Дәрістер Химия пәні және мақсаттары. Химияның негізгі түсініктері мен стехиометриялық заңдары



Pdf көрінісі
бет28/71
Дата22.02.2024
өлшемі2.16 Mb.
#492785
түріҚұрамы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   71
лекции химия

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті
 
Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus)
 
Басылым: екінші
 
Ф ЕНУ 703-08-21. Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Екінші басылым 
СuSO
4
·5Н
2
О, Nа
2
В
4
О
7
·10Н
2
О, СаСІ
2
·6Н
2
О, Н
2
С
2
О
4
·2Н
2
О және т.б. Кристаллогидраттар – 
комплексті қосылыстар. Олар еріген заттың катионы мен еріткіштің молекулаларының 
арасында 
донорлы-акцепторлы 
байланыс 
пайда 
болуы 
нәтижесінде 
түзіледі. 
Кристаллогидраттарда: су молекуласы – электрон жұптарының доноры, ал металдың 
катионы – электрон жұптарының акцепторы. 
 
Заттардың ерігіштігі . Ерігіштік - заттың еріткіштерде еру қабілеті. Қатты 
эаттың ерігіштігі температураға байланысты, газдардың ерігіштігі қысымға 
байланысты. Ерігіштіктің өлшемі – берілген жағдайда қаныққан ерітіндідегі заттың 
мөлшері. Заттар ерігіштігі жөнінен үш топқа бөлінеді: 
1. Жақсы еритін заттар (е) – 100 г еріткіште 10 г артық зат еритін болса. 
2. Аз еритін заттар (ае)– 100 г еріткіште 1-10 г зат еритін болса. 
3. Ерімейтін заттар (ем) – 100 г еріткіште еріген зат массасы 0,01 г төмен болса. 
Жалпы алғанда полярлы заттар - полярлы еріткіштерде, ал полярсыз заттар полярсыз 
еріткіштерде жақсы ериді. Мысалы, майлар - бензинде, бейорганикалық заттар суда жақсы 
ериді. 
Еру – қайтымды динамикалық процесс. Ерітіндідегі еру мен кристалдану 
процестерінің ара қатынасына байланысты еріген заттың мөлшеріне қарай ерітінділер үш 
түрге бөлінеді:
1.Қаныққан ерітінділер. Бұл ерітінділерде еру жылдамдығы кристалдану жылдамдығына 
тең болады:
υ
еру
= υ
кристалдану 
2.Қанықпаған ерітінділер. Қанықпаған ерітінділерде еру процесінің жылдамдығы 
кристалдану процесінің жылдамдығынан артық болады:
υ
еру
> υ
кристалдану 
3.Аса қаныққан ерітінділер. Аса қаныққан ерітінділер тұрақсыз, олар жасанды түрде 
алынады. Температура жоғарлаған сайын заттың ерігіштігі артады. Ыстық ерітіндіні абайлап 
ақырындап суытса - аса қаныққан ерітінді алынады. Аса қаныққан ерітіндіде еріген заттың 
мөлшері қаныққан ерітіндідегіден артық, сондықтан ерітіндіге еріген заттың кішкене
кристаллын салса немесе ыдыстың қабырғасын таяқшамен қырса, артық еріген зат сол сәтте 
бірден тұнбаға түседі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет