Диплом жұмысы тақырыбы: «Балаларды оқуға, жазуға үйрету процесінде талдау-жинақтау әдісін қолдану жолдары»



бет2/20
Дата13.12.2023
өлшемі0.54 Mb.
#486527
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Дип.-Балаларды-оқуға-жазуға-үйрету-процесінде-талдау-жинақтау-әдісін-қолдану-жолдары

Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларына жазуды оқытуда тиімді әдіс – тәсілдерді анықтау.
Оқу, жазуды үйретуді зерттей келе, бастауыш мектепте оқу, жазудың жаңаша жүргізілу мүмкіндігін қарастыру білім беру саласында өте маңызды, әрі өзекті.
Зерттеу обьектісі - Бастауыш сыныпта оқу, жазудың маңыздылығы, оны оқытудың бала тәрбиесінде алатын орны.
Зерттеу пәні – Бастауыш сыныптағы тіл сабақтары: қазақ тілі, ана тілі.
Зерттеудің өзімізше ғылыми жаңалығы – Бастауыш мектептің бірінші сыныбына арналған жазу үлгілерін санақ бойынша үйрету кезтесі, жазуға үйрету тарихының классификациялық кестес, оқу, жазуды үйретуде қолданылатын дидактикалық материалдар түрлері.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы – бастауыш мектепте тіл сабағындағы жазуды оқыту мен жүргізілу мүмкіндіктерін ашып, қолдану жолдарын білімгер өзі әдістерін құру арқылы ұсынады.
Зерттеудің теориялық мәні – оқу, жазудың жалпы даму тарихына, оқу, жазуды зерттеген әдіскерлер, гигиенистердің, физиологтардың еңбектеріне шолу жасалынды.
Зерттеудің методологиялық негізі - бастауыш мектептің 1,2, 3,4 –ші сыныптарындағы оқу, жазуды үйрету сабағын жүргізудің қажеттілігімен пайдасын анықтап көрсетті.
Дипломдық жұмысымызда қолданылған зерттеу әдістері – оқылған әдебиеттерде шолу жасау, түсіндіру, анализ – синтез, бақылау – байқау т.б. зерттеу әдістерін пайдаландым.
Зерттеудің өміршеңдігі – оқу мен жазуды байланыстыра жүргізген жеке тұлға, сауатты да жан – жақты болып дами алады.
Зерттеу кезеңдері – 1. Кезеңде ғалым - әдіскерлер, физиолог – гигиенистер еңбектеріне шолу және талдау жасалып (реферат, баяндама, жаттығу) теориялық негіздері қарастырылды.
2. кезеңде білімгерлер арасындағы ғылыми – практикалық конференцияда «Көркем жазу сабақтарын жүргізудің жаңаша жолдары» деген тақырыппен баяндама жасалынды. Ғылыми жұмыс негізінде «Білімгер - зерттеуші» атағы берілді
3. кезеңде жүргізілген жұмыстар негізінде диплом жұмысын жалғастырылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет