Генераторлық газды өндіру мен тасымалдаудағы құрылғы мен қауіпсіздіктің салалық нормативтері


Жоғары қысымды газ генераторы станцияларын



бет9/10
Дата12.06.2016
өлшемі0.82 Mb.
#131109
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

30. Жоғары қысымды газ генераторы станцияларын

сынау мен пайдалануға қабылдау

426. Жоғары қысымды газ генераторын жинақтау аяқталғаннан кейін 0,2 МПа (газ) кезінде кешенді салқындатудың (бу су жейдесі) контур қысымымен (сығымдау) гидравликалық сынауы орындалады.

427. Кешенді салқындату контурының гидравликалық сынауынан кейін шахта мен сақтандырғышты қоса алғанда, кешенді салқындату контурымен бужинағыш, үстіңгі бұрыштық шлюз, күл шлюздің камера, кеңейту резервуарымен араластырғыш барлық газ генераторының контур қысымымен (сығымдау) гидравликалық сынау орындалады.

Сынау қысымның төменгі шекті мәні Рh газ генераторы шегінде газ генераторын гидравликалық сынау, сондай-ақ оның қосалқы құбырлары:

1. 0,5 МПа (5 кгс/см2) аспайтын жұмыс қысымы кезінде:

Рh=1,5Р, бірақ кемінде 0,2 МПа (2 кгс/см2);

2. 0,5 МПа (5 кгс/см2) аспайтын жұмыс қысымы кезінде:

Рh=1,25Р, бірақ кемінде Р+0,3 МПа (3 кгс/см2) қабылданады.

Газ генераторына гидравликалық сынау жүргізу кезінде дайындаушы-кәсіпорын белгілеген араластырғыштан кейін жұмыс қысымы ретінде бу ауа (немесе бу оттектік) қосындысының номиналдық қысымы қабылданады.

Сынау қысымының жоғары шекті мәні Қазақстан Республикасының уәкілетті органымен келісілген нормативтік-техникалық құжаттама бойынша беріктігі есептеу арқылы белгіленеді.

Гидравликалық сынау үшін температурасы 5С төмен емес және 40С жоғары емес су қолданылады.

Сынау кезінде су температурасы біреуінің дәлдік класы 1,5 төмен болмайтын екі манометрмен бақыланады.

428. Газ генераторының, оның элементтері мен жеке бұйымдардың (тазарту жүйесінің ыдыстары-салқындату-пайдаға асыру) жылумен өңдеген және бақылаудың барлық түрінен, сондай-ақ айқындалған ақауларды түзетуден кейін жүргізіледі.

429. Егер дәнекерленетін және ажыратқыш қосулар мен негізгі металда көрінетін қалдықты деформация, жарық немесе үзілу белгілері, ағу айқындалмаса, нысан сынақтан өтті деп саналады.

Ажыратқыш қосуларда уақыт ұстамы кезінде мөлшерлері ұлғаймаса, жеке тамшылардың пайда болуына жол беріледі.

430. Көмір шлюздік камераның үстіңгі және жанындағы гидравликалық элементтерін жинақтаудан кейін және оларды гидравликалық жүйеге қосқаннан кейін (көмірді тиеудің басқару панелін) көмірді шахтаға тиеу жүйесі қызметтік бапталады.

431. Мынадай салқындату тораптарының жұмыстары:

қосу келтегін тазарту механизмі;

айналым фенолдық су бүрку торабы іске қосылады.

432. Жетек блогымен бірге айналмалы масақты тордың жұмысы іске қосылады.

433. Бу оттегі үрлеу кезінде газификаторларға оттегі берудің барлық сызығы араластырғышпен қоса мұқият майсыздандырылады. Майсыздандыру бойынша операция актпен ресми тіркеледі.

434. Күл шлюзінің жоғарғы және төменгі конустарымен басқарудың гидравликалық элементтерін жинақтаудан кейін газ генераторынан күлқож қалдықтарын түсіру жүйесі қызметтік іске қосылады.

435. Соңында көмірді шахтаға тиеу мен кейін газ генераторынан күлқож қалдықтарын түсіруді басқарудың гидравликалық жүйесін баптау жүргізіледі.

436. Жоғары қысымды (0,3 МПа жоғары) газ генераторын пайдалануға қабылдау кезінде комиссия құрамына төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша облыстық инспекцияның өкілдері енгізіледі, оларға нысанды пайдалануға қабылдау туралы кемінде 5 күн ішінде хабарланады.




31. Төмен қысымды газ генераторы станциясын пайдалану

437. Газ генераторларын әр жағу кезінде жөндеуден кейін немесе резервте болған кезінде генератордың футеровкасының, масақты тордың жарамдылығы және тордың үрлеу саңылауларының тазалығы тексеріледі.

438. Күрделі жөндеуден өткен, жаңадан жинақталған газ генераторларының футеровкасы температураның біртіндеп бір қалыпты көтерілуі кезінде бір-екі күн ішінде кептіріледі.

439. Газ генераторларын жағу алдында барлық қосалқы жабдықтар, арматура жарамдыққа байқалып тексеріледі.

440. Байқау алдында газ генераторларының ысырмалары немесе генератордан кейін шырақтағы үлкен клапан ашылып, генераторға ауа үрлеуден ауаны үздіксіз беру үшін генераторға ауаөткізгіштің тармағындағы ысырма мұқият желдетіледі.

Мыналар: футеровка жарамдығы мен беріктігі, футеровка қождың шорлары болмайды, торды бекіту, чепецтің, масақтардың жай-күйі және үрлеу саңылауларының тазалығы, газ генераторы шахтасында басқа заттардың болмауы, тостағанды айналдыру үшін механизмінің жарамдылығы, майлаудың болуы, жарамды қоршаулардың, газ құюдың болуы және генератордан кейінгі шырақта фусстердің, шайырды және шаңның шөгінділерінің болмауы; генератордың үрлеу қорабында қож бен конденсаттың болмауы, құрғату құрылғысының жарамдылығы; гидравликалық бекітпенің немесе газ генераторы тостағанының астында тығыздама қымтағышының жарамдылығы; генератордың тиеу қорабының жарамдылығы мен тығыздығы, ал егер газ генераторы механикалық тиеу құралымен, сондай-ақ түзету мен көсеу үшін құралмен жабдықталған болса (қалақтық және конустық түрі); газ генераторының көсеу саңылауларының бу қалқанының әрекеті (газ генераторында 100 мм су. бағ. шақты ауамен қысымды құрастыру кезінде); клапандар, су бекітпелерінің, ысырма мен бұрандалардың жарамдылығы; бақылау-өлшеу аспаптарының жарамдылығы; генераторда қажет бұйым мен құралдың (шлангтер, сүймендер, тоқпақтар және тағы басқа), қалақтық барабандарды бұрау, механикалық тиеу аспаптары үшін дабыл кілттерінің болуы; бу су жейделерінің жай-күйі, су жейдесі мен бужинағыштың ішінде бөтен заттардың болуы (егер газ генераторларының тоқтау кезінде олардың люктері ашылса); бу жинағышты бу өткізгіштен қоректі, үрлеу және түсіру сызықтарымен айыратын тығындары шешілгендігі; рұқсат етілген төменгі деңгейге дейін (су өлшеу шыны бойынша) бу су жейдесі мен бужинағыш суға толтырылғандығы; төмен қысымды бужинағыш пен буөткізгіштің арасындағы ысырма ашылғандығы; газдан тазарту, онда су беру үшін алдын ала салқындатқыштың, скрубберлердің және басқа аппараттардың жарамдығы мен құрғату құрылғыларының жұмысы байқау мен тексеруге жатады.

Тазарту аппаратураларының бүркігіштерінің тазалығы мен жарамдылығына және оның жай-күйіне ішкі тексеру жүргізіледі.

Газөткізгіштер, буөткізгіштер және суөткізгіштер тығыздыққа, ал арматураның ақаусыз жұмыс істеуіне тексеріледі. Отын беру және барлық басқа жабдық жұмыс барысында байқалады және сыналады.

441. Газ генераторларын жағу су бу жейдесін суға толтырған, бужинағышты буөткізгішке қосқан және газ генераторы шахтасын қожға және отынға толтырғаннан кейін жүргізіледі.

442. Газ генераторларын жағу кезінде жану өнімдері газ генераторының шырағы арқылы атмосфераға бұрылады.

Газ генераторларын жағу кезінде көсеу саңылаулары мен тиеу қораптары арқылы түтін мен газ шығаруға рұқсат етілмейді. Газ генераторларын жағу процесінен алынатын жану өнімдері атмосфераға лақтырылып, тазарту аппаратурасы арқылы өткізіледі.

443. Газ генераторларын алғашқы рет жағу кезінде газөткізгіштен және тазарту аппаратынан ауаны ығыстыру генераторды жағу кезінде немесе аппараттар мен газөткізгіштерде орнатылған шырақ арқылы бумен алынатын жану өнімдерімен жүргізіледі.

Кейбір учаскелер мен барлық жүйені толықтай үрлеуін аяқтау (көлемі бойынша) құрамында 0,6 % аспайтын оттегі бар соңғы нүктедегі газды талдаумен анықталады.

444. Тікқұбырлар мен скрубберлерге оларды жану өнімдермен үрлеу алдында суармаланады.

445. Егер коллектор газбен толтырылған болса, газ генераторларын жанғаннан кейін шырақтан коллекторға ауыстырып қосу газдың оттегіндегі 0,6 % аспауы үшін мынадай операцияларды:

генератордың газ құюында газдың қысымы кемінде 10 кгс/м2 коллектордағыдан гөрі жоғары белгілеу;

газ генераторы мен коллектордың арасындағы өшіру құрылғысы ақырын ашып, бұл ретте газ қысымының төмендеуімен бірге газқұюда шырақ жабылады, газқұюда газ қысымы шамалы тұрақты болып қалуын бақылау орындалғаннан кейін рұқсат етіледі.

446. Газ генераторының масақты торының астында ауа қысымы газ коллекторындағы қысымнан кемінде 300 Па асады.

Қажет болған жағдайда газ генераторына ауаны беруді тоқтату, алдын ала бу беруі ұлғайтылады.

447. Шанақта отын тұрып қалған кезде дірілдеткіштер қосылады.

448. Механикалық көмір тиеу құралдары болғанда биіктігі кемінде 2 м көмір бекітпесін құру үшін шанақтарға газдың түсуін азайту мақсатында ақырғысы әрқашан көмір қабатымен толтырылады.

449. Көсеу, газ генераторында аймақтар мен отынның қабат биіктігін өлшеу кезінде көсеу саңылауының тоқтағышына бу беру саңылау ашылғанға дейін жүргізіледі.

450. Герметикалықты қамтамасыз ететін тесіктерде бағыттау тығындарын ұяға бұрауға арналған дөңгелек оймасы болады. Бірақ ең болмағанда екеуі ұяға бос қондырылады және газ генераторының қысымы кенет артса, сақтандырғыштың қызметін атқарады.

451. Бу тоқтаушылық тесіктердің бу беруге арналған айналма құбырының конденсантты бұруға арналған бұрандамалы келте құбыры болады. Бағыттық тесікті ашу алдында айналма бу құбыры бумен үрленеді.

452. Газгенераторының жұмысы кезінде күлді жоюға немесе жиналған конденсантты түсіруге арналған үрлеу қорабының люгін немесе жарылатын клапанды ашуға жол берілмейді.

453. Газгенераторы үрлеу қорабының бекітпесіне су толассыз беріледі. Бекітпеден су ағыны ашық және қызмет етуші персоналға жақсы қолайлы болады.

454. Бужинағышта судың тұрақты деңгейі болады.

455. Бу аралас су жейделері қысымы 1 см2 бу жасап шығарады. Бұл бу үрлеуді дымқылдату үшін қолданылады. Бұл сызыққа қазандықтан өткір буды беру кезінде қажет болған жағдайда ол тек өткір будың қысымын 0,7 атм төмендететін құрылғы арқылы беріледі.

456. Манометрлердің, су өлшеу шынылардың, сынама крандардың, бужинағыштағы сақтандыратын және қоректік клапандардың ақаусыздығын тексеру тәулігіне кемінде бір рет жүргізіледі.

457. Бу аралас су жейделерден қоқысты жоюға арналған үрлеу түсу штуцерлеріндегі крандарды алма-кезек ашу тәулігіне бір рет сирек жүргізіледі.

458. Бужинағышта су деңгейінің төмендеуі нормадан төмен айқындалған кезде су өлшеу шыныларын дереу үрлеп, содан кейін бу кеңістігімен оларды қосатын крандарды жауып, шыныда судың көрінетіндігін байқау қажет.

Егер шыныда су көрінсе, сумен бу жинағышты қоректендіруді күшейтеді.

Егер шыныда су деңгейі бұрынғыша көрінбесе, газгенераторды жұмыс істеп тұрған тордан дереу сөндіріп, оны табиғи тартымға ауыстырып, отынды бу сөндіруге және салқындатуға кіріседі, генератордағы жүкті түсіргеннен кейін бу аралас су жейделерінің ішкі байқауын мұқият жүргізеді.

Өзекті ақау немесе ағулар айқындалған жағдайда газгенераторы дереу жөндеуге қойылады.

459. Бу аралас су жейделердің, бужинағыштың жөндеулері газгенераторы сөндіріліп салқындатылығаннан кейін ғана жүргізуге рұқсат етіледі.

Бу аралас су жейдеде газгенераторын жеделдетіп салқындатуға арналған су деңгейін төмендетуге тыйым салынады.

460. Бу аралас су жейдесінде немесе оның түсіру крандарында ағу айқындалған, сондай-ақ түсіру крандары тоқтап қалған жағдайда газгенераторы дереу тоқтатылып суытылады.

461. Газгенераторы қысқа мерзімге тоқтатылған кезде оны сөндіру мынадай тәртіпте:

оны қысқа уақытқа ашу арқылы газқұюдағы білте жұмысының ақаусыздығын тексеру. Газдың қысымы газгенераторынан шығатын және тазаланбаған газдың коллекторында тұрақты болады. Газ қысымын тексеру кезінде:

ауа беруді азайту және бу беруді ұлғайту;

газ генераторы мен тазаланбаған газ коллекторының арасындағы сөндіру құрылғысын жатық жабу;

газ генераторында газ қысымының артуымен газқұюда білтені ашу;

генераторға ауаөткізгішке ысырманы жабу;

буды жабу;

клапанды ашу жүргізіледі.

462. Газқұюды және үрлеу қорабын тазарту кезінде газгенераторға отынды тиеуге тыйым салынады.

463. Электрсүзгіште оң қысым болады. Қысымды өлшеу басқару қалқанының бөлмесінде орнатылған тіркеу манометрлерімен жүргізіледі.

464. Электрсүзгішті қосу алдында электр агрегатының және қысым релесінің түзулігі, өтетін тесіктердің жабылуы мен электрсүзгіштің ысырмаларының тығыздығы, барлық бекітпелерге май мен судың құюлуы, сондай-ақ оқшаулағыш қорапта газдың жоқ екендігі тексеріледі. Газдың жоқ екендігі талдаумен тексеріледі.

465. Кернеуді қосу алдында электрсүзгіш газбен үрленеді. Үрлегеннен кейін, сондай-ақ электрсүзгіштің жұмысы кезінде газдағы оттектің құрамы (көлем бойынша) 0,6 % аспайды.

Көрсетілген оттек құрамы сынама талдауларымен расталады.

466. Кернеуді электрсүзгіштерге қосу тек қана ауысым басшысының нұсқауы бойынша жүргізіледі.

467. Газдағы оттектің құрамы 0,6 % жоғары болған жағдайда, сондай-ақ электрсүзгіштің жұмысында олқылықтар айқындалған кезде одан кернеу дереу алынады.

468. Осы нысанның электр шаруашылығына жауапты адам берген кіру рұқсатынсыз, жоғары кернеу құрылғыларын (қосалқы станциялар, трансформатор және басқасы) байқауға және жөндеуге кірісуге тыйым салынады.

Барлық қауіпсіздік шаралары орындалғаннан және көрсетілген адамдар жұмыс орындарын байқағаннан кейін наряд беріледі.

Жұмыс алдында байқауға немесе жөндеуге жататын учаске сияқты орындалатын жұмыстардың тікелей жақын жердегі барлық ток жіберетін бөлшектері жерге қосылады. Жерге қосу айырғыштармен ғана емес, сондай-ақ арнайы уақытша жерге қосумен жүзеге асырылады.

469. Шаппа қосқыштарды сөндіру кезінде басқару қалқандарында ауыстырып қосқыштарда «Қоспаңыз», «Желілерде жұмыс жүріп жатыр» деген жазбалары бар плакаттар ілінеді. Плакаттар кіру рұқсаты жабылғаннан кейін ғана алынады.

470. Кернеуі жоғары вольтты жабдықтардың қоршауының сыртына кіру құралдарды, жабдықтар мен қауіпсіздік техникасының талаптарын білетін қызмет көрсету персоналының екінші адамы болған кезде ғана рұқсат етіледі.

Екінші адамның болуы, сондай-ақ электрсүзгіштің ішінде жұмыс жасау кезінде қажет.

Электрсүзгіш ішінде жұмыс жасау кезінде, сондай-ақ газ шығу қаупі бар жұмыстарды жүргізу жөніндегі талаптар сақталады.

471. Резервте немесе жөндеуде болған құрылғыларға жоғары кернеу тоғын қосу оларды жауапты адам тексергеннен кейін ғана жүргізіледі.

472. Жоғары кернеу құрылғыларының ақаусыздығын тексеру:

қорғау құрылғыларын-10 күнде бір рет;

оқшаулаудың және жерге қосудың өтетін кедергілердің жай-күйі-тоқсанына бір рет;

жоғары вольтты трансформатордағы майдың тесілетін кедергісі-6 айда бір рет тексеріледі.

Барлық анықталған ақаулықтар мен оларды жою бойынша қабылданған шаралар, сынау нәтижелері көрсетіліп, тіркеу журналында тіркеледі.

473. Электрсүзгіштерді түрлендіргіш қосалқы станцияларының бөлмелерінде:

құрылғыға қызмет көрсету жөніндегі нұсқау;

құрылғылардың сұлбасы;

токқа түсу мен газбен улану кезіндегі алғашқы көмек көрсету ережелері ілінеді.

474. Скрубберді жұмысқа қосуға дейін:

жерді суландыруға берілетін судың нормаға сәйкес берілуі, тозаңдатылуы және шығуы;

скрубберлердің тығыздығы;

сақтандыратын клапандардың ақаусыздығы;

гидравликалық бекітпелердің ақаусыздығы;

егер бұл газ астындағы басқа аппараттардың жұмысымен байланысты болмаса газдың берілуі мен өтуіндегі сөндіруші құрылғылардың төзімді жұмысы;

оларға үрлеу білтелерінің және сөндіруші құрылғылардың ақаусыздығы;

сатыларға қызмет етуге арналған алаңдардағы қоршалулардың ақаусыздығы тексеріледі.

Торапқа қосу алдында скруббер үрленеді.

Үрлеу түтінмен немесе жұмыс газымен жүргізіледі, жерді суландыру өшіріледі.

Скрубберден шығатын газ оттегі 0,6 % аспаған кезде үрлеу аяқталды деп есептеледі.

475. Скрубберлердің жұмысы кезінде гидравликалық бекітпелерде газ қысымы, су деңгейі клапандарының табақтарын ашық бөлмеде ұстайтын, арқансымдар мен құрылғылардың бекіту ақаусыздығын, сондай-ақ аппаратура тығыздығын жүйелі қадағалау қамтамасыз етіледі.

Резервтегі скрубберлер газ қысымында болады, сол үшін сөндіруші құрылғы скрубберлердің алдында немесе кейін аздап ашық болады.

476. Газды салқындатуға арналған аппараттар, қызмет ететіндер байқау және жөндеу алдында жүйеден бұқтырмалармен немесе су бекітпелерімен сөндіріледі және ауамен мұқият үрленеді.

Байқаулар мен жөндеулер газ шығу қаупі бар жұмыстарды жүргізу кезінде алдын ала ескерілген барлық сақтық шаралары сақталып жүргізіледі.

Егер форсункаларды алдын ала байқау, тазарту және ауыстыру газ бөліну мүмкіндігімен байланысты болса, қауіпсіздіктің қажетті шараларын сақтап жүргізіледі.

477. Тікқұбырдағы (алдын ала салқындатқыштағы), скрубберлердегі және тамшыұстағышты шашыратушы құрылғылар форсункаларды тазартуға сөндіру мүмкіндігі үшін дара ілмектік құралдары болады.

478. Ауа үрлегіш, газ үрлегіш және центрден тепкіш шайыртазалағыштарды пайдалану осы Нормативтерге сәйкес әзірленген жұмыс нұсқауларын сақтай отырып жүргізіледі.

Нұсқаулар:

май жүргізетін жүйенің қалыпты іс-әрекетін, майөткізгіштің қысымын, онда майлаудың бар екендігін қадағалауды;

айгөлектер мен басқа сүйкелуші бөлшектердің температурасын бақылауды;

агрегаттардың салқындату және тығыздау бөлшектеріне судың түсуін тексеруді;

тығыздамалардың тығыздығын бақылауды.

479. Үрлегіш желдеткіштер мен газдан кейін және газүрлегіш пен центрден тепкіш шайыртазалағыштарға дейін және кейін ауа қысымын бақылауды және қысымды белгіленген шектерде ұстауды қарастырады.

480. Газ генераторы станциясының қалыпты тоқтауы кезінде үрлегіш желдеткіштердің ысырмалары жабылғаннан және барлық газ генераторларына ауа жеткізілгеннен кейін сөндіріледі.

481. Ыстық газ станциясында үрлеу желдеткіштерінің кенет тоқтаған кезінде масақтық торлардың астына бу беруді дереу көбейтеді және генераторларға ауаөткізгіштердегі ысырмаларды жабады. Жүйеде оң қысымды сақтау үшін газды тұтынушылардан оның шығынын қысқарту талап етіледі.

Ескерту: аталған тәртіп үрлеу желдеткіштері қысқа мерзімге тоқтаған кезде ғана орындалады. Ауа үрлегіш ұзақ уақытқа тоқтатылған кезде және жүйеден оң қысымды сақтау мүмкін болмаған жағдайда газгенераторлары жүйеден сөндіріліп, табиғи тартқышқа келтіріледі.

482. Үрлегіш желдеткіштері кенет тоқтаған кезде салқын газ станциясында дереу:

газүрлегіштердің немесе центрден тепкіш шайыртазалағыштардың (егер бұғаттау қабыл алмаса) электр қозғалтқыштарын өшіру;

электрсүзгіштерді өшіру;

газгенераторларының масақтық торларының астына бу беруді ұлғайту;

газгенераторларына ауа жеткізулердің ысырмаларын жабу;

газ берудің тоқтауы немесе оның шығынын қысқарту туралы тұтынушыларды хабардар етеді.

483. Коллекторда газ қысымы біршама көтерілген жағдайда генераторлардан кейін газүрлегіштер кенет тоқтаған кезде газгенераторларының бөлігіндегі жүйеде оң қысымның болу есебімен білтеге ауыстырып қосады.

484. Үрлегіш желдеткіштер кенет тоқтаған кезде ауа берудің алдында газгенераторларына ауаөткізгіштердің бұруларында ысырмалар толық жабық екендігіне көз жеткізіледі.

Газгенераторларына ауа берудің алдында ауа коллекторы оның ақырғы нүктесінде орнатылған білте арқылы үрленеді.

485. Газүрлегіш немесе центрден тепкіш шайыртазалағыш тоқтаған кезде жарық және дыбысты дабыл берулері автоматты түрде қосылады, ал үрлегіш желдеткіштер газөткізгіште және тазалайтын аспапта оң қысымды сақтау үшін жұмыс істеулерін жалғастырады.

Тұтынушыға оған газ берудің қысқартылатыны туралы дереу хабарланады.

486. Жеке тамшы ұстағыштары бар центрден тепкіш шайыртазалағыш және газүрлегіш жөндеуге тоқтаған кезде бумен, кейін ауамен, ал оларды берген кезде тамшы ұстағыш білтелер арқылы-бумен, кейін газбен үрленеді.

487. Газ жоғарылату машиналарының дене және қосу тығыздықтары айына бір реттен сирек емес және газдың жұмыс қысымы кезінде әрбір жөндеуден кейін байқау және сабын ерітіндісімен қосуларды сылау арқылы тексеріледі.

Анықталған тығыздықсыздар дереу жойылады.

488. Газ генераторы станциясын пайдалану барысында газөткізгіштердің тығыздықтары тұрақты бақыланады және шентемір қосуларына, клапандар мен ысырмаларға ерекше назар аударылады.

489. Газгенераторы станцияларының жарылыс қаупі бар бөлмелерінде электр қозғалтқыштарын жартылай талдау, электр аппаратуратураларының қақпақтары мен қалпақтарын ашу, шамдар мен электр арматураларын ауыстыру және жарылыс өткізбеушінің бұзылуына байланысты осы сияқты жұмыстар тек кернеу сөндірілген кезде және бұл жабдық орналасқан бөлменің ауасына талдау жасалғаннан кейін ғана жүргізіледі.

490. Кейбір тұтынушыларға ұзақ мерзімге газ беру тоқтатылған кезде бұл тұтынушыларға газөткізгіштердің бұруларында сөндіруші ысырмалардың ар жағында томпайған құйыршық шентемір шектерінің артына бұқтырмалар орналастырылады.

Газөткізгіштің сөндірілген телімдері шұраланған болады.

491. Ұзақ үзілістерден немесе жөндеуден кейін тұтынушыларға газ берудің алдында газөткізгіштердің барлық қақпақтары жабық, ысырмалар түзу және бекітпелерге су құйылған екендігін тексергеннен кейін газөткізгішті газбен үрлейді.

Газ тұтынушыға құрамында 0,6 % (көлемі бойынша) аспайтын оттегі болған кезде ғана беріледі.

492. Тазаланбаған газ станциялары қысқа мерзімге тоқтатылған кезде онда оң қысымды қолдау мүмкін болмаса бумен толтырылады.

Газөткізгіште ұзақ мерзімге тоқтатылған кезде газгенератордан сөндірілу және тұтынушының түтіндік құбырмен немесе шаммен қосылады, кейін газөткізгіштегі сақтандыратын клапандар мен қақпақтар ашық болады.

493. Тазаланған газ станциялары тоқтаған кезде газөткізгішті газ астында ұстауға рұқсат етіледі, егер ондағы қысым кемінде 50 Па болмаса құрастырады.

Қысым көрсетілген көлемінен төмендеген кезде газөткізгіш сөндірілуі және білтелер мен қақпақтар сөндіру арқылы шұраланады. Тұтынушыға қайтадан газ берудің алдында газөткізгіш газбен үрленеді.

494. Тазаланбаған газдың газөткізгішін тазарту кезінде газөткізгіштегі жұмыс оны толық сөндіргеннен, салқындатқаннан және мұқият желдеткеннен кейін жүргізіледі. Газөткізгіште көміртегі тотықтарының болмауы талдаумен белгіленеді.

495. Ыстық газ жіберуге есептелген барлық шаңұстағыштар, қосу келтектері мен газөткізгіштер оқшаулау қабаттауы бар отқа төзімді кірпішпен футерленеді.

496. Технологиялық тәртіпті жүргізудің берілген параметрлерінен ауытқу жағдайларында бұл туралы ауысым бастығына хабарланады және тәртіпті бұрынғы қалпына келтіруге бір уақытта шаралар қабылданады.

497. Газөткізгіштерді тазарту кезеңдерінде тозаңдық құйғыштарда қашықтау өндіруге шаң мен күйенің жиналуына қарай, оларды жоюға рұқсат етіледі. Жою сақтандырудың мынадай шаралары:

лақтырынды түптерді ашу газдан қорғау және өрттерді сөндіру ісін арнайы оқылған екі тұлға жүргізеді; құйғыштың қақпағын ашу кезінде күйе мен шаң жану жағдайына өзімен бірге өрт сөндіргіштер болады;

егер күйе немесе шаң құйғыштың клапаны арқылы шашылмаса, бағыттауды (жоғарғы бағыттағыш тесік арқылы) үшінші адам жүргізеді;

бағыттау кезінде бу тоқтату міндетті түрде қолдану арқылы жүргізіледі.

498. Желдету құрылғыларының ақаусыз жұмысына, әсіресе, газ бен шаң бөлінетін орындарда жүйелі түрде қадағалау жүргізіледі, ал желдету каналдары, қорап пен камералар жүйелі түрде шаңнан тазартылады.

499. Газгенераторы станцияларының өндірістік бөлмелеріндегі газгенератор тиеу қораптарында, центрден тепкіш шайыртазалағыштың және газүрлегіштердің құрамында көміртегі тотықтарының бар екендігіне күн сайын ауаға талдау жасалады.

500. Барлық газгенеторы станциясының бөлмелері қолданыстағы нормаларға сәйкес өрт сөндірудің алғашқы құралдарымен қамтамасыз етіледі.

501. Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде газ аппаратурасымен және газөткізгішпен байланысты буөткізгіштер мен суөткізгіштер газдың кіруін болдырмау үшін толық сөндіріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет