Дизайн-мышление



бет5/10
Дата02.01.2022
өлшемі425.64 Kb.
#453946
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Егер компания өз пайдасын қалай және не есебінен алатынын алдын ала білсе, стартап қандай да бір уақытта белгісіздік жағдайында болады – сол уақытта оның негізін қалаушыда өзінің сервисінің қалай "табыс табатыны" және оның клиенттерінің не үшін төлеуге дайын екендігі туралы тек гипотезасы (болжамы) ғана болады. Стартапер қандай да бір уақытта тегін жұмыс істеуге дайын болуы керек - өз жобасын қайта-қайта тексеріп және болашақта пайда табу нұсқаларын зерттейді.

  • Егер компания өз пайдасын қалай және не есебінен алатынын алдын ала білсе, стартап қандай да бір уақытта белгісіздік жағдайында болады – сол уақытта оның негізін қалаушыда өзінің сервисінің қалай "табыс табатыны" және оның клиенттерінің не үшін төлеуге дайын екендігі туралы тек гипотезасы (болжамы) ғана болады. Стартапер қандай да бір уақытта тегін жұмыс істеуге дайын болуы керек - өз жобасын қайта-қайта тексеріп және болашақта пайда табу нұсқаларын зерттейді.
  • Алматының қызықты орындары мен іс-шаралардың анонстарын ақшаға жариялауды бастай отырып, "Бірге барайық!" жобасы енді бизнесті дамытуда пайдалануға болатын әжептеуір ақшалы пайда көре бастады.
  • Бұған дейін Бакдаулет командасы екі адамнан ғана құралған болатын: өзі және оған қолы босамаған кезде интернетте пост жасауға жәрдем беретін досы болды. Жобаны монетизациялағаннан кейін стартаперлер адамдарды жалдау және оларға жалақы төлеу мүмкіндігіне ие болды. Енді оларға іс-шараларды іздеуге, клиенттермен сөйлесуге, жазылушыларға жауаптарды жазуға және т. б. көп уақыт жұмсаудың қажеті жоқ болды.
  • Стартап табысының басты факторларының бірі оның командасы болып табылады: жобаға сенетін және стартаптың өсуі үшін өз іскерліктері мен дағдыларын дамытуға дайын адамдар. Бақдәулет өзіне деген сенімділігін жоғалтқан кезде, оның досы оны қолдап, жұмысын жалғастырды – стартапқа да, оның негізін қалаушыға да сенді. Бұл Бакдәулетке белгісіздік пен айқынсыздық кезеңін еңсеруге және "Бірге барайық!" жобасын дамудың келесі сатысына өтуге көмек берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет