мақсатында, азаматтық қоғам институттарының, саяси, үкіметтік емес ұйымдардың және басқа да қоғамдардың консолидациясы.

Ассамблея қаланың 20 этно-мәдени бірлестіктерінің қызметін бақылайды.

2014-2015 жылдары қалада «Бір шаңырақ астында» атты үлкен әлеуметтік жоба іске асырылды. Бұл жоба аясында, украин халық жазушысы Т.Шевченконың 200-жылдығын тойлауға арналған шаралар өткізіліп, Ресей Федерациясының, Әзірбайжан, Түркменстан, ҚХР елдері аймақтарының әкімшіліктерімен іскерлік қарым-қатынастар орнатылды.

Ассамблеяның 20-жылдығына ұлттық-мәдени ұйымдармен бірлесіп, қайырымдылық шаралары өткізілді. Қайырымдылық шараның басты мақсаты - халықтың әлеуметтік қорғансыз топтарына: қарттарға, мүгедектерге, балалар мен аз қамтылған азаматтарға көмек көрсету.

Этникааралық қарым-қатынастың жайлығы мен төзімділігін сақтау мақсатында, жыл сайын әр түрлі бейнелік және әлеуметтік маңызды шаралар өткізіліп отырады.

Халықтың дін аясындағы білімін нығайту үшін ақпараттық-үгіттеу тобы (АҮТ) құрылды. Ақпараттық-үгіттеу тобының мүшелері қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындарында, мектептер мен жоғары оқу орындарында түсініктеме жұмыстарын жүргізді.
Ақпараттық саясат

Жыл сайын ақпарат кеңістігіндегі жұмыстар келесі бағыттар бойынша жүргізіледі: мемлекеттік ақпараттық тапсырысты іске асыру, бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынас Кеңесінің қызметі, Ақпараттық топ жұмысы (пресс-конференциялар, брифингтер, пресс-турлар, онлайн-конференциялар, ыстық линиялар және тағы басқалар).

2013-2015 жылдары аз қамтылған отбасыларға «Отау-ТВ» сандық телевидениесі орнатылды. Оның ішінде, қала бойынша - 97 отбасыға, Өмірзақ ауылында 59 отбасыға орнатылды. Аталған мақсаттарға жергілікті бюджеттен 7,0 млн.теңгеден астам қаржы бөлінді.

Сонымен қатар, қала әкімдігінде жүйелі негізде маңызды мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдары үшін мемлекеттік органдар басшыларының брифингтері өтеді. Мемлекеттік органдар басшыларының өз салалары бойынша апта сайынғы брифингтердің кестесі жасақталып іске асырылып жатыр.



1 Сурет. Ақтау қаласы бойынша тіркелген БАҚ саны
Қалада бұқаралық ақпарат құралдары аясында 9 мемлекеттік БАҚ-ын (облыстық газеттер - «Маңғыстау», «Огни Мангистау» және аудандық (қалалық) - «Жаңаөзен», «Қарақия», «Ақкеттікарайы», «Рауан», «Жаңаөмір», «Мұнайлы», «Шерқала» жорналы) біріктіретін «Маңғыстау Медиа» ЖШС-і қызмет етеді.

«Қазақстан Ақтау» облыстық телеарнасы тәулігіне 14 сағат жұмыс істейді. «Жолбаян», «Вест» радиолары Ақтау қаласы аумағында қызмет етеді.

Өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік ақпараттық тапсырыспен қамтылуы халықтың барлық санаттарына қоғамдық-саяси жағдай туралы ақпаратты жеткізуге мүмкіндік береді. Осы мақсаттарда 2014-2015 жылдары мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орындауға 28,4 млн.теңге қаражат бөлінді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

2015 жылдың басында Ақтау қаласында мемлекеттік рәміздерді үгіттеу және қолдану бойынша Іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді.

2014 жыл ішінде қаланың 200 тұрғынының қатысуымен 10 шара өткізілді. Қала бойынша мемлекеттік бейнелемесі суретімен 60 билборд орнатылды.

Жыл сайын жоғары және мамандандырылған оқу орындарының студенттері арасында Қазақстан Республикасының рәміздер Күніне орай шаралар өткізіледі. Жыл сайын осы шараны іске асыруға 550 мың теңге бөлінеді.

Азаматтардың патриоттық сезімдерін нығайту және мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын жоғарылату мақсатында жыл сайын 4 маусымда - Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздер күні теңіз жағалауында «Менің Қазақстаным» атты ауқымды патриоттық жастар акциясы өткізіледі.
Гендерлік саясат

2011 жылдан бастап қалада гендерлік саясат аясында алдыңғы қатарлы үкіметтік емес ұйым - «Әйел көшбасшылығы мектебі» қоғамдық қауымдастығы қызмет етеді.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында аталған ұйым «Әйел көшбасшылығы мектебінің қызметін үйлестіруге бағытталған шараларды ұйымдастыру және өткізу» тақырыбындағы жобаны және гендерлік теңдік Стратегиясының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша ақпараттық-үгіттеу жұмыстарын іске асыруда.

Қала әкімінің қолдауымен ағымдағы жылда «Көктем аруы-2015» атты конкурсы өткізілді. Қаланың гендерлік саясаты аясында қала әкімі жанынан құрылған әйелдер және отбасы-демографиялық саясат істері жөніндегі Комиссиясы белсенді үйлестіру жұмысын жүргізіп отыр. Сонымен қатар, әйелдер Комиссиясы және Кеңесі («Әжелер кеңесі») тұрақты түрде жұмыс істейді.

Сонымен бірге, 2015 жылы Ақтау қаласында гендерлік саясат кеші өткізілді. Кешке өңір өмірі мен дамуына белсенді қатысатын өңір әйелдері шақырылды. Атап айтқанда, қолөнер шеберлері, кәсіпкерлер, үкіметтік емес ұйым басшылары, депутаттар, медицина қызметкерлері және тағы басқалар.

Ақтау қаласының әкімдігі жыл сайын Отбасы күніне орай отбасылық бірлікті нығайтуға арналған әр түрлі шаралар өткізеді.


Ішкі саясат бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

- мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша әлеуметтік маңыздылығы бар жобаларды іске асыруға тартылатын үкіметтік емес ұйымдардың сандық өсіміне жағдайлар жасалған;

- қалада үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын іске асыруға қаржы көлемінің өсімі қамтамасыз етілді;

- қаланың үкіметтік емес ұйымдарының өңірлік ресурстық орталықтары белсенді жұмыс істейді;

- ауылдық жерлерде істегі үкіметтік емес ұйымдарының саны өсті;

- Қоғамдық кеңес аясында саяси партиялармен тиімді қарым-қатынас құрылды;

- мемлекеттік ақпарат саясатын іске асыруға қаржы көлемінің өсімі қамтамасыз етілді;

- мемлекеттік органдардың алдыңғы қатарлы облыстық, қалалық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара қарым-қатынасы реттелді.


- қалалық деңгейде үкіметтік емес сектор дамуының төмен деңгейі;

- ақпараттық-үгіттеу жұмыстарды өткізу кезінде жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың жоғарғы деңгейі;

- әлеуметтік маңыздылығы бар жобаларды орындау сапасын бағалаудың біртұтас критерийлерінің жоқтығы;

- заманауи талаптарға сәйкес келетін білікті мамандар санының жеткіліксіздігі;

- журналистік кадрлардың құқықтық біліктілігінің төмендігі.



МҮМКІНДІКТЕРІ:

ҚАТЕРЛЕРІ:

- істегі тұрақты сөйлесу алаңдарының тиімді қызметі арқылы мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың серіктестігін одан әрі нығайту;

- мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қаржыландыруды ұлғайту;

- Маңғыстау облысының Қазақстан Республикасы халқы ассамблеясының сессия қызметінің тиімділігін көтеру;

- әлеуметтік шиеленісудің потенциалды ошақтарын уақытылы анықтау және оларды жою бойынша тиісті шаралар қолдану;

- мемлекеттік ақпараттық тапсырысты іске асыруға мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарын тарту;

- жергілікті журналист кадрларының біліктілігін арттыруға бағытталған оқыту шараларын өткізу.



- қаладағы саяси ішілік жағдайда нығайтуға бағытталған көрсеткіштерге қол жеткізбеу;

- қала тұрғындары арасында әлеуметтік үміттенуі деңгейінің төмендігі;

- өңірдің қоғамдық-саяси өмірін тұрақсыздандыруға бағытталған материалдардың мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарында шығуы;

- халықаралық ұйымдар қаржысы есебінен журналистердің құқықтық сауаттылығын көтеру.




Саладағы негізгі проблемалар:

- қалалық, ауылдық әкімдіктердің үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара қарым-қатынасының төмен деңгейі;

- ақпараттық-үгіттеу жұмысын өткізу кезіндегі жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың жеткіліксіз деңгейі;

- әлеуметтік маңыздылығы бар жобаларды іске асырудың тиімділігін бағалау мен мониторингінің механизмінің айқындалмауы;

- заманауи талаптарға сәйкес келетін білікті мамандар санының жеткіліксіздігі;

- журналист кадрларының төмен құқықтық біліктілігі;

- азаматтық белсенділік пен жауапкершілік деңгейіне әсерін тигізетін үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өзара қарым-қатынасының мәселесі.
2.1.3. Бағыт. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

2.1.3.1. Қоғамдық қауіпсіздік

Ішкі істер органдар қызметінің негізгі көрсетікіші - қаладағы қылмыстық жағдайдың статистикасы.

2014 жылы тіркелген қылмыстардың жалпы санының 2012 жыл деңгейіне қарағанда 17,7%-ға немесе 437 жағдайға өсімі (облыс бойынша - 40,1%-ға) байқалды. 10 мың тұрғынға шаққанда қылмыстылық деңгейі 2012 жылғы 137 жағдайдан 214 жылғы 160 жағдайға немесе 16,8%-ға (облыс бойынша - 35,6%-ға) өсті.

1 сурет. 2012-2014 жылдардағы тіркелген қылмыс көрсеткіштерінің динамикасы


Қылмыстардың өсуі халық санының күрт өсуімен, сонымен қатар қылмыстарды тіркеудегі мөлдірлік бойынша тиімді жұмыстың жоғарылауымен байланысты.

2 сурет. 2012-2014 жылдардағы қаладағы қылмыс түрлері бойынша саны


2014 жыл ішінде мынадай 60-тан астам жедел-алдын алу шаралары өткізілді: «Құқық тәртібі», «Қару», «Мигрант» және тағы басқалар. Аталған шаралардың өткізілуі жалпы алғанда қылмыстылық жағдайға оң әсерін тигізді.

2014 жылда өткізілген шаралардың нәтижесінде қоғамдық орындарда орын алған қылмыстардың 8,8%-ға (986-дан 899-ға) және көше қылмыстарының 28,1%-ға (569-дан 409-ға) төмендеуі байқалды.



3 сурет. 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылдағы қылмыстың жеке түрлері бойынша төмендеу көрсеткіші

Қоғамдық орындар мен елді мекендердің көшелерінде оперативті жағдайды тұрақтандыру бойынша ұйымдастырушылық-тәжірибелік шаралар кешені іске асырылып жатыр.

Қоғамдық қауіпсіздікті қорғау және жол қауіпсізідігін қамтамасыз етуді сақтау бойынша қызметкерлер саны ұлғайып, автокүзет саны өсіп, күзет маршруттары толық қайта қаралды. Қала аумағында 81 - жаяу, 20 автокөлік, 7- ат, және 4 стационарлы күзет маршруттары күзет орындары жасақталды.

Соңғы жылдары ішкі істер органдарының жабдықталу деңгейі жақсарып, негізгі бағыттар бойынша тиісті нормаларға дейін жеткізілді.

2015 жылдың 1 қазанына қалада 113 қылмысты (2013 жылы - 74) ашуға көмегін тигізген 114 видеобақылау камералары қызмет етеді. Сонымен қатар, олардың көмегімен 17847 әкімшілік құқық бұзушылық ашылды.
Жол қауіпсіздігі

2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы жол көлік оқиғалары 51,1%-ға (2013 жылғы 141-ден 2014 жылғы 69-ға) төмендеді. 2013 жылмен салыстырғанда жарақат алғандар бойынша 61,1%-ға (2013 жылы - 162 адам, 2014 жылы - 63), балалар жол көлік жарақаты бойынша 51,4%-ға (37 және 18 адам сәйкесінше) мөмендегені анықталды. Алайда, 2014 жылы жол көлік оқиғаларында 12 адам (2013 жылы - 13) өмірін қиды, оның ішінде - 2 бала (3 бала).


2 кесте. 2012-2014 жылдардағы 10 мың бірлік автокөлікке шаққандағы жол-көлік оқиғаларының деңгейі




2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Маңғыстау облысы

25,3

30,3

23,5

Ақтау қаласы

12,3

17,5

8,4

Жол-көлік оқиғалары көрсеткіштерінің төмендеуіне қала аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, бірқатар желел алдын-алу және рейдтік шараларды өткізу арқылы қол жеткізілді.

Қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, жолдардың аса қауіпті учаскелерінде автоматты анықтау, құқық бұзушылықты мұрағаттау режиміне қосылған 3 интеллектуалды қиылыс орнатылды.

Көшелер мен қоғамдық орындарда жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында, 2014 жылы мынадай 14 жедел алдын-алу шаралары өткізілді: «Назар аударыңыз! Балалар!», «Қауіпсіз аула», «Мас жүргізуші - қылмыскер» және басқалар.

2014 жыл ішінде бірнеше рет «Такси» жедел алдын-алу шаралары өткізілді. Бұл шара арқылы ІІБ ӘПБ-ң қызметкерлерімен бірге қаланың салық Басқармасының және Маңғыстау облысының Көлік басқармасының қызметкерлері тартылды.

Жол қауіпсіздігін үгіттеу бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесу жұмыстары жандандырылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет