Дипломдық жұмыс Кәсіпорынның негізгі капиталын пайдалану Дайындаған: Жетекшісі: жоспар



бет9/18
Дата18.11.2023
өлшемі0.52 Mb.
#483628
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Дип.-Кәсіпорынның-негізгі-капиталын-пайдалану

Ескертпе - "Жамбылгипс" АҚ-ның мәліметтері бойынша есептелінді

Кестені қарастырсақ екі жылдың арасында айтарлықтай айырмашылық бар. Сол көрсеткіштерді бір-бірімен салыстырып, анықтап талдап көрейік.


Өткізілген өнімнен түскен табыс есепті жылды базалық жылмен салыстырсақ, ауытқу 7336,6 мың тг құрап, 2,3 пайыз оң өзгеріс алып келді. Мұның себебі, нарыққа жаңа материал шығып соның есебінен өтім күшейді. Өнімнің өзіндік құны - шикізаттарға шығындардың өсуіне байланысты 11,9 пайызға өсуімен байқалса, жалпы табыстың сальдосы -21991 мың тг құрап, өзіндік шығындардың асыра қымбаттауынан теріс нәтижені көрсетіп отыр. Кезең шығындарына тоқталсақ, бұл базалық жылы 110434,4 мың тг құраса, есепті жылы 119998,5 мың тг құрап -21991,4 мың тг, яғни 8,7 пайызға өсіп отыр. Бесінші көрсеткіш негізгі қызметтен түскен табыс 2004 жылды 2005 жылмен салыстырғанда 2,2 есе төмендеді. Негізгі емес қызметтен түскен табыс базалық жылы 334123,4 мың тг құрап, есепті жылы 12142,5 мың тг болып 3,6 есе төмендеді. Салыққа дейінгі жиынтық табысты қарайтын болсақ, 2004 жылды 2005 жылмен салыстырсақ, 15,2 есе теріс өзгеріс байқалады. Бұл жалпы есепті жылы табыстың айтарлықтай төмендеуі және шығындардың көбеюі қатты әсер етті. Сегізінші көрсеткіш таза табысқа келетін болсақ, корпоративтік төлемнен кейін 2005 жылды өткен жылмен салыстырсақ -167951 мың тг болып 78,8 пайыз төмендеді. Өткізілген өнімнің 1 тг кеткен шығыны базалық жылы 1,08 болса, есепті жылы ол 0,09 тг өсіп, 8,3 пайызға жоғарылаған. Келесі көрсеткіштеріміз кәсіпорынның рентабельділігімен тығыз байланысты өнім және сату рентабельдіктеріне келетін болсақ, бұлар 28,4 – 27,4 ке дейін төмендесе, өндіріс рентабельділігі бұдан да үлкен айырмашылықты 72,8 пайыз теріс нәтижені көрсетіп тұр. Бұл өзгеріс кәсіпорынның үлкен шығындарымен және таза табыстың азаюымен түсіндіріледі. Кәсіпорындағы жұмысшылар саны біршама өзгерістерге ұшырап отыр. өндіріс көлемін ұлғайтуға, қосымша цехтар ашуға байланысты жұмысшылар саны артып отыр, яғни 2004 жылы 417 адам болса, ал 2005 жылы 15 % артып 481 адамға жеткен. Сәйкесінше бұл өзгеріс жұмысшылардың еңбекақы қорына өз ықпалын тигізіп отыр, мұндағы ауытқу 833,1 мың тг құраған. "Жамбылгипс" АҚ-ның жұмысшыларының орташа айлық еңбекақысы екі жыл көрсеткіштерін салыстыра келе 833,1 теңгеге өскен, нәтижесінде есепті жылы 21823,1 теңге болып отыр. Кәсіпорындағы негізгі құралдардың орташа жылдық құны 2004 жылы 143132,0 мың теңге. Мұндай өзгеріс себебі қосымша цехтардың ашылуына, оларға алынған құрал-жабдықтардың есебінен негізгі құралдардың орташа жылдық құны өсіп отыр.
Кәсіпорынның міндеттемелерінің артуы және жіберілген тауарға төлемдердің кешіктірілуіне байланысты есепті жылы айналым құралдарынан орташа жылдық құны 82,2 %-ға төмендеген 6.
Келесі қарастыратын көрсеткішіміз ол қор сыйымдылығы, яғни 1 теңге өнім көлеміне қанша негізгі қор келетінін көрсетеді. Қор сыйымдылығы – бұл өте қажет көрсеткіш, ол капитал салымдарының үнемдеуімен немесе олардың ұлғаюымен байланысты. Қарастырылып отырған кезең уақытында 2004 жылы қор сыйымдылығы 0,43 мың тенге, ал 2005 жылы 0,49 мың тенгені құрды. Қор сыйымдылығы төмендеген кезде негізгі өндірістік қорлардың жақсы қолдануы байқалады.
Қолданылған негізгі капиталдың деңгейі бір жағынан кәсіпорынның қор құрылымын құруда қолданылатын прогрессивті технологиялық политикасы. Ал екінші жағынан өнім шығару өндірісінде ұйымдастыруы мен технологиясы. Бұл жағдайда басшылар негізгі қорлардың нақты қалай қолданатынын білу керек екендігін көрсетеді.
Бұл мақсаттар үшін негізгі капиталды қолдануды бағалайтын көрсеткіштер жүйесі қолданылады. Олардың ішінде ең маңыздалары қор қайтарымдылығы, қор сиымдылығы көрсеткіштері. Қор қайтарымдылығы өткізілген өнімнен түскен түсімнің негізгі құралдарына қатынасына тең.
2004 жылы "Жамбылгипс" АҚ-ның қор қайтарымдылығы 2,32 мың тенге, ал 2005 жылы 2,01 мың тенгеге азайып отыр. Қор қайтарымдылығы көрсеткіші басшыларға бекітілген қорлардан қаншалықты табыс алатынын көрсетеді. 2005 жылы негізгі қорлардың 1 тенгесіне түскен пайда көлемі теріс болды, яғни кәсіпорын шығынға жұмыс істеді. Ал енді кәсіпорынның натуралды күйде өндіретін өнім көлемін көрелік.
Қор қайтарымға факторлардың әсерін талдау барысында “Жамбылгипс” ЖАҚ-да қор қайтарымының өзгеруіне өнім көлемі оң әсер етіп, өндірістік негізгі қордың орташа жылдық құны теріс әсер еткені анықталды, себебі өндірілген өнімнің көлеміне сәйкесінше негізгі қордың құны қайтарылмай отыр.

2 кесте - “Жамбылгипс” АҚ-да натуралды түрде өндірілген өнім көлемі





Көрсеткіштер



Өлшем бірлігі



2004 жыл


2005
жыл



Абсолюттік
ауытқу

+; -


%


1
2
3


4.

Өндірілген өнім көлемі,
соның ішінде:
-құрылыс гипсі
-селективті гипс
-гипс тасы
-мрамор ұнтағы

тонна

тонна
тонна
тонна
тонна



226756

4596
9124
210000
3036


311728

4160
10520
296000
1048


84972

-436
1396
86000
-1988


137,5

90,5
115,3
141,0
34,5




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет