Дәрістер мазмұны 1-дәріс. «Педагогикалық зерттеулердің әдістері»



бет60/127
Дата04.10.2023
өлшемі1.69 Mb.
#479729
түріДиплом
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   127
Дәрістер мазмұны

Зерттеудің түсініктік аппараты:
-Зерттелетін үдерістің құрылымын және оны тұтас етіп көрсететін түсініктерді, сонымен қатар оның компоненттерін немесе зерттеу аспектілерін (түсініктік матрица) нақтылау.
-Түсініктің мазмұнын, белгілі немесе қайта енгізілетін терминдер арқылы терминологиялық мәнін, негіздемелерін анықтау.
-Категорияларды ажырату (негізгі, базалық түсініктер), категориялық-түсініктік жүйені құру.
Түсініктік жүйе элементтерінің тереңдік дәрежесі және онымен зерттелінетін үрдістер мен құбылыстар кескінінің біртұтастығының өзара байланысын ашу міндет.
Зерттеудің тұғырнамалық кешенін қалыптастырудағы келесі бір маңызды қадам – оның ұғымдық аппаратын анықтау. Зерттеуші ұғымдық аппаратты анықтау үшін ғылыми танымда маңызды саналатын термин, дефиниция, ұғым, категория сөздерін білуі және мағынасын түсінуі қажет. Зерттеуші педагогиканың ұғымдық-терминологиялық аппаратын меңгерген болуы керек.
Ұғым – таным үдерісіндегі шынайы әлемді қабылдау формасы. Ғылымда ұғым бірден бекітілмейді. Шынайы нақтылықты қайта ойлау мен эмпирикалық іс-тәжірибенің нәтижесі ретінде пайда болатын ұғым белгілі бір ғылымның бөлігіне айналады.
Термин – ғылымның нақты бір бағытта даму шеңберінде өзге ұғымдармен арақатынасын ашуға негізделген ұғымдардың, өздің, сөз тіркестерінің және арнайы белгілердің көмегімен белгіленеді. Ғылыми терминологияға белгілі бір реттілік тән. Жинақталған білім қоры негізінде ғалымдар педагогиканың ғылыми терминологиясының барлық жүйесі ұғымдық блоктарды құрайтын өзара байланысты терминдерден тұрады деп тұжырымдайды.
Қазіргі кезде «ұғымды» ғылыми категория ретінде қарастыруға болатын бірыңғай түсінік жоқ болғандықтан, оны:
-пәннің болмысын көрсететін, зерттеу пәнін танудағы зерттеуші аппаратты, ғылыми зерттеуді қорыту құралы ретінде;
-педагогикалық құбылысты белгілер жүйесі ретінде нақты грамматикалық ойлауды қалыптастыру тәсілі ретінде;
-өзіндік дамуы мен қарама-қайшылықтағы педагогикалық үдерістер мен құбылыстарға тән байланыстар мен қатынастарды, қасиеттерді көрсететін ойлау түрі ретінде;
-кей топтардың өздеріне тән жалпы белгілері негізінде педагогикалық құбылыстарды жалпылап, бөлетін ой (ой жүйесі) ретінде;
-жалпы сипаттарға орай қамтылатын педагогикалық құбылыстар мен үдерістердің жинақы көрінісі ретінде;
-педагогикалық ойлаудың даму сатысын педагогтің ғылыми-зерттеу мәдениетінің бір бөлігі және педагогика ғылымының дамуындағы шешуші кезең ретінде қабылдаған жөн.
Толықтырылатын бұл тізімнен ұғымның педагогикалық объектінің (құбылыс, үдеріс немесе жүйенің) табиғатын ашатын, өзінде даму мүмкіндігі бар құбылыс екенін аңғаруға болады. Сондықтан, педагогикалық ғылым терминологиясының ұғымдық аппараттың дамуы есебінен толықтырылып отырылуы кездейсоқтық емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет