ДӘрістердің комплексі fis 1209



бет15/17
Дата25.02.2016
өлшемі1.72 Mb.
#19934
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Дәм сезу анализаторы 

Дәм сезу талдағышының қызметі арқылы ауыз қуысына түскен қоректің сапасы, сипаты анықталады. Бұл таддағыштың қабылдаушы бөлігі тіл бүртіктерінде, жұмсақ таңдайда, жұтқыншақтың артқы бетінде, бадамшада және көмекей қақпашығында орналасады. Тіл бүртіктері шатырша, жапырақша және орлы болып болінеді. Осы бүртіктер ішінде эпителиальды құрылым – дәм жуашыгы, орналасады. Дәм жуашығы сопақша пішінді, жуа төрізді болып келеді. Ол бүйірлі, үршық пішіндес дәм жасушаларынан және цилиндр пішінді сүйеніш жасушалардан тұрады да, тілдің көп қабатты эпителийі бойында орналасады. Дәм жасушаларының ұшында майда түктер (кірпікшелер) болады. Дәм жуашығы кілегей қабық беткейінде дәм саңлауы деп аталатын кішкентай тесікпен ашылады.


Иллюстрациялы материал Д-ҚДС-12

ӘДЕБИЕТ:

Негізгі:



  1. Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. Адам физиологиясы. (Оқулық). - Алматы. Издательство «Дәуір», 2005. - 663 б.

  2. Қалыпты физиологиядан тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар./ Сайдахметова А.С., Рахыжанова С.О. Семей, 2006 г. - 174 б.

  3. Қанқожа М.Қ. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. - Алматы, 2004 ж. - 78 б.

Қосымша:

  1. Организмнің шартты-рефлекторлық әрекеті және оның нейрофизиология-лық тегершіктері. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтері. Ибраева С.С., Астана, 2006. - 52 б.

Орыс тіліндегі әдебиеттер:

Негізгі:
1. Физиология человека, В.М. Покровский., Г.Ф. Коротько, М., 2004.

2. Руководство к практическим занятиям по нормальной физиологии. К.В.Судаков, А.В.Котова, М., 2002.

3. Руководство по общей и клинической физиологии. В.И.Филимонов, МИА, 2002, 957 стр.

4. Нормальная физиология, под ред. К.В.Судакова, М., 2000.

5. Агаджанян Н.А., Тель Л.З., Циркин В.И., Чеснакова С.А. Физиология

человека. Санкт-Петербург, Sotis, 2000 г., 528 с.


Қосымша:


  1. Скок В.И., М.Ф.Шуба. Нервно-мышечная физиология. Киев, изд. "Вища школа". 1986., 223с.

  2. Ноздрачев А.Д., Баженов Ю.И. и др. Начала физиологии. Учебник для ст. ВУЗов. 2001.

  3. Покровский и др. Физиология человека. Учебник. В 2-х томах. 1997.

  4. Практические занятия по курсу "Физиология человека и животных".(Айзман Р.И., Дюкарев И.А. и др.) Новосибирск. Сибирское университетское издательство. 2002. 98 с.

  5. Самостоятельная работа студентов по "Физиология человека и животных" с применением ЭВМ. (Айзман Р.И., Чжан-Юшков Н.К.) Методические рекомендации. Новосибирск, 1988.

  6. «Основы физиология человека», 1 и 2 том, Б.И.Ткаченко, С.-Петербург, 1994г.

  7. Атлас по нормальной физиологии А.В.Коробков, С.А.Чеснокова, Москва, Высшая школа, 1987 .

  8. 3. Айзман Р.И., А.Д.Герасев, М.В.Иашвили. Физиология возбудимых тканей. Новосибирск, изд. НГПУ, 1999., 125 с.

  9. Александров Ю.И. и др. Основы психофизиологии. Москва, Инфра-М, 1998., 431с.

  10. Анатомия, физиология и гигиена в таблицах и схемах. Методическое пособие. 1991.

  11. Справочник физиологических и лабораторных показателей здорового человека. А. А. Утепбергенов, 1995 .

  12. Физиология человека. Под ред. М.Покровского, Г.Ф.Коротько, в двух томах, М., 2001, 368 с.



Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):


  1. Павловтың ілімі бойынша анализатор дегеніміз не?

  2. Анализатор қандай негізгі бөлімдерден құралған?

  3. Орталық бөлімдердегі анализатордың сигналдық детектирлену қалай жүргізіледі?

  4. Анализатордың қабылдағыш бөлімі қандай функцияны атқарады?

  5. Анализаторда ақпарат қалай кодталады?



«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
Қалыпты физиология кафедрасы
Кредит № 2.

7 Дәріс.



Tақырыбы: Ағзаның шартты-рефлекторлық қызметі және оның нейрофизиологиялық механизмдері.

Мақсаты: Туа пайда болған және жүре пайда болған қылықтардың формасы туралы білім беру, шартты рефлексті шартсыз рефлекстен айыра білуді үйрету,уақытша байланыстың тоқтау механизмі туралы түсінікті жүйелендіру,анализатордың шартты рефлекстерін шығаруына эксперименттер жүргізудің әдістерін үйрету.

Дәріс тезисі:

Мидың шартты рефлекторлық әрекеті

Адам мен жануарлардың үлкен ми сыңарлары қыртысының әрекетін  жоғары дәрежелі жүйкелік қызмет (ЖДЖҚ) деп аттайды. ЖДЖҚ организмнің күрделі мінез-қылығының нейрофизиологиялық негізі болып табылады. Үлкен ми жарты шаралары қыртысы, алдыңғы мидың қыртыс асты ядролы, аралық ми құрылымдары  оның морфологиялық негізі болып саналады. ЖДЖҚ организмнің сыртқы ортаның құбылмалы  жағдайларына бейімделуін, оның қоршаған ортамен күрделі қарым - қатынасын қамтамасыз етеді. Функционал тұрғыдан  ЖДЖҚ организмнің сырткы орта жағдайларына мүлтіксіз бейімделуін камтамасыз ететін туа қалыптасқан және жүре пайда болған механизмдердің жиынтығы.



Мінез-құлық деп организмнің өз мұқтаждығы мен қоршаған орта жағдайларына бейімделуін қамтамасыз ететін күрделі әрекетін айтады. Ол организмге сыртқы орта мен өзінің ішкі күйін сезінуді, әр түрлі әсерлерге тиімді жауап қайтаруды қамтамасыз ететін барлық  процестердің жиынтығы. Мінез-қылық тек қимыл-әрекеттермен ғана бейнеленбейді. Бұл  процестердің көпшілігі сыртқа білінбей, жүйке жүйесінің өзінде ғана жүреді, белсенді қимыл-әрекетке жалғаспайды, ал кейде ол мықты белсенділік тудырады. Осымен байланысты мінез-қылықтық әрекеттер әлі анық жіктелмеген. Бірақ зерттеушілер мінез-қылықты қоректік, жыныстық, қорғаныстық, ата-аналық т.б. деп бөледі. Тіршілікте мінез-қылықтың аталған түрлері бір-бірімен ұштасып, біте қайнасып, бірінен-бірі туындап жатады.

ЖДЖҚ шартты және шартсыз рефлекстердің ара қатынасына негізделген, сондықтан ол жануарлар дүниесінің даму жолында өзгеріп, күрделеніл отырады. Төменгі сатыдағы омыртқалыларда мінез-қылықтың табиғи, туа қалыптасқан әрекеттері басым болады. Жануарлар эволюциясына байланысты жүре біткен әрекеттер үлесі артады да, ол жоғары дәрежелі жүйкелік қызметтің басым түріне айналады, шартты рефлекстер күрделіленіп, олар организмнің сыртқы орта жағдайларына бейімделуін қамтамасыз ететін реттеуші фактор болып шығады.

Шартты рефлекстер үлкен ми жарты шаралары әрекетінің нәтижесі болып табылады. Олар шартсыз рефлекстер негізінде қалыптасады. Оның өзіндік дербес құрылымдары  болмайды, ол шартсыз рефлекстерді қамтамасыз ететін құрылымдар арқылы атқарылады. Шартты рефлекс белгілі бір әрекет тудыратын үйреншікті тітіркендіргіштің белгілерінен шартты тітіркендіргіш әсерінен, туындайтын акт. Шартты рефлекс шартгы тітіркендіргіш анализаторы орталығы мен шартсыз рефлекс доғасының орталық бөлімінің арасында уақытша байланыстың пайда болуы нәтижесінде қалыптасады. Шартты рефлекстер арқылы жануар тәжірбие жинақтайды, қорек табады, жауларынан сақтанады, әр түрлі жағымсыз әсерлерден қорғанады.

Шартты рефлексті калыптастыру үшін шартты - бейтарап, өздігінен көзделген реакцияны тудырмайтын тітіркендіргіш әсері шартсыз, нақтылы реакцияны тудыратын тітіркендіргіш әсерінің алдын алу керек. Осыдан ми қыртысында шартты және шартсыз тітіркендіргіштер орталығы қатар қозады да, бірнеше рет қайталанған соң олардың арасында уақытша байланыс пайда болады, демек шартты рефлекс қалыптасады.

Шартты рефлекстің қалыптасуы екі сатыда жүреді. Оның алғашқысы жалпылану (генерааизация), екіншісі - нақыштану, мамандану, сатысы. Шартты және шартсыз тітіркендіргіштер қосарлана қайталанса, алдымен байыптау реакциясы, И. П. Павловтың айтуынша "Бұл  не?" реакциясы байқалады. Мұнда й кезде малдың қимыл-әрекеті тежеліп, ол басын тітіркеңдіргіш көзі орналасқан жаққа бұрып, құлағын тікірейтеді, оның тынысы мен жүрегінің жұмысы өзгереді. Рефлекс қалыптаса келе аталған реакциялар әлсіреп, жойылып кетеді. Шартгы рефлекстің қалыптасуында осы байыптау реакцияларының маңызы зор болады, олар ОЖЖ торшаларының белсеңділігін жоғарылатута мүмкіндік береді.

Алғашында рефлекс тұрақты болмайды. Жауап-реакция тек шартты тітіркендіргішке ғана емес, оған ұқсас тітіркендіргіштерге де туындай береді. Бұл  рефлекстің жалпылану сатысы. Осыдан соң шартты рефлекс бекіп, жауап-реакция тек шартты сигналға ғана қайтарылады. Бұл  рефлекстің нақыштануы.

Барлық шартсыз рефлекстер туа пайда болады, тұқым  қуалайды, ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Мысалы, жаңа туған төл енесін емеді, қауыздан жаңа шыққан балапан жем шоқиды т.с.с. Ал, шартты рефлекстер жүре пайда болады, тұқым  қуаламайды, ұрпақтан-ұрпаққа берілмейді.

Шартсыз рефлекстер белгілі бір түрге тән рефлекстер. Шартты рефлекс жеке дараққа тән, ол өмір тәжірбиесі болып табылады.

Шартсыз рефлекстер ОЖЖ-нің төменгі бөлімдерінің қатысуымен жүзеге асырылады, ал шартты рефлекс оның жоғары бөлімі - ми қыртысының қатысуымен атқарылады. Ми қыртысын сылып тастаса, шартты рефлекс жойылады.

Шартсыз рефлекс белгілі бір рефлекс өрісінің тітіркенуімен басталады, оның өзіндік доғасы - жолы, болады. Ал, шартты рефлекстің тұрақты рефлекстік өрісі, тұрақты рефлекстік доғасы болмайды, ол шартты тітіркендіргіш сипатына қарай езгеріп отырады. Мысалы, шартты сілекей бөлу рефлексін қоңырау дауысына, шам жарығына, механикалық әсерге т.с.с. қалыптастыруға болады.

Шартсыз рефлекс тұрақты, стереотипті келеді, аз өзгереді, ал шартты рефлекс құбылмалы келеді, пайда болып, жойылып отырады. Шартты рефлекске сигналдық сипат тән, ол туындауға тиісті шартсыз рефлекстің алдын алып отырады.

Шартты рефлекстердің тежелуі

Ми қыртысының қалыпты қызметі қозу және тежелу процесінің өзара әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасады. Қозу процесі шартты рефлекстің пайда болуын қамтамасыз етсе, тежелу процесі - оны жойып, өшіріп отырады. Тежелу процесі рефлекстік реакцияларды ретке келтіріп, жетілдіріп отыруга жағдай туғызады.

Ми қыртысында байқалатын тежелу шартгы және шартсыз болып жіктеледі. Шартсыз тежелу бүкіл жүйке жүйесіне тән құбылыс, ол ОЖЖ-нің кез келген бөлімінде байқалады. Шартсыз тежелу шапшаң, кенеттен пайда болады да, онша ұзаққа созылмайды. Тежелудің бұл түрі сыртқы тежеу және шектеу болып бөлінеді.

Сыртқы тежеу ми қыртысының белгілі бір аймағы қозған кезде теріс индукция салдарынан оның басқа аймақтарынада байқалатын құбылыс, Тежелудің бұл  түрін индукциялық тежелу деп те атайды. Мысалы, қоңырау дауысына итте шартты сілекей бөлу рефлексі қалыптасқан дейік. Ал осы қоңырау соғылған кезде кенеттен бөгде дыбыс пайда болса (мылтық даусы, басқа тарсыл т.б.) сілекейдің бөлінуі тоқтап қалады. Бұл сыртқы тежелу салдары.

Шектеу - организмге әсер ететін тітіркендіргіш тым күшті болған, немесе оның әсер мерзімі тым созылып кеткен жағдайда байқалады. Мысалы, қоңырау даусына шартты рефлекс қалыптасқан дейік. Егер сол қоңырау үздіксіз созылса, немесе оның даусы тым күшейтілсе, рефлекс тоқтап қалады. Оның себебі жуйке торшасының әрекет мүмкіндігінің белгілі шегі болады. Тым күшті тітіркендіргіш әсерінен торшада парабиоз процесі туындайды да, ол тежелу сатысына дейін тереңдейді. Осынан қозу тежелумен алмасады,

Шартты, немесе ішкі тежелу, ми қыртысына ғана тән құбылыс. Ол ми қыртысының шартты рефлекстік қызметімен байланысты. Шартты тежелу біртіндеп қалыптасады да, ұзақ  мерзімге сақталады. Бұл  жағдайда орталық басқа, іргелес орталық ықпалымен емес, өзінде жүретін процестердің салдарынан тежеледі, сондықтан да оны ішкі тежелу деп атайды.

Шартты тежелу өшу, жіктеу, бөгеу, шартты тежеу болып бөлінеді.



Өшу - шартты тітіркендіргішті шартсыз тітіркендіргішпен бекітпей қоюдың салдарынан туындайды. Мұндай  жағдайда шартты рефлекс күші бірте-бірте әлсіреп, соңынан ол өшіп қалады, осыдан шартты тітіркендіргіш әсерімен шартты рефлекс орталығында козу емес, тежелу процесі туындайды. Рефлекс өшкеннен соң біраз мерзімдік үзілістен кейін шартты сигнал шартсыз сигналмен демемей-ақ рефлекс тудырады. Демек, өшу кезінде рефлексті қамтамасыз ететін механизм жойылмайды, тек ол уакытша әрекеттен шығарылады.

Жіктеу - бір-біріне ұқсас екі шартгы тітіркендіргіштің бірін бекітіп, бірін бекітпеу нәтижесінде қалыптасады. Мысалы, итте метрономның минутына 100 соққысына шартты рефлекс қалыптасқан дейік. Осыдан соң метрономды минутына 96 рет соғатын жылдамдыққа қойып, Бұл  тітіркендіргішті шартсыз тітіркендіргішпен ұштастыралмайтын, бекітпейтін болсақ, онда бірнеше қайталанудан соң екінші жағдайда тежелу процесі туындайды, жіктеу процесі жүреді. Осынан екінші тітіркендіргіш шартты тежегіш тітіркендіргішке айналады.

Бөгеу - шартты сигнал әсері мен оны шартсыз тітіркендіргішпен бекіту арасы адақтатылса, шартты рефлекстің басталу мерзімі де дәл сонша уақытқа бөгеледі. Бұл  жағдайда шартты тітіркендіргіш әсері екі сатыға - әрекетсіз және әрекетті, бөлінеді. Бастапқы әрекетсіз сатыда шарпы сигналдың әсерімен шартты рефлекс орталығыңда тежелу процесі туындайды да, жауап-реакция бөгеледі. Осынан кейін тежелу тиылады дартта, қозу туындап, әрекет басталады.

Шартты тежеу - шартты рефлекс тудыратын сигналға бөгде тітіркендіргішті қосарлап, қабаттастырып, оны шартсыз тітіркендіргішпен бекінгенде байқалады. Мұнда й  жағдайда тітіркендіргіштер қосындысы белсеңці өрекет тудырмайцы, тежелудің бастауына себепкер болады.

Адамның психикалық үрдістерін басқарудың жалпы принциптері

ЖДЖҚ-нің негізгі ерекшеліктері үлкен ми жарты шарларындағы қозу мен тежелу процестерінің өзара әсерлестігіне байланысты. Шартты рефлекстің қалыптасуы, уақытша байланыстың тұйықталуы үлкен ми жарты шарлары қыртысында қозу және тежелу процестерінің белгілі заңдылықпен таралуы, алмасуы нәтижесіңде жүзеге асады. Бұл  күрделі процесс бірнеше сатыда дамиды.

Алдымен қозу мен тежелудің жайылу (иррадиация) және шоғырлану (концентрация) процесі жүреді. Иррадиация деп қозу не тежелу процесінің өзінің бастапқы пайда болған аймағынан таралуын, жайылуын айтады. Бұл  процестердің белгілі бір шекке дейін жайылып, қайтадан бастапқы пайда болған орталығына оралуын, жиналуын – шоғырлану дейді.

Ми қыртысында да ОЖЖ-нің басқа бөлімдеріндегі сияқты қозу және тежелу процестерінің әрекеттестігі - индукциясы байқалады. Олардың арасында белгілі теңдестік қалыптасады да, не оң, не теріс иңдукция өршиді.

Индукция өзінің табиғаты, бейнеленуі жағынан иррадиацияға кері процесс. Иррадиация нәтижесінде бір мағыналы процесс (не қозу, не тежелу) таралатын болса, индукция, керісінше, қарама-қарсы сипаттамасы процесті тудырады және иррадиацияны шектейді.

Қозу мен тежелу процестерінің арасындағы мерзімдік және ауқымдық әрекетгестік нәтижесінде анализ және синтез процестері жүреді. Аталған процестердің тендестігі, парабиоздық табиғаты ми қыртысындағы анализ және синтез процестерінің бір - бірімен тығыз байланысты екенінің дәлелі.

 Жүйке жүйесінің жеке дараққа тән қасиеттерінің жиынтығын ЖДЖК, нұсқалары дейді, И.П.Павлов ілімі бойынша ЖДЖҚ-ның жекеше сипаттары қозу мен тежелу процестерінің пайда болып, даму ерекшеліктеріне байланысты. Әр дарақта қозу және тежелу процестері бір деңгейде қалыптаспайды. Олар өздерінің күшімен, теңдестігімен және жылжымалылығымен ерекшеленеді. Аталған нервтік процестердің ара қатынасындағы өзгешеліктер ЖДЖҚ-ның нұсқалық (типтік) ерекшеліктерінің негізіне алынады.

Жуйкелік процестердің куші ми қыртысы торшаларының жұмыс  қабілетімен, олардың ұзақ  әрі қауырт қызметке төзімділігімен анық-талады. Жүйкелік процестер кушті не әлсіз болуы мүмкін.

Жуйкелік процестердің теңдестігі қозу және тежелу процестерінің ара қатынасымен анықталады. Аталған процестердің күші бірдей болса, онда ол теңгерілген, ал бірдей болмаса - теңгерілмеген болып табылады.

Жуйкелік процестердің жылжымалылыеы қозу мен тежелудің бірін-бірі алмастыру жылдамдығымен сипатталады. Бұл  қасиетпен мінез -қылықтың қүбылмалылығы байланысты. Жүйкелік процестер жылжымалы (лабилъді) немесе тоқыраңқы (инертті) болуы мүмкін.

Жоғарыда баяндалған жүйкелік процестердің үш қасиеті - күші, тендестігі және жылжымалылығы, - жүйке жүйесінің нүсқалық ерекшеліктерінің негізінде жатады да, организмнің жалпы тонусына, мінез-қылықтық реакцияларына, жұмыс  қабілетіне әсер етеді.

Нервтік процестердің күшіне, тендігіне және жылжымалылығына қарай И.П.Павлов ЖДЖҚ төмендегідей төрт нұсқаға бөлген.

Ұстамсыз, немесе күшті, теңгерілмеген нұсқа - қозу мен тежелу процестерінің күшінің жоғарылығымен, қозудың тежелуден басымдылығымен сипатталады. Бұл  нүсқа холерик темпераменгіне сәйкес.

Ширак,, немесе кушті, теңдескен, жылжымалы нұсқада қозу мен тежелу процестерінің күші жеткілікті әрі шамалас болады және бір процесс екіншісіне оңай алмасады. Бұл  нүсқа өкілдері сыртқы орта жағдайларына шапшаң бейімделеді. Адамда бұл  нұсқа сангвиник деп аталады.

Инертті, немесе теңдескен, тоқыраңқы нұсқа өкілдерінде жүйкелік процестердің күші жеткілікті болады, бірақ олар бір-біріне баяу ауысады, оларға тоқырағыш сипат тән. Мұнда й  нұсқа өкілдерінің сыртқы әсерлерге жауабы әлсіз, баяу келеді, сондықтан олар қоршаған ортада байқалатын шапшаң өзгерістерге нашарырақ бейімделеді. Бұл  нүсқа флегматик темпераментіне сәйкес

Әлсіз нұсқа өкілдерінде қозу және тежелу процестері нашар дамиды. Олардың сезімталдығы жоғары болғанымен, жұмыс қабілеті, төзімділігі төмен келеді және олар сыртқы орта жағдайларына нашар бейімделеді, қорқақ, жасқаншақ болады. Бұл  нүсқа меланхолик темпераментіне сәйкес келеді.

Функционалдық жуйе организмге тиімді бейімділік сипаттағы әрекет нәтижесін алуды қамтамасыз ететін жылжымалы, өздігінен реттелетін құрылымдар бірлестігі. Әрбір функционалдық жүйенің құрамында  міндетгі түрде мына бөлімдер болады. 1. Афференпік синтез (жинақтау). 2. Шешім қабылдау. 3. Әрекет бағдарламасы және әрекет нәтижесінің акцепторы. 4. Іс-әрекет. 5. Әрекет нәтижесі және оның көрсеткіштері. 6. Әрекет параметрлерін кері афферентациялау.

Кез келген іс-әрекет афференттік синтезден - негізгі биологиялық мүқтаждықты анықтаудан басталады да, нақтылы жағдайға сәйкес келетін іс-әрекет анықталып, әр түрлі әрекет жолының ең қолайлысы, ең тиімдісі, ең тандалып, шешім қабылданады.



Шешім қабылдау негізінде болашақ әрекеггің мақсаты айқында-лып, бағдарламасы белгіленеді, эфферентгік жүйе мен әрекет нәти-жесінщ акцепторы анықталады.

Әрекет барысы, оның нәтижелерінің жоспарға, бағдарламаға сәйкестігі акцепторда кері афферентация нәтижесінде анықталады. Әрекет нәтижелері жайлы кері жеткізілген ақпараттар сол нәтижелердің жоспарланған моделімен салыстырылғаннан кейін бұл  параметрлер бір-бірімен сәйкес келсе, организмнің әрекеті аяқталады. Бұл  параметрлер арасында сөйкестік болмаса, онда жаңа эфференттік бағдарлама құрылады да, әрекет қайта басталады. Осылай афференггік синтезде қойылған мақсат орындалғанға дейін процесс қайталана береді.



Этология - жануарлардың мінез-қылығының биологиялық заң-дылықтарын зерттейтін ғылым саласы. Ал мінез-қылық деп жануардың тіршілік ортасымен қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін атқаратын қимыл-әрекетінің жиынтығын айтады. Этология негізінен табиғи, туа біткен мінез қылықтар мен дағдылы әрекеттерді, олардың дамуын зерттейді. Этология мінез-қылықтың туа біткен құрамаларын  айқындап, организмнің турлі реакцияларының сыртқы көрінісін анықтайды. Ал, физиология жануарлардың мінез-қылығын қамтамасыз ететін ми қызметінің нервтік механизмін зерттейді.

Жануарлар мінез-қылығы туа біткен және жүре пайда болган болып екі топқа бөлінеді. Туа біткен мінез-қылық (қоректік, жыныстық, сақтық т.б.) құрамалары тұқым  қуалайды, ешбір жаттығусыз, үйретусіз-ақ атқарылады, олар белгілі бір жағдайда атқарылатын дағдылы әрекеттердің жиынтығы болып табылады. Физиологиялық тұрғысынан дағдылы әрекеттер эволюция барысында қалыптасқан шартсыз рефлекстердің күрделі тізбегі. Жүре қалыптасқан мінез-қылықтың ең жақсы зерттелген түрі - шартты рефлекстер.

Қазіргі кезде этологияның жаңа бағыты - адам мінезін зертгеу саласы дамып келеді. Оның негізін әлеуметтік психология мен білім проблемалары құрайды.

Болмыстың бірінші және екінші сигналдық жүйелері

Табиғи жағдайда сыртқы дүние организмге белгілі бір ретпен әсер ететін тітіркендіргіштер көзі болып табылады. Демек, тіршілік барысында организм тітіркендіргіштердің белгілі стереотипті тіркесімен – ұшырасып  отырады. Осындай стереотипті тітіркендіргіштер тіркесі ұзақ  уақыт қайталана әсер етсе, онда ми қыртысында белгілі ретпен бірін-бірі алмастырып отыратын қозу мен тежелу ошақтарының өрнегі (мозайкасы) пайда болады. Осының нәтижесінде стереотипті тітіркендіргіштер әсерінен үлкен ми жарты шарлары қызметінде жүйелілік, динамикалық стереотип пайда болады. Осынан организм үнемі қайталанып отыратын тітіркендіргіштер жиынтығына белгілі ретпен қалыптасқан процестер жүйесімен жауап береді. Сонымен, динамикалық стереотип дегеніміз ми қыртысындағы уақытша байланыстар жүйесі, белгілі ретпен атқарылатын шартты рефлекстердің жүйелі тізбегі.

Динамикалық стереотип қалыптастыру ми қыртысының өте күрделі синтездеу жұмысымен байланысты және жүйке жүйесі үшін ең қиын міндет болып табылады. Бірақ бір рет қалыптасқан стереотипті сақтау қиынға соқпайды, оны жою не өзгерту өте қиын.

Адам мен жануарлардың ЖДЖҚ сыртқы немесе ішкі ортаның әр түрлі тітіркендіргіштері әсерінен туындайды. Бұл  тітіркендіргіштер түрлі сезім мүшелері арқылы әсер етеді. Осы сезім мүшелерінің қызметі нәтижесінде ортаның нақты жағдайы талданып және жинақталып отырады, сондықтан сезім мүшелері бірінші сигналдық жуйені қурайды. Бұл  жүйе адам мен жануарларға ортақ. Ол болмыстың тікелей сигналдау жүйесі болып табылады.

Болмысты сигналдаудың тағы бір ерекше - екінші жуйесі болады. Ол әлеуметтік даму процесінің осерінен адамдарда гана дамыған. Бұл  жүйе - сөз. Сөз арқылы сыртқы және ішкі ортада болып жатқан құбылыстар, өзгерістер хабарланады. Екінші сигналдық жүйенің арқасында адам ойлау қабілетіне ие болады. Екінші сигналдық, жүйе бірінші сигналдық жүйе негізінде пайда болады, онымен функциональдық байланыста қызмет атқарады.

Ұйқы мен түс көрудің психофизиологиялық механизмдері

Ұйқы  - организмшң мезгіл-мезгіл қайталанып отыратын тіршіліктік мәні зор функционалдық күйі. Ол организмнің жалпы әрекетінің бәсендеп, сыртқы тітіркендіргішке жауап-реакцияларының нашарлауымен, ми нейрондарының ерекше белсенділігінің қалыптасуымен сипатталады. Ұйқы  организмнің ішкі табиғи мұқтаждығы болып табылады.

Ұйқы ның екі түрі болады: жалғыз фазалы және  көп фазалы. Жалғыз фазалы ұйқыға күндізгі, немесе түнгі, ұйқы  мен ояу күйдің тәулік бойына бір рет қана алмасуы тән. Көп фазалы ұйқыда ояу күй мен ұйқы  тәулік ішінде бірнеше рет қайталанып, алмасып отырады.

Ұйқының қай түрінде болмасын екі саты байқалады: баяу толқынды (сергек), немесе ортодоксалдық, ұйқы және шапшаң (терең), немесе парадоксалдық, ұйқы . Сергек ұйқы  кезінде ЭЭГ-да жоғары амплитудалы дельта - толқындар, ал терең ұйқы  кезінде кіші амплитудалы толқындар жазылады. Сергек ұйқы  кезінде тамырдың соғуы сиреп, артериялық қысым төмендейді, терең ұйқы  жағдайында "вегетативтік дауыл" соғып, тыныс жиілейді, тамырдың соғуы жиілеп, артериялық қысым жоғарлайды, гормондардың белсенділігі артады, дене қимылдап, жұтыну, қас қағу сияқты қимылдар байқалады. Терең (парадоксалдық) ұйқы  эволюциялық даму барысында кейінірек пайда болған құбылыс. Бауырымен жорғалаушыларда ол байқалмайды, құстарда нашар дамыған, сүт қоректілер қатарында оның үлесі көбейе бастайды.

Ұйқы  - күрделі нейрогуморалдық құбылыс. Оның табиғатын зерттеу барысында екі түрлі теория - гуморальдық және  нервтік, -ұсынылған. Алғашқы теория ұйқыны организмде зат алмасу өнімдерінің - ерекше гипнотоксиндердің жиналуымен байланыстырады. Екінші теория ұйқыны тудыратын арнаулы орталық болады деп тұжырымдайды. Ал, И.П.Павлов ұйқыны үлкен ми жарты шарлары қыртысында жайыла таралып, біраз қыртыс асты құрылымдарды  қамтитын тежелу процесідеп түсіндірген.

И. П. Павлов ұйқыны белсенді (активті) және ырықсыз (пассивті) деп бөлген. Белсенді ұйқы ми қыртысыңда жайылып, қыртыс асты түйіндерді қамтитын ішкі тежелу болып табылады. Ал, ырықсыз ұйқы ми қыртысына келетін импульстердің күрт азаюы нәтижесінде туыңдайды,

П.К.Анохин концепциясы бойынша ұйқы  ми қыртысы, гипоталамус және таламус-торлы құрылым жүйесінің езара әрекеттестігіңдегі айналымды өзгерістерге байланысты туындайды. Ояу, сергек кезде ми қыртысы гипоталамустағы ұйқыны тудыратын вентромедиальдық ядроны тежеп отырады. Ми қыртысында ішкі тежелу жайылса, онын, гипоталамус орталығына әсері тоқтайды. Осыдан гипоталамус орталығының белсенділігі артып, оның торлы құрылым қызметіне тежеуші әсері күшейеді де, таламус деңгейінде ми қыртысына бағытталған белсендіруші импульстардың өтуі тоқталады. Осының салдарынан ми кыртысынын тонусы одан әрі төмендеп, ұйқы  басталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет