Жоба
ШЕШІМІ
Өтеген батыр кенті № ____ 2013 жыл ___ тамыз
Іле ауданы бойынша
бірыңғай тіркелген салық
ставкаларын белгілеу
туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 422-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Іле ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары Файль Виктор Александровичке және аудандық мәслихаттың бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, көлік, құрылыс, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы
__________________ Ә. Исаев
|
Мәслихат хатшысы
_______________ Ф. Ыдрышева
|
2
Іле аудандық мәслихатының
2013 жылғы ____ тамыздағы
«Іле ауданы бойынша
бірыңғай тіркелген салық
ставкаларын белгілеу туралы»
№ ____ шешіміне қосымша
Іле ауданы бойынша арналған бірыңғай тіркелген
салық ставкаларының мөлшері
Рет №
|
Салық салу объектісінің атауы
|
Іле ауданы бойынша айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)
|
1
|
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
|
6
|
2
|
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
|
10
|
3
|
Ойын өткізу үшін пайдаланатын дербес компьютер
|
2
|
4
|
Ойын жолы
(боулинг)
|
25
|
5
|
Карт
|
6
|
6
|
Бильярд үстелі
|
10
|
Іле аудандық мәслихатының 2013 жылғы ___ тамыз № _____
«Іле ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы» шешіміне келісім парағы
«КЕЛІСІЛДІ»
"Іле ауданы бойынша салық басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
|
Белесбаев
Серік Дәулетұлы
___ _____ 2013 жыл
|
" Іле ауданының кәсіпкерлік бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
|
Мұсаев Бахыт Жармахамбетұлы___ ______ 2013 жыл
|
Достарыңызбен бөлісу: |