Әкімшілік құқық бұзушылық туралы


қамтамасыз етуге шаралар қолданбау



бет20/54
Дата14.06.2016
өлшемі3.01 Mb.
#134285
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   54

               қамтамасыз етуге шаралар қолданбау
      Өнеркәсіптік және (немесе) коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар үшiн көзделген резервтiк отын шаруашылығының жұмысқа дайындығын қамтамасыз ету шараларын қолданбау немесе өнеркәсіптік және (немесе) коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерін резервке қойылған отын түрлерiмен жұмыс iстеуге дайын болмауы, -
      ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 228-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.09 N 533-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      229-бап. Мұнай-газ құбырлары мен олардың жабдықтарын
                 зақымдау
      1. Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері жоқ, мұнай-газ құбырлары мен олардың жабдықтарын зақымдау немесе аспаптарды заңсыз орнату, ауыстыру, желіге қосу, сондай-ақ оларды пайдалану ережелерін аварияға себеп болуы мүмкін өзге де бұзушылықтар, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің он бестен жиырма беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға отыздан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 229-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.10.06 N 343-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      230-бап. Құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргiзу
               кезiнде аумақтарды бүлдiру
      Тиiстi рұқсатсыз аулаларды, көшелер мен алаңдарды қазу, оларға құрылыс материалдарын үйiп тастау, қазылған жердi, сондай-ақ құрылыс алаңдарын құрылыс пен жөндеу аяқталғаннан кейiн тәртiпке келтiруге шаралар қолданбау, -
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 230-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізілді) Заңымен.
17-1-тарау. Ғарыш қызметі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
      Ескерту. Кодекс 17-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2012.01.06 N 529-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      230-1-бап. Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі
                  саласындағы заңнамасын бұзу
      1. Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы заңнамасын:
      1) ғарыш қызметі саласындағы салалық сараптаманың оң қорытындысы жоқ ғарыш қызметі саласындағы жобаны іске асыру;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің ғарыш объектісін ұшыру туралы оң шешімінсіз ғарыш объектісін Қазақстан Республикасының аумағынан ұшыру, сондай-ақ оны ғарыш қызметіне қазақстандық қатысушы жүзеге асырған жағдайда, одан тыс жерде ұшыру;
      3) ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеуден жалтару түрінде жасалған бұзу –
      ғарыш кеңістігін пайдалану аясындағы қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданылуын алты айға тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге – елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік) –
      лицензиядан айыруға әкеп соғады.
      230-2-бап. Ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік
                  қағидаларын бұзу
      1. Ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса,
      - ғарыш кеңістігін пайдалану аясындағы қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданылуын алты айға тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің оннан отызға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықтарды ғарыш кеңістігін пайдалану аясындағы қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі аяқталғаннан кейін жоймау -
      лицензиядан айыруға әкеп соғады.
  18-тарау. СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТI САЛАСЫНДАҒЫ ӘКIМШIЛIК
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ
      231-бап. Сәулет-құрылыс қызметi саласында заңнама мен
                мемлекеттiк нормативтердiң талаптарын бұза
                отырып, жобалау алдындағы, iздестiру, жобалау,
                құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау, құрылыс
                материалдарын, бөлшектерi мен құрастырмаларын
                шығару мен қолдану
       1. Сәулет-құрылыс қызметi саласында заңнама талаптарын бұза отырып, жобалау алдындағы, iздестiру, жобалау, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау, құрылыс материалдарын, бөлшектерi мен құрастырмаларын шығару, қолдану, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер –
      қызметтiң тиiстi түрiне берiлген лицензиядан айыра отырып, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетi жүзден тоғыз жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 231-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.20 N 123 (01.01.2006 бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
      232-бап. Құрылыс-монтаж және жөндеу-қалпына келтiру
               жұмыстарын жүргiзу кезiнде бекiтiлген құрылыс
               нормаларының және жобалау құжаттарының
               талаптарын бұзу
      1. Құрылыс-монтаж және жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде ғимараттардың, құрылыстардың, олардың бөлiктерiнiң немесе жекелеген құрастырмалы элементтерiнiң пайдаланылу сапасын нашарлатуға, берiктiгiн, орнықтылығын төмендетуге әкеп соқтыратын бекiтiлген құрылыс нормаларының және жобалау құжаттарының талаптарын бұзу, -
      лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып не онсыз, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Ғимараттардың, құрылыстардың, олардың бөлiктерiнiң немесе жекелеген конструкциялық элементтерiнiң берiктiгiн, орнықтылығын жоғалтуға әкеп соқтырған, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген iс-әрекеттердi жасау –
      қызметтiң тиiстi түрiне берiлген лицензиядан айыра отырып, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден сегiз жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 232-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.20. N 123 (01.01.2006 бастап  қолданысқа енгізілді), 2007.07.27. N 314 (01.01.2008 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
      233-бап. Белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау
               құжаттамасынсыз объектiлердi тұрғызу және қайта
               жаңғырту кезiнде құрылыс, құрылыс-монтаж,
               жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу
      1. Белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау құжаттамасынсыз объектiлердi тұрғызу және қайта жаңғырту кезiнде құрылыс, құрылыс-монтаж, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу, -
      жүргiзiлiп жатқан жұмыстарын тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет –
      лицензиядан айыра отырып және жүргiзiлiп жатқан жұмыстарды тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден алты жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 233-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.20. N 123 (01.01.2006 бастап қолданысқа енгізілді), өзгерістер енгізілді - 2007.07.27. N 314 (01.01.2008 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
       234-бап. Объектiлердi тұрғызу және қайта жаңғырту,
               құрылыс материалдарын, бұйымдар мен
               құрастырмалар дайындау бойынша құрылыс-монтаж,
               жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу
               кезiнде нормативтiк құжаттармен көзделген
               атқарушы техникалық құжаттамаларды ресiмдеу
               ережелерiн бұзу
      Объектiлердi тұрғызу және қайта жаңғырту, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен құрастырмалар дайындау бойынша құрылыс-монтаж, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде нормативтiк құжаттармен көзделген атқарушы техникалық құжаттамаларды ресiмдеу ережелерiн бұзу, -
      ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жетiге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 234-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      234-1-бап. Магистралдық құбыр жолдарын салу, пайдалану
                  немесе жөндеу кезiнде қауiпсiздiк ережелерiн
                  бұзу
      Магистралдық құбыр жолдарын салу, пайдалану немесе жөндеу кезiнде қауiпсіздiк ережелерiн бұзу, егер бұл әрекет абайсызда адамның денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соқса, –
      айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүзден бес жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
      Ескерту. 18-тарау 234-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      235-бап. Объектілерді және олардың кешендерін жобалау
                (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз не
                белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлмеген
                жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша
                салу (реконструкциялау, қалпына келтіру,
                кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру,
                жаңғырту, күрделi жөндеу)
      1. Объектілерді және олардың кешендерін жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз не сараптама жүргізу талап етілетін, белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлмеген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша салу (реконструкциялау, қалпына келтіру, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделi жөндеу) –
      жеке тұлғаларға – алпыс, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – сексен, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз тоқсан, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, сол сияқты осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықты жоймау –
      жұмыстарды тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – жүз, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – жүз елу, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 235-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      235-1-бап. Сараптамалық жұмыстарды және инжинирингтiк
                  қызметтер көрсетудi жүзеге асырған кезде
                  Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу
      1. Орындалған (орындалатын) құрылыс-монтаждау жұмыстарының бекітілген жобалық шешімдерге сәйкес келмеуі –
      жеке тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Тұрғызылып жатқан не тұрғызылған объектілердің орнықтылығын, сенімділігі мен беріктігін қамтамасыз етпейтін жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сараптаманың (сараптамалық бағалаудың) оң қорытындысын беру –
      жеке тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Орындалған жұмыстардың сапасын, мерзімін, қабылдануын және объектінің пайдалануға берілуін қоса алғанда, жобаны іске асыру сатысында бұзушылықтарға жол беру –
      жеке тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік) –
      сараптамалық жұмыстарды және инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыру құқығына берілген сарапшы аттестатынан айыра отырып, жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 18-тарау 235-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      236-бап. Объектiлер мен кешендердi пайдалануға берудiң
               белгiленген тәртiбiн бұзу
      Сәулет-құрылыс қызметi саласындағы мемлекеттiк нормативтер талаптарын бұза отырып, объектiлер мен кешендердi пайдалануға берудiң белгiленген тәртiбiн бұзу, -
      лауазымды адамдарға - мемлекеттiк қабылдау комиссиясының мүшелерiне, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 236-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      237-бап. Заңсыз құрылыс
      Өндiрiстiк, тұрғын, шаруашылық, гидротехникалық (су шаруашылығы) немесе тұрмыстық объектiлердi жерге тиісті құқықсыз заңсыз салу –
      заңсыз тұрғызылған немесе тұрғызылып жатқан құрылысты мәжбүрлеп бұза отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 237-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      237-1-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына
                   үлестік қатысу туралы заңнамалық актісінің
                   талаптарын бұзу
      1. Құрылыс салушының, жобалау компаниясының Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамалық актісінің құрылыс салушы, жобалау компаниясы туралы және құрылыс объектісі туралы ақпараттың мазмұнына қоятын талаптарын, сондай-ақ оны тарату тәртібін бұзуы не құрылыс салушының, жобалау компаниясының дәл емес, толық емес немесе жаңылыстыратын ақпаратты таратуы -
      заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына құрылыс салушының, жобалау компаниясының Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мәліметтер мен есептілікті табыс етпеуі не олардың дәйексіз мәліметтер мен есептілікті табыс етуі -
      заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, құрылыс салушы әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған іс-әрекеттер (әрекетсіздік) -
      заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің үш жүз елуден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, жобалау компаниясы әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), сол сияқты осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жауапкершілікке тартуға әкеп соққан бұзушылықтарды жоймау -
      үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензияның қолданылуын үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға әкеп соғады.
      Ескерту. 237-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.11. N 183-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      237-2-бап. Құрылысты техникалық және авторлық
                  қадағалауларды қатар жүргізбей жүзеге асыру
      Құрылысты техникалық және авторлық қадағалауларды қатар жүргізбей жүзеге асыру –
      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – сексен, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 18-тарау 237-2-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      238-бап. Тұрғын үй-жайларды заңсыз қайта жабдықтау
               және қайта жоспарлау
       1. Тұрғын үйдегi адам тұратын және тұрмайтын үй-жайларды сәулет-құрылыс жобасынсыз, сәулет және қала құрылысы жөнiндегi уәкiлеттi органның рұқсатынсыз заңсыз қайта жабдықтау және қайта жоспарлау, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Ғимарат берiктiгiнiң және орнықтылығының толық жойылуына (қирауына) әкеп соқтырған немесе әкеп соқтыруы мүмкiн нақ сол iс-әрекеттер, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескертулер. 1. Ғимараттардың, құрылғылардың, құрылыстардың, олардың бөлiктерiнiң немесе жекелеген құрастырма элементтерi берiктiгiнiң, орнықтылығының, сенiмдiлiгiнiң кемiп кетуiне және жойылуына, тұрғызылатын объектiлердiң пайдалану сапасының нашарлауына, қоршаған ортаға керi әсер етуiне әкеп соғатын аумақтағы қала құрылысын салу кезiнде аумақты игеру, объектiлердi және кешендердi жобалау, салу, қайта жаңғырту, қалпына келтiру, жетiлдiру, күрделi жөндеу мен көркейту кезiнде техникалық регламенттерді қоспағанда, құрылыс нормалары мен ережелерінің, жобалардың, басқа да нормативтiк актiлердiң мiндеттi талаптарының сақталмауы, сондай-ақ объектiлер құрылысының және оларды пайдалануға қабылдаудың белгiленген ұйымдастыру-құқықтық тәртiбiн бұзатын iс-әрекеттер құрылыс саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп ұғынылады.
      2. Ғимараттың және құрылыстың материалдарының, құрастырмаларының, бұйымдарының, олардың түйiскен тораптарының, негiзгi топырақ қабатының есептiк мәндегi салмақтың түсуiне және әсерлерге бүлiнбей төтеп беру қабiлетi берiктiлiк деп ұғынылады.
      3. Ғимараттың, құрылыстың есептiк - әсерлер мен салмақтың түсу ықпалына орай орнықты тепе-теңдiк күйiн сақтап қалуы орнықтылық деп ұғынылады.
      4. Ғимараттың, құрылыстың, оның инженерлiк жүйелерiнiң, салмақ көтерушi және бөлектеушi құрастырмаларының нормаланатын көрсеткiштер мәндерiмен айқындалған мiндеттердi атқару қабiлетi сенiмдiлiк деп ұғынылады.
      5. Ғимараттар мен құрылыстар салуға, кеңейтуге, қайта жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, күрделi жөндеуге және жұмыстардың басқа да түрлерiне арналған жобалау алдындағы (құрылысқа инвестиция негiздемелерi, техникалық-экономикалық негiздемелер) және жобалау құжаттары (жоба, жұмыстық жоба және жобалардың басқа да түрлерi) бойынша жүргiзiлетiн жұмыстар жобалау жұмыстары деп ұғынылады.
      Ескерту. 238-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізілді), 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      239-бап. Белгiленген тәртiпте пайдалануға енгiзiлмеген

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет