Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2000



бет3/18
Дата23.02.2016
өлшемі1.05 Mb.
#7658
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
№ 164-III Заңымен 8-тармақпен толықтырылды

8. 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

 

3-тарау. Сақтандыру рыногы



 

2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



10-бап. Сақтандыру нарығының қатысушылары

Қазақстан Республикасы сақтандыру нарығының қатысушылары:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы;

2) сақтандыру брокерi;

3) сақтандыру агентi;

4) сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы;

5) актуарий;

6) тармақша 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

6) тәуелсіз актуарий;

7) тәуелсіз бағалаушы;

8) андеррайтер;

9) аджастер;

10) сюрвейер;

11) сақтандыру омбудсманы;

12) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің бірлестігі;

13) актуарийлер бірлестігі;

14) сақтандырумен байланысты кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын өзге де жеке және заңды тұлғалар болып табылады.

 

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 10-1-баппен толықтырылды



10-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігінің, актуарийлер бірлестігінің өкілеттіктері

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігінің, актуарийлер бірлестігінің өкілеттіктеріне:

1) сақтандыру нарығында өз қызметін жүзеге асыру кезінде өз мүшелерінің өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету;

2) ішкі құжаттарды әзірлеу;

3) сақтандыру нарығына қатысушыларды оқытуды өткізу;

4) мүшелерінің арасында туындайтын дауларды қарау;

5) өз мүшелерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;

6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарды сақтандыру нарығына кәсіби қатысушылардың ықтимал бұзушылықтары туралы мәліметтерді уәкілетті органға жіберу;

7) құрылтай құжаттарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады.

2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігі, актуарийлер бірлестігі өз мүшелерінің кәсіби қызметінің мәселелері бойынша уәкілетті орган беретін ақпаратты өз мүшелерінің назарына жеткізуге міндетті.

 

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 10-2-баппен толықтырылды

10-2-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігінің, актуарийлер бірлестігінің ішкі құжаттары



Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігі, актуарийлер бірлестігі мынадай ішкі құжаттарды:

1) сақтандыру нарығындағы қызмет стандарттарын;

2) кәсіби әдеп кодексін;

3) дауларды шешу тәртібін;

4) жарғыда көзделген өзге де құжаттарды қабылдайды.

Ішкі құжаттарды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестіктерін, актуарийлер бірлестіктерін басқарудың жоғары органы бекітеді және олар өз мүшелерінің орындауы үшін міндетті болып табылады.

 

ҚР 11.06.03 ж. № 436-11 Заңымен (бұр. ред. қара); ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара)  11-бап өзгертілді



11-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметi

1. Сақтандыру қызметi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүзеге асыратын кәсiпкерлiк қызметтiң негiзгi түрi болып табылады.

2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру қызметiнен басқа қызметтiң мынадай түрлерiн:

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



1) осы Заңда белгіленген шектеулерді ескере отырып, инвестициялық қызметтi;

2) тиiстi жинақтаушы сақтандыру шартында көзделген сатып алу сомасы шегiнде өзiнiң сақтанушыларына қарыз берудi «өмірді сақтандыру » саласында қызметті жүзеге асыратын (сақтандыру ұйымы үшін);

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметiн автоматтандыру үшiн пайдаланылатын арнаулы бағдарламалық қамтамасыз етудi сатуды;

4) ақпарат берiлiмдерiнiң кез келген түрлерiнде сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi жөнiнде арнаулы әдебиет сатуды;



2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) өз мұқтаждары үшiн сатып алынған (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшiн) немесе оның қарамағына сақтандыру шарттарын жасасуға байланысты келiп түскен (сақтандыру ұйымы үшiн) мүлiктi сатуды немесе жалға берудi;

6) сақтандыру қызметiне байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсетудi;

7) сақтандыру (қайта сақтандыру) саласында мамандардың біліктiлiгiн арттыру мақсатында оқытуды ұйымдастыру мен жүргiзудi;

8) сақтандыру агентi ретiнде сақтандыру делдалы болуды;

9) осы Заңның 52-бабының 1-тармағында аталған қызметтi;

10) 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

11) сақтандыру ұйымдары арасындағы не сақтандыру ұйымдары мен ассистанс қызметін көрсететін өзге де заңды тұлғалар арасындағы бірлескен қызмет туралы шарттың негізінде жүзеге асырылатын ассистансты;

12) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген қызметті жүзеге асыруға құқылы.

3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кәсiпкерлiк қызмет ретiнде осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделмеген мәмiлелердi жүзеге асыруы мен операцияларды жүргiзуiне тыйым салынады.



3-1. Сақтандыру ұйымы өзінде:

1) ірі қатысушы - жеке тұлға немесе сақтандыру холдингі;

2) астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдары және (немесе) сақтандыру агенттері болмаған кезде мазмұны мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен айқындалатын міндетті сақтандыру түрлерін жүзеге асыруға құқылы емес.

Осы тармақтың бірінші бөлігі 1) тармақшасының талабы орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке тиесілі немесе сенімгерлік басқаруға берілген сақтандыру ұйымдарына қолданылмайды.

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Сақтандыру ұйымдары, сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн ұйым құруға құқылы. Сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн ұйымның құрылу тәртібі мен қызметi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.

Сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн ұйымға сақтандыру ұйымдарының міндетті қатысуы осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінде көзделеді.

 

ҚР 2006.05.07. № 164-III Заңымен; 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 11-1-баппен толықтырылды; 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 11-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11-1-бап өзгертілді; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 11-1-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)



11-1-бап. Сақтандыру қызметін жүзеге асырудың жалпы талаптары

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру қызметін (қайта сақтандыру жөніндегі қызметті) жүзеге асыру құқығына лицензиясы, сақтандыруды белгілі бір түрі бойынша жүзеге асырудың жалпы талаптарын айқындайтын сақтандыру қағидалары және ішкі қағидалары болғанда ғана сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқылы.

2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ішкі қағидалары:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бөлімшелерінің құрылымын, міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін;

2) ішкі аудит қызметінің және тұрақты жұмыс істейтін басқа да органдардың құрылымын, мүшелерінің санын, міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін;

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының техникалық (сақтандыру), инвестициялық, кредиттік, операциялық, нарықтық және басқа да тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатын ашып көрсететін тәуекелдерді басқару жүйесін;

4) құрылымдық бөлімшелер басшыларының құқықтары мен міндеттерін;

5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды адамдары мен қызметкерлері ұйымның атынан және ұйымның есебінен мәмілелерді жүзеге асырған кезде солардың өкілеттіктерін;

6) сақтанушылардың (сақтандырылушылардың), жәбірленушілердің (пайда алушылардың) және олардың өкілдерінің жазбаша және ауызша өтініштерін, сондай-ақ сақтандыру жағдайлары мәселелері бойынша келіп түсетін өтініштер мен құжаттарды тіркеу тәртібін;

7) сақтандыру жағдайларының мәселелері жөніндегі өтініштер мен құжаттар бойынша оларды қарау және сақтанушыларға (сақтандырылушыларға), жәбірленушілерге (пайда алушыларға) және олардың өкілдеріне жауап беру тәртібі мен мерзімдерін;

8) сақтандыру төлемін жүзеге асыру мерзімдерін көрсете отырып, сақтандыру төлемі туралы шешімді қабылдау немесе одан бас тартудың дәлелді негіздемесін ұсыну рәсімін;

9) сақтандыру тәуекелдерін (оның ішінде сақтандыруға қабылданатын мүлікті) және сақтандыру жағдайы бойынша залалдың мөлшерін бағалау тәртібін;

10) андеррайтердің, аджастердің және сюрвейердің өкілеттіктерін айқындауға тиіс.

3. Сақтандыру қағидаларын және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ішкі қағидаларын директорлар кеңесі бекітеді.

4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз штатында актуарийі болмаса, сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқылы емес.

4-тармақтың екінші бөлігі 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

Тәуелсіз актуарий ретінде тартылатын жағдайларды қоспағанда, актуарий өз қызметін басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында қоса атқаруға құқылы емес.

5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдің осы Заңда белгіленген қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тартады.

Осы тармақтың талаптары аудиторлық ұйым міндетті аудит жүргізген кезде тәуелсіз актуарийді тартқан жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қолданылмайды.

6. Тәуелсіз актуарий мынадай талаптарға сай болуға тиіс:

1) тексерілетін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері болмауы;

2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметін жүзеге асыратын сақтандыру саласында кемінде екі жыл актуарийлік қызмет тәжірибесінің болуы;

3) уәкілетті органның актуарийлік қызметке арналған лицензиясы болуы немесе тізбесі мен талаптарын уәкілетті орган белгілейтін актуарийлердің халықаралық қауымдастығының мүшесі болуы.

7-тармақ 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

7. Тәуелсіз актуарий сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдің қызметін тексеру барысында алынған мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

8. Сақтандыру ұйымының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығына қатысушылармен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

 

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)



12-бап. Өмірді сақтандыру жөніндегі қызметтi жүзеге асырудың ерекшелiктерi

1. Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінiң талаптарын ескере отырып, өзiнiң сақтанушыларына сатып алу сомасы шегiнде қарыз беруге құқылы.

2. Сақтандыру ұйымы аннуитеттік сақтандыру шартының қолданысы кезеңінде актуарийдiң қорытындысы негiзiнде уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде көзделген тәртiппен тұрақты сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн ұлғайтуға құқылы.

3-тармақ 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

3. Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы «Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» немесе «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес аннуитеттік сақтандыру шарттарын жасасқанға дейін сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн ұйыммен қатысу шартын жасасуға және аталған ұйымды құру және оның қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңында айқындалған тәртіппен оның акционері болуға міндетті.

4. Сақтандыру ұйымы сақтанушы инвестицияларға қатысқан, сондай-ақ сақтандырушының пайдасы жағдайында сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруды көздейтін осы Заңның 6-бабының 2-тармағында көрсетілген сақтандыру сыныптары шеңберінде сақтандыру түрлерін әзірлеуге құқылы.

5. Сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу тәртібі мен ерекшеліктері, сондай-ақ сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу жағдайларын көздейтін сақтандыру шартының мазмұнына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

Сақтанушының инвестицияларға қатысу жағдайларын көздейтін сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандыру ұйымы ішкі резервтік қордың орнын толтыратын активтерді уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен және жағдайларда инвестициялық портфельді басқаратын инвестициялық басқармаға беруге міндетті.

Ішкі резервтік қордың активтерін есепке алуды және сақтауды инвестициялық портфельді басқарушымен жасалған кастодиандық шартқа сәйкес кастодиан жүзеге асырады.

Ішкі резервтік қордың қаражатын осы Заңда көзделмеген мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді.

Сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысумен байланысты төлемдерді есепке жазу - аяқталған қаржы жылының қорытындысы бойынша жүргізіледі.

6. Жинақталған сомаларды есепке ала отырып, сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысуына байланысты төлемдерді жүзеге асыру:

1) сақтандыру төлемі құрамында сақтандыру жағдайы басталған;

2) сақтандыру төлемі құрамында жинақтаушы сақтандыру мерзімі аяқталған;

3) сатып алу сомасы құрамындағы сақтандыру шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайларда жүргізіледі.

Сақтанушының акционерлермен (жалғыз акционермен) және (немесе) сақтандыру ұйымының аффилиирленген тұлғаларымен сақтандырушының пайдасына қатысу жағдайларын көздейтін сақтандыру шартын жасасуға жол берілмейді.

 

2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді ( бұр. ред. қара)



13-бап. Ортақ сақтандыру жөніндегі қызмет

1. Сақтандыру пулын жасау арқылы тәуекелдерді сақтандыруды жүзеге асыру кезінде ортақ сақтандыру шарты жетекші сақтандыру ұйымының функциялары мен өкілеттіктерін өзіне қабылдайтын сақтандыру ұйымының талаптары негізінде жасалады.

2. Лицензиясында тиiстi сақтандыру сыныбы көрсетiлмеген сақтандыру ұйымының ортақ сақтандыру iсiне қатысуына тыйым салынады.

 

2006.05.05 № 139-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен; ҚР 2006.05.07. № 164-III Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14-бап өзгертілді



14-бап. Лицензиясыз қызметке тыйым салу

1. Уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы жоқ бiрде-бiр тұлғаның:

1) өз атынан сақтандыру, қайта сақтандыру жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға, негiзгi немесе Қосымша қызмет түрi ретiнде сақтандыру брокерiнiң, актуарийдiң қызметiн көрсетуге;

2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) өзiнiң атауында, құжаттарда, хабарландырулар мен жарнамада «сақтандыру», «қайта сақтандыру», «сақтандыру ұйымы», «қайта сақтандыру ұйымы», «сақтандыру брокерi» деген сөздердi немесе оның өз атынан сақтандыру немесе қайта сақтандыру операцияларын жүзеге асыруды бiлдiретiн не сақтандыру брокерi, актуарий ретiнде көрiнетiн туынды сөздердi (сөз тiркестерiн) кез келген тілде пайдалануға құқығы жоқ..

2. Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет