Дәрістер Химия пәні және мақсаттары. Химияның негізгі түсініктері мен стехиометриялық заңдары



Pdf көрінісі
бет1/71
Дата22.02.2024
өлшемі2.16 Mb.
#492785
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
лекции химия



Дәрістер 
 
Химия пәні және мақсаттары. Химияның негізгі түсініктері мен стехиометриялық заңдары 
Химия қоршаған ортаны зерттейтін жаратылыстану ғылымдарына жатады. Химияның 
зерттеу объектісі – заттар. Химия заттардың құрамын, қасиеттерін және өзгерістерін 
зерттейді. Сонымен қатар ол заттардың өзгерістерге ұшырауы барысында байқалатын 
физикалық құбылыстарды да зерттейді. Мысалы: реакция нәтижесінде жылудың бөлінуі мен 
сіңірілуін, 
ерітінділердің 
электрөткізгіштігінің 
өзгеруін, 
қайнау 
және 
қату 
температураларының төмендеуін және жоғарлауын, химиялық энергияның электр 
энергиясына айналуын және т.б. 
Химия көптеген дербес салаларға бөлінеді: бейорганикалық химия, аналитикалық 
химия, органикалық химия, биологиялық химия, физикалық химия, коллоидты химия, 
электрохимия, радиохимия, геохимия, полимерлер химиясы, кванттық химия және т.б. 
Химия өнеркәсіпте зор роль атқарады. Химия және мұнай өңдеу өнеркәсіптері , қара 
және түрлі түсті металлургия экономиканың дамуына орасан ықпал жасайды. Химия 
өнеркәсіптері өндіретін маңызды материалдарға жатады: темірдің алуан түрлі құймалары, 
түрлі-түсті және қымбат бағалы металдар, құрылыс материалдары (цемент, шыны, асбест, 
гипс, бояғыш заттар, т.б.), каучук және резина, пластмассалар мен полимерлер, 
синтетикалық және жасанды талшықтар, қағаз, дәрі-дәрмектердің басым көпшілігі, жуғыш 
заттар (сабындар, шампуньдер, жуғыш ұнтақтар, т.б.), тыңайтқыштар, пестицидтер - 
ауылшаруашылық өндірісінде өсімдіктердің өнімділігін арттыратын және өсімдіктердің 
ауруларымен күресуге қолданылатын әртүрлі химиялық заттар. Қазіргі уақытта химияның 
жетістіктерін тамақ өндірісінде де кең пайдаланады (белсенді тағам қоспалары, өнімнің 
дәмін және сыртқы түрін жақсартатын тағам қоспалары, консерванттар, антиоксиданттар, 
т.б.). 
Химия – экспериментпен тығыз байланысқан ғылым. Химияның маңызды 
мақсаттарының бірі - керекті қасиеттерге ие жаңа заттарды синтездеу әдістерін зерттеп табу. 
Белгілі химиялық қосылыстардың саны орасан көп: ХХ ғасырдың аяғында олардың саны он 
миллионға жетті. 
Химияның алдында экологиялық проблемаларды шешуде үлкен міндеттер тұр. Себебі: 
көбінесе қоршаған ортаның ластануы - химиялық заттармен шамадан тыс ластанудың, ал 
қоршаған ортадағы өзгерістер – химиялық және физика-химиялық процестердің нәтижелері 
болып табылады. Осыған байланысты химияның алдында тұрған өзекті міндеттер: 
1. Қоршаған ортаның өзгеруіне әкеліп соғатын процестердің химизімін зерттеу. 
2. Қоршаған ортаның құрамын үздіксіз бақылаудың физика-химиялық әдістерін 
іздестіру және ұсыну. 
3. Қалдықсыз жаңа технологияларды ұсыну. 
4. Экологиялық таза отынның түрлерін іздестіру. 
5. Өндіріс орындары пайдаланған суды тазарту және атмосфераны ластайтын газдарды
залалсыздандыру әдістерін ұсыну. 
6. Қоқыс-қалдықтарды қайта өңдеу технологияларын ұсыну. 
Химия пәнін саналы түрде меңгеру үшін химияның негізгі түсініктерін және 
стехиометриялық заңдарын білу қажет. Ол үшін негізгі мектеп көлемінде химия пәні 
бойынша өткен мына басты түсініктерді қайталау керек: элемент, атом, молекула
салыстырмалы атомдық масса, салыстырмалы молекулярлық масса, моль, молярлық масса, 
молярлық көлем, эквивалент, эквиваленттік масса.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет