Ә. Т. Мейірбеков., Т. П. Раимбердиев., Г. Ю. Башбенова тіршілік қауіпсіздік негіздері


Халықтың жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеті



бет5/8
Дата13.06.2016
өлшемі0.94 Mb.
#133712
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8

7.13. Халықтың жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеті
Жер сілікінісі кезінде ғимарат ішіндегі кез келген адам тірі қалу мүмкіндігін арттыру, жарақаттан сақтану үшін дүмпуді алдын ала күте тұруға болатын, салыстырмалы қауіпсіз орынды білуге тиіс, ал дүмпу аяқталғаннан кейін ғимараттан тез шығып кету керек.

Тұтас ішкі қабырғалардың ойықтары, қабырғалардың бұрыштары, есік жақтауының ортасы, мықты үстел, белағаш өтетін жер ең қауіпсіз орындар болып табылады.

Спитактағы жер сілкінісі кезінде (07.12.88ж.) ванна ішіндегі 6 адам тірі қалған.

Жер сілкінісі кезінде қауіпті орындардың қатарына ішкі және сыртқы қабырғалардың шыныланған ойықтары, соңғы қабаттардағы шеткі бөлмелер, лифтілер, саты алаңы мен балкондар жатады.

Зілзала кезінде ғимараттан ешбір кедергісіз жылдам шығу үшін дәліздерді, өтетін жерлерді, баспалдақ торларын, ішкі және сыртқы есік ойықтарын аса қажетсіз дүние - мүлікпен ыбырсытпау керек.

Егер сіз ғимараттың 1-2 қабатында болып, одан шыққыңыз келсе, онда алғашқы дүмпу кезінде дабырасыз жылдам қимылдаңыз. Бірінші қабаттан тез шығу үшін терезені немесе балконды пайдалануға болады.

Ғимараттың жоғарғы қабатындағы адамдар бастарын қолға түскен затпен (түк табылмаса қолмен) жауып, дүмпуді салыстырмалы қауіпсіз орнында тоса тұрулары қажет. Ғимараттан арқаны қабырғаға тірей отырып шығу керек, ал қабырға жалаң болса оны айналып өткен жөн.

Жеке үйдің иелері қажетті жағдайда оны сейсмолық тұрғыдан күшейтуі кажет. Ұйымның бүкіл қызметкерлері ғимараттың сейсмо төзімділік дәрежесін білуге тиіс.

Бүкіл құрылымдық бөлімдерге негізгі шыға беріс жолын, қозғалыс бағытын, ғимарат пен аумақтағы қауіпсіз алаңдарды бекітіп берген жөн.

Жұмыс істейтін барлық қызметкерлер жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер баяндалған жаднама-буклеттерді оқуға тиіс.

Қазақстан аумағының сейсмо қауіпті аймағында жер сілкінісінің жиілігі әртүрлі. Қазіргі ғылым алапат сейсмикалық құбылыстың уақыты мен кіндігін әзірше дәл болжай алмайды. Сондықтан да жер сілкінісі кезіндегі әзірлік шараларына даярлануды, іс-әрекеттер тәртібін алдын ала білуге тиіс. Сейсможаттығу адамдардың жер сілкінісі кезіндегі дұрыс іс-әрекеттерге дағдылануына үлкен септігін тигізеді.

Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің «Төтенше жағдайларды ескерту және іс-өрекеттер бойынша халық пен мамандарды оқыту жүйесін құру жөніндегі шаралар туралы» 1993 жылғы 30 қыркүйектегі №969 Қауылысында сейсмо қауіпті аймақта орналасқан барлық объектілерде, ұйымдар мен кәсіпорындарда тоқсан сайын сейсможаттығу өткізу белгіленген.


7.14. Вулкан атқылауы
Дүние жүзіне 200 миллионға жуық халық вулкан болуы ықтимал аумақта тұрады. Вулкан атқылауы жердің астындағы тұрақты түрде активті процестер жүріп жатқанынан болады.

Жер қыртысы және оның бетінде магманың қозғалысына байланысты құбылыс вулканизм деп аталады.

Магма (грек тілінде – қою мазь) – жердің терең ортасында пайда болатын силикаттық құрамы басым еріген масса магма лава түрінде атқылайды. Лаваның магмадан айырмашылығы газдың болмауы. Ол газ атқылау кезінде ұшып кетеді.

Вулкан – бұл лақтырудан пайда болған заттан жиналған жеке тау. Магма ошағы жер қыртысының терең 50-70 км жерінде орналасқан.

Вулкандар – атқылау болып жатқан, ұйықтаған және сөнген болып бөлінеді.

Ұйықтаған вулкандарға өз формасын сақтаған және оның астында жер сілкіністері аздаған күшпен болып жатқан, сонымен қатар оның атқылаған-дығы туралы ешқандай мәлімет жоқ вулкандар жатады.

Сөнген вулкан – бұл ешқандай вулкандық активтілігі жоқ вулкандар.

Вулканның атқылауы қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Атқылау продуктілері (газ, сұйық, қатты күйдегі) 1-5 км биіктікке дейін лақтырылады.


7.15. Опырмалар
Опырмалар тік тау жыныстарында пайда болған топырақ массасының ауырлық күшінің әсәрімен төмен қарай сырғуы. Опырмалар тік таудың тұрақтылығы бүлінген жағдайда пайда болады. Опырмалар адам және материалдық шығынға әкеліп соқтыратын табиғи процесс.

Опырмалар келесі факторлардың әсерінен болуы мүмкін:



  • топырақтың сусыздануына және құрғауына;

  • өсімдіктердің түрлерінің өзгеруінен (вида насождении);

  • өсімдік қабатының құрып кетуінен;

  • желденуінен.

Қатты жер сілкінісі кезінде міндетті түрде әр уақытта опырмалар орын алады.

Опырмалар Қазақстанның барлық таулы аймақтарында болуы мүмкін. Аса ірі опырмалар тектоникалық ұсақталуға байланысты. Опырмалар ірі өзенді бөгейтін көлденең массаларды үйіп тастауына байланысты су тоғандарын жасауға әкеліп соғады. Мұндай өзендерге Күнгей Алатаудағы Көлсай өзені, Іле Алатауындағы Үлкен Алматы өзені жатады.

Опырмалар тіктігі 20 градусқа жуық жарларда жылдың кез-келген уақытында болуы мүмкін. Ірі опырмалардың көлемі 50-60 га дейін жетеді.
7.16.Қар көшкіні
Қар көшкіні – бұл қар массасының тау беткейінен төмен қарай жылжуы. Еуропада жыл сайын әр түрлі көшкіндер болып тұрады, ол орташа алғанда 100-ші адам өмірін алып кетуде. Ал Қазақстанда 95 мың шаршы км тау аумағы қар көшкіні қаупіне ұшырауда.

Қар көшкіндері құлама тау беткейлерінен жаңа қар жауған және күн күрт жылып кеткен кезде пайда болады. Жауын – шашын наурыз – сәуір айларында көп жауатындықтан қар көшкіндері сол айларда көп байқалады. Қар көшкіндерінің 50% жазық жерлерге дейін жетіп, халық пен шаруышылық объектілеріне қауіпін тигізуде. Тау әуесқойларында болатын барлық қайғылы оқиғалардың 25% -на жуығы осы қар көшкінінің еншісінде.

Қар көшкінін тоқтату іс-әрекеттері пассивті және активті болып бөлінеді. Пассивті әдісінде дамбаларды, қар ұстағыш щиттерді және орманды қалпына келтіру іс - әрекеттері жатады. Активті әдісіне уақыты мен қауіпсіздік әрекеттерін белгілеп, қолдан қар көшкінін жасау жатады.
7.17.Сел
Сел – тау өзендерінің өз арналарының деңгейінен кенеттен көтеріліп тау жыныстарының бұзылуына алып келіп соғатын қуатты ағын.

Сел ұзақ нөсерлеп жауған жауынның салдарынан, мұз бен қардың еруінен және жер сілкінісі әсерінен болатын құбылыс.

Қазақстанда Іле, Жоңғар, Талас, Алатау жоталарында, сонымен қатар Қаратай,Кетмен және Тарбағатай тауларының өзендері сел қауіпі бар аудандар қатарына саналады.

Сел апатынан қорғану үшін қауіпті жерлерге каналдар, платина және су бөгеттерін салып, тау беткейлеріне қар ұстайтын ағаштар отырғызылады.


7.18. Метеорологиялық сипаттағы төтенше жағдай
Метеорологиялық сипаттағы төтенше жағдай төмендегі жағдайлардың әсерінен болуы мүмкін:

Желдің. Оның ішінде боранның, дауылдың, құйынның. Бұл жағдайлар желдің 25м/с пен одан жоғары жылдамдық болған жағдайында орын алады.

Нөсер жауында. 12 сағат ішінде жауынның көрсеткіші 50мм және одан да көп болған жағдайы.

Ірі бұршақтарда. Бұршақтың диаметрі 20мм және одан үлкен болған жағдайда

Қатты қар жауғанда. 12 сағат ішінде 20см биіктіктегі қарды жауып тастауы

Қатты бұрқасында. Желдің жылдамдығы 15м/с және одан да жоғары болғанда

Шаңды дауылда.

Жылы мезгілдегі. Бір денен күннің суығанда (замороски). Вегетациялық периодтағы топырақтың температурасы 0С дейін жеткенде


7.19. Циклондар мен антициклондар
Жердің атмосферасы біркелкі элементтерден тұрмайды. Жер бетіндегі атмосфераның құрамы: 78% азоттан, 21% оттегіден, 0,9% оргоннан және болар болмас пайыздары көмірқышқыл газдан (углекислый газ), сутектен, гелийден, неоннан және т.б. газдардан тұрады.

Атмосфераның төменгі қабатында 20км деңгейде су буы бар. Ал 20-25 км биіктікте азон қабаты орналасқан. Ол қабат тірі организмдерді зиянды қысқа толқынды сәулелерден қорғайды. 100км биіктікте газдардың молекулалары атом мен иондарға бөлініп ионосфераны құрайды.

Температураның таралуына байланысты атмосфера тропосфераға, стратосфераға, мезосфераға, термосфераға және экзосфераға бөлінеді. Ауаның жерге қатысты қозғалуын жел деп атайды. Желдің күшін Бофорт шкаласы бағалайды.

Желдің бағыты үлкен қысымнан кіші қысымға бағыттылады. Атмосферадағы қысымның кіші аймағының ең кіші қысымының ортасы циклон деп аталады.



7.20. Дауыл
Дауыл – бұл өте үлкен күші мен ұзақ уақытта сақталу мүмкіншілігі бар жел. Бұл кезде желдің жылдамдығы 32м\с және одан да көп болып, желдің күші Боферт шкаласы бойынша 12 баллдан асады. Дауылдың размерлері әр-түрлі болуы мүмкін. Әдетте дауылдың енін катастрофалық қираған зонаның енімен алады. Кейбір жағдайлардадауылдың ені 1000км-ге дейін жетіп қалады. Тайфунның қирау ені (разрушении) 15-45км. Дауылдың орташа ұзақтығы 9-12 күн. Дауыл өзінің стихиялық апат әсері жағынан жер сілкінісінен кем болмайды. Көп жағдайда дауыл нөсер жаңбырмен қатар өтіп халық пен шаруашылыққа тигізер зиян зардабын өте күрделі масштабтарға дейін жеткізуі мүмкін.
7.21. Боран
Бұл желдің жылдамдығы жағынан дауылдан жылдамдығы кіші болған жағдай. Борандағы желдің жылдамдығы 15-20 м\с дейін болуы мүмкін. Ал материалдық және адам шығыны жағынан дауылдан әлде қайда төмен. Боран құйынды және бір бағытты болып келеді. Құйынды боран үлкен аумақтарға дейін жайылуы ықтимал. Құйынды боран шаңды және қарлы болып бөлінеді. Шаңды боран – бұл күшті құйынды қатты желдің салдарынан құмды, шаңды, топырақты, тұзды ауаға көтеріп ауқымды (значительный) қашықтыққа алып барып тастау мүмкіндігі бар жағдай. Шаңды боран көбіне шөлді жерлерде көп болады. Кенет көтерілетін боран кездейсоқ басталып кету қасиеті бар және өте қысқа мерзімде өтеді. Мысалы 10 минуттың ішінде желдің жылдамдығы 3 м\с-тан 30 с-қа дейін өседі.
7.22.Гидрогеологиялық сипаттағы төтенше жағдай
Гидрогеологиялық сиппаттағы төтенше жағдайға: су тасқыны, сел, қар көшкіні жатады. Бұл төтенше жағдайға теңіздерде кездетін гидрогеологиялық құбылыстарды да жатқызуға болады. Олар цунами т.б.

7.23. Су тасқыны
Су тасқыны нөсерлі жаңбырдың, қар мен мұздардың күннің ысып кетуіне байланысты шұғыл еруінің әсерінен болады. 2002 жылы болған глобалды күннің жылынуы және нөсер жаңбыр Еуропалық елдерін су алып кетуіне әкеліп соқты. Су тасқын таулы аймақтарында да көп болып тұрады. Таудан құлаған лайлы-тасты тасқынның жылдамдығы 5-10 м\с дейін жетіп, екпіндеп аққан сел тасқыны салмағы бірнеше тонналық тастарды домалатып әкетеді.

Цунами – су астында болған жер сілкінісі әсерінен пайда болған ұзындығы үлкен гравитациялық толқын. Толқынның биіктігі цунами басталған жерде 0,1-5м болса жағада -10м, ал клин тәрізді бухталарда және өзен шеттерінде -50м-ге дейін жетеді. Цунами көп жағдайларда Тынық және Атлантикалық мұхитта болып тұрады. Цунамиден сенімді қорғау жоқ. Қорғаудың сейсмикалық органдарға толқынның жақындап келе жатқанын дер кезінде хабарлау.
7.24. Су басу
Су басу - өзеннің, көлдің және теңіздің суының деңгейінің көтерілуіне байланысты құрғақ жердің көп бөлігін су алып кетеді. Көптеген су басудың себептері де нөсерлі жаңбырдың жаууы, қар мен мұздардың үздіксіз еруіде жатады.

Судың көтерілуінен болатын су басу Қазақстанның барлық аймақтарында орын алады. Оңтүстік Қазақстанда мұндай жағдай ақпан-наурыз, ал оңтүстік-шығыс және Шығыс Қазақстанда наурыз-шілде айларында болады. Су басу елді мекендерге үлкен нұқсан адам мен көптеген материялдық шығындар әкелуде.


7.25. Биологиялық төтенше жағдай
Биологиялық төтенше жағдайға эпидемия, эпизоотия және эпифитотия жатады. Эпидемия дегеніміз адамдар арасындағы инфекциялық аурудың кең таралуы және бұл аурудың сол территориядағы тіркелген санының бірнеше есе өсіп кетуі.

Инфекциялық аурулар 4 топқа бөлінеді.



  • ішек инфекциялары;

  • тыныс алу жолдарының инфекциясы;

  • қандық (кровенные) (трансмиссиялық)

  • сыртқы қабат (покров) инфекциясы (контакты).

Қазақстанда климаттық географиялық сипатына қарай обаның, туляремияның табиғи ошақтары дамыған. Сонымен қатар Қазақстанда іш сүзегі, дизентерия және басқа да ішек аурулары, тұмар, көкжөтел, қызылша полиомемит, бруцеллоз, туберкулез, мидың қабыну, вирустық гепатит, сүзек, безгек, тыныс жолдарының вирустық инфекциялары және т.б. тіркелген. Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары бұл аурулар бойынша аса қиын аймақтарға жатады.

Қазақстан аумағында, атап айтқанда, Атырау мен Қызылорда облыстарында обаның белсенді табиғи ошағы орналасқан. Оны таратушылар кішкентай сарышұнар және тышқандар болып табылады.

Тырысқақ Оңтүстік Қазақстан обылысында, әсіресе Өзбекстан мен шекаралас аудандар, сондай-ақ Алматы облысында байқалды.


7.26. Жұќпалы аурулар және одан саќтандыру
Ќазаќстанның ланғайыр аймағында әртүрлі климаттың географиялыќ сипаттамалардың әр түрлігіне орай обаның, туляремияның табиғи ошаќтары дамыған, коптеген елді мекендердегі гигиеналыќ жағдайлардың төмендігінен ерекше ќауіпті және басќа да жұќпалы аурулардың таралуына барлыќ алғы шарттар жасалған. Сонымен ќатар олардың пайда болуына халыќаралыќ байлааныстардың кеңеюі, ќанағаттанарлыќсыз санитарлыќ-гигиеналыќ жағдайлармен ұштасќан үлкен өзгерістер, халыќтың көшіп ќонуы, елдердің арасындағы медициналыќ ќұралдарды дер уаќытында жеткізуге кедергі келтіретін экономикалыќ байланыстардың тұраќсыздығы сияќты факторларда ыќпал етеді.

Ќазаќстанда іш сүзегі, дизентерия және басќада ішек аурулары, тұмау, көкжөтел, ќызылша, полиомелит, бруцеллез, туберкулез, мидың ќабынуы, вирустыќ гепатит, сүзек, безгек, іш сүзегі, тыныс жолдарының вирустыќ инфекциялары және т.б. тіркелген.

Алматы, Ќызылорда, Оңтүстік Ќазаќстан облыстары бұл аурулар кеңінен тараған аймаќ болып табылады.

Бактериялы дизентерия мен ішек инфекциялары бойынша, Ќызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Ќазаќстан және Жамбыл облыстары ең ќолайсыз аймаќ болып табылады.

Жыл сайын Ќазаќстанда вирустың гепатиттің 40-70 мың жағдайы тіркеледі.

Ќазаќстан аумағында обаның белсенді табиғи ошағы орналасќан. Оны таратушылар кішкентай кіші сарышұнаќ, тышќанның түрлері болып табылады.

Туляремияның жайылымдыќ және далалыќ ошаќтары Батыс Ќазаќстан мен Алматы облысында орналасќан. Оны таратушылар тышќан тәріздес кеміргіштер. Мидың кенеден ќабынуы тіркелген. Оның табиғи ошағы Алматы, Шығыс Ќазаќстан облыстарында, сондай-аќ Алматы ќаласында кездеседі.

Ќазаќстанда ара тұра Ќырым безгегі таралған. Ќу безгегі Ќазаќстанның барлыќ облыстарында кездеседі. Республикада сырттан келген малярия жағдайы кездеседі.

Сібір жарасы барлыќ облыстарда жыл сайын ішінара кездесіп отырады. Етті даярлаудың ветеринарлыќ-санитарлыќ және санитарлыќ-гигиеналыќ ережесі бұзылған кезде осы жұќпалы ауру кеңінен таралуы мүмкін.

Жұќпалы аурулардан саќтандыру шаралары үш бағыт бойынша жоспарланып жүргізілуге тиіс:



  • инфекция көзін залалсыздандыру;

  • инфекция берілетін жолды бекіту;

  • адамдардың жұќпалы ауруларға төзімділігін арттыру.

Инфекция көзіне ыќпал етуде жұќпалы ауруларды өз уаќытында аныќтаудың, оларды ертерек оќшауландыру және дәрігерлік емнің маңызы зор. Мұнда халыќтың санитарлыќ сауаттылығын арттыру, жұќпалы аурулардың негізгі белгілерін білудің, дәрігерге өз уаќытында барудың маңызы зор.

Инфекцияның берілу жолын бұзу үшін жеке және ќоғамдыќ гигиена ережелерін саќтауды, азыќ-түлікпен дайын өнімді әзірлеуді, саќтау мен тасымалдауды, суды пайдаланудың санитарлыќ-гигиеналыќ және технологиялыќ ережелерін орындауды баќылау ќажет.

Халыќтың инфекция ќоздырштарына төзімділігін арттыру үшін саќтандырғыш вакциналарын жаппай егу және арнайы сарысуларды немесе гамма глобулиндерді егу жолымен де котеруге болады.

Дезинфекция-топыраќта, суда және сыртќы ортаның басќа да объектілерінде ауру таратќыш микробтарды жою.

Дезинфекция әдістері физикалыќ, механикалыќ және химиялыќ болып бөлінеді.

Физикалыќ әдістер: от, ыстыќ ауа, ќайнаған су, ультракүлгін сәуле. Механикалыќ әдістер: ылғалды шүберекпен сүрту, сулап сыпыру, сілку, ғимаратты желдету. Химиялыќ әдістер: хлор әгін, хлораминді, лизолді, формалдегидті, этилен ќышќылын т.б. заттарды пайдалану.

Дезинсекция-жұќпалы аурулардың ќоздырғыштарын тарататын жәндіктермен (бит, бүрге, кене) күресу. Химиялыќ әдіс гексохлоран, хлорофост, ДДТ-ны пайдалануға негізделген.

Дератизация-кеміргіштермен (егеуќұйрыќ, тышќан, май тышќан, сарышұнаќ, суыр) күрес: Ол механикалыќ және химиялыќ әдіспен жүргізіледі.

Адамдардың жұќпалы ауруларға төзімділігін көтеруге байланысты саќтандыру шаралары сау адамның организіміне вакцина мен анатоксинді егу жолымен жасалады.

Обсервация-инфекцияның таралуын ескертуге бағытталған оќшауландыру, шектеу, емдеу, саќтандыру және арнайы эпидемияға ќарсы шаралардың жүйесі. Обсервация кезінде мыналар ќарастырылады: күшейтілген медициналыќ баќылау, ќолайсыз аймаќтың халќы мен байланысты шектеу немесе толыќ тоќтату, арнайы емдеу, саќтандыру және санитарлыќ-гигиеналыќ шараларды жүргізу.

Карантин-ошаќты толыќ оќшауландыруға және ондағы жұќпалы ауруды жоюға бағытталған әкімшілік, шаруашылыќ және медициналыќ шаралар. Карантин кезінде ол ќамтылған аймаќќа ќарулы күзет ќойылады.

Карантин кезінде оның аумағына кіріп шығуға тиым салынады, күшейтілген медициналыќ баќылау, арнайы емдеу-сауыќтыру және эпидемияға ќарсы шаралар ќарастырылады.

Әрбір адам, егер оның ауданында арнайы шара белгіленсе (карантин, обсервация) мына ережелерді орындау керектігін естерінде ұстаған жөн:



  • жалпы пайдаланылатын жерді, жићазды, киімді, аяќ киімді, тұраќты дезинфекциядан өткізуді, жәндіктер мен кеміргіштерді жоюды, санитарлыќ тазалыќтан өтуді;

  • дезинфекциялаушы заттарды пайдалана отырып, ғимаратты күн сайын ылғалды әдіспен жинауды;

  • тыныс органдарын жеке ќорғау ќұралдарын (маска) киюді;

  • балаларға үйден рұќсат етпеуді;

  • өздері бейтаныс адамдармен ќарым-ќатынас жасамауды;

  • жеке гигиена ережесін ќатаң саќтауды: әсіресе тамаќ ішердің алдында ќолды дезинфекциялаушы ерітіндімен және сабындап ыстыќ сумен жууды;

  • тамаќќа ќойылатын санитарлыќ-гигиеналыќ талаптарды саќтауды: суды тек тексерілген көзден ғана алуды, су мен сүтті ќайнатуды;

  • барлыќ азыќ-түлікті ќуырып, ќайнатќаннан кейін ғана пайдалануды, нанды отта немесе пеште ќыздыруды, жеміс пен көкөністі ыстыќ сумен жууды;

  • егілу мен дәрі ќабылдауды вакцинаны, сарысуды, антибитиктер мен басќа да дәрі-дәрмекті дәрігердің рұќсаты бойынша өз уаќытында ќабылдауды-ќұрбандыќтар санын ќысќартып ќана ќоймай, жұќпалы ауруларды тез жоюға көмектесетіндігін есте ұстаған жөн.


7.27. Эпизоотия мен эпифитотия
Қазақстан Республикасында хайуанаттардың эпизоотиялық аурулардың мынадай түрлері таралған: бруцеллез, туберкулез, шешек, құтырғандық, қанды бездек, аусыл және лептоскулез.

Соңғы жылдары республикаға сырттан ет өнімдерінің әкелу көлемі ұлғайып, шекаралас елдердегі эпизоотиялық ахуал нашарлығы ол республиканың ветеренарлық ахуалына кері ықпалын тигізуде.

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтобе облыстарында шешек етек ала бастады. Өсімдік аурулары арасында тозу және сентериоз инфекциясы қауіпті болып отыр, ол Солтүстік Қазақстанда байқалып, осы аурулардың таралуына түрткі болып отыр.
7.28. Табиғи өрт
Табиғи өрттерге орманның астық алқабының, жер асты жанар байлықтарының өрттері жатады. Бұл құбылыстардың ішіндегі кең тарағаны орман өрті. Орман өрті – бұл өсімдіктің стихиялық түрде жануы. Орман өрті жыл сайын болып тұратын құбылыс. Ірі орман өртінің орташа жану ұзақтығы 10-15 тәулік.
Кесте . Отпен қамтылған ауданы бойынша орман өрттерінің топталуы.


Орман өртінің классы

Отпен қамтылған ауданы,Га

Тұтанып жайлап жана бастауы

Кіші өрт

Үлкен емес өрт

Орташа өрт

Ірі өрт

Катастрофалық өрт



0,1-0,2

0,2-2,0


2,1-2,0

21-200


201-2000

2000 жоғары




7.29. Халықтың өрт кезіндегі іс-әрекеті
Өрт –бұл адамдардың, хайуанаттардың қаза болуына және материалдық құндылықтардың жойылуына алып келетін, бақылаусыз жану процесі.

Өрттің шығуына отты бейғам пайдалану, өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу себеп болып табылады.

От сөндірілмей тасталған сіріңкеден немесе темекі қалдығынан, сөндірілмеген алаудан, атылғаннан кейін құрғақ шөпке түскен ыстық патроннан, орманда ақаулы техниканы пайдаланудан және басқа себептерден тұтанады.

Даладағы (егістіктегі, ормандардағы) өрттер құрғақ шөбі бар және астық өсетін ашық алқапта пайда болады. Ол маусымдық сипатымен ерекшеленеді. Шөптің (астықтың) өсуіне орай жазда жиі, көктемде сирек болады, ал қыста мүлдем болмайды. Олардың таралу жылдамдығы 20-30 км/с жетуі мүмкін.

Өртті жайылтпаудың негізгі әдістері:

Ормандағы және даладағы өртпен күресті жеке авиабазасы, өртхимия станциясы, бақылау-күзет нүктесі бар Мемлекеттік қызмет жүргізеді. Өрттің түрі мен орнына қарамастан оны сөндіру 2 кезеңнен тұрады: өртті тоқтату (жайылтпау) -өрттің таралуын шектеу жөніндегі іс-әрекет және өрт ошағын тікелей жою.

Даладағы жойқын өртті ені 20м дейінгі кедергі қондырғысымен бөгейді. Өрт аумағының шеті айнала жыртылып орта жағы күйдіріледі.

Ормандағы төменде болған өртті топырақпен көмеді, оттың шоғын бұтамен өрт ошағына қарай сыпырады, маңайын күйдіреді.

Орманның жоғарғы жағындағы өртті сөндіру қиын, оның кедергі жасау, күйдіру және суды пайдалану арқылы сөндіреді. Бұл жағдайда кедергінің ені ағаш биіктігінен кем болмауға тиіс, ал жоғарыдағы өрт аумағының алдындағы күйдірілетін кедергінің (жердің) ені кемінде 150-200м өрт қанаттарының алдында кемінде 50м болуға тиіс.
7.30. Өрт кезіндегі зардап шеккендерді іздеу және көшіру
Өрт адамдарға психологиялық тұрғыдан үлкен әсер етеді. Тіпті кіші-кірім өрттің өзінде адамдардың үрейленуі айтарлықтай құрбандықтарға алып келеді. Өзін-өзі ұстап үйренген адам қиын сәтте аз өмірін құтқарып қана қоймай басқа адамдарды, материалдық құндықтарды да құтқара алады.

Егер сіз орман өртін сөндіру жөніндегі топқа кірсеңіз панахана орны мен оған апаратын жолдарды жақсы білуіңіз керек. Қорғайтын киім пайдаланылуға тиіс (адамдағы мүмкіндігінше арнайы киім, газқағар, касқа, түтіннен қорғайтын маска), әр топта елді-мекенді жақсы білетін жол серік болуға тиіс. Егер түтіндену аймағындағы көру шегі 10 метрден аспаса, оған кіруге болмайды.

Өрт қаулаған ғимаратта өзіңізді және басқа адамдарды құтқару кезінде ауаның жоғары температурасы, түтіндену, жанатын әртүрлі өнімдердің қауіпті концентрациясының болуы, құрылыс құрылғыларының ықтимал құлауы өте қауіпті болғандықтан жылдам қимылдау қажет.

Жанған ғимарат арқылы басқа ылғал мата (киім) жауып, түтіннен жорғалай немесе тізерлей қозғалу керек.



VIII.-тарау. ҚР «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңы
Төтенше жағдай дегеніміз – табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай.

Төтенше жағдай- адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші нысандарға ңұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай;

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар-дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрттер, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестерінің зақымдануы туғызатын төтенше жағдайлар;

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар-өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), қатты әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдайлар;

Төтенше жағдай аймағы-төтенше жағдай жарияланған белгілі бір аймақ.

Авария –технологиялық үрдістердің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың зақымдануы;

Зілзала –бұл кенеттен пайда болатын, халықтың қалыпты тірлігін күрт бұзатын, материалдық құндылықтарды үлкен шығынға ұшырататын, сондай-ақ адамдар мен хайуанаттардың өлім-жетімі болатын табиғат құбылысы. Әрбір зілзаланың өзіне тән физикалық қасиеті, пайда болу себебі, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар. Дүние жүзінде су тасқынына бүкіл зілзаланың 40 пайызы келеді, 20%-тропикалық циклондары, 15% -жер сілкінісі, ал қалған 25%-зілзаланың басқа түрлері.

Зілзала-төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс;

Апат-аймақтық және ірі ауқымды төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет