Екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөнiндегi талаптарды бекiту туралы


-1-тарау. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргiзуге қажеттi техникалық талаптар



бет2/3
Дата17.07.2016
өлшемі243 Kb.
#206335
1   2   3

6-1-тарау. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргiзуге қажеттi техникалық талаптар

      Ескерту. 6-1-тармаумен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.     



       35-1. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргiзу үшiн екiншi деңгейдегi банктiң және қызметiнiң ерекше түрi банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаның (бұдан әрi - инкассациялау операцияларын жүзеге асыратын заңды тұлға) мынадай оқшауланған үй-жайлары болуы тиiс:
      1) "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 тамыздағы N 1176 қаулысына сәйкес жабдықталған қызметтiк қару-жарақты және оларға арналған оқ-дәрiнi сақтауға арналған үй-жай;
      2) қару-жарақты оқтау (оқтан босату) үй-жайы;
      3) инкассатор сөмкелерiн (қапшықтарын) сақтауға және iрiктеуге арналған үй-жай;
      4) басшының кабинетi;
      5) инкассация қызметi бойынша кезекшiнiң, нұсқау беру және маршрутқа шығуға дайындық үй-жайы (орны);
      6) қызметкерлердiң кәсiби және қызметтiк-жауынгерлiк даярлық үй-жайы.
      Екiншi деңгейдегi банкте және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымда инкассацияланған ақша түсiмiн қабылдау бойынша кешкi касса болмаған жағдайда, инкассациялау операцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаның банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды сақтайтын қоймасы (бұдан әрi - құндылықтар қоймасы) болуы тиiс.
      35-2. Екiншi деңгейдегi банктiң және инкассациялау операцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаның барлық үй-жайлары бiр-бiрiмен тiкелей жақын орналасуы тиiс.
      35-3. Инкассатор автомашиналарының құндылықтарды алу (тапсыру) орнына келуi инкассаторлардың құндылықтармен жұмысын бөгде адамдардың бақылау мүмкiндiгiн болдырмауы, құндылықтар бар қоймаға жақын орналасқан тиеу-түсiру алаңы немесе инкассатор автомашинасын қоюға арналған арнайы бокс болуы тиiс.
      35-4. Қару-жарақты оқтау (оқтан босату) бөлмесiне қойылатын талаптар:
      1) қару-жарақты оқтау (оқтан босату) үй-жайының барлық қабырғалары қалыңдығы кемiнде 40 мм болатын ағаш тақтайлармен қапталуы тиiс;
      2) үй-жайдың қабырғаларының бiреуi оқ өтпейтiндей, қару-жарақты оқтауға/оқтан босатуға арналған құрылғысы болуы тиiс, оқтау (оқтан босату) қару-жарақтың ұңғысын оқ ұстап қалғышқа немесе құм толтырылған жәшiкке қатаң түрде анықталған бағытта жасалуы тиiс;
      3) үй-жайда оқтау (оқтан босату) орнының көрсеткiшi және қару-жарақты қолдану ережесi бар плакат болуы тиiс.
      35-5. Екiншi деңгейдегi банкте және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымда инкассацияланған ақша түсiмiн қабылдау бойынша кешкi касса болмаған жағдайда, инкассацияланған құндылықтар және инкассаторлар бригадасының қару-жарағы құндылықтар қоймасында сақталады.
      Құндылықтар қоймасы қоймаға қойылатын, осы Талаптардың 27-тармағында белгiленген талаптарға сәйкес жабдықталады.
      35-6. Инкассация қызметi бойынша кезекшiнiң үй-жайында (орнында):
      1) қалалық телефон байланысы;
      2) маршрутта жүрген инкассация бригадасымен байланысқа арналған радиостанция немесе ұялы телефон байланысының құралы;
      3) құжаттамаларға арналған сейф немесе металл шкаф болуы тиiс.
      35-7. Инкассация қызметi қызметкерлерiнiң кәсiби және қызметтiк үй-жайы қызметтiк қару-жарақтың, жеке және техникалық қорғаныш, радио байланысы құралдарының, банкноттардың, монеталардың және құндылықтардың инкассациялау жөнiндегi қызметтi реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк-құқықтық актiлерiн зерделеу үшiн жабдықталады.
      Үй-жайда қызметтiк қару-жарақты нысанға көздеу және ату қимылдарын жаттықтыруға арналған тренажер орнатылады.
      Үй-жайда оқ-дәрiмен атылатын қару-жарақ жөнiндегi техникалық оқыту құралдары, көрнекi құралдар, стендтер болуы тиiс.
      Үй-жай инкассаторлар мен жүргiзушiлердiң демалыс орны, инкассаторлардың резервтiк бригадасы орналасатын орын ретiнде пайдаланыла алады.

7-тарау. Объектiлердi арнайы техникалық құралдармен жабдықтауға қойылатын техникалық талаптар

      36. Объектiлердiң үй-жайларын арнайы техникалық күзет құралдарымен жабдықтау кезiнде мынадай талаптарды басшылыққа алған дұрыс:


      1) оларда құндылықтардың бар-жоғына қарамастан, үй-жайлардың сыртқы қабырғаларына жанасатын күзетiлетiн үй-жайлардың бiрiншi қабатындағы барлық үй-жайлар мiндеттi түрде қауiпсiздiк жүйелерiмен жабдықталады. Екiншi және келесi қабаттардағы қызметтiк үй-жайлар оларда материалдық құндылықтардың болуын және оларға кiру мүмкiндiктерiн негiзге ала отырып, периметрi бойымен қауiпсiздiк жүйелерiмен жабдықталады. Көрсетiлген үй-жайлардағы терезе ойындыларын нығайтуды және оларды қауiпсiздiк жүйелерiмен жабдықтауды Объектiнiң техникалық нығайтылуын тексеру барысында құрамында мемлекеттiк күзет қызметiнiң аумақтық бөлiмшесiнiң, Күзет субъектiсiнiң, күзетiлетiн Объектiнiң өкiлдерi бар комиссия айқындайды;
      2) қауiпсiздiк және өрт қауiпсiздiгi жүйелерi бөлек схемалар бойынша құрастырылады: күзет, өрт және дабыл;
      3) дабыл сигнализациясының педальдары, кнопкалары және басқа да құрылғылары мiндеттi түрде мына үй-жайларда:
      қоймада;
      кешкi кассаның қоймасында;
      қойма алдындағы бөлмеде;
      депозиттiк құндылықтар қоймасында (депозитарийлерде);
      операциялық кассалар кассирлерiнiң, қайта санау кассаларының, шығыс, кiрiс, айырбастау кассалары кассирлерiнiң жұмыс орындарында;
      басшының кабинетiнде;
      бас бухгалтердiң кабинетiнде;
      кезекшi инкассатордың жұмыс орнында;
      қару сақтайтын бөлмеде;
      кiру (шығу) есiктерiнiң алдында;
      солар арқылы қолма-қол ақша және құндылықтар тасымалданатын дәлiздерде;
      әрбiр күзет постында орнатылады;
      4) дабыл сигнализацияларының педальдары, кнопкалары және басқа да құрылғылары келушiлерден жасырын орындарда орналастырылуы тиiс және сонымен бiрге дабыл сигналын беретiн адамның дабыл сигнализациясы құралын тез әрi қауiпсiз басуына жағдай жасауы тиiс. Жұмыс орындарында дабыл сигнализациялары орналастырылатын адамдарға мiндеттi түрде дабыл сигнализациясы құралдарын (педальдарды, кнопкаларды және басқа да құрылғыларды) пайдалану тәртiбi және қандай жағдайларда пайдаланатыны туралы мұқият нұсқау берiлуi тиiс;
      5) сигнал беру тәсiлiне қарамастан дабыл сигналы орталықтандырылған бақылау пунктiне мiндеттi түрде шығарылады, ал техникалық мүмкiндiк болмаған жағдайда - iшкi iстер органдарының аумақтық бөлiмшелерiнiң кезекшi бөлiмiне шығарылады;
      6) қойманың, қойма алдындағы бөлменiң, қару-жарақ бөлмесiнiң барлық шептерi орталықтандырылған бақылау пунктiне мiндеттi түрде тәулiк бойына қосылуға тиiс;
      7) ақша қоймалары, депозитарий кемiнде үш тәуелсiз қорғау (күзет) шебiмен жабдықталады;
      қойманың көлемi және ауданы (ультрадыбыстық және радиотолқындық датчиктер);
      сөрелер, сейфтер (ыдыс датчиктерi), қабырғалар (дiрiл датчиктер);
      кiру ойындысы, сөрелерге және сейфтерге баратын жол (электрондық-сәуле датчиктерi).
      Көрсетiлген үй-жайлардың архитектуралық ерекшелiктерiне және оларда құндылықтардың болуына байланысты олар үштен артық тәуелсiз қорғау (күзет) шебiмен жабдықталады.
      Әрбiр күзет шебiнде хабарлаушы ретiнде қолданылу принципi бойынша әр түрлi күзет сигнализациясының датчиктерi пайдаланылады.
      8) қойма алдындағы бөлме бiр күзет шебiмен жабдықталған болуға тиiс:
      бiрiншi шеп - үй-жайдың көлемi;
      Қойма алдындағы бөлменi екiншi күзет шебiмен жабдықтау ұсынылады - қойма алдындағы бөлме "ашуға" және "бұзуға" жабдықталады.
      9) кешкi кассаның қоймасы, қару-жарақ сақтау бөлмелерi, басшылардың кабинеттерi, құпия құжаттар бар бөлме кемiнде екi күзет шебiмен жабдықталуға тиiс:
      бiрiншi шеп - үй-жайдың алаңы, көлемi (ультрадыбыстық немесе радиотолқынды);
      екiншi шеп - сейфтер және есiктер (сыйымдылық немесе электрондық-сәулелiк);
      10) басқа үй-жайлардағы күзет шептерiнiң саны комиссиялық зерттеу барысында айқындалады;
      11) операциялық кассалар дабыл сигнализациясы құралдарымен: фиксациясы бар кнопкамен немесе педальмен жабдықталады. Дабыл сигналын беру үшiн қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында операциялық кассаларда сонымен бiр мезгiлде кнопка және педаль орнату ұсынылады;
      12) нығыздау аппаратурасын және қабылдау-бақылау аспаптарын қоса алғанда, күзет сигнализациясы датчиктерi күзетiлетiн үй-жайларда орнатылады. Техникалық күзет құралдарын орталықтандырылған бақылау пунктiне өткiзу үшiн қабылдау-бақылау аспаптарының желiлiк ажыратқыштары күзетке тапсырылатын үй-жайларға ғана орнатылады;
      13) қабылдау-бақылау аспаптарының (бақылау панельдерiнiң, пульттерiнiң) жарықтық және дыбыстық хабарлаушылары күзетiлетiн үй-жайдың сыртына, Күзет субъектiсiнiң шолуына қол жететiндей орындарға шығарылуға тиiс;
      14) күзет шептерiнiң датчиктерi шығарылған қабылдау-бақылау аспаптарының пультi клеммаларын қасақана "қысқартуды" болдырмау үшiн
қабылдау-бақылау аспаптарын күзетiлетiн үй-жайлардан тыс жерлерге
орналастыруға үзiлдi-кесiлдi тыйым салынады. Қауiпсiздiк жүйелерiне қызмет көрсететiн арнайы ұйымның өкiлдерi барлық қабылдау-бақылау аспаптарын және арнайы техникалық күзет құралдарының тарату қораптарын пломбалайды немесе мөрлеп бекiтедi;
      15) қауiпсiздiк жүйелерi мiндеттi түрде резервтiк (автономды) электр қуаты көздерiмен қамтамасыз етiлуге тиiс;
      16) касса торабының үй-жайларын авариялық жарақтандыру резервтiк қуат көздерiнен немесе автономды қуат көздерiнен (аккумуляторлар, дизель-генераторлар және басқалары) жүзеге асырылуға тиiс;
      17) ең жоғары қауiпсiздiк жағдайларын қамтамасыз ету үшiн Объектiде бейнебақылау жүйелерi орнатылады;
      18) қажет болған жағдайларда күзет сигнализациялары және бейне бақылау жүйелерi кiрудi бақылау жүйелерiмен бiрiктiрiлуi мүмкiн;
      19) Объектiде Қазақстан Республикасының аумағында қолдану үшiн IIМ рұқсат еткен арнайы техникалық күзет құралдарын пайдалануға рұқсат етiлдi. Күзет сигнализациясының қандай да болмасын басқа аппаратурасын қолдануға IIМ мемлекеттiк күзет қызметiнiң аумақтық бөлiмшенiң келiсiмi бойынша ғана рұқсат етiледi;
      20) iшкi iстер органдарының аумақтық бөлiмшелерiнiң кезекшi бөлiмдерi, орталықтандырылған бақылау пункттерi бар елдi мекендерде және күзетiлетiн үйде олардың әрқайсысында нығыздау аппаратураларын пайдалана отырып кемiнде бес дербес телефон желiсi болған жағдайда орталықтандырылған бақылау пунктiне касса торабы үй-жайының барлық күзет шептерi, бақылау панелiнiң пультiк шығысы, дабыл сингализациясы құралдары, кiру есiгiнiң сигнализациясы қосылады;
      21) телефон желiлерiнiң саны аз болған кезде орталықтандырылған бақылау пунктiне немесе iшкi iстер органдарының аумақтық бөлiмшелерiнiң кезекшi бөлiмiне бiрiншi кезекте қойманы, қойма алдындағы бөлменi, барлық кiру есiктерiн, содан кейiн қалған үй-жайларды күзету шептерi қосылады.
      Орталықтандырылған бақылау пунктi болмаған жағдайда iшкi iстер органдарының аумақтық бөлiмшелерiнiң кезекшi бөлiмiне арнайы техникалық күзет құралдары шығарылады;
      22) орталықтандырылған бақылау пунктiне немесе iшкi iстер органдарының аумақтық бөлiмшелерiнiң кезекшi бөлiмiне күзет және дабыл сигнализациясының кенет iске қосылғаны туралы сигналдарды беру үшiн радио хабарлау құрылғыларын пайдалануға рұқсат етiледi;
      23) елдi мекендерде iшкi iстер органдарының аумақтық бөлiмшелерiнiң кезекшi бөлiмшелерi болмаған жағдайда күзетiлетiн үй-жайлардан күзет, дабыл және өрт сигнализацияларының шлейфтерi Объектiнiң күзет постына орнатылған қабылдау-бақылау аспаптарына, бақылау панелiне (пультке) шығарылады. Объектiден тәулiк бойы кезекшiлiк жасайтын ұйымдарға (өрт бөлiмшелерi, әскери бөлiмшелер, байланыс кәсiпорындары, Объект басшысының, учаскелiк инспектордың пәтерiне) дабыл сигналдарын бұдан әрi беру мүмкiндiгiн көздеу ұсынылады. Бұл ретте Күзет субъектiсiнiң, Объектi басшысының және лауазымды тұлғаларының "Дабыл" сигналы бойынша тәулiк бойы кезекшiлiк жүргiзiлетiн ұйымдардың өзара iс-қимылдары айқын
анықталған болуы тиiс.
      Ескерту. 36-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

       37. Қолма-қол ақша қалдығын арнайы жабдықталған сейф бөлмесiндегi сейфтерде сақтауға рұқсат етiледi. Сейф бөлмесi құндылықтар қоймасы сияқты қауiпсiздiк жүйелерiмен жабдықталады. Сейф бөлмелерiнiң алаңы онда орналастырылатын сейфтердiң санын және жүргiзiлетiн кассалық операциялардың қолайлылығын негiзге ала отырып таңдалады. Сейф бөлмесiнде басқа ұйымдармен ортақ қабырға болмауға тиiс. Үйдiң немесе үй-жайдың сыртқы қабырғаларын сейф бөлмесiнiң қабырғасы ретiнде пайдалануға рұқсат етiлмейдi. Сейф бөлмесiнiң қабырғалары өте мықты, берiктiгi жағынан қалыңдығы 380 мм. кiрпiш немесе қалыңдығы 200 мм. кем болмайтын темiрбетон қабырғалармен бара-бар болуға тиiс. Сейф бөлмесiнiң қабырғалары, төбесi және еденi iшiнен периметрiн бойлай диаметрi 16 мм. кем емес болат шыбықтардан жасалған, 150x150 мм. ұяшықтар жасай отырып, әрбiр қиылыста дәнекерленетiн металл торлармен нығайтылады. Сейф бөлмесiне кiретiн есiк екi құлпы бар және металдан жасалған болуы және берiктiгi жағынан сейф бөлмесiнiң қабырғаларына бара-бар болуға тиiс.

      38. Клиенттердiң құжаттары мен құндылықтарын сақтау үшiн банктiң касса торабының үй-жайынан тыс депозиттiк құндылықтар қоймасы - депозитарий орнатылады. Депозитарийдiң үй-жайы қоймаға арналған талаптарға сәйкес жабдықталады. Депозитарий сейфтермен, металл шкафтармен, сөрелермен және сейф ұяшықтарының арнайы блоктарымен жабдықталуға тиiс. Депозитарийдiң үй-жайында немесе оған тiкелей жанасатын үй-жайда клиенттер үшiн құжаттармен және құндылықтармен жұмыс iстеуге арналып оқшауланған кабиналар (кабина) жабдықталуға тиiс.

8-тарау. Объектiлердi жабдықтауға және айырбастау
пункттерiн жайластыруға қойылатын техникалық талаптар

      39. Банктiң үй-жайында орналастырылған айырбастау пунктiнде қарулы күзет постысын орнату қажеттiлiгiн Объектiнiң басшысы айқындайды.


      Ескерту. 39-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

       40. Күзет постындағы және кассирлердiң жұмыс орындарындағы дабыл сигнализациясы құралдары орталықтандырылған бақылау пунктiне немесе iшкi iстер органдарының аумақтық бөлiмшелерiнiң кезекшi бөлiмiне қосылуы тиiс.

      41. Айырбастау пунктiнiң үй-жайы күзет және өрт сигнализациясы құралдарымен жабдықталады. Кассирдiң жұмыс орны дабыл сигнализациясы құралдарымен жабдықталады. Дабыл сигнализациясы құралдарын орталықтандырылған бақылау пункттерiне қосу мүмкiндiгi болмаған жағдайда үй-жайды Күзет субъектiлерiнiң қарулы посты күзетуi мүмкiн.

      42. Банктiң, Ұлттық почта операторының бөлiмшесiнде, сауда ұйымында, қонақ үйлерде, әуежайда және өзге де үй-жайларда орналастырылған айырбастау пункттерiнiң үй-жайлары клиенттерден оқшауланған болуға тиiс. Үй-жай операциялық кассаларға қойылатын, осы Талаптардың 31-тармағында белгiленген талаптарға сәйкес жабдықталады.


      Ескерту. 42-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      43. Бөлек орналасқан ғимаратта, әкiмшiлiк үйлерде немесе тұрғын үйге жеке кiру есiгi бар үй-жайда орналасқан айырбастау пунктiн жайластыру осы Талаптардың 5-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.


      Айырбастау пунктiнiң үй-жайын техникалық нығайту осы Талаптардың 23-тармағына сәйкес келуi тиiс.
      Айырбастау пунктiнiң касса кабинасы осы Талаптардың 31 -тармағына сәйкес келуi тиiс.
      Айырбастау пунктiнiң үй-жайына кiретiн есiк металдан жасалуы тиiс. Терезе ойындылары болған жағдайда олар металл торлармен қорғалған болуға тиiс. Брондалған әйнек немесе қорғаныш пленкаларды қолдануға жол берiледi. Торлар диаметрi 16 мм. кем емес, 150x150 мм. ұяшықтар жасай отырып, болат шыбықтардан дайындалады. Шыбықтар қиылысқан жерлерiнде дәнекерленуге тиiс. Торлар металл конструкцияларға дәнекерлеп бекiтiлуге немесе 75x75x6 мм. металл бұрыштықтармен қоршалып, 80 мм. тереңдiкте қабырғаға орнатылып, периметрiн бойлай диаметрi 12 мм. кем емес және ұзындығы 120 мм. болат анкерлерге немесе 100x50x6 мм. болат жолақтардан жасалған қосарлана салатын тетiктерге дәнекерленедi. Анкерлердiң ең аз саны әрбiр жағында екеуден аз болмауға тиiс.
      Мықтылығы жағынан және оларды тесiп өтуi мүмкiндiгi бойынша жоғарыда көрсетiлген торлардан кем болмауға тиiстi декоративтiк торлар, қорғаныш жалюзилер қолдануға жол берiледi.
      Ескерту. 43-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

8-1-тарау. Қорытынды ережелер

      Ескерту. 8-1-тармаумен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

       43-1. Объектiлердiң үй-жайларына қойылатын, осы Талаптарда көзделген талаптар үй-жайларды пайдаланумен байланысты қызметтi жүзеге асырған кезде сақталуы тиiс.
      43-2. Осы Талаптардың сақталуын бақылау, сондай-ақ көрсетiлген осы Талаптарды бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген санкцияларды қолдану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Үй-жайларға қойылатын, осы Талаптарда көзделген талаптарды Объектiлердiң бұзуы анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген ықпал ету шараларын Ұлттық Банктiң филиалы қолданады.

                             

Екiншi деңгейдегi банктердiң және банк
                                 операцияларының жекелеген түрлерiн
                              жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын
                                күзету мен жайластыруды ұйымдастыру
                                         жөнiндегi талаптарға
                                               1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгертулер енгiзiлдi - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

Бекiтемiн                                 Бекiтемiн
Мемлекеттiк күзет қызметiнiң              Объектiнiң басшысы
аумақтық бөлiмшесiнiң                     __________________________
бастығы
____________________________
_____ жылғы "__" _________                _____ жылғы "__" _________
Мөр орны                                  Мөр орны

Бекiтемiн


Күзет субъектiсiнiң басшысы
______ жылғы "__" _______
Мөр орны

Күзетке қабылданған ____________________________


                      (Объектiнiң атауы)

                               Тексеру актiсi


______ жылғы "__" ______     ____________________
                            (елдi мекеннiң атауы)
Мынадай құрамдағы Комиссия: ________________________________________
___________________________________________________________________
                      (толық мекен-жайы)
________________ мекен-жайында орналасқан Объектiнi тексердi
      Тексерумен мыналар анықталды:
      1. Үй-жайдың жалпы сипаттамасы және техникалық жай-күйi.
      1.1.Объект ___________________________________________________
                           (үй-жайды сипаттау)
орналасқан.
      1.2. Касса торабының, қоймалардың, қару сақталатын бөлмелердiң
қабат бойынша орналасуы, олардың саны _____________________________.
      1.3. Объект үйiне жапсарлас немесе жақын орналасқан басқа
ғимараттардың немесе тұрғын үй қорының болуы ______________________.
      1.4. Нығайтылған есiктердiң, терезе ойындыларының, люктердiң,
желдеткiш шахталардың және басқа осал жерлердiң болуы және саны
__________________________________________________________________.
      1.5. Үй-жайлардың техникалық нығайту талаптарына сәйкес келуi
__________________________________________________________________.
      1.6. Объектiде қарулы күзеттiң болуы _______________________.
      1.7. Қызмет атқаруға арналған қызмет үй-жайының (қауiпсiздiк
қызметiнiң, күзеттiң бөлмелерi) болуы _____________________________.
      1.8. Күзет үй-жайының сипаттамасы ___________________________.

      2. Байланыс құралдары (телефон, радио, факс және т.с).


      2.1. Iшкi iстер органдарының кезекшi бөлiмдерiмен тiкелей
телефон желiлерiнiң (радиоарналардың) болуы және саны _____________.
      2.2. Қалалық және жергiлiктi телефон нөмiрлерiнiң саны
__________________________________________________________________.

      3. Арнайы техникалық күзет құралдары.


      3.1. Арнайы техникалық күзет құралдардың болуы және олардың
жұмысқа жарамдылығы _______________________________________________.
      3.2. Арнайы техникалық күзет құралдарының резервтiк
(авариялық) қуаты көзiнiң болуы ___________________________________.
      4. Үйдiң электротехникалық сипаттамасы.
      4.1. Жылыту түрi ____________________________________________.
                             (орталық, автономды)
      4.2. Электр қуат көзiн ажыратуға арналған жалпы ажыратқыш және
оны орналастырған жер ____________________________________________.
      4.3. Электр сымының жай-күйi ________________________________.
                            (ҚНжЕ және ПУЭ талаптарына сәйкес келуi)
      4.4. Үйде резервтiк (авариялық) қуаты көзiнiң болуы және оны
қосу жүйесi ________________________________________________________
                     (автоматты, қолмен қосылатын)
      5. Үйдiң өрт-техникалық сипаттамасы.
      5.1. Автоматты түрде өрт сөндiру жүйесiнiң, сигнализациясының
болуы және оның жұмысқа жарамдылығы _______________________________.
                                     (газбен, көбiкпен және т.с.)
      5.2. Өрт сөндiру құралдарының болуы _________________________.
      5.3. Жақын маңайдағы өрт сөндiруге арналған су қоймасының
болуы және ол орналастырылған жер _________________________________.
      6. Объектiден iшкi iстер органдарының кезекшi бөлiмiне
дейiнгi қашықтығы ____ километр, жақын жердегi өрт сөндiру
бөлiмшесiнен ____ километр.
      7. Күзет постыларының саны __________________________________.
      8. Күзет постыларын белгiлеу шешiлгенге дейiн мынадай
iс-шараларды жүргiзу қажет:
      1) Техникалық нығайту бойынша _______________________________;
      2) Арнайы техникалық күзет және өрт қауiпсiздiгi құралдарымен
жабдықтау бойынша _________________________________________________;
      3) Орындау мерзiмдерi _______________________________________;
      4) Жауапты орындаушы _____________.
      Комиссия мүшелерiнiң қолдары: __________________
                                    __________________
      Ескерту:
      1. Актiге мiндеттi түрде күзет, өрт және дабыл
сигнализациясының қабат бойынша схемасы, электрмен қуаттандыру және
орнатылған иженерлiк-техникалық күзет құралдарын жерге жалғастыру
схемасы қоса берiлу керек.
      2. Акт 3 дана жасалады:
      мемлекеттiк Күзет қызметiнiң аумақтық бөлiмшесiнiң басшысына;
      күзет субъектiсiнiң басшысына;
      Объектiнiң басшысына.

                             

Екiншi деңгейдегi банктердiң және банк
                                 операцияларының жекелеген түрлерiн
                              жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын
                                күзету мен жайластыруды ұйымдастыру
                                         жөнiндегi талаптарға
                                               2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгертулер енгiзiлдi - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

Бекiтемiн                                 Бекiтемiн
Мемлекеттiк күзет қызметiнiң              Объектiнiң басшысы
аумақтық бөлiмшесiнiң                     __________________________
бастығы
____________________________
_____ жылғы "__" _________                _____ жылғы "__" _________
Мөр орны                                  Мөр орны

Арнайы техникалық күзет құралдарын пайдалануға қабылдау


АКТIСI

____ жылғы "__" _____           _________________________


                                      (елдi мекен)

      Мынадай құрамдағы Комиссия:


      1. Төрағасы ___________________________________
      2. Күзет субъектiсiнiң өкiлi ____________________
      3. Мемлекеттiк күзет қызметiнiң өкiлi ___________
      4. Құрастыру ұйымның өкiлi ______________________
      5. Объектiнiң өкiлi _____________________________
      комиссияның басқа мүшелерi ______________________
      орнатылған арнайы техникалық күзет құралдарын техникалық
қабылдауды жүргiздi.
      Күзет және дабыл сигнализациясы құралдарының барлық режимдегi
жұмысын тексеру және сынау кезiнде мыналар белгiлендi:
      1. Барлық құрастыру жұмыстары Тапсырыс берушiнiң жобасына
(___ жылғы "__" _____ N ___ тексеру актiсiне) сәйкес орындалды.
      2. Объектiде мынадай арнайы техникалық күзет құралдар
орнатылған: _________________________________________.
      Сигнализация құралдарын сынау кезiнде орнатылған сигнализация
барлық берiлген режимде қалыпты жұмыс iстейтiнi белгiлендi
(сигнализацияның жұмысы, құрастыру және ретке келтiру сапасы, сынау
нәтижесi және т.с. бойынша ескертулердi осы актiде көрсету қажет).
      Комиссия қаулы етедi:
      Орнатылған арнайы техникалық күзет құралдары пайдалануға толық
даяр деп саналсын және ___ жылғы "__" ___ бастап пайдалануға берiлсiн.
      Осы акт ___ дана етiп жасалды.
      Комиссия мүшелерiнiң қолдары: __________
      Арнайы техникалық күзет құралдарын
     _________________________ жылғы "__" ____ пайдалануға тапсырды
  (құрастыру ұйымының өкiлi, қолы, мөрi)
 
       Арнайы техникалық күзет құралдарын
      ________________________ жылғы "__" ___ пайдалануға қабылдады
      (оператор ұйымның өкiлi)

     


Екiншi деңгейдегi банктердiң және  
банк операцияларының жекелеген   
түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың 
үй-жайларын күзету мен жайластыруды 
ұйымдастыру жөнiндегi талаптарға  
2-1-қосымша          

      Ескерту. 2-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.        




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет