Дипломдық жұмыс Кәсіпорынның негізгі капиталын пайдалану Дайындаған: Жетекшісі: жоспар



бет10/18
Дата18.11.2023
өлшемі0.52 Mb.
#483628
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Дип.-Кәсіпорынның-негізгі-капиталын-пайдалану

Ескертпе - "Жамбылгипс" АҚ-ның мәліметтері бойынша есептелінді

Жамбылгипс” АҚ-ның өнім көлемі натуралды түрде көрсетілген. Базистік жылына қарағанда есепті жылы өндірілген өнім көлемі біршама жоғарырақ. Яғни, 2004 жылы 226756 тонна өнім өндірілсе, есепті жыл 2005 жылы 311728 тонна өндірілген. Мұндағы абсолюттік ауытқу 84972 тоннаны көрсетіп отыр. Сонымен қатар, кестеде өндірілген өнім түрлері жеке дара көрсетілген. Кәсіпорын өндіретін өнімдерінің ішінде 2004 жылға қарағанда есепті жылы ең көп өндірілгені бұл- гипс тасы. Демек, 2005 жылы бұл өнім түрі 2004 жылмен салыстырғанда 86000 тоннаға артық өндірілген. Ал, ең азы бұл- құрылыс гипсі. Мұнда, базалық жылға қарағанда есепті жылы -436 тоннаға кем өндірілгенін байқаймыз.


Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытынды кезеңі оның қаржы жағдайын зерттеу болып табылады. Кәсіпорынның қаржы жағдайы оның өндірістік қызметіне тікелей тәуелді болады. Жоспарларды, әсіресе, өнім өндіру мен өткізу жоспарларын орындаудағы ауытқулар кәсіпорынның қаржы жағдайына әсер етпей қоймайды. Осының өзінде кәсіпорынның өндірістік қызметі оның қаржы жағдайына, оның төлем қабілетіне тәуелді болады. Мәселен, төлемдерді төлеу үшін қажетті ақшалай қаржылардың болмауы өнім жөнелтушілермен арадағы қарым-қатынасқа ықпалын тигізіп, товарлық-материалдық игіліктерді жеткізу жоспарының және өндіріс жоспарының орындалуына қауіп төндіруі мүмкін.
Өндірістік-шаруашылық процесте шикізаттарды, материал-дарды және басқа да тауарлық- материалдық игіліктерді алудан бастап, өнім өткізуге дейінгі барлық операциялар тығыз өзара байланыста болады және қаржы арқылы жүзеге асып отырады. Сондықтан егер кәсіпорынның өз қарамағында ақша қаржыларының жеткілікті сомасы болмаса немесе олар ұйымсыз пайдаланылатын болса, мұның өзі жабдықтау, өнім өндіру және өткізу жоспарларының орындалуына едәуір дәрежеде ықпал жасайды.

3 кесте - "Жамбылгипс" АҚ-ның қаржылық тұрақтылығын бағалау





Көрсеткіштер

2004 жыл

2005 жыл

Ауытқу

+ / -

%

1

Тәуелсіздік коэффициенті

0,51

0,34

-0,17

66,6

2

Тәуелділік коэффициенті

0,49

0,65

0,16

132,6

3

Қаржыландыру коэффициенті

1,04

0,53

-0,51

51,0

4

Қарыз және меншік капиталдың арақатынасы

0,96

1,8

0,84



187,5

Ескертпе - "Жамбылгипс" АҚ-ның мәліметтері бойынша есептелінді

Кәсіпорын қызметінің экономикалық тұрақтылығын анықтау үшін келесі көрсеткіштерді анықтауымыз қажет. Кәсіпорын балансымен, қаржылық есептерінде берілген мәліметтерге сүйене отырып, есептелген көрсеткіштерді талдау жасайтын болсақ.


Тәуелсіздік коэффициенті - бұл кәсіпорын меншікті капиталының жалпы активтеріндегі үлес салмағын көрсетеді. Біздің кәсіпорын бойынша бұл коэффициент 2005 жылы 0,34 ті құраған, өткен жылмен салыстырғанда 34,4 %-ға төмендеген.
Тәуелділік коэффициенті – бұл кәсіпорынның міндеттемелерінің (қарыз капиталының ) кәсіпорын активіндегі үлес салмағын көрсетеді, яғни кәсіпорын міндеттемелері мен есептесе алу қабілеттілігін анықтайды. "Жамбылгипс" АҚ - ның жабдықтар мен бюджет алдындағы қарыздарының өсу есебінен тәуелділік коэффициенті өсіп, 32,6%-ға артқан.
Қаржыландыру коэффициенті - меншікті капиталды тартылған капиталға бөлу арқылы табылады. Ол кәсіпорын активтерінің қай бөлігі меншікті қаражат есебінен, қай бөлігі қарыз қаражат есебінен қаржыланатынын көрсетеді. 2005 жылы бұл коэффициент 49%-ке азайды.
Қарыз және меншікті капиталдың қатынасы – кәсіпорынның төлем қабілеттілігін көрсетеді. Біздің кәсіпорын бойынша бұл коэффициент 87,5%-ға артқан. Қаржыландыру коэффициенті екі кезеңді салыстырғанда 50%-ға төмендеген. Қаржы жағдайын талдауға керекті негізгі мәліметтер бухгалтерлік баланста, сондай-ақ баланстың көрсеткіштерін толықтыратын, олардың мазмұнын ашатын және есепті кезең ішіндегі өзгеру себептерін анықтайтын жылдық және ағымдағы есеп берудің есептік формаларында болады.
Кәсіпорынның қаржы нәтижелері оның өндірістік және шаруашылық қызметінің қорытындыларына байланысты болғандықтан талдау кезінде өнім өндіру, оның өзіндік құны мен өткізілуі және басқалар туралы есептер пайдаланыл Табыс пен рентабелділік жоспарының орындалуын талдаудың негізгі міндеттері болып мыналар табылады; шаруашылық қарекеттің түпкі қаржы нәтижесі ретінде баланстық табыс жоспарының орындалуын бағалау, кәсіпорын табысы мен рентабелділігін арттырудың резервтерін анықтау.
Кәсіпорынның табысы өндірістің тиімділігін сипаттайтын қорытынды көрсеткіш болып табылады. Кәсіпорындар немесе бірлестіктер коллективінің жұмысындағы жағымды жақтар да, жағымсыз жақтар да пайдада өз көрінісін табады. Табыс жаңа техника мен озық технологияның енгізілуі, еңбек өнімділігінің артуы, өнімнің өзіндік құнының кемітілуі, оның номенклатурасының жаңартылып, ұлғайтылуы, ақаулар мен өнімсіз шығындардан болатын ысыраптың азайтылуы сияқты факторлардың өзара байланысын және бұлардың бірлестік үшін маңызын неғұрлым толық сипаттайды.
Табыс ақшалай формасында кәсіпорынның кірістері мен шығыстарының барлық түрлері соған сайылатын ортақ негіз болып табылады. Тәжірибеде пайданың төрт түрін саралайды; баланстық пайда, тауарлы өнімді өткізуден болған табыс, басқалай өткізуден болған табыс және өнім өткізуден тыс табыс.

4 кесте – "Жамбылгипс" АҚ-ның табыстылығын бағалау (салыстырмалы көрсеткіштер)







Көрсетікштер

2004 жыл

2005 жыл

Ауытқу

+ / -

%

1

Кәсіпорын активінің табыстылығы

30,6

4,6

-26

15,0

2

Ұзақ мерзімді активтің табыстылығы

78,8

11,5

- 67,3

14,6

3

Ағымдағы активтің табыстылығы

50,0

7,7

- 42,3

15,4

4

Негізгі өндірістік қорлардың табыстылығы

30,6

6,07

- 24,53

19,8

5

Сату көлемінің табыстылығы

28,05

6,5

- 21,55

23,2

6

Өткізілген өнімнің табыстылығы

64,7

13,8

-50,9

21,3

7

Негізгі қызмет табыстылығы

-

79,4

79,4

-

8

Меншік капиталдың табыстылығы

60

13,3

-46,7

22,2

9

Негізгі капиталдың табыстылығы

150,0

27,6

-122,4

18,4



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет