Әдебиеттануға кіріспе және әдебиет теориясы


Мінездеу. Тура және жанама мінездеу



Pdf көрінісі
бет8/54
Дата12.01.2024
өлшемі1.55 Mb.
#488982
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   54
2022 tasmagambetova z zh debiettanu a k r spe zh ne debiet teoriyasy ump

Мінездеу. Тура және жанама мінездеу 
Мінезді жазушы іс жүзінде әр түрлі тәсілмен жасайды. М.Әуезовтің 
«Абай жолы» роман-эпопеясындағы берілген мына мінездеулер – тура 
мінездеудің үлгісі: «Сүйіндік – жалтақ, Байдалы – табанды, қырыс адам
Бөжей – сырбермес, Қаратай – жеңген топтың жақтасы, Майбасар
Ызғұтты, Шұбар, Жиренше, Жұмағұл, Тәкежан, Әзімбай – мансапқорлар, 
Оразбай – жауыздық иесі». Бұл тура мінездеу.
Тағы бір тәсіл - жанама мінездеу. Мұнда төтесінен сипаттамайды, 
жазушы суреттегісі келген кейіпкерінің мінез-құлқын әдет-ғұрпын анықтағысы 
келген кейіпкердің өзін емес, соның қатысы бар өзге заттарды суреттеу арқылы 
әлгінің өз құлқын не ғұрпын айқындайды. Мысалға, О.Бөкейдің «Тортай мінген 
ақ боз ат» әңгімесіндегі мінездеу: «...Тортай таскүрені ұядай қылып жинап
тазалап қойыпты.Бұдан бұрын да осы жерге келіп, мекеніне айналдырған 
секілді. Қайран қалдым.Ағаштан қиып нар жасап, үстіне шөп төсеген.Өзіне 
тиесілі кітаптар әбден көп оқылғандықтан, жемтір-жемтір болып бір 
бұрышта жинаулы тұр. Төр алдында ешкінің терісі төселген. Қарағайдың 
жуан кеспелтек шөркесінен стол жасап май шам қойыпты.Тастан қаланған 
жер ошақта маздап жанған от.Сіркіреп жаңбыр жауды.Үңгірге су тимейді 
екен. Күн бұлтты болған соң ба, ымырт ерте үйіріліп, көз байлана бастады». 
Бұл – жанама мінездеу. 
Адамның сезімін, күйіну не сүйіну халін суреттеу - образ жасаудың 
тағы бір тамаша тәсілі. Бұл – орасан қиын тәсіл, кез келгенге меңгертпейді, 
оны тек тарлан таланттар ғана игере алады. С.Жүнісовтің «Ақан cepi» 
романынан алынған үзіндіден мінездеудің осы бір үлгісін көре аламыз


11 
«.
..
Ақтық рет ышқынып, басын көтеріп алған Құлагер сары аттан домалай 
түсіп,тізерлеп отыра кеткен Ақанның құшағына жағын төседі.Иесінің үсті 
де шылқылдаған су екен.Ағыл-тегіл боп аққан көз жасына малып 
алғандай.“Айдалада жалғыз қалдырмай, жеттің бе,үлгердің бе? Менің қазам 
енді жеткен шығар, ризамын саған, бақыл бол!” деп кісінеген Құлагердің ашық 
қалған көзінде мөлтілдеген жас төгілмей тұнып тұр. Ақанның көзінен бір 
тамшы жас өлі көзге үзіліп түскенде, жан біткендей дір етті. Ақан аһ ұрып, 
он жыл серік болған аяулы досының жансыз көзін жапты.» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет