Әдебиеттануға кіріспе және әдебиет теориясы


Теңеу (орысша сравнение) – заттың, құбылыстың ерекше белгілерін



Pdf көрінісі
бет28/54
Дата12.01.2024
өлшемі1.55 Mb.
#488982
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   54
2022 tasmagambetova z zh debiettanu a k r spe zh ne debiet teoriyasy ump

Теңеу (орысша сравнение) – заттың, құбылыстың ерекше белгілерін 
көрсетпей-ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттеу.
Мысалы: 
Жас Баян жауды талай көрмеп пе еді, 
Сорғалап сұңқардайын төнбеп пе еді, 
Майданда жолбарыстай жалғыз ойнап, 
Сан қолға аш бөрідей кірмеп пе еді. (М. Жұмабаев) 
З. Қабдолов өзінің зерттеу еңбегінде теңеудің де (эпитет, метафора сияқты) 
күрделі түрі болатынын айтып, мысал келтіреді: 
Шұғыла шалған кешкі бұлттай, 
Толқын шашта оттар ойнап, 
Өрт топанын кешіп, Нұхтай 


36 
Жалғыз өзі тұрды бойлап: 
Тұрды ұқсап, тұрды кейде 
От ұстаған Прометейге. (Қ. Аманжолов) 
Қазақ тіліндегі эпитеттер мен басқа тілдердегі эпитеттердің жасалыну 
жолдарының негізі бір десек, теңеудің бірлік жағы да, кейбір тілдегі 
теңеулердің 
жасалуынан, 
мысалы, 
орыс 
тілімен 
салыстырғанда, 
айырмашылығы бар. 
Орыс тіліндегі теңеулер как, так, точно, будто, подобно, что арқылы 
жасалынатыны тәрізді, қазақта да кейбір теңеулер тәрізді, секілді, сияқты 
деген сөздер арқылы жасалынады. Бірақ, орыс тілінде теңеудің бәрі 
творительный падеж арқылы жасалынады. Бұл бізде жоқ. Бізде мүның орнына 
теңеудің өзіне тән белгілі жүрнақтары бар. 
Белгісіз нәрсені, жұртқа мәлім белгілі нәрселерге салыстыру арқылы 
көзге елестету осы жұрнақтар арқылы орындалады ( -тай, -тей, -дайын, -дейін, -
ша, -ше, -дай жұрнағына сәйкес келетін «-мын»). Мысалы, дәстүрлі теңеу: 
Қауіпті co бір қарсаңда
Бір өтер, 
Мүмкін, екі өтер.
Болаттай берік болсаң да, 
Үшіншісінде әкетер.
Өзіндік немесе авторлық теңеулер. Мысалы: 
Жастық қалды көз ұшында булдырап. 
Жетті елуім... 
Жеңіл емес бұл бірақ. 
Қыр басынан құлап кеткен күбідей 
Қалған күндер қалады енді құлдырап!... 
Сын есім теңеулер. Мысалы:
Қармысың? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет