Досаева Б. Т., Койшыбаев Н., Жаугашева С. А


Жердің өз осінен айналуының еркін түсу үдеуіне әсері



бет17/137
Дата08.12.2023
өлшемі4.06 Mb.
#485902
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   137
annotation81765

Жердің өз осінен айналуының еркін түсу үдеуіне әсері. Жоғарырақта біз еркін түсу үдеуінің мәнінің дененің теңіз деңгейінен көтерілу биіктігіне тәуелділігін шығардық. Бірақ ол жерде біз еркін түсу үдеуінің мәніне Жердің өз осінен айналуының әсерін ескергеніміз жоқ.
Массасы m дене географиялық ендіктегі A нүктесінде орналасқан болсын делік (1.15-сурет). Бұл дене Жердің тәуліктік қозғалысына қатысатын болғандықтан, ол радиусы AK=r=Rcos болатын шеңбер бойымен қозғалады, мұндағы R – Жердің радиусы. Кез-келген қисық сызықтық қозғалыста нормаль үдеу болады, мұндағы T – Жердің айналыс периоды




Нормаль үдеуді тудыратын күшті табу үшін Fтарт тартылыс күшін екі құраушыға жіктейміз: центрге тартқыш күш Fn және ауырлық күші P. 15-суреттен көріп отырғанымыздай, ауырлық күші, полюстерден басқа жерлерде тартылыс күшінен кем болады. Сонымен қатар, экватор мен полюстерден басқа жерлерде ауырлық күші Жердің центріне қарай емес, сәл пәл бұрылыспен бағытталады.


Ауырлық күшінің полюстерде экваторға қарағанда аз да болса артық болатындығынан, жер шары аздап сығылыңқы болады: оның полярлық радиусы 6356,9 км, ал экваторлық радиусы 6378,4 км болады.
Еркін түсу үдеуі экваторда максималь болады, шындығында да, бұл жерде нормаль үдеу нөлге тең, ал полярлық радиустың мәні минималь болады.
Демек
.

Экватордағы еркін түсу үдеуі тартылыс өрісінің кернеулігі мен нормаль үдеудің арасындағы айырмаға тең болады:




.

Дәл есептеулер мыналарды береді: gпол=9,83210 м/с2, geq=78038 м/с2. 450 ендікте дененің еркін түсу үдеуі g=9,80620 м/с2. Жуықтап есептеулер кезінде g=9,81 м/с2 деп алады.


Сыртқы және ішкі үйкеліс. Үйкеліс күші Т деп екі дененің беттерінің жанасуы кезінде пайда болатын және олардың бір-біріне қатысты орын ауыстыруына кедергі жасайтын күшті атайды. Ол денелердің жанасу беттерінің бойымен бағытталған және ол орын ауыстырудың салыстырмалы жылдамдығына қарсы әсер етеді. Үйкелістерді сыртқы (құрғақ) және ішкі (сұйық немесе тұтқыр) деп екіге бөледі.
Сыртқы үйкеліс деп жанасатын екі қатты денелердің беттерінің арасындағы өзара әрекеттесуді атайды. Егер бұл денелер бір-біріне қатысты тыныштықта тұрса, онда олардың арасындағы тыныштық үйкелісі әсер етеді дейді: олардың бір-біріне қатысты салыстырмалы орын ауыстырулары кезінде сырғанау үйкелісі немесе кинематикалық үйкеліс жайлы сөз болады.
Бір дене екінші дененің бойымен сырғанамай домалап келе жатқан кезде үйкелістің ерекше түрі доңғалау үйкелісі пайда болады.
Ішкі үйкеліс деп бір-біріне қатысты салыстырмалы қозғалыстағы сұйықтың немесе газ қабаттарының арасында пайда болатын өзара әрекеттесуді атайды. Мұның сыртқы үйкелістен айырмашылығы бұл жерде тыныштық үйкелісі болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет