ДҮниежүзілік сауда ұйымы



бет27/78
Дата04.03.2016
өлшемі6.06 Mb.
#38185
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   78

(b) Ұйымдар


  1. ЕАЭО туралы шарттың Х тармағы мен 9-11 қосымшасы техникалық реттеу аясында өкілеттіліктің ауқымды көлемін ұлттық деңгейден ЕАЭО деңгейіне тапсыру қарастырылады. Атап айтқанда, аталған шартқа сәйкес, ЕАЭО әр мүше мемлекеті Комиссия өніміне міндетті талаптарды қою туралы мүмкіндіктерін қарастырады, яғни бұл салада өз еркімен міндеттемелер қоюға тыйым салынған. ЕАЭО техникалық регламентімен белгіленгеннен басқа, ешбір мүше мемлекет ұлттық деңгейде өздерінің қосымша талаптарын қоя алмайды.

  2. 2012 жылдың 2 ақпанынан, 2011 жылғы 18 қарашада Еуразиялық экономикалық комиссия туралы шарт (бұдан әрі – Комиссия немесе ЕЭК) күшіне енгеннен бастап, КО Комиссиясының өкілеттілігі ЕЭК-ға берілді. 2012 жылдың 18 қарашасындағы ЕЭК туралы шартқа сәйкес, техникалық реттеу жөніндегі өкілеттіктер ықпалдастық үдерісі жалпы реттеу жүргізетін ЕЭК Кеңесі және ЕЭК орындаушы органы бола тұра әрі қарай ықпалдастық жағдайында ұсыныстар жасайтын ЕЭК Алқасының арасында бөлінген. ЕЭК Кеңесі келесі функцияларды атқарады:




    • ЕЭК аясында міндетті талаптар қойылатын бірыңғай өнім тізімін бекіту және оны жүргізу тәртібі;

    • ЕАЭО техникалық регламенттерді жасау жобасын бекіту;

    • ЕАЭО техникалық регламенттерді қабылдау, өзгертулерді енгізу және

    • жою;

    • - Сәйкестікке баға беру (бекіту) құжаттары бойынша бірыңғай нұсқаны бекіту (ЕАЭО техникалық регламентіне сәйкестік декларациясы, ЕАЭО техникалық регламентіне сәйкестік сертификаты);

  • ЕАЭО техникалық регламентін жасау, бекіту, өзгерістер енгізу және жою режимін бекіту;

  • ЕАЭО мүше мемлекеттердің нарығындағы өнімдерді Бірыңғай белгіге айналдыруды бекіту;

  • ЕАЭО мүше мемлекеттердің нарығындағы өнімдерді Бірыңғай белгіге айналдыру туралы нұсқаулықты және оны пайдалану жолдарын бекіту.

ЕЭК Кеңесі шешімдерді консенсус жолымен қабылдайды. ЕЭК Алқасы дауыстың айқын басым көпшілігімен мыналарды бекітеді:



  • халықаралық және өңірлік стандарттар тізімі, олар жоқ жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың, осыларды пайдаланған жағдайда ЕАЭО техникалық регламентінің талабы ерікті түрде қамтамасыз етіледі;

  • халықаралық және өңірлік стандарттар тізімін, олар жоқ жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың құрылу тәртібі, осыларды пайдаланған жағдайда ЕАЭО техникалық регламентінің талабы ерікті түрде қамтамасыз етіледі;

  • Сәйкестік бағаның (құптаудың) типті схемалары;

  • ЕАЭО аясында міндетті талаптар қойылатын, ЕАЭО өнімдерінің кедендік аумаққа енгізілу тәртібі туралы нұсқаулық.




  1. ЕЭК Алқасы ЕЭК Одағының шешімдерін жүзеге асыруға жауапты. Техникалық реттеу аясында оның жұмысы Техникалық реттеу және аккредитация департаментімен қамсыздандырылады. Оның үстіне, ЕЭК Алқасының 2012 жылғы 7 наурыздағы № 11 шешімімен техникалық реттеу, санитариялық, мал дәрігерлік және фитосанитариялық шаралар бойынша Кеңесу Комитеті (бұдан әрі – Кеңесу Комитеті) құрылды. Кеңесу Комитеті ЕАЭО мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының келісілген жағдайларының негізінде техникалық реттеу, санитариялық, малдәрігерлік және фитосанитариялық шараларды қолдану аясындағы ЕЭК Алқасына ұсыныстар жасауды қамтамасыз ететін кеңесші орган болып табылады. Кеңесші комитет жанында кіші комитеттер құрылады, оның ішінде стандарттау және өлшеу бірлігін қамтамасыз ететін кіші комитет.




  1. Қазақстан өкілі 2012 жылғы 1 маусымдағы КО Комиссиясын Еуразиялық экономикалық комиссиямен алмастыру Қазақстанның заңнамалық қорындағы техникалық реттеу аясында өзгерістерге әкелген жоқ деп сұраққа нақты жауап берді. ЕЭК құрылғаны Комиссия құрамында және шешім қабылдау үрдісінде өзерістер ала келді.




  1. Қазақстан өкілі техникалық реттеу жобасы ішкі жұмыстарға сәйкес халықаралық келісімдер мен шешімдерде қарастырылғандай, мүше мемлекеттерде үйлестіру үшін уәкілетті ұлттық органдармен ЕАЭО органдарына техникалық реттеу аясына тағайындалған болып көрсетіледі деп жауап берді. ЕАЭО аясында транспаренттікті қамтамасыз ету және координациялау қызметі КО Кеңесу комитетімен атқарылады, ол техникалық регламенттың жобаларын ЕАЭО мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарынан алады, мәтіннің жобасын жасауды келістіреді және ЕАЭО мүше мемлекеттердің органдарының арасында пайда болған дауларды шешеді. Кеңесу комитеті Еуразиялық экономикалық комиссияның қолдауымен техникалық регламенттің жобасын әрі қарай көпшіліктің талқылауы мен ұсыныстарына таратады және Еуразиялық экономикалық комиссияға ұсыныстарды қабылдауға жібермес бұрын техникалық регламенттің жобасы бойынша ұсыныстар мен сараптаманы дайындайды.




  1. Ұлттық деңгейде Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу мен метрология комитеті (бұдан
    әрі – Комитет) техникалық реттеу аясында уәкілетті орган болып табылады. Оның уәкілеті «Техникалық реттеу туралы» Заңның 7-бабында анықталып өзгелер арасында мына: (i) техникалық реттеудің мемлекетік жүйесін жасауға қатысу, (ii) техникалық реттеу аясында мемлекеттік саясатты тарату,
    (iii) техникалық реттеу аясында мемлекеттік органдар, жеке меншік немесе заңды тұлғалардың жұмысын салааралық координациялау, (iv) Қазақстан Республикасын стандарттау, сәйкестік бағасы және аккредитациялау бойынша аймақтық және халықаралық мекемелерде көрсету, (v) техникалық регламенттердің талабын орындаудағы мемлекеттік бақылау бойынша жұмыстарын ұйымдастыру және біріктіру, (vi) ұлттық стандарттарды іске қосу, жою, өзгертулер енгізу, тіркеу, верификациялау, бекіту, жасау жұмыстарын анықтау, (vii) сәйкестік сертификатының және сәйкестік декларацияларының ұлттық нысанын орнату мәселелерін қамтиды. Комитеттің үш ведомствалық ұжымы бар: Метрология институты, Стандарттау және сертификаттау институты және Ұлттық аккредитациялау орталығы. Метрология институты ұлттық институт болып табылады, оның негізгі мақсаты халықаралық талапқа сай өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету үшін метрология аясында нормативтік құжаттардың техникалық (эталондық) қорды одан әрі жақсарту. Стандарттау және сертификаттау институты өнімнің, көрсетілетін қызмет пен жұмыстардың сапасын мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында техникалық реттеу саласында нормативтік-құқықтық базаны халықаралық талапқа сай үйлесімді ету, әзірлеу мен жетілдіруді мақсатында құрылған. Ұлттық орталық «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредитациялау туралы» 2008 жылғы
    5 шілдедегі № 61-IV Заңға сәйкес өз қызметін атқаратын аккредитация бойынша ұлттық орган болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет